Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан облысының з

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 21:43, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиелінісе түсуде.Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар, көбінесе адам іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты проблемалардың бірі- Жер шарындағы халық саннын артуы. Нәтижесінде, Жер шарының тұрғындарын азық-түлік, шикізат, жылу энергиясы, киім-кешек және тағы басқа материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін қаншама қыруар табиғат ресурстары қажет болып отыр.Оның үстіне соңғы ғасырда адам баласы ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетті. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, табиғи қорларды барынша пайдалану қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адам денсаулығын орасан зор зиян келтіруде. Қазірдің өзінде Жер шарының көптеген елдерінде азық-түлік, шикізат, су және энергия тапшылығы сезілуде.

Содержание

Кіріспе...................................................... .............................2

I.Бөлім
Атмосфера –биосфераның негізгі құрам бөлігі

Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфераның адам өміріндегі маңызы....................................................4
1.2 Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер........8
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары...13
Атмосфералық ауаны ластануымен сақтау және қорғау
жолдары..........................................................................15

II.Бөлім
Қазақстандағы ауа алабының экологиялық жағдайы

2.1 Атмосфера тіршілік тынысы......................................16
2.2 Қала тазалығы денсаулық кепілі..................................20

III.Бөлім
Батыс Қазақстан облысының географиялық орны
және онда қалыптасқан экологиялық проблемалар

3.1 Облыстың географиялық орналасу жағдайы.......... 21
3.2 Облыстың ауа алабының күйі................................... .25
3.3 Облыстағы ауа алабының ластаушы көздері.......... 28

IV.Бөлім
Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан
Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан
облысының заңнамалары.

4.1 Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы
мемлекеттік заңдар.....................................................30
4.2 Батыс Қазақстан облысында атмосфералық ауаны
қорғау туралы заңнамалардың орындалуы...............32

Қорытынды...................................................................34

Қолданылған әдебиеттер.............................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Атмосфераны қорғау.Курсовая.doc

— 235.00 Кб (Скачать документ)

                    Мазмұны

 

Кіріспе...................................................... .............................2

 

I.Бөлім

        Атмосфера –биосфераның негізгі құрам бөлігі

 

      1.    Атмосфера туралы түсінік, оның  құрамы және    биосфераның адам өміріндегі маңызы....................................................4

                       1.2  Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер........8

      1.    Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары...13
      2.   Атмосфералық ауаны ластануымен сақтау және қорғау                     

       жолдары..........................................................................15

                 

                       II.Бөлім

     Қазақстандағы ауа алабының экологиялық жағдайы

 

                       2.1 Атмосфера тіршілік тынысы......................................16

                     2.2 Қала тазалығы денсаулық кепілі..................................20

 

                        III.Бөлім

                        Батыс Қазақстан облысының географиялық орны     

                            және онда қалыптасқан экологиялық    проблемалар

 

                      3.1  Облыстың географиялық орналасу жағдайы.......... 21

                     3.2  Облыстың ауа алабының күйі................................... .25

                      3.3 Облыстағы ауа алабының ластаушы көздері.......... 28

 

  IV.Бөлім

                          Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан   

                           Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан        

                            облысының заңнамалары.

 

                       4.1 Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы

                              мемлекеттік заңдар.....................................................30

  4.2  Батыс Қазақстан облысында атмосфералық ауаны

                             қорғау туралы заңнамалардың орындалуы...............32

 

                             Қорытынды...................................................................34

 

     Қолданылған әдебиеттер.............................................35

                   

                              Кіріспе 

  

    Соңғы жылдары   дүние   жүзінде экологиялық жағдайлар шиелінісе түсуде.Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар, көбінесе адам іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты проблемалардың бірі- Жер шарындағы халық саннын артуы. Нәтижесінде, Жер шарының тұрғындарын азық-түлік, шикізат, жылу энергиясы, киім-кешек және тағы басқа материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін қаншама қыруар табиғат ресурстары қажет болып отыр.Оның үстіне соңғы ғасырда адам баласы ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетті. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, табиғи қорларды барынша пайдалану қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адам денсаулығын орасан зор зиян келтіруде. Қазірдің өзінде Жер шарының көптеген елдерінде азық-түлік, шикізат, су және энергия тапшылығы сезілуде. Бұл жағдай Жер шарының ауа райы қолайсыз, құрғақшылық аймақтарында жиі байқалып отыр. Аталған проблемалар Африка, Оңтүстік Америка, Кіші Азия, Орталық Азия, тағы басқа елдерді қамтып отырғаны белгілі.

