Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің жұмыстары түрлері және спорт жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 08:15, курсовая работа

Краткое описание

Курс жұмысының зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы балаларда спорттық іс-әрекеті;
Курс жұмысының мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау;
Дене әрекетінің құрылымын теориялық тұрғыдан дәлелдеуді жүйелеу;
Дене әрекеті арқылы кіші мектеп жасындағы балалар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтау;

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің психо-физиологиялық және педагогикалық аспектілері
2.2. Бала бақша тәрбиеленушілеріне арналған спорт жұмыстарының көлемі, гигиена, және спорттық режим
2.3. Бала тәрбиесіндегі спорт жаттығуларының алар орны
ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлім.
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мектепке деинги ДТ жумыыстары.doc

— 158.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі дене  тәрбиесінің  жұмыстары түрлері және спорт жұмыстары 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ:

 

 

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің психо-физиологиялық және педагогикалық аспектілері

2.2. Бала бақша тәрбиеленушілеріне арналған спорт жұмыстарының көлемі, гигиена, және спорттық  режим

2.3. Бала тәрбиесіндегі  спорт жаттығуларының алар орны

ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлім.

ІҮ. Қорытынды.

Ү. Қолданылған әдебиеттер.

 

Кіріспе

 

Курс жұмысынң өзектілігі: Кіші мектеп жасының физиологиялық даму сипаттамасы бүгінгі күннің көкейкесті тақырыптарының бірі болып табылады. Себебі, кіші мектеп жасы - балаға спорттық тәрбие жағынан әсер етудің сензитивті кезеңі. Дене тәрбиесі тұрғысынан әсер ету жеке тұлға мен оның интеллектуалдық қалыптасуына ықпал етеді. Іс-әрекет түрі ауысады, бала ойыннан оқу әрекетімен айналысады. Достық қарым-қатынастар пайда болады. Жақсы оқитын балалар басшы-лидер болады. Кіші мектеп жасының негізгі іс-әрекеті – оқу болып табылатыны жайлы және іс-әрекет теориясының психологиялық негізгі мінездемесі туралы психологиялық зерттеулер бойынша талдаулар зерттеу жұмысындағы проблемаларды шешуде маңызы зор болды.

Курс жұмысының зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы балаларда спорттық іс-әрекеті;

Курс жұмысының мақсаты:

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау;
  • Дене әрекетінің құрылымын теориялық тұрғыдан дәлелдеуді жүйелеу;
  • Дене әрекеті арқылы кіші мектеп жасындағы балалар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтау;

Курс жұмысының  міндеттері:

  • Спорттық іс-әрекет қоғамдық – тарихи категория екенін анықтау;
  • Жеке іс-әрекет қоғамдық іс-әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастыру;

Зерттеу болжамы: Кіші мектеп жасының негізгі іс-әрекеті – дене қозғалысы болып табылатыны жайлы және іс-әрекет теориясының психологиялық негізгі мінездемесі туралы психологиялық зерттеулер бойынша жасалған талдаулар мен негізгі теориялық тұжырымдарды мектеп психологтары мен оқытушылар тәжірибе жүзінде қолдануға болады, оң нәтиже береді.

Іс-әрекет құрылымы жөніндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие екенін дәлелденді. Іс-әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтермен байланыстырылып, бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері: алу, қою, көтеру қабылданғандықтан психологтың кәсіби ережелері талданды. Кіші мектеп жасы - балаға психологиялық-педагогикалық әсер етудің сензитивті кезеңі екені нақтыланды. Педагогикалық әсер ету жеке тұлға мен оның интеллектуалдық қалыптасуына ықпал етеді деген тұжырым жасап, жүйеледік.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында ғылыми- теориялық әдістер, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, қорытындылау әдістері қолданылды.

Курс жұмысының  практикалық маңыздылығы: Психологиялық зерттеулер бойынша жасалған талдаулар мен негізгі теориялық тұжырымдарды мектеп психологтары мен оқытушылар тәжірибе жүзінде қолдануға болады,

 

       ІІ. Негізгі  бөлім.

2.1. Мектепке дейінгі  дене тәрбиесінің психо-физиологиялық  және

 

Мектепке дейінгі балалардың дене іс-әрекет құрылымы жөніндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие. Іс-әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтермен байланыстырылды. Бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері: алу, қою, көтеру қабылданған, яғни бұл жөнінде Ф.Тейлер, Д.Джильберт еңбектерінде көрініс тапқан [1].

