Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан облысының з

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 21:43, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиелінісе түсуде.Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар, көбінесе адам іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты проблемалардың бірі- Жер шарындағы халық саннын артуы. Нәтижесінде, Жер шарының тұрғындарын азық-түлік, шикізат, жылу энергиясы, киім-кешек және тағы басқа материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін қаншама қыруар табиғат ресурстары қажет болып отыр.Оның үстіне соңғы ғасырда адам баласы ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетті. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, табиғи қорларды барынша пайдалану қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адам денсаулығын орасан зор зиян келтіруде. Қазірдің өзінде Жер шарының көптеген елдерінде азық-түлік, шикізат, су және энергия тапшылығы сезілуде.

Содержание

Кіріспе...................................................... .............................2

I.Бөлім
Атмосфера –биосфераның негізгі құрам бөлігі

Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфераның адам өміріндегі маңызы....................................................4
1.2 Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер........8
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары...13
Атмосфералық ауаны ластануымен сақтау және қорғау
жолдары..........................................................................15

II.Бөлім
Қазақстандағы ауа алабының экологиялық жағдайы

2.1 Атмосфера тіршілік тынысы......................................16
2.2 Қала тазалығы денсаулық кепілі..................................20

III.Бөлім
Батыс Қазақстан облысының географиялық орны
және онда қалыптасқан экологиялық проблемалар

3.1 Облыстың географиялық орналасу жағдайы.......... 21
3.2 Облыстың ауа алабының күйі................................... .25
3.3 Облыстағы ауа алабының ластаушы көздері.......... 28

IV.Бөлім
Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан
Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан
облысының заңнамалары.

4.1 Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы
мемлекеттік заңдар.....................................................30
4.2 Батыс Қазақстан облысында атмосфералық ауаны
қорғау туралы заңнамалардың орындалуы...............32

Қорытынды...................................................................34

Қолданылған әдебиеттер.............................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Атмосфераны қорғау.Курсовая.doc

— 235.00 Кб (Скачать документ)

Оның көлеміне Батыс  Еуропа елдері: Австрия, Нидерландия, Белгияны бірге алғанда сияды.

    Батыс Қазақстан  облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды.1962 жылы Орал облысы болып аталды,ал 1992 жылы алғашқы аты қайтарылды.Облыс орталығы – Орал қаласы.

    1997 жылдың ортасына  дейін облыс құрамын 16 әкімшілік  аудандар мен Орал қаласы кірді.1997 жылы әкімшілік аудандарды біріктіру  процессі жүріп облыстын әкімшілік шаруа –шылық бөлінуін оптимизациясы деп аталды.Қазіргі уақытта облыс құрамы 12 аудан және Орал қаласынан территориясынан тұрады.

   Батыс Қазақстан  облысы территориясының пайда  болуы және даму тарихы Каспий  маңы тектоникалық ойпатымен  байланысты.Ол барлық периметр бойынша маңындағы аймақтардан қатты крисстал жыныстарымен бөлінген және Шығыс Еуропа платформасының терең дербес блогын құрайды.Фанерозой бойы ойпат ұзақ және тұрақты төмендеп, палеозой, мезазой, кайназой шөгінді жыныстарының қалың қабаттары жиналды.

   Батыс Қазақстан  облысында мұнай және газ қоры  –полезой,мезозой шөгінділері.Оның  дәлелі, қысқа уақытта өндірістік  өндеуге дайындалған бірден-бір  Қарашығанақ  кенішінің ашылуы.Кен  орынын мөлшерлері 30х15 км. тереңдігі  5 мың метр,қалыңдығы 1,5 к.Бұл кен орнында тұз асты девон шөгіндісінен 5600 – 6200 метр тереңдікте жеңіл мұнай фонтаны алынды.Мұнай мен газ қабаты облысытн басқа құрылымындарында да табылды.

    Облыстын солтүстігінде  3000-3300 метр тереңдікте Тасқала,Чинарев,Теплов,Чувашен,Цыгановка,Дарьинск,Ульяновск, Гримячин тағы басқа. Кен орындары ашылды,ал Шығысында Қаратөбе ауданында Шыңғыс,Бекет,Құбасай,Батыста -Әукетай-Шағыл аумағы,Порт-Артур, Болғанмола.Облыстын солтүстігінде юра шөгінділерінде 50 метр тереңдікте жанғыс тақта тас кен орны балгілі.Олар сырттың оңтүстік беткейінде,Шаған өзенінің саласы Таловка өзені бойына,Рубежка және Ембулатовка өзендерінің аралығын Жайық өзінінің жағасы:Январцево ауылының маңы,Түксай және Новосемновскіге жанасады.Жанғыш тақта тас күкіртке бай Погодаев ауылы маңында 100-250 метр тереңдікте оның қоры бар.

