Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 08:15, курсовая работа
Курс жұмысының зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы балаларда спорттық іс-әрекеті;
Курс жұмысының мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау;
Дене әрекетінің құрылымын теориялық тұрғыдан дәлелдеуді жүйелеу;
Дене әрекеті арқылы кіші мектеп жасындағы балалар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтау;
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің психо-физиологиялық және педагогикалық аспектілері
2.2. Бала бақша тәрбиеленушілеріне арналған спорт жұмыстарының көлемі, гигиена, және спорттық режим
2.3. Бала тәрбиесіндегі спорт жаттығуларының алар орны
ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлім.
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Қолданылған әдебиеттер.
а) әрекет орындалуы – майда қимыл-қозғалыстар біртұтас әрекетке бірігеді, артық, қажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі;
ә) әрекетке сезімдік бақылау – қимылды көзбен бақылау бұлшық еттер бақылауымен ауысады, әрекет нәтижесін бақылауға қажетті бағыт-бағдар сараптау қабілеті дамиды;
б) әрекетті санамен реттеп бару – зейіннің әрекет тәсілдерінен сол әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы. Осыдан әрекеттегі кейбір есеп – қисаптық санаға байланысты шешімдер бірлікті әрі ықшам қабылданады. Келесі қимылға көшуге болған ішкі дайындық алдыңғы әрекеттің орындалуымен бірге жүргізіліп, жаңа әрекетке өту арнай жоспарсыз – ақ орындалады.
Спорттық дағды қалыптасуда адамның жеке басының ерекшеліктері үлкен маңызға ие. Күрделі, бірақ бір типті дағдылар бір адамда жеңіл орнығып, екіншісіне қиындау қалыптасады. Сондықтан да дағды қалыптастыру үшін жаттығулар саналы іріктеліп, әрекеттің тұтастай орындалуы немесе оның күрделі бөліктері арнайы қайталау және бекіту әдістерін пайдалануды талап етеді.Ал әр жағдайдағы нақты әдістер саны мен түрлі бекуі тиіс дағды әрекеті мен сол әрекетті игеруші адамның ерекшеліктеріне байланысты [9].
Дағды әрекет мазмұнына орай әр түрлі болады:
-Қимыл – әрекеттік дағды (спортсмендер әрекеттерінің бекуі;
-Сезімдік (түр-түс тану, балалардың алғашқы әріп тануы ж.т.б.);
-Интеллектуалды дағдылар (есеп, оқу, жаттау ж.т.б).
Бұлардан басқа аралық дағдылар да айырылады: сезімдік – қимыл дағдысы (жазу, сурет салу, сызу); сезімдік – ой дағдысы (математикалық ұғымдармен жұмыс істеу) [10].
Әр жаңа дағды адамда бұрыннан қалыптасқан дағдылар жүйесінде пайда болады. Олардың бірі жаңа дағдыға тірек, қолдау көрсетсе, кейбірі кедергі етеді. Осыдан дағды интерференциясы жеке дағды көшу деген ұғымдар қалыптасқан. Интерференция – бұл дағдылардың өзара кедергілік әсері, яғни бұрыннан орныққан дағдылар жаңа дағдыға тежеу береді немесе оның тиімділігін кемітеді. Ал бұрыннан игерілген әрекет дағдыларының енді қалыптасқан жылдамдатуы дағдылардың көшуі деп аталады. Дағды көшуі – бұрынғы әрекеттер мен енді орнығатын қимылдар арасында ортақ ұқсастық болудан. Әрқандай жаңа әрекеттерді игеруде адам бұрынғы тәжірибесіне сүйенеді, сондықтан оның қалыпты ептілері жаңа дағдыларды жеңіл әрі жылдам қабылдауынажәрдем береді. Ал егер жаттығу қимылдары ұзақ мерзім қайталанып, орындалып бармаса, дағдылар бірте-бірте жойыла бастайды. Осыдан қызмет бабы автоматтанған әрекеттерге тәуелді мамандар (ұшқыштар, гимнастар т.б.) өз кәсіби кейпін тұрақты ұстау үшін арнайы қимыл әрекеттерді ұдайы орындап жүруі өте қажетті [11].
