Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 08:15, курсовая работа
Курс жұмысының зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы балаларда спорттық іс-әрекеті;
Курс жұмысының мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау;
Дене әрекетінің құрылымын теориялық тұрғыдан дәлелдеуді жүйелеу;
Дене әрекеті арқылы кіші мектеп жасындағы балалар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтау;
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің психо-физиологиялық және педагогикалық аспектілері
2.2. Бала бақша тәрбиеленушілеріне арналған спорт жұмыстарының көлемі, гигиена, және спорттық режим
2.3. Бала тәрбиесіндегі спорт жаттығуларының алар орны
ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлім.
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Қолданылған әдебиеттер.
ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлім.
Балаларға дене тәрбиесін беру программасының орындалуы оның жалпы міндеттерін шешуді ғана емес, сонымен бірге шынығудың алуан түрлерімен шұғылдануға тұрақты дағдылар, таңертеңгі гимнастика мен дене шынықтыру жаттығуларын орындауды тілеп тұрушылық, қимылдарын жетілдіруге құштарлық, оларды құрбыларымен бірге әткізе білушілік каси-еттерін қалыптастыруды да көздейді. Баланың денсаулығы мен дене дамуын жақсартуға көмектесетін, олардың тірек-қимыл аппаратын дамы-татын, организмнің физиологиялық қызметін жаттықтыратын және жетілдіретін, олардың жас жағынан шамасы келетін қозғалыстарды игеруін қамтамасыз ететін, организмнің төзімділігін қалыптастыратын қимыл ре-жимін орындауды қамтамасыз ету маңызды. Жеткіліксіз қимыл белсенділігі - гиподинамия - дене тәрбиесі міндеттерін ойдағыдай шешуге кедергі жасайды, балалардың ақъіл-ой жағынан дамуы үшін қолайсыз жағдай туғызады, олардың интеллектуалдық белсенділігі мен жұмыс қабілетін төмендетеді.
Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлері ерекше орын алады. Шаңғы, коньки, велосипед тебу, шаиамен сырғанау, жүзу ірі бұлшық еттердің түрлі топтарының қатысуын талап етіп, денеге жақсы күш түсіреді.
Егер бала мектепке дейін дене жаттығуларының осы түрлерін меңгерсе, спорт ойындары мен сауықтарын жақсы көріп кетсе, бұл мектеп жылдарында да оның бос сағаттарда осылармен шұғылдануы үшін алғы шарт болып табылады. Бұл әрі ой еңбегінен тынығуының, организмді одан әрі сауықтырудың құралы болып табылады. Балаларды дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлеріне үйрету жұмыстың ерекше бөлімі болып табылады, ол тәрбиешіден шаңғы, коньки тебудің т.т. техникасын және, әрине, балаларға сол қимыл түрлерін үйрету методикасын меңгеруді талап етеді.
Мектепке дайындайтын топтағылармен жұмыста қимыл ойындарын жете бағаламауға болмайды. Онда негізгі қимылдар жетілдіріледі, мінездің жүректілік, тапқырлық, ұстамдылық секілді касиеттері шыңдалады. Қимыл ойындары коллективтік сипатта болады, сондықтан олар қимыл мен іс-әрекеттің үйлесті болуын, белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Балалардың өздері-ақ ережесін орындамаса, ойын қызык болмайды деген қорытындыға келеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, кимылдарды орындауда жаксы нәтижелерге жетуше көмек-теседі; басқа жағдайда, ойыннан тыс жерде, бәлкім, ол мұндай нәтиже-лерге жете алмас та еді. Ойынды әр түрлі жаттығу түрлерімен алмастырып отыру - барлық қимылды біркелкі дамытудың маңызды шарты.