     Облыс аумағында  ғасырлар бойы үстем болған  табиғи құбылыстардын әсерінен континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай күшейе түседі.Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн,қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама-қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады.Бүкіл облыс жері үшін атмосфералық жауы-шашынның тұрақты болмауы мен тапшылығы, қар жамылғысының жұқалығымен ашық далада ұлпа қардың жел екпінімен ұйытқып ұшып кетуі,ауамен топырақтын тым құрғақтығы бүкіл вегетациялық кезеңінің өн бойында жер бетіне тікелей күн жарығының өте көп түсуі және топырақтын қарқынды булануы тән.Қысы суық, көбіне бұлтты,  бұлыңғыр,  бірақ  қысқа ал  жаз  ыстық  және әжептәуір ұзақ  болады.

  Бүкіл облыс аумағы  үшін ауаның орташа жылдығы  температурасы 

5,9 0С  жылы келеді.Қыс маусымы, әдетте, туіліктік тепмератураның 00С –тан төмендеуінен басталады;бұл құбылыс облыстын солтүстігінде қазан айының соңғы күндерінде,  оңтүстігінде  5-  10  қарашада  болады.  Тұрақты қар  жамылғысы  солтүстік  аудандарда  желтоқсанның  алғашқы он күндігінде, ал оңтүстік аудандарда желтоқсанның  екінші  он күндігінің ақырында  түзіледі.  Қыс ерте  түскен жылдары  облыстын  солтүстігінде  тұрақты қар  жамылғысы  қарашаның алғашқы күндерінде,  ал кеш түскен жылдары  қаңтарда түзіледі.Қар суының  орташа  жылдық  қоры  облыстын  солтүстігінде  90 мм-ге,  оңтүстігінде  30-55 мм-ге  дейін  жиналады;қар   жұқа болған  жылдары орташа жылдық  қор мөлшерлері 1,5-2  есеге дейін азаяды.Ең  суық  ай – қаңтар, бұл айда температура облыс  солтүстігінде- 14-11 0С аяз болады, орташа  температура- 12,9 градус.  Қысқы кезеңінде  облыс аспанына артикалық  ағын енген  кезде ауаның  суықтығы оқта-текте  - 30-350С -  қа дейін төмендейді,  өте суық күндерде  абсалюттік  ең  төменгі температура-  40-44 0С-қа  дейін  барады.Кейде  қаңтар мен  ақпанда 1-3 күнге  созылатын жылымық болуы  мүмкін.

   Қыс айларында   желдің  қарқыны 4,5-5 метр /сек қа  жетеді.Әсіресе ақпан мен  наурызда  күшті жел соғып,  қарлы  боран мен  бұрқасым  ұйытқиды.Көп жылдық  қарлы  боран  күндерінің  қыстағы орташа  мөлшері  облыстын солтүстігінде 30-35  күнге,  оңтүстігінде 15-20  күнге  жетеді.Ауа температурасының  00С-тан  жоғары тұрақты  шамасы облыстын солтүстік  жағында сәуірдің  алғашқы 5 күндігінде,  оңтүстік  батысында  наурыздын 3 он күндігінің  басында байқалады.Бұл  кезеңде  қар жамылғысы сетінеп,  жылғалардан су  ағып,  өзендер деңгейі  көтеріле бастайды.  Көп жылдық  бақылаулардық  мәліметтері  бойынша  Орал қаласында 24  көкекте ауаның  орташа тәуліктік  температурасы  100С- тан жоғарылайды да,  ауыл шаруашылық  дақылдарының  басым бөлігі  белсенді  өсіп -өну  кезеңіне  өтеді.  Көктем облыста  ерте  және  жаппай басталады,  бірақ күннін жылуына үнемі  ауытқулы  болады, оқтын-оқтын  ызғыры  еседі.Жалпы аяссыз  кезең облыстың солтүстігінде 130  күнге,  оңтүстігінде  170  күнге  дейін  жетеді.Кей жылдары аязсыз кезең бұл шамадан едәуір ауытқуы мүмкін.

   Жаз айларына  ыстық,қуаң  әрі  шаңқай  ашық  ауа райы  тән.Бүкіл  аумақтағы  ауаның  орташа  температурасы  шілдеде 23,60С құрайды, абсалюттік максимум  41-450С  ыстыққа жетеді.

  Облыс  жағдайында  топырақтың  жеткілікті  ылғалданып, егіннен  мол  өнім  жинау  көрсеткіші  атмосфералық  жауын- шашын түсіне  байланысты. Олардың  жылдық  мөлшері  солтүстігінде  140  мм –ге  дейін  ауытқиды, бүкіл  облыс  аумағы  үшін  орташа  шама 263  мм –ге  сәйкес  келеді.Бірақ  жауын-шашын  әр  жылда  әркелкі мөлшерде  болады.Агроклиматтық  аудандарда  100С –тан жоғары  температуралық  кезеңнің  ішінде  орташа  алғанда  солтүстікте 100-135  мм, оңтүстігінде 90-100 мм  жуын-шашын  түседі,  бұл  жылдық  жауын-шашынның 45-55 пайызы ғана,ал бұл кезеңдегі  булану  шамасы  солтүстікте  850 мм-ден  оңтүстігінде  1300 мм-ге  шарықтайды.Вегетациялық кезең ішінде жауын-шашын мөлшері  өсімдіктің  қалыпты  өсуі мен дамуы үшін  жеткіліксіз болады,  оның үстіне жылы  кезеңдегі  жауын-шашын  жоғары  температурамен  ұштасады да,  іс  жүзінде  өсімдік  үшін  пайдасыз,  мардымсыз  болып  қалады. Жылы  кезеңдегі  бұлыңғыр  күндердің  саны  айына 5-8  күннен аспайды, ал  желдің орташа айлық  жылдамдығы  жазғы  кезеңде  3,5-4,5 м/сек.  болады.Облыс  ауа райы  көктем  соңында  және  ерте  күз  айларында  шаруаға  аса қолайсыз.Осы өлара шақта  ызғар  есіп,  атмосфера және  топырақ  құрғақшылығы  артып,аңызақ  тұрып,  шаңдақ  пен  құм  борататын  екпіні 15 м/сек-тан  асатын күшті  дауыл  соғып,  бұршақ  жауу,  көк мұз  басу,  тағы басқа  табиғи құбылыстар  жиілейді.

 Орал  қаласы  бойынша  азоттың  қос тотығының  шамадан  шектелген  концентрациясы  1,1-2  артуы  ішінара  кездесті,ал  Ақсай қаласында атмосфералық  ауа қабатының ластануы  шамадан шектелген концентрациядан асқан жоқ.

   Екінші  тоқсанда  атмосфералық  қабаттың ластануы  бірінші  тоқсанмен  салыстырғанда  екі  өндіріс  орталықтарында  едәуір  артқаны  байқалады.

   Орал  қаласында   күкірттің  қос тотығы  екі  есе,  азоттың  қос  тотығы  1,15 есеге  өсті. Ақсай  қаласында  күкірттің қос  тотығы  1,3  есе, көмір  қышқыл  газы  1,2  есеге,  азоттың  қос  тотығы  1,15 есеге  өсті,  күкірттің  сүйегінің  0,12  шамадан  шектеулі  концентрациясы  тұрақты  болды.

  Осы жартыжылдықта  күкірттің  қос  тотығының   орташа  концентрациясы  Орал  қаласында  шамадан  шектелген концентрациясы  0,18  болса Ақсай  қаласы  бойынша  ШШК-0,36 болады.  және  азоттың  қос  тотығы  0,6-0,65  шамадан  шектеулі  концентрациясы  арсында  болып  отыр.

    Орал  қаласы  ауа  кеңістігі  ластануының   артуы  экономикалық  көтерілуі   мен  облыс  орталығының  жан-жақты  көркейтуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         3.2  Облыстың ауа алабының күйі

 

   1996 жылдын 30 сәуір  айында жарияланғын, Ел Президенті  мақұлданған №2967 Қазақстан Республикасының  экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына сәйкес, экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізі стратегиялық компонеттерінің бірі және халықаралық интегралды процесстердегі елдің мүддесін қорғаудағы негізгі аспектілері болып қоргаған ортаға шамадан тыс антропогенді әсердін зардабынан елді, қоғамды және жеке адамды қорғау деңгейін анықтайды.

   Экологиялық қауіпсіздік  күйіне жету тек қоғамның жан-  жақты өмірін, оның тұрақты дамуға өтуін қамтамасыз ететін әлеуметтік – экономикалық қайту құру нәтижесінде мүмкін.Бұл жағдайда қоғамның тіршілік жағдайы, денсаулық, білім және барлық Қазақстандықтардын экологиялық ортасын жетілдіруге,жақсартуға мүмкін туаді.2030-Стратегиясының негізгі преоритеттерінің бірі «Қазақстан азаматтарының амандығы, саулығы және білімі».

   Батыс Қазақстан  облысының экологиясының салыстырмалы қанағаттанарлық жағдайына қарамастан қоршаған орта шиеленіскен күйде болып отыр.Облыстын негізгі экологиялық проблемалары мыналар: «Капустин Яр»,және «Азғыр» әскери полигондары мен олар жанасқан оңтүстік аудандар топырағынын химиялық радиологиялық ластануы;Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын (ҚМГКко) игеру барысында және тұрақты және жылжымалы көздердің ауаны ластауы, су экожүйені сақтау, ірі және кіші су көздері әсіресе Еуропа мен Азяны байланыстыратын Жайық өзені ;биоресурстарды қорғау және өндіру, шөлейттену процесстері.

   Халықтын денсаулығына  әсер ететін негізгі факторлар  –ол ауаның ластануы,және сапалы  ауыз суынын тапшылығы.Қоршаған  ортаға жағымсыз антропогенді  әсерді болдырмау және жою  барысында,адам өміріне қалыпты жағдай туғызу үшін біріншіден уақытлы экологиялық жағдайды дұрыс бағалау.

  Облыстың ауа алабының күйі өнеркәсіптің іс -әрекетіне және көршілес территориядан ластағыш заттардың тасымалдануына байланысты.

   Батыс Қазақстан  облысының ауа бассейнің негізінен ластайтын мұнай газ комплексінің кәсіпорындары,бу қазандары автокөлік,элеватор.Олар ауаға азот,көміртегі,күкірт сутек газының және бидай шан-тозанын бөледі.Қазіргі кезде облыста іс-әрекеті атмосфераның кұйіне тікелей әсер ететін 200- ден астам бірлестіктер мен кәсіпорындар бар.Оның ішінде жылына 100 тонна лас ірі кәсіпорындар: Қарашығанақ Петролиум Опейрйтинг 12900 т:, «Коденсат»АҚ 491,06 т.Орал мұнай құбыр басқармасы «Казтрансойл»-АҚ 1520,4 тонна;АҚ «Жайықжылуэнерго»- 646,3 т;,Орал қаласының Локомотив депосы 341,2 т.

   Бөлінген ластаушы  заттары, сонымен қатар тұрақтары  және жылжымалы көздерден бөлінетін заттарды талдаған кезде (сызба №1 және диаграмма № 1,2,3) кәсіпорынның жұмысы мен одан бөлінетін заттардын тура байланыстылығы көрінеді.

№1 Диаграмма бойынша ЛЗ-дың атмосфераға максимальдық бөлінуі 1991 жылға сәйкес келеді,(214,5 мың т) ал минимум 1997 жылы -55,0 мың т.Бұл өндірістің 1991 жылғы ең жоғары деңгейге  жеткенін, ал 1997 жылы оның төмендеуімен түсіндіріледі.

  Сонғы он жылда  (1990-1999 жылы) тұрақты орындардан ең көп бөлінген заттардың көлемі 1991 жылы 125,6 мың тонна болған, ал 1997 жылы олардың көлемі 13,3 мың т-ға дейін төмендеген.

  Егер 1991-1997 жылдар  аралығында бөлінген ластағыш  заттардың мөлшері жалпы және  жылжымалы көздерден төмендегені байқалса, ал соңғы жылдары бұл көрсеткіштердің 1,3 есе өскені байқалады.

  Атмосфералық жағдайға  бақылау облыс орталығы мен  қарқынды өндіріс жүретін Қарашығанақ  мұнай газ коденсат кенішінде  Бөрлі ауданының территориясы  ареалында жүлгізіледі.

   Соңғы екі жылғы зерттеулер бойынша көмірсутек шикізатын өңдейтін кен орындармен байланысты атмосфераға бөлінген зиянды заттардың өсуі, олардың химиялық құрамының өзгеруімен қатар жүреді.Күкірт ингидрид 1,6 есе , көміртегі оксиді 3,3 есе көбейіп, ал азот тотықтарының 1,4 есе азайғандығы  тіркелген. «Қагидромет»  ақпарат- өндіріс орталығы лабораторисының бақылау бойынша Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орнына жақын орналасқан:Тұңғыш,Березовка,Жарсуат,Димитров,Қрашығанқ,Жаңаталап,Қаракемпір,Ақсай,Успеновка,Бестау елді мекендерінде ластанушы заттардың концентрациясының жоғарлағанын көрсетті.

  Атмосфераны ластауда  аумақта автокөліктер үлкен орын  алады.Ол соңғы 5 жылда ауаға  бөлінген зиянды заттардың 65-75%-ін құрайды.(Сызба №1,диаграмма №3) Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасының  мәліметі бойынша 1999 жылы 53449 автотехника тіркелген, бұл 1995 жылмен салыстырғанда 8,4 %-ға аз.Қоршаған ортаға тигізетін әсерлерді іс жүзінде азайтуды облыстың өндіріс орындарында технологиялық режимді қатаң сақтау, тазалау жабдықтарын енгізіп, олардың жұмысын бақылау,газ отынына көшу,экологиялық мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асыруға болады.Мұндай жұмыстар, облысымыздың ГП-3 Қарашығанақ кен орнында газдарды желдететін компрессорлы станцияны іске қосу,қатты заттардың атосфераға таралуын азайтатын «Жасыл жаңарғы» әдісін пайдалану және облысымыздың 11 ірі өндіріс,ҚМГКК орындарда өндірістік мониторинг өткізіп,қаланың ірі өндіріс орындарын,облыстың елді мекендерін,автокөлікті газ отынына ауыстыру арқылы жүргізілуде.

    Автокөлікте қаіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Аумақтық бағдарламаны жүзеге асыруда облысымыздың елді мекендерінде ауаның ластануын азайту шаралары қарастырылады,атап айтқанда двигательдерді улылығын азайтатын катализатормен жабдықтау,жыл сайын жол полициясымен бірлесе өткізілетін «Таза ауа»операциясы жүргізіледі.Өкінішке орай,бүгінгі таңда автокөліктің тек 30

% ғана газға аударылған.

      Жоғарыдағы шаралардан басқа, 2001-2003 жылдарға есептелген облыстық орта мерзімді «Экология» бағдарламасында ауа қабатының ластауын төмендетіп,қоршаған ортаға теріс техногендік әсерін азайтатын жолдар көзделеді.Оларға күкіртсутектің мөлшерін азайтатын күкіртсіз газдарды пайдалану,Тұңғыш,Березовка елді мекендерінде КМГККО өндірістерінің төменгі ауа қабатының құрамындағы күкіртсутек мөлшерін автоматты бақылайтын қондырғыны, метанол регенерациясы монтажын жабдықтау,Оал қаласының шаңдарын азайту мақсатында арық-су жолдарын  қайта жабдықтау жұмыстары жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3 Облыстағы ауа алабының ластаушы  көздері

 

                        Батыс қазақстан облысының территориясында қатты-тұрмыс қалдықтарының түзілуі соңғы 5 жылдықта 547-630 мың м3 деңгейінде тұрақтады.Қатты тұрмыс қалдықтары полигонға және жинағыштарға шығарылады.Орал және Ақсай қаласында ҚТҚ-ның 2 полигоны, облыс елді мекендерінде 380 жинағыштар бар.

   Қарашығанақ мұнай  газ конденсат кенішінің дамуына  байланысты жылмажыл өндіріс  қалдықтарының түзілу көлемі  өсуде.1996 жылы облыс кәсіпорындарында 25 мың тонна өндіріс қалдығы  түзілсе,1999 жылы 27,95 мың тонна ал 200 жылы-30,72 мың тонна болған.Улы қалдықтар полигонының жоқтығына байланысты қауіптілігі 1-2 класс қалдықтар Орал қаласының кәсіпорындарында арнайы жабдықталған аймақтарда металл контейнерлерінде сақталады.

Информация о работе Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан облысының з