   Әлемдік экологиялық проблемалардың қауіптілерінің бірі биосфераның ластануы болып отыр.Олар- Жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуімен  және экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістерге ірі дауылдар, су тасқындары,жанартаулар атқылауы, жер сілкінуі, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе тартылуы, қуаңшылық,  өрттер және  тағы басқа жатады. Адамның табиғатты  өзгертудегі байланысты іс-әрекеттері Жер шарындағы тіршілік үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді  өмірге алып келетін деңгейге жақындады.

    Табиғат адам баласының шектен тыс еркіндігі мен ағаттықтарын көтермейді. Өз кезегінде табиғат адам жіберген  қателіктерге жауап ретінде экологиялық апаттарды «сыйға» тартады. Мысалы, қоршаған ортаның химиялық ластануы Жер шарында жиі-жиі байқалып отырған «жылыжайэфектісі», «озон қабатының тесілуі», «қышқыл жауындар», «фотохимиялық улы тұмшалар» сияқты әлемдік экологиялық проблемаларлды туғызу үстінде. Аталған апатты құбылыстар бүкіл Жер шарының ырғақты тіршілік тепе-теңдігін бұзып, әлемдік климаттың өзгеру қаупін туғызып отыр. Оны біз соңғы жылдары жиі байқалатын қуаңшылық, шөлейттену, су экожүйелерінің тартылуынан көреміз. Қазақстандағы басқа да өзен, көлдердің  экологиялық жағдайы мәз емес. Әсіресе Ертіс, Жайық, Сырдария,  Іле,  Шу,  Нұра,  Тобыл,  Көксу  өзендері өндіріс қалдықтары, тұрмыстық лас сулар арқылы таралатын ауыр металдармен және химиялық зиянды заттармен ластанып, топырақтың құрамы өзгеруде. Ал Каспий теңізінің мұнай өнімдерімен ластанғаны сонша судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі. Елімізде су айдындары проблемалармен қатар топырақ құнарсызданып, тақырлар  мен  шөлдердің аумағы артуда. Жайылымдардың, табиғат ландшафтарының өзгеруі табиғи ортаның сапасына кері ықпалын тигізіп отыр.  Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану,  көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде кешенді тұрғыда қарастыруды қажет  етеді.

 

       Экологиялық проблемаларды қалай шешу жөнінде  жүру бағыты:

 

1.Бүкіл планетамызды жердің бетінде меңгеру керек

2.Әрбір елдердің арасында халықтардың арасындағы байланысты күшейту

3. Әрбір елдің арасындағы  саяси қатынас

4.Адамның табиғатқа  тигізіп тұрған әсері геологиялық  әсері

5.Биосфераның шекарасының  кеңейтіп ғарышқа шығу керек

6.Энергияның жаңа түрлерін  ашу

7.Жер бетіндегі халықтыңбарлығының  құқығы тең болу керек

8.Бір күшті проблемаларды шешу жөнінде қоғамның рөлін жоғарлату керек

9.Ғылымды дамыту керек

10.Білімді жоғарлату  керек, халықтың тұрмыс жағдайын  жақсарту керек,аштықты жою керек. 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. Атмосфера –биосфераның негізгі құрам бөлігі

 

1.1Атмосфера туралы түсінік,оның  құрамы және биосфера адам өміріндегі маңызы

 

   Атмосфера- бүкіл әлемнің тіршілік тынысы.Атмосфера ауасының шекарасы  болмайды.Ол Жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы,тазалығы адамзат үшін еш нәрсеге теңгерілмейді.Атмосфера-  биосфераның құрамдас бөлігі.

Атмосфера  бірнеше  қабаттан - тропосфера,

озоносфера,стратосфера,мезосфера,термосфера және экзосферадан тұрады.Әрбір қабаттын өзіне тән атқаратын қызметі,газдық құрамы,тіршілікүшін маңызы бар.Әсіресе  тропосфера мен озон қабатының тіршілік маңызы ерекше.  Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты «тропосфера» деп аталады.Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі -1,-12 км,экваторда-16-18 км полюстерде-7-10 км.Осы қабатта жауын –шашын, бұлттар түзіліп,найзағайлар күн күркіреуі жүреді.Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км –ге созылатын стротосфера қабаты орналасқан.Онда ылғалдылық біршама төмен,атмосферадағы озонның көп бөлігі осы қабатта жинақталған,озон Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны  қызып кетуден сақтайды.

         Стратосферадан кейін 50 км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосфера температура одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте- 700 С-қа түседі.мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура + 16000 жетеді.Атмосфераның қабатындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді.Ең соңында Жерден ең алыста    800-1600кмқашықтықта экзосфера орналасқан.Атмосфераның 100-600 км биіктікке дейін ғана сақталатын газды құрамы 1 кестеде берілген.

     

                             

    Атмосфераның төменгі қабаттары мен таза құрғақ ауаның химиялық құрамы.                 

                                                                                1 Кесте

        

Компонеттер

                           Мөлшері

Компонеттер

      Мөлшері

Массасы бойынша %

Көлемі 

Бойынша  %

Массасы бойынша %

Көлемі 

Бойынша  %

Азот

75,52

78,09

Азот оксиді

2,5х10-3

2,5х10-4

Оттек

23,15

20,94

Сутек

3,5х10-4

5х10-5

Аргон

1,28

0,93

Метан

0,8х10-4

1,5х10-4

Көміртек оксид

0,046

0,033

Азот диоксиді

8х10-5

1,5х10-4

Неон

1,2х10-3

1,8х10-4

Озон

10-6-10-5

2х10-6

Гелий

7,2х10-5

5,2х10-4

Күкірт диоксиді

-

2х10-8

Криптон

 

3,3х10-4

1х10-4

Көміртек оксиді

-

1х10-5

ксенон

3,9х10-5

8х10-6

     

 

Атмосфера биогеоценоздың  компоненті ретінде топырақ бетіндегі, топырағы және топырақ қуыстарындағы ауа қабатарын құрайды.

    Атомосфералық  ауа түрлі газдардың қоспасы.  Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегі,0,93% аргон, 0,03% көмірқышқыл газы бар.Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, мектан, радон ксенон,тағы басқа газдардың үлесіне тиеді. Жер бетіндегі оттексіз тіршілік жоқ. Ол жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеттеріне нәтижесінді түзіледі. Өсімдіктер су мен көмірқышқылынан фоттосинтез процесі кезінде оттекті бөледі. Ал басқа барлық тірі организмдер оттекті тек пайдаланушылар болып есептеледі. Көмірқышқыл газы атмосфераға тірі организдердің тыныс алуы, иотын түрлерінің жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шіруі кезінде бөлнеді. Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюі адам мен жануарлар организімге әсер етеді.

    Табиғат үшін  атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әр түрлі. Ол, біріншіден,фотосинтез ұшін көмірқышқыл газының және тыныс алу үшін оттектің көзі. Ол тірі организмдерді космостық сәулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды, климатты зерттейді, зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін қабылдайды, планета су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзілетін және басқа да метеорлогиялық процесстер жүретін орын, ұшатын организмдер үшін тіршілік ортасы болып есептелінеді, топырақтың құнарлығына әсер етеді т.с.с.

   Ғалымдардың пікірінше,  қазіргі заманғы атмосфераның шығу тегі екінші реттік және ол Жердің қатты қабықшасынан планета түзілгеннен кейін бөлінген газдардан түзілген. Жердің атмосферасы түрлі факторлар: атмосфералық газдардан космос кеңістігіне бөлінуі, вулкандардың әрекетінен газдардың бөлінуі, күннің ультракүлгін сәулелері әсерінен малекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттері мен жер қабығының жыныстары арасындағы химмиялық реакцялар нәтежесінде бөлінетін газдар әсерінен үлкен эволюциянын басынан кешірді.

