Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 06:36, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігінің негізін – Елбасының сөздерінен ойыма салған сындарлы ақиқатынан туындап, құрады.
Жалпы, қарастырып отырған мәселе, қазіргі күні кімді болсын алаңдататыны рас. Себебі, бұл мәселенің шегінде біздің – кешегіміз бен бүгінгіміз, ал одан кете еретеңіміз етек алған. Экологиялық жағдайдың орын алуын айтумен қатар, оны шешудің де көптеген жолдары мен нұсқауларын атап көрсеттік. Ғылыми жұмыстың арықарай жалғасын табатынына сеніммен қараймыз, сол себепті әлі де ізденіс үстіндеміз. Сонымен қатар, болашақ мамандығымыз мен өмірлік серттілігіміз осы мәселелерге тікелей тәуелді екенін мойындаймыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

нег.бөл.docx

— 78.26 Кб (Скачать документ)

 

І – Бөлім.

 

  1. 1 Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы

 

        Қазақстан Республикасы жаңа ғасыр табалдырығын аттай отырып, басқа мемлекеттер сияқты қоршаған орта туралы күрделі мәселелерге тап болды. Қазақстанда ондаған жылдар бойы қоршаған ортаға экстремалды жоғары техногенді жүктемелерге байланысты табиғатты пайдаланудың шикізатты басым жүйесі жіктелді. Бұл пайда болудың ғана себепшісі емес, сонымен қатар, біздің республикамызда ауыр зардаптар түрінде қалған экологиялық мәселелердің тұрақты өсуіне де байланысты болды.

       Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Президент Жарлығымен бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеген. Осы тұжырымдаманың негізі «2030 Стратегиясында» салынған, онда «қоршаған ортаны қоректендіру, тазалығын жақсарту және экология» біздің мемлекетіміздің дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

       Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының жалпы түсінігі дәстүрлігі-мен қатар, дәстүрлі емес сипаттағы қатерлердің кең спектрін енгізеді, олардың арасында қоршаған орта жағдайының нашарлауы негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық компоненттері және мемлекеттік басымдықтардың маңызды аспектісі болып табылады, себебі адамзат дамуының осы кезеңінде экологиялық проблемалар тірі қалу проблемасына өтуі мүмкін кезде биосфераға мүмкін әсер ету шегінде болады.

       Қазіргі кезде біздің республикамыздың көптеген өңірлерінде экологиялық ахуал тек қолайсыз ғана емес, сонымен қатар, өте апатты жағдайда. Бүгінгі кезде барынша қауіптісі экологиялық дағдарыстың пайда болуы болып табылады, техногендік босауға, топырақтың құлдырауы, су ресурстарының азаюы мен ластануы, ормандар санының қысқаруы, биологиялық әртүрліліктің қайтарымсыз қысқаруы және тірі табиғаттың генетикалық қорының бұзылуы, радиациялық бұзылу, қауіпті және улы заттардың жинақталуы жатады.

       Қоршаған ортаны ластаушы және табиғат жүйесінің құлдырауын тудыратын негізгі көздері өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, автомобиль көлігі, басқа антропогендік факторлар болып табылады. Биосфера және қоршаған ортаны қорғаудың қосылған компоненттерінің арасынан атмосфера барынша сезгіш болып табылады, оған тек газ тәріздес ластаушылар ғана емес, сонымен бірге сұйық және қатты заттар да келіп түседі.

       Атмосфералық ауаның ластануына Қарағанды (жылына 1 млн. тоннадан артық), Павлодар (400 мың. тоннадан артық), Шығыс-Қазақстан (200 мың. тоннадан артық) облыстары негізгі үлес қосады. Барынша ластанған қалалар және өнеркәсіп орталықтары Өскемен, Алматы, Шымкент, Риддер болып табылады.