Балаларға дене тәрбиесін беруде серуендер де үлкен орын алады. Дұрыс ұйымдастырылған серуендеу іс-әрекеттің алуан түрлерінде өзін-өзі ұйымдастыруды дамыту, инициатива керсету үшін мол мүмкіндіктер бар. Серуенге әзірленуге тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балалардың өздерін тартады. Мысалы, солармен бірге шаңғылардың, конькилердің дайындығын тексереді, таудан шанамен түскен кезде керек болатын кішкене жа-лаулар, ленталар, қардан құрылыстар тұрғызу үшін күректер әзірлейді. Серуеннің мазмұны (немен шұғылданамыз, не ойнаймыз, өзімізбен бірге нелер алып жүреміз, ойынды қайтсек жақсы ұйымдастырамыз т. т.) тура-лы балалармен әңгімелесу балаларды алда тұрған шаруаны ойланып іс-теуге, оны жоспарлауға үйретеді. Жекелеген балаларға серуендеу кезінде не істейтінін, ол үшін не керек екенін айтуға болады. Мұндай жұмыс тап-сырма орындауды жоспарлау дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Тәрбиеші балалардың толық кұнды, жеткілікті ұйықтауына қамқорлық жасайды, өйткені ұйқы нерв жүйесінің мезгілсіз шаршауының алдын ала-ды. Тәрбиеші бірінші кластағы балалардың да күндіз бір мезгіл ұйықтап алғаны дұрыс екенін ата-аналарға хабарлайды.
Мектепке осы заманғы оқытудың негізін қалаушы принцип тәрбиелей және дамыта отырып оқыту болып табылады, ол балалардың таным процестерін, білімге ықыласын дамытуды көздейді. Балалар бакшасында бұл принципті жүзеге асыруда балалардың қарапайым оқу іс-әрекеті жоспарлы және жүйелі түрде жетілдірілетін оқу сағаттары ерекше маңызды роль атқарады. Бұл тәрбиешінің балаларда оқу міндетін түсіну және оны орын-дауға әзір тұру, ықыласты болу, үлкендердің жоспары мен нұскауы бо-йынша әрекет істей білу, бұрынғы алған білімі мен іскерлігін жаңа іс-әрекетке пайдалану, тапсырманы орындау тәсілдерін меңгеру, езін-өзі бакылау, бағалау, қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әрбір сабақтың программалық мазмұнын дұрыс белгілеудің зор маңызы бар. Педагог әр баланы ақыл-ой жағынан тәрбиелеуге және дамытуға қам-қорлық жасайды, ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, белгілі күш-жігер жұмсау қажеттігін алдына кояды. Бірте-бірте, оқыту процесінде балалар-дың бойында тапсырмаға саналылықпен қарау, тәрбиешінің түсіндіруіне құлақ асып, мағынасына бойлай білу, мақтау үшін емес, еңбек нәтижесі-нен қанағат алу үшін жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылу қасиеттері пайда болады. Мектепке дейінгі балаларда бар ықыласымен, белгілі бір қарқынмен жұмыс істеушілік Қалыптасады, жұмыс қабілеті артады.
ІҮ. Қорытынды.
Дене тәрбиесі процесінде әр балаға жеке-жеке карау ақыл-ой міндеттерін, оларды орындау тәсілдерін бірте-бірте қиындата беруді көздейді. Мысалы, суреттеу түрінде әңгіме қүрастыра білмейтін балаларға педагог оның жоспарын береді, содан соң тапсырманы өзі орындауын ұсынады. Егер ол көбінесе неғұрлым белсенді балаларды нысанаға алып, момын, аққау балаларды назардан тыс қалдыра берсе, соңғыларының білімінде, іскерлігінде акау пайда болады, олардың дамуы баяулайды
Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста дене тәрбиесінің әдістері мен тәсілдерін пайдалану белгілі ерекшелікке айналады: тәрбиеші оларды әрекет жасау тәсілін қалыптастыру үшін емес, ойлау іс-әрекетін күшейту үшін көбірек қолданады.
Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста оқытудың ауыз-ша әдістерінің (тәрбиеші әңгімесінің, алдын ала ойластырылған сұрақтар-ды қамтитын әңгімелесудің т. б.) зор маңызы бар екенін атап айту керек. Педагог ауызша әдістерді таңдап алуға, оларды басқа (көрнекі, "практи-калық) әдістермен дұрыс ұштастыруға, сөйтіп оқу процесін неғұрлым пәрменді етуге, ал білімді саналы түрде меңгеретін етуге мұқият назар аударады.