Спрорттық дағдылардан тыс, іс-әрекеттің қажетті бірлігі - есептілік. Есептілік – бұл білімдер мен дағдылардың нақты әрекетте көрінуі. Жаңа жағдайлар немесе жаңа объектермен қатынасқа келе, адам өзінің бұрыннан игерген білімдері мен дағдыларын іске қосады, яғни осы дағдылардың жаңа жағдайға көшу-көшпеуі ептілікке байланысты.
Ептіліктер өз мазмұнына орай дағдыларға қарағанда ауқымдырақ, себебі олар әрекеттің түрлі баламаларын қолдануға мүмкіндік береді. Психологияда есептіліктің келесі түрлері анықталады: а) танымдық ә) жалпы еңбектік б)құрама техникалық в) ұйымдастыру – технологиялық г) қызметтік -бақылау деп Е.А. Милерян қарастырады [12].
2.2. Бала бақша тәрбиеленушілеріне арналған спорт жұмыстарының көлемі, гигиена, және спорттық режим
Дене бітімінің дамуы.Алғашқы екі жылға тән болып келетін дене бітім дамуының шапшаң қарқыны үшінші жасқа аяқ басуы қанда баяулайды. Бір жыл ішінде бала орта есеппен 2 кг салмақ қосып, бойы 7-8 см. өседі. Баланың үш жастағы бой шама-сы 93-94 см. болып келсе, салмағы 14,2-14,6 кг арасында болады. Дене пропорциялары да өзгеріп (бойы негізінен аяқтардың ұзындығы есебінен өседі), балалар сымбаттана түседі. Сүйектері қатайып, бүкіл органдар-дың қызмет атқаруы жетіледі, мұның өзі баланы дене куаты жағынан неғұрлым тәзімді етеді. Алайда үш жастағы бала, екі жастағыға қарағанда, недәуір шымыр болғанымен, әлі де болса ауруға шалдыққыш келеді [13].
Орталық нерв жүйесінің қызметі жетіле түседі, бұл жұмысқа кабілетті-ліктің өсуінен байқалады: балалар іс-әрекеттің бір түрімен 20 минутке-дейін шұғылдана алады. Бала тіпті бір жерін ауыртып калғанның өзінде де жыламай, шыдамдық жасай алады. Балалар мекемесіне екі жасқа толғаннан кейін келген сәбилер күн режиміне, жалпы емір тәртібіне бір-шама тез үйренеді.
Үш жас- бойда бар қимыл-қозғалыс сапасының белсенді түрде жеті-ле бастайтын кезеңі. Қол мен саусақтардың- қимылы мейлінше үйлесімді бола түседі. Балалар тамақты өз беттерімен, жинақы ішіп-жеп, қарын-дашты түзу ұстап, түймелерін өздері ағытып, түймелей алатын болады. Жүрісті жетілдіру - қол мен аяқтың кимыл үйлесімін дамыту болып табылады. Балалар жүріп келе жатып заттармен күрделі кимылдар жа-сап, велосипедпен жүре алады. Бала өз қимылын сыртқы жағдайлармен байланыстырады, мысалы, музыка ырғағына қарай қимылын өзгертеді. Жүгіну, өрмелеу, лақтыру сиякты.қимыл түрлері де жетіледі [15.48].
Сәби көп қозғалады, қозғалмай ұзақ отыра алмайды, бірақ бір қалыпты козғалыстан тез шаршайды. Ойындар мен жаттығу түрлерін таңдаған-да балалардың жас ерекшеліктерін, атап айтқанда, сүйегінің жұмсақтығы мен икемділігін, бұлшық еттерінің әлі жетілмегенін, тез шаршайтындығын ескерген жен. Кейбір қимылдар балаға зиянды. Оларға (ата-аналары көбіне-көп рұқсат ететін) қолдарына асылып тұруға, биіктен секіруді ұсынуға, бір қимылды ұзак қайталауын талап етуге болмайды. Үлкен кісілер балаларды мұндай қимылдан неғұрлым тыныш ойынға дер кезінде ауыстырып отыруға тиіс [16].
Балалардың қимылдарын дамыту үшін тәрбиеші әр түрлі амалдар колданады. Олардың ішінде жуындыру, киіндіру, тамақтандыру сиякты режимдік процестер де бар. Осындай процестер кезінде, баланың орын-дауына тура келетін әр түрлі күрделі қимылдарды үнемі де жиі қайталап отыру оны неғұрлым икемді ете түседі.
Қимылды дамытудың тиімді құралы ойын әрекеті болып табылады. Ойын кезінде балалар әр алуан қимылдар жасайды: қандай да бір жануарды бейнелеп төрт аяқтап еңбектейді, бірін-бірі қуады және т. б. Серуен кезінде оларға жиі түрлі кедергілерден өтуге тура келеді.
Қимылдарды дамытуда дене тәрбиесі сағаттарында балалар тұрып, отырып, жатып орындайтын жалпы шынықтыру жаттығуларының маңызы зор.
Балалар ойнайтын бөлмеде олардың еркінжүгіруі, доп және басқа да қимылды ойындарды ойнауы үшін орын жеткілікті болуға тиіс. Олардың пайдалануында қимылды дамытуға көмектесетін ойыншықтар: үлкендігі әр түрлі доптар, үш дөңгелекті велосипедтер, сан алуан қол арбалар мен автомобильдер болуға тиіс. Балалар ойнайтын учаскеде арнаулы жаб-дықтар: алтытаған, қажетті ені бар тақтайлар болуға тиіс.
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» үш жастағы балалар-дың дамуында мына төмендегідей басты жолдарды белгілейді:
- үлкендердің көмегінсіз іс-әрекеттерді орындауға белсенді бағыт алуы, дербестікті білдірудің қарапайым формалары;
- көрнекті-әрекеттік ойлауды одан әрі дамыту және айналадағылар ту-ралы тілдік пікірлесудің қарапайым түрлерінің пайда болуы;
- балалар арасында жасалатын жаңа қатынас формаларының жасалуы,
- жалғыз ойнаудан және қатар ойнаудан бірлесіп ойнайтын ойын әрекетінің қарапайым формаларына біртіндеп ауысу.
Коменскийдің көптеген қағидалары - дене тәрбиесі туралы, тіл мен ойлау қабілетін дамыту туралы, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу ту-ралы дүние жүзілік педагогиканы дамыту ісіне қосылған маңызды үлес болды. Я. А. Коменскийдін, бұдан үш жарым ғасыр бұрын дерлік жазыл-ған «Ана мектебі» атты көрнекті еңбегі мектепке дейінгі тәрбие теориясын жасаудағы бірінші және тамаша талаптанушылық болды, ол кішкентай балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олармен ойластырылған және-ұйымдастырылған жұмыс жүргізуге негіз қалады [18].
Ерте жас шағының екінші тобында жұмысты жоспарлау. Ерте жас шағының бірінші тобы сияқты, екінші топка аРналған перспективалық жоспар да балаларға денетәрбиесін беруге, олардың денсаулығын нығайтуға, нерв-психикасын дамытуға бағытталған белгілі міндеттер мен жүмыс мазмұнын қамтиды. Жоспарлаған кезде сәбилердің жасына байланысты жаңа мумкіндіктер ескеріледі.
Дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлаған кезде басты назар не-гізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, өрмелеу) дамытуға аударылады. Таңер-теңгі гимнастика және қимыл дамыту жөнінде арнаулы сабақтар, шынық-тыратын жаттығулар, сондай-ак балаларда мәдени-гигиеналық және өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын оқу сағаттары жоспарланады.
Баланың жалпы нерв-психикасын дамытуға бағытталған жұмыс перс-пективалық жоспарда «Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» сәйкес былай нақтыланады: а) айналадағыны бағдарлай білуді және сөйлеуді дамыту; б) заттармен әрекет жасауды дамыту; в) баланың өз беті-мен істейтін іс-әрекеті ретінде ойынды дамыту; г) өз қатарларымен және ересектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру [19].
Жоспарға қосымша 1-1,5 айға арнап ерте жас шағының бірінші тобы үшін көрсетілгендей. оку кестесі жасалады. Күн ұзағына өткізілетін оқу сағаттарының саны үшке дейін қысқартылады да, ұзақтығы артады.
Перспективалық жоспар мен оқу кестесі негізінде тәрбиеші күнделікті жұмыс жоспарын жасайды.
Күнделікті жоспардьщ үлгі схемасы.
Та4қертең. Ата-аналармен жұмыстын мазмұны көрсетіледі (баланың жағдайы туралы әңгіме, оны тәрбиелеу жөнінде ақыл-кеңестер т. т.).
Режимдік процесс кезінде балалармен жеке-жеке жүргізілетін жұмыс жоспарланады (мәдени-гигиеналық дағдылар, тәуелсіздікке тәрбиелеу, тілін, қимы-лын дамыту т. т.).
Сабақтар. Оку сағаттары кесте бойынша жоспарланады. Программалық міндеттер, пайдаланылатын материал керсетіледі. Күн ұзағына ояу кезде сағат 14-ке дейін 2 оқу сағаты (40-50 минут үзіліспен), сағат 16-дан кейін 3-оқу сағаты өткізіледі.
Келесі шағын топпен сабақ өткізген кезде балалардың өз бетімен істейтін іс-әрекетін ұйымдастыру өз алдына ерекше бөлім болып жоспарланады. Оқу сағат-тары көп мәрте кайталанады.
Балалардың өз бетімен жұмыс істеуі. Балалардың рйыншықтармен, суреттер-мен (стол, үстінде ойналатын қағазға басылған ойындары) ойын әрекеттерін ба-йыту, құммен, сумен ойнайтын ойындар, кітаптар, суреттер қарау, қайталап ба-қылаулар, қиын емес еңбек тапсырмаларын орындау жоспарланады.
Серуен. Балалармен бірге жасалатын бақылаулардың мазмұны, қимыл ойын-дарын өткізу, моториканы дамыту женінде жеке-дара жұмыс жүргізу, құрылые материалдарымен балалардың ез бетімен ойнауын, ойыншықтармен сюжетті ойындар ұйымдастыру жоспарланады. Ойыншықтар мен ойын материалдарының жинағы белгіленеді.
Кеш. Әдетте 3-ші оқу сағаты ойын сипатында өткізіледі. Негізгі уақыт бала-лармен жеке-дара жұмыс жүргізуге - ойындарға, тілді дамыту жөніндегі жеке оқу сағаттарына бөлінеді. Кешкі серуен кезінде балалардың өз бетімен ойнайты» ойындарына басшылық жүзеге асырылады.
Дене тәрбиесінің маңызы Жеткіншек ұрпақтардың дене тәрбиесінің маңыздылығы «Ұлт саулығы» «Нұр Отан» партиясы бағдарламасында былай деп атап көрсетілген: «Партия дене жағынан мықты жас өспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуді ең ерте балалық шақтан бастау маңызды міндеттердің бірі деп санайды».
Мектепке дейінгі шакта бала организмі шапшаң дамиды. Оның нерв, сүиек-бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезедде жақсы денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады [20,18].
Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпал етеді: қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі; жағымды мінез-құлық белгілері қалыптасады. Балалар құрбы-кұрдастары коллективінде әрекеттенуді үйренеді; оларда шыдамдылық, дербестік, белсенділік, инициатива, жол-дастық, өзара көмек сезімі және т. б. қасиеттері калыптасады.
Дене тәрбиесінің міндеттері. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері - олардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту, организмді шынықтыру, қимыл және мәдени-гигиеналық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Өмірге келген соң сәби тұрақты күтімді, ана сүтін керек етеді, ұзақ уақыт өздігінен қозғала алмайды. Бала өмірі толығымен оның денсау-лыгын сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту жөнінде қамқор-лық жасайтын адамға байланысты [21].
Дұрыс ұйымдастырылған режим, гигиенаның қажетті ережелерін орындау, балалардың біршама қимыл белсенділігі - міне, осының бәрі оның көңіл күйінің көтеріңкі болуына, куаныш сезіміне бөленуіне игі әсерін ти-гізеді. Дені сау баланың ұйқысы қатты, тәбеті жақсы болады. Режимді бала тәрбиесінің дұрыс методикасымен ұштастыра отырып орындау балалардың шаршап-шалдығуын болдырмайды.
Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты- бала организмін шы-нықтыру. ІІІыныктыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: темпера-тураның ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін қалыптастырады.
Дене тәрбиесінің елеулі міндеті - балалардың қимыл дағдыларын, іскерлігін, дене күші сапаларын калыптастыру.
Қимыл өсіп келе жатқан организмнің жетілуіне елеулі әсер етеді. Алуан түрлі белсенді қимыл іс-әрекеті сүйек-бұлшық ет системасының дамуына, балалар организмі қызметінің жетілуіне септігін тигізеді, сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі [22].
Информация о работе Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің жұмыстары түрлері және спорт жұмыстары