Атмосфераны ластау көздері  сондай-ақ авто және темір жол көлігі болып табылады. Жылжымалы көздерден  жыл сайын шығатын лақтырындылар  шамамен 1 млн. тоннаны құрайды. Алматыға атмосфераның ластанудың жалпы массасының 90% автокөліктердің пайдаланылған  газды шығаруынан келеді. Астананың  қарқынды дамуына, автокөліктер санының  ұлғаюының, жылжымалы көздерден  шығатын лақтырындылар Астанада жалпы 37% құрайды.

Антропогендік артық жүктемелер және рационалды емес табиғат ресурстарын  пайдаланудан пайда болған қазіргі  заманғы экологиялық проблемалар, сөзсіз, Қазақстан аумағындағы топырақтың үстіңгі қабатына әсер етеді.

Демек, күлі көп Екібастұз  көмірі қоршаған ортаны ластай отырып, сол жерде жанып кетеді, ал таза энергия негізінен республикадан тыс тұтынатын жерлерге жіберілді. Республиканың топырақ қабатына түзетуге келмейтін залалды әскери өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары тигізді. Осы уақытқа дейін бұл топырақ және олардың орналасқан жері құпия күйде ұсталды.

Топырақты радиоактивті ластау зардаптары орасан қауіп төндіреді. Топырақтың күшті ластануы Ақтау  қаласына жақын Қарақия ойпаты. Ұзақ мерзімді уақыт бойы уран рудасын  өндірді және оны Каспий маңындағы  тау-кен-металлургия комбинаты кәсіпорындарының табиғат секторында байытты. Радиоактивті қалдықтар қалаға жақын орналасқан көлдер және Каспий теңізінде жинақталды. Жер асты суларымен бірге олар теңізге құлауы мүмкін деген ықтималдылық бар, оның деңгейі жағалау маңындағы  аумаққа дейін жайылып үздіксіз артуда.

Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруларды сынау қоршаған табиғат ортасына және адамдардың денсаулығына орны толмас зардаптарын әкелді, халықтың өлім-жітіміне, жалпы ауру түрлерінің артуына әкелді. Семей өңірінің барлық аумағы, Павлодар, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарына шекаралас жатқан полигон экологиялық зардап-тар аймағы болып танылған.

Планетаны Арал теңізі проблемасы алаңдатуда, оның өміршең қажетті  су ресурстарын қалпына келтіру  үшін ғалымдардың күштері бағытталған.

Макроөңір шаруашылығын аумақтық ұйымдастыруды жетілдірудің маңызды  бағыты су шаруашылығы проблемаларын  шешу болып табылады. Қазақстанда  шамамен суландыру үшін жарамды 50-60 млн. га жер есептелген. Сол уақытта  су ресурстары тек 8-10 млн. га жерді суландыруға  жетеді. Мұндай жағдайда суармалы егіс алқаптарын дамытудың жолдарын дұрыс  таңдау керек, экожүйені бұзудың  қайтарымсыз процестеріне жол беруге болмайды.Қазақстанның экологиялық жағдайын экономика мен қоғамды, заңды тұрғыда экологияландыру арқылы оң бағыттарға қарай өзгертуге болады.

Адамзаттың алдында тұрған ғаламдық экологиялық проблемалардың бірі климаттың өзгеруі болып  табылады. Климаттың өзгеруіне теріс  әсер ететін, парник газының атомосфераға лақтырындысын регламенттейтін  жалғыз халықаралық құжат Киото  хаттамасы болып табылады. Киото  хаттамасын Қазақстанда ратификациялау мәселесі қоршаған орта сапасын тұрақтандыру бойынша ведомство аралық комиссиясында  қарастырылған. Осы мәселе бойынша  парламенттік тыңдаулар жүргізілді және Киото хаттамасын ратификациялау туралы Заң жобасы мемлекеттік органдардың  келісімінде қаралуда.

Экология және климатты ғылыми-зерттеу  институттары Қазақстан аумағында  парник газдарының эмиссиясын жыл сайын  түгендеу және осы проблема бойынша  ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

Келесі ғаламдық мәселе – Жердің озон қабатының бұзылуы. Озон қабатын қорғау бойынша міндеттемелерді іске асыру мақсатында озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды азайту, оларды сатудан алып тастау, озон қабатын бұзатын заттарды тұтынушы-кәсіпорындар технологияларын айырбастау және қолдау бойынша іс-шараларды енгізетін іс-әрекеттер жоспары мен жобасы әзірленді және іске асырылуда.

Био әртүрлілікті сақтау мәселелерін шешу шеңберінде ЮНЕСКО Бүкіл әлемдік мұра тізіміне табиғи объектілерді енгізу жұмысы жүруде, олардың арасынан ең бірінші объектілер Алтай аумағы және Қорғалжың және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары болып табылады.

Тағы да бір ғаламдық экологиялық  мәселе - жердің сортаңдануы болып табылады. Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан Республикасы аумағындағы шөлейтке айналу процесін қалпына келтіру және алдын алу бойынша шараларды қарастыратын «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы күрес жөніндегі бағдарламасы» Үкіметтің Қаулысымен әзірленді және бекітілді. Қазіргі уақытта Ғаламдық экологиялық қор жер ресурстарын басқару бойынша Орталық Азия елдерінің Бастамасын мақұлдады және бес мемлекет үшін 10 жылға шамамен 1 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру қамтамасыз етіледі.

Қазақстан алдында ғаламдық экологиялық мәселелермен қатар ұлттық экологиялық мәселелер тұр. Орталық Азия мемлекеттерін қосу жөніндегі Қазақстан бастамасын және шекаралық су ағындарын және халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалану бойынша Хельсинки конвенциясын қолдау мәселесі жүргізілуде. Осы мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шеңберінде Орталық Азия елдеріндегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне сол елдердегі тиісті органдармен көрсетілген құжатқа олардың қосылуы туралы мәселелерді қарастыру туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігіне су мәселесі бойынша халықаралық және аймақтық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар жүргізу бағдарламасына аталған ұсыныстарды енгізу туралы мәселені қайта қарауға жіберілді.

«Арнайы экологиялық талаптар және Каспий қорық аймағындағы және Каспий маңындағы өңірлердегі шаруашылық қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар»  жобасы әзірленді, алайда Ауыл шаруашылығы  министрлігінің бюджеттік бағдарламалар  шеңберінде жүргізілетін Каспий теңізі қорық аймағын аймақтандыру нәтижесі есебінен оны іске жарату туралы шешім  қабылданды.

Ғылыми бюджеттік бағдарламалар  шеңберінде Атырау және Маңғыстау облыстары  шегінде Каспий теңізі жағалауының  қазіргі заманғы экологиялық  жағдайын мамандандырылған өрістік  экологиялық және инженерлік-геологиялық  зерттеулер жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде әскери-ғарыштық және сынақ  полигондарының экологиялық жағдайының мониторинг жүйесін жасау бойынша  жұмыстар жүргізілуде. Экологиялық  қауіпсіздікке жету жағдайы жергілікті экологиялық проблемаларды шешу болып табылады.

Осы үшін радиоактивті көздерді түгендеу және радиоактивті қалдықтарды  қайта өңдеу және көму бойынша  мамандандырылған ұйымдастыруды жасау  бойынша жұмыстар жүргізілді.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарына, Арал теңізіндегі Возрождение аралы  аумағын бактериологиялық залалсыздандыру  зерттеулерін жүргізуге басты назар  аударылуда.

Адамзат жаңа ғасыр табалдырығын аттар алдында өткеннен қорытынды  шығара отырып, өркениеттің жетістіктерін  мойындай отырып, болашаққа көз жүгірте  отырып, экологиялық мәселелер ғаламдығын тани алады, тұрақты даму жолындағы оларды шешу мен алға жылжу есебінен өз қызметін жоспарлай алады. Осының негізінде ғылыми жұмыс барысында ҚР жер ресурстарын қазіргі таңда мазалап жүрген көптеген мәселелері қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ –Бөлім.

