Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан облысының з

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 21:43, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиелінісе түсуде.Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар, көбінесе адам іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты проблемалардың бірі- Жер шарындағы халық саннын артуы. Нәтижесінде, Жер шарының тұрғындарын азық-түлік, шикізат, жылу энергиясы, киім-кешек және тағы басқа материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін қаншама қыруар табиғат ресурстары қажет болып отыр.Оның үстіне соңғы ғасырда адам баласы ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетті. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, табиғи қорларды барынша пайдалану қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адам денсаулығын орасан зор зиян келтіруде. Қазірдің өзінде Жер шарының көптеген елдерінде азық-түлік, шикізат, су және энергия тапшылығы сезілуде.

Содержание

Кіріспе...................................................... .............................2

I.Бөлім
Атмосфера –биосфераның негізгі құрам бөлігі

Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфераның адам өміріндегі маңызы....................................................4
1.2 Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер........8
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары...13
Атмосфералық ауаны ластануымен сақтау және қорғау
жолдары..........................................................................15

II.Бөлім
Қазақстандағы ауа алабының экологиялық жағдайы

2.1 Атмосфера тіршілік тынысы......................................16
2.2 Қала тазалығы денсаулық кепілі..................................20

III.Бөлім
Батыс Қазақстан облысының географиялық орны
және онда қалыптасқан экологиялық проблемалар

3.1 Облыстың географиялық орналасу жағдайы.......... 21
3.2 Облыстың ауа алабының күйі................................... .25
3.3 Облыстағы ауа алабының ластаушы көздері.......... 28

IV.Бөлім
Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан
Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан
облысының заңнамалары.

4.1 Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы
мемлекеттік заңдар.....................................................30
4.2 Батыс Қазақстан облысында атмосфералық ауаны
қорғау туралы заңнамалардың орындалуы...............32

Қорытынды...................................................................34

Қолданылған әдебиеттер.............................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Атмосфераны қорғау.Курсовая.doc

— 235.00 Кб (Скачать документ)

   Өндіріс орындарынан  шыққан қалдықтар, транспорт түрлерінен  шыққан газдар,түтін, ірі қалардын  үстінде пайда болатын түрлі жандар Күн сәулесінің  Жердің бетіне түгел түсуіне кедергі келтіреді.Мысалы, Париж қаласының маңындағы өндіріс орындары аз аймақтарда ультракүлгін сәулелер 3% болса заводтар мен фабрикалар көп шғырланған аймақтарда 0,3 қана болған.Ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігі балаларда авитаминоз және рахид ауруларын туғызатыны белгілі.

   Атмосфераның  құрамындағы зиянды заттардан  жануарлармен жабайы аңдарда  уланады.

  Өндіріс орныдарынан  шыққан қалдықтар құрамындағы  фторлы және мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабілеті төмендейді.

   Бірқатар мемелекеттерден  жабайы аңдардың атмосфераның  құрамындағы күкіртті газ, мышьяк, сурьманың әсерінін улану оқиғалары  көп кездеседі.

  Өсімдіктер үшін  әсіресе улы болып саналатын күкірттің, фтор, хлордын қосылыстары мен көмірсутектер,Олар ауылшаруашылық дақылдарына орман мен бақтар, парктерге зиян келтіреді.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1.  Атмосфералық ауаны ластануымен сақтау және қорғау жолдары.

 

   Атмосфералық ластануынын күресу мәселесі күрделі жан-жақты және үлкен материалдық шығындармен күшті қажет етеді.Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі заманғы даму деңгейі адам организмі мен бөленуін азайтып,ластанудын алдын- алудын  іс-шараларын жасауға мүмкіндік береді.

    Атмосфералық  ауаның ластануының алдын- алатын  және зиянды қалдықтардын мөлшерін  азайтуға мүмкіндік беретін іс  шаралардын төмендегідей 3  топқа  бөлуге болады:

    1. Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процесстерді жақсарту және мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологияларды өндіріске енгізу.
    2. Отынның құрамын, аппараттармен карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардын түсуін азайту немесе мүлде болдырмау.
    3. Зиянды қосылыстарды бөлетін объектілерді тиімді орналастыру және жасыл өсімдіктерді көптеген отырғызу, егу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

 

 

 

 

 

  II.Қазақстандағы ауа алабының экологиялық жағдайы

 

2.1 Атмосфера тіршілік тынысы

 

  Негізінен, атмосфераның адам үшін атқаратын  қызметі  өте жоғары. Атмосфера- бүкіл әлемді таза ауамен  қамтамасыз  ете  отырып  тіршелікке  қажетті  газдармен  (оттек,азот,көмірқышқыл газы, т.б) байытады.Жерді метеорит әсерлерінен,  Күн және  ғарыштан  келетін әр түрлі зиянды сәулелерден қорғайды. Зат және энергия алмасуларды,  ауа райынын қызметін  реттеп,  жалпы Жер шарындағы тұрақтылықты  үйлестіріп  отырады.

    Бірақ  адам  баласы  үшін  орасан  зор   маңызы  бар  ауа алабы   соңғы  жылдары  күрделі   өзгерістерге ұшырап  отыр.Ең  бастысы-  ауаның  ластануы. Атмосфера  ауасының  сапалық  күйінің  көрсеткіштері  оның  ластану  дәрежесі  болып  саналады. Егер  атмосфера  ауасында  ластағыш  заттардың жиынтығының  құрамы  шекті  мөлшерден асып  кетсе,  онда ауаны  ластанған  деп санайды.Кен таралған атмосфера  ластағыштарына  күкірт оксиді (SO2),азот оксидттері (NO2,NO,NO2),көміртек оксидттері (CO,CO2), хлор (Cl),күкіртсутек (H2S),  аммиак(NH3),шаң-тозан  тағыда басқа жатады.

   Ластағыш  заттардын   негізгі  көздері-  өнеркәсіп,  автокөліктер,  зауыт,  жылу әнергетикасы,  соғыс  қаруларын  сынау,  ғарыш кемелері  мен  үшақтар,  т.б.  болып  саналады.Аталған  нысандардан  атмосфераға  түскен  заттар  ауа  қабаттарында  химиялық  немесе  фотохимиялық  өзгерістерге  ұшырайды.Содан  соң  пайда  болған  химиялық  өнімдер  суға,  жерге  түсіп,  ауаға  тарай  отырып  қоршаған  ортаны  ластап  адам  денсаулығына  зиянын  тигізеді. Сонымен  қатар  барлық  тірі  организмдерге,  ғимараттарға  құрылыс материалдарына  зиянды  әсер  етеді.

  Атмосфера  құрамындағы   оттек  пен  көмірқышқыл газының  тұрақты  болуы  жалпы  ауа алабының  тепе-теңдігіне  әсер  етеді.Мысалы,оттек  тірі  организмдер үшін  тыныс  алуды  қамтамасыз  ете  отырып,  топырақ пен  судағы  бүкіл  химиялық  реакцияға  қатысады.  Оттек  атмосфераның  өте  маңызды  құрамды  бөлігі  болып  табылады.Ол  жасыл  өсімдіктердегі  фотосинтез  процесінің   нәтижесінде  түзіледі.

   Көмірқышқыл   газының  ауадағы  шекті   мөлшері  көбейсе  адамдар  мен  жануарлардың  тыныс алуы  нашарлайды.Сондықтан ауа құрамындағы  негізгі  екі  газдың  тепе-теңдік  мөлшері  қатаң  сақталуы  тиіс.Міне,  осы жағдайлардан  бүкіл әлемдік  атмосфера  экологиялық  дағдарысқа  ұшырап  отыр. Ауаны  ластауға  Жер шарындағы  мемлекеттер  өзінің  экономикалық  даму  деңгейіне  қарай  түрліше  үлес  қосып  отыр.

   Біздің  республикамызда   атмосфера  ауасына  шағарылатын  зиянды  заттар мен газдар, тағы  басқа бөгде химиялық  қосылыстар  Қазгидромет  ғылыми- зерттеу  институтының  үнемі  бақылауында  болып  отырады.  Ол  көрсеткіштер  әр  жылға  және  маусымға жіктеліп  «Ақпараттық  экологиялық  бюллетень»  журналы  арқылы  көпшілікті  хабардар  етеді.

    Атмосфераның  ластану  индексін  (АЛИ)  бағалау   бойынша  1995-2005  жылдар  аралығында  ауасы  ең  көп  ластанатын  қалаларға:Риддер,Зырян,Өскемен,Жезқазған,Бақаш,Қарағанды,Павлодар,Екібастұз,Теміртау,Алматы  қалалары  жатады.Әрине  аталған  қалалардағы  өнеркәсіптің  тағы  басқа  ластау  көздерінің  жұмыс  істеу  қарқыны  бірдей  емес.

   Республика  жағдайында  атмосфераның  ластауына  өнеркәсіптердің  жаңа  технологияны  енгізу  жағынан   нашар  мамандануы  себеп  болып  отыр. Ескірген  технологиялық  процестер  нәтижесінде  құрамында  қатты  және  сұйық  бөлшектері  бар  газ  тәрізді  заттар  орасан  көп  мөлшерде  бөлінеді  әрі  химиялық  қосылыстар  өте  қауіпті,  улы  болып  келеді.  Тұрақты ластану көздерінен атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшері бойынша : Павлодар (763,0 мың т),Қарағанды (601,6 мың т),Жезқазған (487,0 мың т) қалалары,Шығыс Қазақстан (170,0 мың т),Қостанай (170,0 мың т),Ақмола (120,0 мың т),Атырау (90,0мың т) областары алдынғы орында болды.Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған. Сондықтан атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстармен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр.Казгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір километріне жылына орта есеппен 1,13 т зиянды заттар түсетіні байқалған.Қазақстан жағдайында көптеген қалалардын ауа алабы автокөліктерден шығарылартын зиянды заттармен ластанып отыр.

Мысалы,Алматы,Шымкент, Өскемен, тағы басқа қалалар.Автокөліктерден  шығарылатын көміртек оксидттері барлық шығарылатын зиянды заттардын 70-80 пайызына жетеді.

  2000 жылдын мәліметі  бойынша Өскемен қаласының ауасында  күкірт диоксиді және фенол,  формальдегид, азот диоксиді тәрізді зиянды заттардын шекті мөлшері(ЗШМ) қалыпты деңгейден 1,4 есеге артып отыр.

  Қазақстан жағдайында  ауа алабының ластануы, көбінесе  шұғыл континетті климаттық ауа  райына да байланысты.Себебі жауын-шашын  мөлшері өте аз болғандықтан  ауаның табиғи тазаруы нашар.Оның  үстіне үнемі соғатын күшті  желдер біркелкі емес. Мысалы, Алматы, Шымкент, Риддер, Зырьян қалаларының ауа алаптарында табиғи ауа ағыстары болмайды, соның себебіне қалаларды үнемі қалың, улы, шаң-тозаңды бұлыңғыр тұман басып тұрады. Ауа алабының құрамында ауыр металдырдың болуыда өте қауіпті әсіресе қорғасын, мырыш, сынап мөлшері үнемі бақылауға алынады.Ауыр металдармен ауаның ластануы  республика  бойынша  жоғары  болғанымен  жекелеген қалалар бойынша жағдай  мәз емес. Қазақстанның ауа алабы  көршілес  мемлекеттердін  ауаға  шығарылатын  зиянды  заттарының есебіне де  көбейе  түседі.Өйткені ауа алабының  бәрімізге ортақ екенін  айтқанбыз.Мынадай қызықты мәлімет осыны дәлелдейді. Мысалы  Қазақстанда  өндіріс орындарының  ластану  көздерінен түскен (1) және көршілес  мемлекеттер (2) арқылы өткен  зиянды  заттардын  үлесі  мынандай  болған.

  1.Күкірт -46 %  немесе 380000 т

Азот (тотыққан) -19 % немесе 46400т

Азот (тотықсызданған)-51 % немесе 11300 т

 

Көршілес  елдердің ластану  көрсеткіші

  2. Күкірт – 54 %

Азот  (тотыққан)-81 %

Азот  (тотықсызданған)-49%

   Әрине  өз  кезегінде  Қазақстанның да  ауа  алабының Ресей,Қырғызстан,Өзбекстан   республикаларына күкірт  пен   азот  қосылыстары ауа  ағындары  арқылы  ауысып отырады.

    Атмосфера   ауасына зиянды заттардың   шығарылуын  реттеу, жаңа  технологияны  жетілдіру, өндіріске  қалдықсыз  және аз қалдықты технологияны енгізу мен шығындарды қайта өңдеп, пайдаға асыру-бүгінгі күннің  қатаң  талабы  болмақ.Республиканың көптеген аударда экологиялық жағдайдың нашарлауы,өнеркәсіп орындарында санитарлық-тазалық жағдайларының нашарлауы түрлі аурулардың өсуіне яғни әлеуметтік даму қарқынының баяулауына алып келді.Қоршаған ортаныңжағдайын жақсарту,яғни табиғат қорғай шараларын қарқынды жүргізу адамдардың өмірінің ұзақтығын арттырады.

  Қоршаған ортаның  ластану деңгейінің жоғарлауы, санитарлық-эпидемологиялық жағдайын нашарлауы, денсаулық сақтау органдарының жұмысының әлсіреуі  ,дәрі-дәрмектің жетіспеуі және қымбаттығы,тұрмыс деңгейінің төмендеуі,міне, осының бәрі халықтың өмірінің қысқаруы мен аурулардың көбеюінің негізгі себептері.Тіптен табиғатты қорғау талаптарын сақтағаннның өзінде де,түрлі табиғи орталарда адамның денсаулығына зиянды улы заттар жиналады.Олар адам ағзасына ганцерогендік және мутогендік әсер етеді.

