Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 08:15, курсовая работа
Курс жұмысының зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы балаларда спорттық іс-әрекеті;
Курс жұмысының мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау;
Дене әрекетінің құрылымын теориялық тұрғыдан дәлелдеуді жүйелеу;
Дене әрекеті арқылы кіші мектеп жасындағы балалар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтау;
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің психо-физиологиялық және педагогикалық аспектілері
2.2. Бала бақша тәрбиеленушілеріне арналған спорт жұмыстарының көлемі, гигиена, және спорттық режим
2.3. Бала тәрбиесіндегі спорт жаттығуларының алар орны
ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлім.
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Қолданылған әдебиеттер.
Мектепке дейінгі балаларда негізгі қимыл (жүру, жүгіру, секіру, өрме-леу, лақтыру) ерте бастан қалыптасады. Алайда тәрбиелеу процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана балалардың дамуы неғұрлым толық дәрежеде болады. Қимылдың өмірге қажетті негізгі түрлеріне коса мектепке дейінгі ба-лалар бұлшық еттің белгілі бір топтарын (қолдың, аяқтың, кеуденің) ны-ғайтуға бағытталған жаттығуларды орындайды. Сондай-ақ балалардың дамуына дене жаттықтыруының спорттық түрлері: шаңғы, коньки тебу, жүзу, велосипед тебу, т. б. көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде баланың организміне белсенді түрде жан-жақты әсер ету мақсатымен колданылатын дене жаттықты-руларының белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ол дене тәрбиесі жөніндегі оқу сағаттарын, қозғалмалы ойындарды, таңертеңгілік гимнастиканы мақсатты ұйымшылдықпен пайдаланудан, оондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларын және балалардық өз бетімен қимыл жасайтын ойындарын кеңінен қолданудан тұрады.
Мәдени-гигиеналык дағдыларды тәрбиелеу баланың денсаулығын нығайтуға бағытталады. Сонымен бірге ол маңызды адамгершілік міндетті - мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді қамтиды [23].
Балалардың денсаулығы, олардың нығайып өсуі туралы қамқорлық тазалық сақтауға, мұнтаздай киінуге, тәртіпке баулудан басталады. «Балалар бақшасының мақызды міндеттерінің бірі,- деп жазды Н. К. Крупская - балаларға олардың денсаулығын нығайтатын дағдыларды үйрету. Балаларды жастайынан тамақ алдында қолын жууға, асты бөлек ыдыстан ішуге, таза жүруге, шашы киылған болуға, киімінің шаңын қағуға, аяқ киімін сүртуге, қайнамаған су ішпеуге, мезгілінде тамақтануға, уақтылы ұйқтауға, таза ауада көбірек жүруге және т. б. үйрету керек».
Балалар мәдени-гигиеналық дағдыларды үлкендердің басшылық етуі-мен үйренеді. Ол басқа балалармен бірге қолын жууға, төкпей-шапшай тамақ ішуге, киімін таза ұстауға, түрлі заттарды ұқыпты сақтай білуге дағдыланады. Оның бойында өзін-өзі билеушілік, жинақылық, ұқыптылык, құнттылық сияқты қасиеттер қалыптасады, үлқендер мен құрдастары ара-сында әдепті болуға, оларды құрмет тұта білуге тәрбиеленеді.
Дене тәрбиесінің барлық міндеттері балалар бақшасының тәрбиелік-білімдік жұмысының барысында бірыңғай шешіліп, балалардың бірка-лыпты нығайып, өсуін қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесінің шарттары. Қоғамда дене тәрбиесі мемлекеттің ана мен балаға деген әрдайым өсіп отыратын қамқорлығына, тұрғын үй жағдайының үнемі жақсаруына, еңбекшілердің әл-ауқатының артуына негізделеді.