 

2.1 Еліміздің тұрақты дамуындағы кедергілермен күресу шаралараның бастамасы. (Өзіндік зерттеу) 

 

Егеменді Қазақстанда  «Қоршаған ортаны қорғау туралы»  заң 1997 жылы 15 шілде айында қабылданды. Бұл заңның құзіреті-адамның өз өмірі  мен денсаулығы үшін қоршаған табиғи ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқылық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін түсіндіріп, адам қызметінің қоршаған табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтаумен табиғатты  ұтымды пайдалануға бағытталған.

Біздің елімізде маңызды  табиғи байлықтардың бірі – жер  ресурстары болып табылады. Жер - биосфераның  ең маңызды элементтерінің бірі ретінде, бірінші кезекте қоғамның өмір сүруінің материалдық жағдайы болып табылады. Әрине, зерттеу обьектіміз тікелей  жер және оның бетін алып жатқан дүниелер болғандықтан, жұмыс барысын  мәліметтерді сараптап, жер мониторингін жүргізуден бастадық.

Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі. Жер мониторингінің мазмұны мынадай кешенді бақылаулардағы өзгерістерді сипаттайды:

  1. табиғи ландшафттарды, жер пайдаланулармен жер иеленулердің шекараларын және аудандарын анықтау;
  2. кеңейтілген таңдау параметрлері бойынша топырақтардың жағдайын (су эрозиясы, құрғап кетуі, жайылымдардағы топырақтардың тозуы, су басып кетуі, батпақтануы, ылғалдануы, тұздануы, егістікті бұталардың басып кетуі) зерттеу;
  3. гумус қорын, қышқылдығын, макро және микроэлементтердің болуын, пестицидтердің, ауыр металлдардың, химиялық элементтердің, радиоактивті элементтердің және басқа да токсиндер қалдықтарын анықтау ;
  4. геологиялық орта, бедер, гидрографиялық желі жағдайын зерттеу (жер беті бедерінің формалары, су балансы, жер асты суларының химиялық және гидробиологиялық құрамының режимдері, теңіздердің, көлдердің, су қоймаларының, лимандардың жағалау сызықтары);
  5. өндірістік объектілерінің кері әсерлеріне ұшыраған жерлердің жағдайын қарастыру (мелиоративтік жүйелердің, көліктің, ЖЖМ қоймаларының, үгілмелі тыңайытқыштар қоймаларының, автокөлік тұрақтарының, радиоактивті, физиологиялық активті химиялық өндіріс қалдықтарын жинау орындарының жағдайы).

          Осындай бірнеше жұмыстарды қарастыра келіп, еліміздегі жылдар бойы зардабын тарттырып келе жатқан мәселелердің бірі және ең ірісі – Семей жерінің экологиялық мәселесі.

2009 жылы 19 маусымда Қазақстан  Республикасы «Невада-Семей» антиядролық  қозғалысының 20 жылдығын және Семей  ядролық полигонындағы сынақтар  тоқтатылуының 20 жылдығын атап  өтті.

Семей полигонының төңірегіндегі  экологиялық апатқа ұшыраған аймақ  қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды  алып жатыр.

ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км2, периметрі шамамен 600 км алып жатыр. Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді  алып жатыр. Демек, бұл жерлер жарамсыз болып отыр деген сөз.

Семей полигонынан басқа, Батыс Қазақстан және Атырау облысы шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ  полигоны болды: Азғыр атом полигоны, Мемлекеттік Жазғы-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық полигоны (соңғы екеуі Ресей кешеніндегі  Капустин Ярға тиесілі, қазіргі уақытта  да қолданыста). Осы полигондар аумағында 29 ядролық жарылыс жүргізілді (18 жер асты, 11 атмосфералық). Зерттеулер мақсатында тағы да 10 ядролық жарылыс жүргізілді: 6 - Қарашығанақта, 3 – Маңғыстау облысында және 1- Ақтөбе облысында.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы