Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 06:36, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігінің негізін – Елбасының сөздерінен ойыма салған сындарлы ақиқатынан туындап, құрады.
Жалпы, қарастырып отырған мәселе, қазіргі күні кімді болсын алаңдататыны рас. Себебі, бұл мәселенің шегінде біздің – кешегіміз бен бүгінгіміз, ал одан кете еретеңіміз етек алған. Экологиялық жағдайдың орын алуын айтумен қатар, оны шешудің де көптеген жолдары мен нұсқауларын атап көрсеттік. Ғылыми жұмыстың арықарай жалғасын табатынына сеніммен қараймыз, сол себепті әлі де ізденіс үстіндеміз. Сонымен қатар, болашақ мамандығымыз мен өмірлік серттілігіміз осы мәселелерге тікелей тәуелді екенін мойындаймыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

нег.бөл.docx

— 78.26 Кб (Скачать документ)

Жарылыстар нәтижесінде  жалпы көлемі 1,2 млн.м3 болатын 9 жер  асты жолағы және диаметрі 600 метр бір  жасанды көл пайда болды. Бірінші  жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды  радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ  шықты. Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты. Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті жоғары дәрежеде. Ядролық жарылыстардан кейін қалған жер асты қуыстары қатты ластанған биологиялық қауіпті радиоактивті заттарды сақтау үшін «зираттар» ретінде пайдаланылады. Олардың кейбіреуі су деңгей жиектерінен тұз ерітіндісімен толтырылды және осы уақытқа дейін өз радиоактивтілігін сақтайды. Бұл ретте ластанған топырақ көлемі 24000 м3 құрайды.

Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында  орналасқан және Батыс Қазақстан  мен Атырау облыстарына жазғы  сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды  және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған.

Радиациялық және улы ластануға  мына аудан аумақтары ұшырады: Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше  жылдар бойы Азғыр және Тайсойған  полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық.

Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді.

Радиациялық ластану –  иондаушы сәуле шығару әсерін тудыратын  физикалық ластану түрлерінің бірі, оның көздері осындай сәуле шығару құрылғылары немесе радиоактивтілікті  меңгерген кейбір химиялық заттар болуы  мүмкін, яғни осы химиялық элементтердің  атомдық ядроларының қабілеттілігі, иондаушы сәуле шығаруды шығара отырып, олардың изотоптарының өздігінен  еркін ыдырауы мүмкін.

Қазіргі уақытта мамандардың  ұйғарымы бойынша Қазақстан аумағындағы  радиоактивті ластанудың жалпы деңгейі  Чернобыль АЭС апаты нәтижесінде  зардап шеккен аумақтарға қарағанда 1,5 есе жоғары.

Жер үсті ядролық жарылыстары  ауада жарылған жарылыстарға қарағанда  үлкен әсерін тигізді.

Атмосфералық сынақтар нәтижесінде  радиоактивті материалдың бір бөлігі сынақ алаңынан алыс емес жерге түседі, қандай да бір бөлігі атмосфераның, төменгі қабатында кідіріп қалады да желмен бірге ұшады, үлкен ара  қашықтыққа орналасады. Ауада орташа алғанда бір ай шамасында бола отырып, радиоактивті заттар осы орын ауыстырулар кезінде жерге біртіндеп  түседі. Алайда радиоактивті заттардың  бір бөлігі атмосфераға шығарылады (10-15 км биіктікте жатқан атмосфераның қабаты), сол жерде көптеген айларға  дейін қалып қояды, жер шарының  барлық бетіне баяу түсіп, шашырап тарайды. Радиоактивті шөгінділер бірнеше жүздеген әр түрлі радионуклидті қамтиды, алайда олардың көпшілігі жылдам ериді.

Қазіргі кезде Ұлттық ядролық  орталық деректері бойынша Семей  полигонында жер асты ядролық  жарылыстар кезінде бөлу өнімдерін  шоғырлаумен және оларды топырақ  бетіне еріген қар суларымен және көшкін суларымен шығарумен байланысты аумақтың ластануының екінші реттік әсерлері байқалуда.

18.12.1992 жылғы азаматтарды  әлеуметтік қорғау туралы Заңда  полигонның қызмет ету нәтижесінде  радиациялық әсерге 1,2 млн. адам  ұшырады. Олардың бір бөлігі  Шығыс Қазақстан облысында –  1,1 млн., 0,048 млн. – Қарағанды облысында  және 0,052 млн. – Павлодар облысында  тұрады.

Семей өңірі полигонның әсерін сипаттайтын аурулар мен денсаулық  жағдайының негізгі көрсеткіштері  бойынша аймақтағы қолайсыз аудандардың бірі болып қалуда. 1989 жылдан бастап тұрғындардың денсаулық жағдайына кешенді зерттеу жүргізіліп келеді, Семей қаласында радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ашылды және Курчатов қаласында емдеу-диагностикалық орталығы ашылды.

Полигон аумағында Ұлттық ядролық орталығы мекемелерімен  радиоэкологиялық ахуалды нақтылау және оның тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді. Бұл материалдар БҰҰ 53 Ассамблеясы  резолюция және ССЯП өңіріндегі тұрғындарды  сауықтыру жобасын даярлау кезінде  пайдаланылды.

ССЯП ядролық сынақты  сынау нәтижесінде Қазақстан  халқының денсаулығына залал келтірген  шығындарды бағалау жүйесі түпкілікті әлі шешілген жоқ. Сәулеленудің қосынды  дозасына және сәулеленуге ұшыраған контингент санын негізге ала  отырып, аурудың жекелеген нозологиялық түрлеріне және демографиялық ахуалға  әсер етудің мүмкін көрсеткіштерін талдау арқылы халық денсаулығына жүргізілген  ядролық сынақтардың келеңсіз әсерінің қатерін бағалауға мүмкіндік  беретін әдістеме бар.

1992 жылдың мамырында 52605 орындалған есептелген эквивалентті  дозалық жүктемелер және ҚР  Экология және биоресурстар министрлігі  ұйымдастырған комиссия қабылдаған  негізде Семей өңірінің 711 елді  мекенінде сәулеленудің тиімді  дозасы 0,10 бэр тең жылдық нормадан  асып түсті. Максимум тиімді  доза 448 бэрден асып түсті.

Республикалық СЭС есептеулері  бойынша ССЯП өңірінде атмосферадан сынақ мерзімі ішінде тұрғындардың алған ұжымдық дозасы шамамен 100 мың адамды құрайды, ал бұл 100 мыңдаған адам өмірін қиды.

Бұдан басқа, сәулеленудің шағын  дозасы алшақ әсерлерді тудырады, жеке индивидумда тексеру мүмкін емес, бірақ ұжымдық доза бойынша  олардың шығаруын жобалауға болады. Болжамдалған әсерлер ретінде бүгінгі  күні қатерлі ісіктер және іштен  туа біткен аурулар танылған. Шағын  доза иммунитет жүйесіне қысым түсіреді, халықтың сәулеленуге ұшыраған тобының  және оның ұрпақтарының иммунитетін  азайтуға, барлық патогенді факторлардың әрекет етуіне, ауруға шалдығуына әкеледі. Бұл барлық нозологиялық пішіндер және демографиялық көрсеткіштердің  нашарлауы бойынша ауру түрлерінің өсуіне әкеледі.

Шығыс Қазақстан облысының  Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңа семей  аудандары тұрғындарында қан  аздығы жағдайының жоғары жиілігі белгіленген. Қан аздылыққа көбінесе кішкене  сәби балалар, соның ішінде жасы үшке дейінгі сәбилер барынша жиі  ұшырайды.

Семей өңірінде жүйкенің тозуы  және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары.

Азғыр кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда  ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша  – 608 есе артық, эндокринді ауру – 19 есе, асқазан жарасы ауруы – 16 есе  жоғары. Өмір сүру ұзақтығы өте қысқа, ауру санының жалпы өсімі өршу үстінде.

Осылайша, Қазақстан өз аумағындағы  геологиялық құрылыс ерекшеліктерінің күшімен, табиғи уран және көмірсутекті ресурстарымен, сондай ақ бұрынғы КСРО жүйесінде ядролық сынақтарға арналған әскери өнеркәсіптік кешендер мен полигондардың  шикізат базасы ретінде әлемдегі бірде бір мемлекет ХХ ғасырдың ұлы  жаңалығы – радиоактивтілік қатынасында бай және қайғылы тәжірибе жинақтады. Еліміз аумағының бір бөлігі ластанған табиғи және жасанды радионуклидтер болып табылады.