   Республикамыздағы  демографиялық апатты аймақтардың бірі-Семей ядролық полигоны.Семейдегі полигонда 1963 жылға дейін ядролық сынақ әуеде,жер  бетінде жүргізіліп келгені құпия емес.Ядролық полигонның демографиялық әсеріне келсек,біріншіден,ол психологиялық түрде әсер етеді.Оның ғылым тілінде радиофобия дейді.Фобия қорқыныш,үрей,қорқу дегенді білдіреді.Мысалы,радифобия билеп алған әйелдер ақыл-есі кем,денсаулығы жоқ,мүгедек сәбиді дүниеге әкелем бе деген үрейді жеңе алмайды.

 Бұлмәселелерді шешудің  басты шараларының бірі- ол қоршаған  ортаны сақтандыру және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады.Қоршаған ортаны сауықтыру және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады.Қоршаған ортаны қорғауға,халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жағдайлар жасалса,онда адамдардың да денсаулығы қалжағдайы жақсарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қала тазалығы денсаулық кепілі

 

    Қазақстандағы ең үлкен және көне қалалардың бірі Алматы қаласы бойынша көптеген сараптамалар жүргізілді.Осы үлкен Алатаумен астасқан әсем қаланың экологиялық жағдайын қарастырайық.

Республика бойынша ең халқы көп оңтүстік астананың ахуалын айтар болсақ,Алматы қаласында 1132,8 мың адам тұрады.Жер көлемі 287,6 шаршы шақырымды құрайды.Қалада 7,5 мыңнан аса өндірістік мекемелер,оның ішінде 164 ірі кәсіпорын жұмыс істейді.Шаруашылық түрінен қала мекемелерінің 90 пайызы жекеменшік,қалғанын мемлекеттік мекемелер құрайды.Бүгінгі таңда қалада өндірістік өнімдердің республикалық қөлемінің 5 пайызы өндіріледі.2000 жылдың наурыз айынан бері қаланың экологиялық жағдайын жақсартудың арнайы бағдарламасы жұмыс сітейді.Ауа алабын тексеретін үш бекет бар.Органикалық отындардың ішінде ауаны көп ластайтыны-тас көмір.Газдан ауа көп ластана қоймайды.Демек,отынның таза түрін,табиғи және жасанды газ,электр энергиясын,биогаз және басқаларды пайдаланған зиянсыз болар еді.Ең бастысы, барлық уақытта экологиялық заңдылық пен талапты батыл жүзеге асыра білсек,әсем қаланың табиғаты мен қоршаған ортасын,экологиялық ахуалын таяу жылдарды сауықтыруға әбден болады.

  Жаңа экологиялық  қызмет ұжымының іске кіріскеніне  небәрі жарты жыл болды.Бұл мерзімде оның қызметкерлері 7 миллион теңге кіріс кіргізпті.Осы қаржыдан жуырда Медеу демалыс орны мен қаладағы шағын өзендердің жағаларын тазалауға арнап 1 миллион теңге бөлінді.Сөйтіп олар ауа тазалығын сақтаумен қатар жалпы табиғатты қорғауға да атсалысуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            III.Батыс Қазақстан облысының географиялық    

                                  орны және онда қалыптасқан экологиялық   

                                              проблемалар

 

  • Облыстың географиялық орналасу жағдайы
  •  

        Батыс Қазақстан  облысы Қазақстан республикасының  солтүстік батысында,Орал өзенінің  ортаңғы ағысының төменгі,ал төмен  ағысының жоғарғы алабында орналасқан.Сонымен  қатар,облыс көлемінде Еділ-Жайық  және Жайық –Ембі өзендері аралығындағы кеңістікте (ертеде Самара және Бухара жақтары деп алып келген) кіші және ұсақ ағыстары жоқ,өзендер алаптары бар.

       Облыс территориясының  үлкен бөлігі Каспий маңы ойпатының  солтүстік бөлігін алады, шамамен  Тайпақ ауылының ендігінің оңтүстігіне қарай абсалютті биіктігі теріс (теңіз деңгейінен төмен);сыртылды сілімдерінің жазықтығы солтүстік-шығыста Жалпы Сырт сілімдеріне жағаласады,ал солтүстік-шығыстан Орал маңы үстіртінің батыс бөлігіне қатысады.Облыстын шекарасының ұзындығы 2274 км. Ресей мен 1400 ;біздің республиканың облыстарымен -874, ал көлемі -151,2 мың км2 немесе Қазақстан территориясының 5,6 % құрайды.

    Информация о работе Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан облысының з