Балалардың дұрыс нығайып, өсуі үшін гигиеналык жағдай туғызу (үй-жайдың, кұрал-жабдықтың, киімнің, аяқ киімнің гигиенасы), дұрыс тамақтану, қимыл және организмді шыныктыру женінде шараларды камтитын ғылыми жағынан негізделген балалардың күнделікті режимін міндетті түрде орындап отыру қажет. Сонымен бірге медициналық қызметкерлер тарапынан үнемі бакылау орнатылып, қажетті профилактикалық және емдеу жұмыстары, мақсатты тәрбие жұмысы жүргізілуі тиіс. Мектепке дейінгі балалар мекемесі мен семья арасындағы тығыз байланыс - балалардың дене бітімін дұрыс дамытудың маңызды шарты [24].
2.3. Бала тәрбиесіндегі спорт жаттығуларының алар орны
Мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмысында балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға үйретуге үлкен көңіл бөлінеді. Балалардың жасына қарай бөлінген топтарда бұл міндет «Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» байланысты шешіледі.
Ең кішкентай балалар қарапайым дағдыларға (қолын жууға, түймесін салуға), үлкеніректері - неғұрлым күрделі дағдыларға (тамақ жегенде шанышқыны пайдалануға, ұқыпты болуға) үйренеді. Балалардың белгілі бір дағдыға үйренуі үшін уақыт қажет, демек, дағдыны қалыптастыру бала емірінің бір емес, бірнеше жылына созылуы мүмкін.
Тәрбиешінің атқаруға тиісті жұмысының методикасы программаның талаптарына және мсктепке дейінгі балалардық жас ерекшеліктеріне қарай анықталып отырады [25]
Мәдени-гигиеналық қалыптастыру шарттары мен тәсілдері. Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың табысты болуының негізгі шарттары қатарына жақсы жағдайдың туғызылуы, айқын күнделікті режим мен үлкендер тарапынан басшылық болуы жатады.
Жақсы ұйымдастырылған жағдай дегенді таза, біршама кең, барлық режим элементтерін (жуыну, тамақтану, ұйқтау, оқу және ойнау) іске асыруға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтары бар белмелердің болуы деп түсінеміз.
Жағдайдың тұрақты болуынық, күнделікті қажет бұйымдардың тұратын және қолданылатын орнын білудің сәбилер үшін маңызы ерекше. Мысалы, жуынатын бөлмеде көлемі шағын раковиналар жеткілікті болуы шарт, олардың әркайсысының үстіне сабын салынып қойылады; раковина-лар мен сүлгілер балалардың бойына карай орналастырылады; ілмешек-тегі ор сүлгінің үстіңгі жағына сурет ілініп қойылады. Бұл балалардың жуынуға деген ынтасын арттырады.
Күнделікті атқарылатын гигиеналық процедуралардың бір уақытта атқарылуын күн режимі қамтамасыз етіп отырады, мұның өзі мінез-құлық мәдениеті дағдылары мен әдеттерінің біртіндеп қалыптасуына себін тигі-зеді. Оларды орнықтыру ойындарда, еңбекте, оку сағаттарыпда, тұрмыста жүзеге асырылады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үлкендердің - ата-аналардың және тәрбиешінің басшылығымен іске асып отырады. Сондықтан мектспке дейінгі балалар мекемесі мен семья тарапынан қойылатын талаптар өзара толық келісілген болуы қажет [26,19].
Мектепке дейінгі балаларда нақты, көрнеқі-бейнелеп ойлау басым. Осыған байланысты оларда гигиеналық дағдыны қалыптастырудың табысты болуы үшін көрсету және түсіндіру керек. Тәрбиеші қасықты қалай ұстау, стол басынан қалай шығу, қолды қалай жуу керек екендігін көрсетеді. Көрсету түсіндірумен қатар жүргізіледі. Балаларға тәрбиешінің қойып отырған талаптары (қолды таза жуу, суды еденге шашыратпау және т. б.) түсінікті болады. Үлкендер тарапынан дұрыс басшылықтың болуы балалардың жеке гигиена дағдысын үйренуге кететін уақытын қыс-картады.
Кейбір дағдыларға үйрету, мысалы, мәденистті тамақтану дағдысына үйрету көп еқбектенуді талап етеді, өйткені оған үйрену үшін балалар белгілі бір ізбен орындалатын бірнеше қимылдарға (стол жанында дұрыс отыру, тамақтану құралдарын, салфетканы дұрыс пайдалану жоне т. б.) үйренуі керек. Баланың белгілі бір қимылдарды орындауға жаттығуы және оны үлкендердің үнемі бақылауы кажетті дағдылардың біртіндеп қалыптасуына жағдай жасайды.
Бақылау әсіресе дағдыны қалыптастырудың бастапқы кезеңінде ма-ңызды. Онан әрі тәрбиеші қимылдың мүқият және шын ықыласпен орын-далуын тексереді. Қажетті бақылаудың болмауы балалардыи теріс дағ-дылануына: қасықты, шанышқыны дүрыс үстамауына, кол орамалды пайдалануды ұмытып, киімді дұрыстап бүктемеуіне әкеп соқтырады [27].
Мектепке дейінгі балалар еліктегіш келеді, сондықтан дағдылардың калыптасуына үлкендердің жеке басының үлгісінің тигізетін ролі үлкен. Тәрбиешілер мен ата-аналардың сыртқы пішіні, олардың мі-нез-қүлқы балаларға үлгі болуы керек; олардың берген акыл-нүсқаулары мен өз мінез-құлықтары арасында қайшылық болмауы тиіс, өйткені бала көзі көреген, ол борін байқайды. «Егер балалардан тамақ үстінде кітап оқымауды талап еткен болсаңыз,- деп үйретті А. С. Макаренко,- өзіңіз де осыны істемеуіңіз керек. Балалардың тамақ алдында колын жуғыза отырып, оны өзіңізден талап етуді де ұмытпаңыз. Өз тесек орныңызды өзі-ңіз жинаңыз, бұл аса қиын да ұятты жұмыс емес. Осы кішігірімнің бәрінде де, әдетте ойлағандағыдан гөрі, анағұрлым мол маңыз бар». Осыны балалар бақшасының тәрбиешілері де, ата-аналар да әрдайым есте сақтауы керек.
Дағдыларды тәрбиелеуде балалардың өздерінің жақсы үлгілеріне де сүйену керек. Тәрбиеші сәбилердің назарын колын жак-сы жуа алатын, заттарды ұқыпты ұстай білетін, өздігінен киіне алатын құрбыларына аударады, ©йткені балалардың өздері мұны әрдайым байқамауы мүмкін.
Ойын аяқталған соң ойыншықтарды жинауды ұсына отырып, тәрбиеші балаларға ойынға катыспаған баланың да өздеріне кәмектесіп жүргенін байқатады. «Қараңдар балалар,- дейді педагог,- Игорь сендермен бірге ойнаған жоқ, бірақ ол да жинасып, жолдастарына кәмектесіп жатыр. Сендер бәрің бірлесіп ойыншықтарды тез жинап аласыңдар». Басқа балалар да көмектесе бастайды.
Алайда, тәрбиеші жаксы өнегені пайдалана отырып, одептілік керсетуге, балаларды бір-біріне қарсы қойып алмауы тиіс [28].
Мәдени-гигиеналық дағдыларды торбиелеу ісінде педагогикалық баға берудің, яғни баланың мінез-құлқы, жекелеген іс-әрекет жөнінде-гі педагогтың ұнамды немесе ұнамсыз пікірінің ролі орасан зор. Педагог өзінің жұмысында жағымды бағаны кебірек пайдаланады: құптайды, кө-термелейді, мақтайды. Құптау балалардың бұдан кейін де солай істеуге, тіпті одан да жақсы істеуге деген талпынысын тудырады.
Жаңа дағдыны үйренуде жетістікке жету үшін де жағымды баға бе-ріледі. Егер үш жасар бала көйлегін алғашқы рет өздігінен кисе, түймесін салса, тәрбиеші мүны құптайды. Сәбидің жаңа дағдыны үйренгенін жаксырақ түсінуі үшін тәрбиеші оның қазіргі іс-әрекетін өткендегісімен, қа-зіргі алған бағасын бұрынғысымен салыстырады, мысалы, барлық бала-ның кезінше: «Тоғжан тез киінетін болды. Бұрын ескерту жасайтын болсам бүгін мақтап отырмын»,- дейді [29].
Егер балалар қандай да бір ережені орындағанда қате жіберетін бол-са, педагог оларға қалай жасау керек екенін айтады, ескерту жасауға немесе кінәлауға асықпайды.
Қалай істеу керек екендігін балалардың өздері білген жағдайда да жағымды баға беру керек. Мақтау кажетті дағдының қалыптасуын тезде-те түседі. Мысалы, тәрбиеші былай дейді: «Мен қалай отыру керек екенін Әлияның есіне салғаным жок-ты, бірақ ол дұрыс отырды. Жарайсың!» Егер басқа балалардың бәрі де осы дағдыға үйренулері кажет болса, әлгі баға бүкіл топтың алдында беріледі. Егер балалардың көбі бұл дағдыға үйреніп, тек кейбіреулері кешеуілдеп қалса, онда тәрбиеші баланы жеке мақтайды.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеуде ойын тосілдері ерекше роль атқарады. Оларды пайдалана отырып, тәрбиеші балалардың күн-делікті өмірде үйренген дағдыларын бекіте түседі. Сонымен қатар, дидак-тикалық ойын түрлеріне («Қуыршақты үйқтата қой», «Кәне, қуыршақты серуенге шығару, үшін киіндіріп жіберейік», «Қуыршақты тамақтандырайық») елеулі орын беріледі.
Дағдылардың қалыптасуына балалардың түсінігін, мысалы, қалай жуыну, стол басында қалай отыру, бір-біріне қалай көмектесу керектігін нақтылай түсетін, соған сай иллюстрациялар, көркем шығар-малар, фольклор зор әсерін тигізеді. Тәрбиеші балалардың назарын оларга арналған кітаптардағы суреттерге аударады, «Балалар ойнап жүр», «Құрметті қонақтар», «Жаңадан келген қыз» сияқты және басқа суреттерді жинақтайды.
Дағдыларды қалыптастыруда балаларға.. жеке-дара қатынас жа-сау маңызды. Бұл міндеттің күрделі, жүйелілікті, табандылықты, талғампаздықты жоне төзімділікті қажет ететіндігін есте сақтау қажет. Балаларға берілетін барлық нұсқау олардың әдетіне айиалатын іс-әрекеттерге дұрыс көзкарас тудыратын достык лебізбен, байсалды түрде айтылуы керек [30].
Спорттық режим ұғымы және оның тәрбиелеудегі маңызы Режим дене тәрбиесінің табысты болуының маңызды шарты. Режим дегеніміз іс-әрекет пен демалыстың алуан түрін уақыты мен кезегіне қарай тиімді болуды көздейтін гылыми жағынан негізделген өмір тәртібі.
Режимді құрайтын барлық элементтердің (тамақтану, ұйқтау, ойнау, оқу, серуендеу) белгілі бір жүйемен қайталанып отыратындығының нәтижесінде бір түрден екінші түрге ауысуды оңайлататын балалар тұрмысының үйреншікті кұбылыстары орын алады. Мәселен, тамақ ішетін уақыт болғанда балалардың қарны ашады, тәбеті келеді, осының арқасында та-мақ жаксы корытылып, тез сіңеді: ұйқтайтын уақыт келгенде балалар-дың жүйкесі оңай тежеліп, олар тез арада үйқыға кетеді. Режимнің орып-далып отыруы баланың нерв жүйесіне жоне организмдегі барлық физио-логиялық процестердің жүруіне игі осер етеді.