Мектепке дайындайтын топта ойын тәсілдері (жаттығу ойындары, дра-ма ойындары, қимыл ойындары, жұмбақтар т. т.) өз маңызын сақтайды. Спорттық ойындарға ерекше орын беріледі. Ойын формасында қо-йылған оқу міндеті балаға білім алу мақсатын түсіндіріп, баланың ерікті ықыласын арттырады, іс-әрекетін күшейтеді, таным ынтасын дамытады.
Ү. Қолданылған әдебиеттер.
10.Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы личности. М., 1984. -289-325 бет
11. Дүйсембекова Ш.Д. «Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері». Семей – 2003
12. Дмитриев А.Е. «Педагогика» М-1985.
13. Жанпейсова Ж.Ш. «Модульдік
оқыту технологиясы оқушыны
14. Жумабаев М. «Педагогика», А: -1995
15. Жумабаев М. «Таңдамалы». А:-2002
16. «Үздіксіз білім беру жағдайы мәселері және болашағы». –А:-2002.
17.Заньков С. «Дене тәрбиесі және өмір». А: -1968
18. Ильина Н. «Педагогика» 1984
19. Қоянбаев Ж. «Педагогика» А:-1992.
20. «Қазақстан мектебі»№10,2003.
21.Ребенок идет в школу. «Воспитания школьников», №5,-2000.
22. Кочетов А.Н., Коломинский Я.Л. «Педогогическая диагностика в школе». А:-1990
23. Кинчук М.К. Технология успеха М: Дело 1993, 225б.
24. Коган А.Н. «Мадениеттін жан-жақты дамуы»М – Білім 1981.
25. Козлов И.Ф «Педагогический опыт А. С Макаренко» М-1987
26. Леви В.»Нестандартный ребенок»М.-1991.
27.Мальков З.А. «Школа и педагогика зарубежом».М-1983.
28. Кузьмина Н.В. «Новые исследования в педагогических науках».М:-1981.
29. «Педагогика» Дәріс курсы.А: – 2003.
30.Подласый И.Н . Педагогика М:Просвещение – 2000
31.Петровского А..В.
«Новое педагогическое
32.Ростовцев Н.Н. «О педагогической деятельности и методах преподавания »
33.Реан А.А «Педагогика » - 2000.
34.Селевко Г.И. «Совершенные образовательные технологий » М-1998
35.Елканов С.Б. «Оқыту процесінде оқу техникасын дамытудың технологиялық ерекшеліктері ». М :– 2001.
36.Саймон Б. «Общество и образование ». М – 1982.
37.Сухомлинский В.А «Как воспитать настоящего человека » М – 1990.
38. Скаткин М.Н. «методология и методика педагогических исследований » М – 1986.
39. Слуцкий М «Элементарная педагогика »М-1992.
40.Третякова П.И. «Педагогические технологий что такое икак использовать в школе » Тюмень – 1994.
41.Трайнев И.В. «Конструктивная педагогика»,2004.
42.Табылдиев Ә. «Әдеп әліппесі». А.-2006
43.Хмель Н.Д. «Педагогический процесс в общеобразовательной школе».А:-1990.
44.Хмель Н.Д. «Теоретические основы профессиональной подготовки учителя».А:-1998.
45.ХайруллинГ.Т. «Технология и техника взаимодействия»А-1999.
46. Щацкий С.Г. «Работа для будущего»М:-1989.
Мерзімді басылымдар:
47. «Кіші мектеп оқушылардың дене тәрбиесі және сабақтан тыс уақытта дамыту», «Білім» №2, -2004.
48. Абдуллина О.А. «Оқушылардың дене тәрбиесін дамыту»,Ұлағат, №4, -2001.
Информация о работе Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің жұмыстары түрлері және спорт жұмыстары