Кіші мектеп жасы - балаға психологиялық-педагогикалық әсер етудің сензитивті кезеңі. Педагогикалық әсер ету жеке тұлға мен оның интеллектуалдық қалыптасуына ықпал етеді. Іс-әрекет түрі ауысады, бала ойыннан оқу әрекетімен айналысады. Достық қарым-қатынастар пайда болады. Жақсы оқитын балалар басшы-лидер болады. Алайда, бұл қатынастар эмоционалды көңіл-күйі жиі, тез ауысады. Оқу негізгі іс-әрекет болып табылғанымен, әлі де болса, бала ойынға назарын көп аударады. Э.Эриксон тұжырымдамасы бойынша, 6 мен 12 жаста бала еңбек пен ортаға қарым-қатынасы мен еңбекке деген сүйіспеншілік сезімдері мен жауапкершілікті сезінеді. Баланың оқуға деген психологиялық дайындығының компоненттері:

  1. Тұлғалық дайындық.
    • Аффективті-қажеттілік деңгейінің аймағы. Оған танымдық қызығушылықтар енеді. Әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде өзінің ерекше орнын алуға ұмтылу, оқушы деген атқа ие болуға тырысу.
    • «Оқушының ішкі позициясы» - баланың оқуға дайындығының көрсеткіші.
    • Ырықты аймақтың дамуы: ырықты зейін, ырықты ес үлгі бойынша әрекет ету.
  1. Интеллектуалды дайындық.
    • Қоршаған ортамен бағыт-бағдар ұстану аймағы, білімнің қорлануы.
    • Қабылдау мен көрнекі-бейнелі ойлаудың даму деңгейлері. Жалпылау, қорыту деңгейлері – заттар мен құбылыстарды қорыту мен дифференциациялау.
    • Сөйлеу аймағының дамуы (соның ішінде фонематикалық есту)
  1. Қимыл-қозғалыс дайындығы.
    • Ұсақ моторика.
    • Ірі қимыл-қозғалыстар (қол, аяқ, барлық дене бітімі).
  1. Дене әрекеті дамуының алғы шартының деңгейі.
    • Ересек адамның айтқанын мұқият тыңдау және оны орындау.
    • Тапсырманы өз бетімен орындау.
    • Қосымша алаңдататын факторларға назар аудармай, тапсырманы орындауға бейімделу.

Бала мектеп адаптациясын басынан өткізеді. Бала мектепке келгеннен кейін баланың өмір сүру шарты көптеген өзгерістерге түседі. Балаға алғашқы күннен бастап-ақ оқушы рөлінде көптеген қиындықтар кездеседі. Оған: мектеп өміріндегі жаңа құрылым, жаңа күн тәртібі мен режиміне үйрену, ұжымдағы қарым-қатынастар, отбасында жаңа үйлесімді қарым-қатынастар мен мұғаліммен қарым-қатынасқа түсе білу т.б. Жағымды жағдайда баланың оқу жағдаятын меңгеру кезеңі 2 айға созылады [2]. Ата-аналар балаларының «оқушы боламын» деген мүмкіндіктерін жоғары бағалап, оқу жағдаяты мен оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды меңгерулеріне көмектесу керек:

    • Бала өздігінен жаңа жағдайды  меңгеріп кетеді деу қате пікір, сонымен бірге балада өзбеттілік, тапсырманы шешуде көрінетін сапаларды да тұншықтыруға болмайды.

Ата-ананың көмегі баланың оқуға деген қызығушылығын қолдаудан да көрінуі мүмкін.

    • «Конфоризм көрінісі» барлығын да «мұғалім осылай айтқан» деп орындау баланың жаңа тәртіп пен норманы мойындайтындығын көрсетеді.
    • Мектеп бағдарламасы мен мұғалімнің жеткіліксіздігі туралы уайымды болдырмау керек.
    • Баланың қарым-қатынас жасау барысында эмоционалды құндылықтар мен қобалжуға назар аудару керек: «Бүгін саған мұғалім кейіген жоқ па?» - тыңдай білу құндылығы, «Сыныпта тағы да кімдер 5 алды» - мәртебе құндылығын, «Терезеден жел соққан жоқ па?» - шаруашылық және өзіне-өзі жағдай жасай білу, жауапкершілік құндылығын арттырады.