Режимге қойылатын талап балалардың жасына қарай психофизиологиялық ерекшеліктерге, тәрбиелеу міндеттерінс, жағдайға байланысты анықталып отырады.
Режимге қойылатын негізгі талап - балалардың жас ерекшеліктерін есептеу. Сәбилер топтарында ұйқыға, киінуге, шешінуге жопс беті-қолып жууға т. с. уақыт көбірек беріледі. Ересек топтарда балалардың дербестігінің артуына байланысты тұрмыстық процестсрді атқаруға уақыт ана-ғұрлым аз жұмсалады, соған орай, ойынға жоне басқа іс-әрекеттерге уа-қыт кәбірек жұмсалады.
Рсжимді орындау процесінде балалардың денсаулығы жағдайын, олардың психиялық даму дәрежесін ескеру керек. Денсаулығы осал немесе сырқат.тан айыққан балалардын уйкта-йтын уақыт және таза ауада серуендеу мерзімі ұзартылады, тәрбиелік-білімдік жұмыстар мазмұнына да кажетті өзгерістер енгізіледі.
Келесі талап - режимнің тұрақтылығы: дер кезінде тамақтану, оқу, ойнау, ұйықтау. Ол балалардың кайталанып отыратын құбылыстарға дағдылануына көмектесіп, балалар жөн-жосыққа, тәртіпке үйретіледі. Режимнің бұзылуы балалардың денсаулығына және олардың мінез-құлқына те-ріс әсер етеді: олар қызынып, қыңырлыкка салына бастайды, олардың арасында ұрыс-керістің болуы да мүмкін.
Режим белгілегенде жыл мерзімдері ескеріледі. Мәселен, жазғы кезеңде балалардың таза ауада болу уакыты ұзартылады, оларды таңертең ертерек оятып, ал кешкісін ұйқыға кештеу жаткызады.
Сонымен қатар балалардың бақшада болу мерзімін де ескеру кажет. 12-24 сағат болатын балалар бақшасында уақыттың екінші жартысында ойынға, серуендеуге уақыт көбірек бөлінеді.
Режим жасалғанда балалардың ата-аналарының жұмыс істейтін мерзімі де ескеріледі. Мысалы, ведомостволық балалар бақшаларында жұмыстың басталу уақыты кәсіпорындардағы жұмыстың басталуына карай ықғайластырылады, осыған орай балалардың тамақтану және оқу сағат-тары жылжытылады. Алайда ойынға, оқуға, серуендеуге белгіленген уақыт ұзақтығы мен барлық режимдік процестерді өткізу жүйесі өзгертіл-мейді.
Дұрыс жасалған режимнің гигиеналық және педагогикалык маңызы үлкен. Ол күн сайын кайталана отырып, балалардық организмін белгілі бір ырғаққа үйретеді, іс-әрекетінің алмасып отыруын (ойын, сабақ, еңбек) камтамасыз етеді, сөйтіп нерв жүйесін шаршаудан сақтайды. Режимнің орындалуы мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптасуына, ұйымшылдық пен тәртіптілікке тәрбиелеуге көмектеседі. Режимнің дәл орындалып оты-руы балалардың уақытты сезіну сезімін тәрбиелеп, олар уақытты бағалай бастайды [31].
Сөйтіп, тәрбиелеу міндеттеріне және мектепке дейінгі, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес койылған режимдік талаптар дені сау, сергек, іскер де тәртіпті балаларды тәрбиелеуге және олардың жанжақты дамуы мен мектепке әзірлігін табысты шешуге жағдай жасайды.
Информация о работе Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің жұмыстары түрлері және спорт жұмыстары