    Атмосфераның  дамуы геологиялық және геохимиялық  процестермен, сол сияқтытірі организимдердің  тіршілік әрекеттерімен тығыз  байланысты. Атмосфера Жердің беткі  қабатын оның қалың қабаттарына өту кезінде көпшілігі жанып кететін матеориттердің зиянды әсерлерінен сақтап тұрады.

   Атмосфера құрамының  қалыптасуына үлкен әсер ететін  тірі организмдердің тіршілік  әрекеттері өз кезегінде осы  атмосфералық жағдайларға тікілей  байланысты. Атмосфера тірі организмдерге зиянды әсер ететін Күннің ультракүлгін сәулелерінің көп бөлігін ұстап қалады. Атмосфералық оттегі өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу процесіне қатысса, ал көмір қышқылы өсімдіктердің қоректенуіне қатысады.   

  Климаттық факторлар, әсіресе, жылу режимдері мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тіршілік қызметіне әсер етеді.Сонымен  қатар  адамның тіршілік әрекеті атмосфераның құрамы мен климатқа үлкен әсер етеді. Планетадағы оттегі тірі заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады.Ал оның бүкіл массасын 2000 жылда тірі организмдер сіңірсе, көмірқышқылын- 300-395 жылда сіңіреді.

   Жер атмосферасының газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның атмосферасы негізінен сутек пен гелийден, Марс пен Венераның атмосферасы - көмір қышқыл газынан тұрса, Жердің атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол сияқты аз мөлшерде аргон, көмірқышқылы газы, неон және басқа тұрақты, ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыспалы компоненті-су буы. Су буының негізгі массасы тропосферада, өткені атмосфераның қабаттары жоғарылаған сайын онын концентрациясы азая береді.

    Атмосфералық  процестерге, әсіресе стратосфераның  жылу режиміне озон үлкен әсер  етеді. Озон стратосферада жинақталып, күн радиациасының ультракүлгін  сәулелерін сіңіреді. Ендік пен жылдың мезгіліне байланысты озонның бір айдағы орташа мөлшері өзгеріп отырады, оның қалындығы 2,3-5,2мм аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшенрі экватордан полюстерге қарай жоғарылайды. Қазіргі кезде адамның шаруашылық тіршілік әрекетінің әсерінен атмосфераның озон қабатының бұзылу байқалуда. Мысалы, озон қабатының бұзылуына әсер ететің фреонда(хладондар) деп аталатын галогенді қосылыстар.Бұл қосылыстар бөлме температурасында  қайнайды, өте ұшқыш, Жердің бетінде химиалық инертті, мұзатқыш қондырғыларда қолданылады. Фреондар стратосфераға көтеріліп, фотохимиалық айырылу реакциясына түсіп біздің планетамызды ультракүлгін сәулелерден сақтайтын, озон молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың катализаторы болып саналатын хлор аниондарын бөледі.   

  Қазіргі кезде озон қабатының жағдайына қатаң бақылау-мониторинг жүргізілуде. Озон қабатының бұзылуының үлкен зардаптарға әкелуәне байланысты бірқатар елдер қазіргі ткезде фреондар өндірісі мен оны пайдалануды қысқартып отыр, деген мен де жалпы әлемде бұл көрсеткіш әлі де жоғары күйінде қалғандықтан олардың атмосферадағы концентрациясы да жылдан жылға ұлғайып отыр.

    Көптегн бақылаулар  бойынша озон қабаты атмосферада біркелкі таралмаған. Солтүстік  жарты шар атмосферасында оңтүстікке қарағанда фреондардың концентрациясы 8-9% жоғары.

         

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1.  Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер

 

         Өндірістің қарқындап дамуына  және отын түрлерін кең масшабта  жағуға байланысты атмосферадағы  бос оттектің қоры азайып,ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтежесінде табиғаттағы көміртектің айналуын бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нәтежесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246млрд. тоннасы,яғни(90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымынын бұзылуы  мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.

Информация о работе Атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Батыс Қазақстан облысының з