Ал, кіші мектеп жасының психикалық даму сипаттамасын берер болсақ, өзгеріс дамудың барлық деңгейлерінде жүзеге асады. Баланың дене және психологиялық жағынан бекіту одан әрі дамиды. Дене дамуы психикалық даму ырғағынан артта қалса да, бала дене дамуынан алдыға жылжиды. Сүйектену толығымен аяқталғандықтан әр түрлі деформацияға бала бейім болады да, бұл кезеңде дене бітіміне баса назар аудару керек. Бұлшық еті әлсіз 9-11 жаста саусақ моторикасы жетіледі, 11-12 жаста білезік моторикасы жетіледі. Ми клеткаларының дифференциациясы одан әрі жүреді. 6-8 жаста алдыңғы мидың бөлігінің өзгеруі болады. 8 жаста мидың салмағы ересек адамның миының салмағының  90 % жетеді. Маңдай бөлігі ойлау мен санаға жауап береді, мидың жарты шарының латерамцациясы айқын болады. Осы уақытта бала когнитивті даму стадиясына өтеді деген тұжырымды Ж.Пиаже айтады [3].

 Инженерлік психологияның дамуымен іс-әрекетті тұрақталған алгоритмдер сипатындағы құбылыс деп тану кең өріс алды. Осыған орай элементтер жөніндегі түсінік те және олардың әрекет орындау әдістерімен байланысы туралы көзқарас та басқаша болды. Әлбетте, әрекетті алгоритм құрылым сияқты тану іс-әрекеттің орындалу барысын талдауда өте қажет, ал бірақ осы әрекеттің психологияны қызықтыратын тарапы, яғни субъективтік мазмұны мұндай жағдайда назарға ілінбей қалады.

 Психологиялық тұрғыдан іс-әрекет өте күрделі, көп өлшемі де деңгейлі, ұдайы даму – өзгерістегі   құбылыс.  Ал осы құбылысты әрқилы ғылыми тұжырымдарға негізделген теориялық бағыттар, әдетте, жеке элементтерге бөліп, оларды өзара байланыссыз зерттеуде. Мысалы, бір тұжырым бойынша іс-әрекет – бір ізді өзара ауысып отыратын қимылдар жиынтығы делінсе, екіншісі – іс-әрекеттің сеп – түрткілік қырына үлкен мән береді, ал үшінші бірі – іс-әрекетті реттеп барушы мехонизмдерді көп талдауға көп назар аударады. Іс-әрекетті онымен қоса жүретін физиологиялық процестермен де байланыстыры талдау концепциясы да жоқ емес. Әлбетте, аталған ғылыми бағыттардың бәрінің де өзіндік маңыздылығы орасан, әрбір өте құнды нәтижеге жеткізіп, бірін-бірі толықтырып  барады. Бірақ  олардың әрқайсысы  өз алдына  әмбебап  сипатқа  ие емес [4].

Сонымен, іс-әрекетті адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі. Осы жүйеде психикалық бейне  пайда  болып, объект күйіне енеді, ол іс-әрекеттің саналы қабылданған мақсаты болып табылады. Белгілі мақсаттың болуынан әр қандай белсенділікті іс-әрекет деп санауға болады. Ал іс – әрекеттің бүкіл басқа тараптарының бәрі – сеп – түрткі, іс – әрекетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өңдеу, шешім қабылдау бірде сезілсе, көбіне еске алына бермейді. Алынған күнде де толық болмауы, кейде тіпті қате де болуы әбден мүмкін. Іс-әрекет қай деңгейде танылмасын, саналы мақсат оның қажетті белгісі [5].

Жеке адамның әрекеті еңбек   еңбек іс-әрекеттің қандай да бір көрінісі ретінде қалыптасқан. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағытталған әрекет жиынтығы еңбектік іс-әрекеттің белгілі бір түрін құрайды. Ал еңбек іс-әрекетінде  іс-әрекет әрдайым белгілі өнімге арналатындықтан, адам әрекеті де тиісті нәтижені көздейді. Адам әрекетінің саналы әрі мақсатты болуы – адамның басқа жануарлар дүниесінен ажыралу белгісі. Бірақ мақсат қаншама маңызды болғанымен, оның бір өзі әрекеттің толық мәнін таныта алмапйды . Іс – әрекет бағдпрланған мақсат өзінің біршама қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған жетісем дегенше адам бір – біріне байланысты, ізбе – із келетін әлденеше жеке міндеттерді орындауына тура келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекеттер – операция деп аталады. Әрқандай мақсат көздеген  іс-әрекет орындалу барысының әр мезетіне орай іске асып отыратын осы операциялардан құралады. Адам іс – әрекеті әрқилы және әр деңгейдегі әрекеттердің жәрдемімен жүзеге келеді. Ал осы жай бір міндетті іске асыруға қажет болған біршама біткен іс-әрекеттің әрбір элементі  - әрекет деп аталады. Затқа бағдарланған осы әрекет қимылдар  (манипуляция) бірікпесінен жасалады. Олар  - алу, орын ауыстыру, босату. Сапалық жағынан қимылдар әлді – әлсіз, дәл – жансақ, жылдам – шабан, епті – епсіз, бағдарлы – бағдарсыз болуы мүмкін [6.15].

Затқа бағдарланған қимылдардан басқа адам іс-әрекетінде денені қалыпты ұстау, қозғау және тілдесуге қажетті қимылдар да болады. Сонымен әрқандай  заттық әрекет белгілі қимылдар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ал бұл қимылдар әрекеттің мақсатына, заттың қасиетіне және әрекет шарттарына байланысты. Белгілі әрекеттің орындалуына қатысатын қимылдар өздігінен не бір дене мүшесінің қандай да қозғалысқа келуінен емес, адамның жеке ниетіне, қозғалысты міндетке орай іріктеуіне, орындалатын қимылға  қарай қатынасына қарай іске араластырылады. Ниет өзгерісі қозғалыс ауқымын да бұрып жебереді.

 Адам қимылының шын мәні  мен жетілгендігі сол қимылды  қажет еткен саналы әрекетке  тікелей байланысты.

Әрекетті құрайтын қимылдар тобы  (жүйесі) белгіленген мақсатқа орай басқарылады және реттеледі. Дәл осы орындалатын әрекеттің нәтижесі қойылған мақсат тұрғысынан бағаланады,  қажет болса оған түзетулер ендіріледі. Адамның көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбей, ол ендігі орындалатын әрекеттің жемісі. Сондықтан, мақсат адам миында іс- әрекеттің болашақтағы нәтижелік бейнесі не әрекетшең моделі болып із береді. Осы болашақтағы ниет бейнесі әрекеттің нақты нәтижесімен салыстырылады [7.12].

Әр жаңа іске кірісуге адам ісінің орындалу тәсілдерін білмегендіктен, мақсатқа бағытталған бүтін әрекетті де, оның элементтерін де ойланып, саналы барластырылып орындауына тура келеді. Ал бірнеше қайталай отырып, адам мақсатқа бағышталған әрекетті енді саналы күш жігерін жұмсамай – ақ орындау мүмкіншілігіне жетіседі.

Саналы әрекеттің орындалу барысында кейбір қимыл элементтердің сана аймағынан шығып,өздігінен орындалуы әрекеттің автоматтануы деп аталады.

Жаттығу, үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекеті бірліктерінің автоматты түрде орындалуы дағды атамасын алған. Әңгіме әрекет емес, сана қатысынсыз орындалатын қимылдар жөнінде, себебі адамның қалыпты іс-әрекеті сана басқарумен болатыны белгілі. Бір міндетке тиісті әрекетті екі не одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті орындау әдістерін қолдану үшін ойланып-толғанбай, бүтін іс-әрекет элементтерінің бірінен екіншісіне жеңіл ауысып отырады, яғни кейбір әрекет қимылдар дағдылық қасиетке айналып, автоматтанған орындалу қалпына түсіп, енді адам жеке қимылдарын реттеп отыру борышынан арылып, өзінің саналы әрекетін күрделірек жүктемелерді атқаруға бағытталады [8.16].

Адамның қай әрекеті болмасын үш тараптан тұрады: қимылдық, сезімдік және саналық, бұлардың әрбірі өзіне сәйкес қызмет атқарады, ол қызметтер: орындау, бақылау және реттеу.

Әрекет құрылымындағы бірліктердің біршама автоматтанып , дағды қалыптасуынан келесі тәсілдер өзгеріске келеді:

Информация о работе Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің жұмыстары түрлері және спорт жұмыстары