Бүгінгі күні мемлекет үшін ең басты проблема аумақты ластанған  радионуклидтерден сауықтыру және радиоактивті қалдықтарды пайдаға  асыру және көму проблемалары болып  табылады. Оларды шешу әлемдік қауымдастықтың қатысуынсыз мүмкін емес. Сонымен  қатар, Қазақстанда қалыптасып қалған радиоэкологиялық ахуал радиоэкологиялық зерттеулердің кең шеңберін жүргізу  үшін және олардың нәтижесін нақты  іске асыру үшін бірегей мүмкіндікті  ұсынады. Қуанышымызға орай, қазіргі кезде елімізде бұл мәселенің өз шешімі табылып отыр.

 

 

2.2 Балқаш көлінің  және жағалау жерлерінің экологиялық  мәселесі

 

Еліміздің өзге аймағы  Балқаш көлінің мәселесіне келсек, ол келесідей сипаттамаларға ие болды.

Балқаш көлі Каспий теңізінен  және кеуіп бара жатқан Арал теңізінен  кейінгі үшінші тұрған ағынсыз континент  ішілік су қоймасы. Балқаш маңында Қазақстан  халқының шамамен 16% тұрғыны тұрады. Бұл жерде өзен ағыстарының шамамен 24 км3 жиналады, ал бұл республиканың  шамамен 25% су және 42% гидроэнергетикалық ресурстарын құрайды. Жер асты су қоймаларының белгіленген қоры жылына 3,2 км3 құрайды (шамамен 13% жер үсті сулары). Қазіргі кезде бекітілген қордың 2% пайдаланылуда. Бұл дұрыс, өйткені  жер асты суларының үлкен бөлігі тау етегіндегі аймақтарға шоғырланған, олардың жердің үстіндегі сулармен байланысы әлі түпкілікті шешілген жоқ. Бұдан басқа, Балқаш маңындағы  жер асты сулары қатты ластанған, сондай-ақ жер үсті сулары да ластанған, бірақ соңғысына қарағанда олар өзі тазартатын қабілетке ие емес. Жер асты сулары биоценозы тіршілік ету әрекеті әлсіз.

Өңірде ірі полиметалл рудаларының, тас көмір, құрылыс  материалдарының кен орындары орналасқан. Үлкен жер аумағы дәстүрлі түрде  жайылым ретінде пайдаланылды, сондықтан  осы жерде мал шаруашылығына  арналған өнімділігі жоғары жайылым  орналасқан. Суармалы егіс алқабы үшін үлкен жер аумағы 2 млн. га-дан  асады; олардың 30 % көне дәуірде пайдаланылды.

Қазіргі кезде суармалы жер  үшін Қазақстан тарапынан шамамен 600 мың га жер және Қытай тарапынан  шамамен 300 мың га Балқаш көлі басейнінен жер пайдаланылады. Көптеген ғалымдар, әсіресе қытай ғалымдары Балқаш маңындағы жер және су ресурстарын дұрыс пайдалану кезінде тиімді өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады деп санайды. ҚХР Үкіметі СҰАР Орталық Азиядағы барынша дамыған және өркендейтін өңірге айналдыруға барынша күш жұмсауда.

Балқаш маңында өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, балық  және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары даму үстінде. Осы өңір үлесіне Қазақстан  өнеркәсібінің 16 % және ауыл шаруашылығының 13 % тиесілі, 44 % астамы балық аулау, 75 % пайдаланылатын жер тиесілі. Бұдан  басқа, көлдің жағалауына түсті металлургияның алыбы – Балқаш мыс балқыту  комбинаты орналасқан. Қаратал өзенінің жағалауында мырыш-қорғасын комбинаты  жұмыс істейді, тас көмір, полиметалл рудаларының карьерлері барланған  және қазып алу басталған, сондай-ақ жергілікті шикізат базасында жеңіл  өнеркәсіп кәсіпорыны жұмыс істеп  тұр.

Көптеген шаруашылықтар  мал шаруашылығын дамытуға мамандандырылған. Ауыл шаруашылығының өнімдері мал шаруашылығының 63,7 %-нан алынады, 36,3 % өсімдіктер өсіруден алынады, алғашқы келтірілген сан 38,6 % қой шаруашылығымен (жүні, терісі, еті) анықталады және 25,5 % мал шаруашылығына  тиесілі (сүт, ет, тері).

Қазақстан шегінде ауыл шаруашылығын енгізу технологиясы өте төменгі  деңгейде. Жылдам нәтижелер алу үшін жанталасқан кезде мал шаруашылығының ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі бұзылды, ол дәстүрлі құрылымда қой  малының, жылқы малының, түйе малының  кемуіне негізсіз орасан шығын әкелді. Қазақтар ертеде қой мен ешкіні жылқы  мен сиырға қарағанда «бес ауызы» бар деп санаған: бір ауызымен олар жұтаң құнарсыз өсімдіктерді тамыр  жемістерімен бірге жұлып бітірген, ал қалған төрт аяқтарымен (үшкір тұяқтарымен) жайылымның жұқа қарашірік қабатын  таптап тастайды. Сондықтан бұрынғы  қазақтар қой мен ешкі санын күрт шегеріп отырған, оның орнына ірі  қара малды баққан. Ал бұл туралы қазіргі кездегі «мәдениетті  ұрпағы» ұмытып кеткен. 20 ғасырдың басында 0,6 т астам құрғақ шөп беретін  құнарлы жайылым жоқ, барлық жерде, әсіресе тау маңындағы жазғы  жайылымдар тапталған, ал бұл жел  мен су эрозиясының процестерін  күшейткен. Сондықтан қазіргі кездегі  жайылымдардың өнімділігі 0,3 т/га жететін  жерді әзер құрайды.

Осындай жылдам және экологиялық  негізсіз технология өсімдіктерден  де байқалады. Соңғы 20 жыл ішінде қысқы  бидай мен себілген шөптердің  егісі маңызды түрде азайды, ал оның орнына жүгері, күнбағыс, көкөніс  дақылдарының егісі ұлғайды.

Бұл ретте суды үнемдейтін технологияларға жеткіліксіз көңіл  бөлінуде: сусыз және суы аз технологиялық  процестерді дамытуға, қайтарымды –қайталамалы сумен қамтамасыз ету, ағынды суларды  тазартуға және т.б. Пайдаланылған  сулардың жалпы санынан тек 15-20 % толық емес тазалауға ұшырайды. Қалған бөлігі тазартусыз жергілікті жердің табиғи өзен желісіне лақтырылады. Сонда қатты ауыр тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс қалдықтары лақтырылады. Еріген және жауын суларымен бірге бұл қалдықтар өзен желісін үстіңгі және жер асты суларын қатты ластай отырып Балқаш көлінің ақырғы сағасына құйылады.

Көлді үлкен және тікелей  ластаушылар Солтүстік Балқаш маңындағы  өнеркәсіптік объектілер болып табылады, олар ағынды суға көптеген тармақты қоймалардың жауын канализациясы арқылы шығарылады және күкіртті ангидрит және басқа газдар келіп түсетін атмосфералық ауа арқылы тарайды. Мысалы, Балқаш тау кен-металлургия комбинаты Тораңғылық шығанағына ағын суларын лақтырады. Ондағы мыстың концентрациясы 35-48 ШРК (шекті рауалы концентрацияға) жетеді, ал апатты лақтырындылар кезінде 300 ШРК асып түседі.

Соңғы жылдары су ағыстарын  гидрохимиялық режиммен бақылау  балық шаруашылығы пайдаланатын су қоймаларында сульфаттың (ШРК) артуы  байқалады. Мысалы, шағын Сарышағанда  сульфаттың құрамы ШРК тен 8-8,9 есе  артық, Бертіс қайнауында 7,7-9,5есеге, Балқаш маңында. 7,7-8,1 есеге артық. ШРК артуы  хлоридтер құрамында да байқалады: шағын Сарышағанда 1,3-1,5 есеге, Бертіс қойнауында 1,3-1,5 есеге және Балқаш маңында 1,3-1,6 есеге артық.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы