Дене шынықтыру ­ спорттық үйірмелердің мақсат - міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 21:54, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Респупликасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 312.50 Кб (Скачать документ)

         Дене шынықтыру ­ спорттық үйірме жұмысының нәтижелігі жұмысты ұйымдастырушыллардың, дене тәрбиесі мұғалімдерінің, сынып жетекшісінің, мектеп ұйымдары белсенділіктерінің күшімен қамтамасыз етіледі. Спорттық үйірмелерді жақсы ұйымдастыруға ата ­ аналар мен спорттық базаны нығайтуда мектепке қарқорлық көрсететін ұйымдардың, үйірмелік сабақтар, жарыстар және басқада шараларды өткізуге тиісті жағдай туғызады. [10]

Дене шынықтырудың басты  бағыттарының бірі сабақтан тыс кезде  дене шынықтырудың әртүрлі әдіс –  тәсілдерін пайдалана отырып денсаулықты  нығайту мақсатындағы мектептердің өзі ұйымдастыратын спорттық үйірме жұмысын ұйымдастыру.

Бұқаралық спорт жұмысының  негізгі түрлеріне спорттық үйірмелердегі, дене шынықтыру топтарындағы сабақтар және жарыстар жатады.

     Спорттық үйірмелер мектептерде өздері қалаған спорт түрлерімен айналысатын оқушылар үшін құрылады. Бұл жерде оларды қамтамасыз ететін жағдайлары есепке алынады. Үйірменің жұмыстарына жалпы басшылықты сабақ немесе жаттығу өткізу үшін шақырылған қоғамдық жаттығушылар мен нұсқаушылардың, мектептердегі үздік спортшылардың және қамқорлық көрсететін ұйымдардан келген мүшелердің көмегімен дене тәрбиесі жөніндегі кешенді бағдарламада көрсетілген. Үйірмелер санын мектеп әкімшілігі белгілейді. Спорттық үйірмелерде жаттығу үшін дәрігердің рұқсаты болуы керек. Үйірмеге тіркелген оқушылар жас шамасына, жынысына, дайындық дәрежесіне қарай: дайындығы кіші, орташа, жас өспірімдер тобына бөлінеді. Спорт түрлері бойынша үйірме сабақтарының мазмұны дене шынықтырудың кешенді бағдарламасында көрсетілген. Үйірме сабақтары ­ 45­90 минуттан мектеп директоры бекіткен кесте бойыншы аптасына 3­4рет өткізіліп отырады.

      Жалпы дене шынықтыру ­ спорттық үйірмелерді ұйымдастырудың негізгі міндеті ­ дене шынықтырудың жаттығулары арқылы дене бітімінің дұрыстығы мен мықтылығын қимыл ­ қозғалыстарды игерудегі іскерлігі мен дағдысын дененің сапалық қасиеттерін дамыта түсу болып саналады. Спорттық үйірмелер ­ спорттық жарыстар, спорттық оқу жұмыстарын қорытындылау,дене шынықтыру мәселесін шешу, спорттық үгіт ­ насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында жүргізіледі. Бұл жұмыстардың алдын ­ ала жоспарланып ұйымшылдықпен өтуі, оның жариялы түрде белгілі болуы жұмыс тәртібі мен жалпы ережелерін сақтау қатты ескерілуі тиіс. Мектептегі үйірмелер тек қана сабақтан тыс уақытта өткізіліп, өзінің сипаты бойынша жеке және топтық болып өткізіледі. Барлық үйірмелер мектептің жағдайы мен оқушылардың қызығушылығына орай жоспарланады. Спорттық үйірменің маңызы оқушылар дене тәрбиесінің негізгі міндеттерін толық және сапалы шешуге, бос уақытын пайдалы және дұрыс өткізуге, іріктеп алынған жаттығулар түрімен айналысуда балалардың жеке қызығуын аттыруға жәрдемдеседі, жаттығушылардың әлеуметтік белсенділігін дамытады.[11]

Спорттық үйірме мазмұнының бағыттылығы оқушылар қозғалысының жан – жақты дамуын, олардың  «қозғалыс мектебін» меңгеруін, мүсінді дұрыс қалыптастыруын, оқу бағдарламасы меңгеру сапасын жақсартуын қаматамасыз етуі қажет. Үйірмеде мектеп бағдарламасындағы жаттығулардың басым көпшілігі күрделендірілген жағдайда қолданылады.

Дене шынықтыру – спорттық үйірме жұмыстары әртүрлі топ ұжымдарында өтіледі. Олар: балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебі, жазғы сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениетін сауықтыру кешендері, спорт клубтары, спорт базалары.

         Спорттық үйірмелер мектептін  көптеген жас ерекшеліктері бар әр түрлі оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір спорттық үйірменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр  спорттық үйірме  өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Спорттық үйірме жетекшісі, педагогтар құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіді.

      Осы аталған  спорттық үйірмедегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:

  1.     Арнайы бағыт ­ спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта спорттық үйірме денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылармен жұмыс істейді.
  2.     Жалпы бағыт ­ балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Бұл бағыттағы спорттық үйірменің ерекшелігі ­ денсаулығы жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған оқушылармен жұмыс істейді.

      Дене шынықтыру ­ спорттық үйірменің құрылымы мен мазмұнын дайындағанда, міндеттерді тиімді шешу мақсатына сәйкестілік: жалпы алғандағы ойынның техникалық тәсілдері мен негізгі тірек нүктелерін қалыптастырудың дене шынықтыру жаттығуларының минималданған бағдарламасын қолдану, техникалық дайындыққа мақсатты түрде бағытталған жаттығулар үшін динамикалық ойын жағдайларын жиі пайдалану; ойын техникасының негізгі тәсілдерін үйретудің реттілігі мен сабақтастығын, құрылымдық  бөлімдердің  және  оқу кезеңдерінің- материалды, дауыстап айту, ақыл-ой формасы жалпылығы есебінен, қамтамасыз ету; оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесін, қосымша және үй тапсырмаларын жедел бақылаудың құралдарын қосу; үйренушілердің модулдерді қолдана отырып, өзіндік оқуларын жүзеге асыруларын қарастыру.

     Мектептегі дене шынықтырудың тиімділігін ұдайы арттыру мақсатында сабақтарды өткізудің әдістемелері мен ұйымдастырылуын, бағдарламаның мазмұнын сипаттайтын деректерді үнемі зерттеп-зерделеп, талдап және жалпылап отыруымыз қажет, және соның негізінде оқу-тәрбие сипатында туындайтын мәселелерді шешудің әдістерін тиісті түрде нақтылап  отыруымыз керек:

     - бұндай деректерді әрбір оқу-тәрбие жұмысының басында, яғни, тоқсан, жарты жылдық және  оқу жылына жинақтап отыруымыз керек. Бұны жүзеге асырмай оқушылардың қандай да бір түрдегі дайындығының объективті, дәл және талғамды әсеріне қол жеткізу өте қиын, және көп жағдайда мүмкін де емес; нәтижелер негізінде оқушыларды спорттық үйірмелердегі спорт ойын техникасы мен тактикасына үйретудің технологиялық қадамының мазмұнын және жағдайларын зерттеп дайындау мүмкін емес; сабақтарда қолданылатын құралдарды үйрене бастаған оқушылардың ықыластары мен мүдделеріне тигізер әсерін зерделеу, оқу бағдарламасын үйренушілердің мақсатына және олардың ойын-оқу стратегиясына сәйкестігін анықтау; оқушының спорттық техникалық дайындығының бастапқы кезеңінің тиімділігін арттыруды шартын оқытудың және оқу үдерісін ұйымдастырудың дәстүрлі емес үлгісін қолдану арқылы, зерттеп дайындау.[12]

     Спорттық үйірмелер оқушының бос уақытында ұйымдастырылуы керек. Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және сыныптан тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты – оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды, ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі мен әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін – өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік – педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі.

Оқушының демалуы, сауығуы  мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай – ақ , шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата – ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой – өрісі мен іс – әрекетінің кеңейгенін қалайды.

Оқушылардың бос уақыттары  мәдени шараларға : көлге шомылу, көкке  шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың  бос уақытын тиімді өткізу үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әртүрлі  конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады. 

Дене шынықтыру  мен спорттық үйірменің маңызды  міндеттерінің бірі мектеп оқушыларының сауаттылыққа деген ықылас – жігерін қалыптастыру болып табылады.

        Мектеп қабырғасында дене шынықтыру сабағына ерекше көңіл бөлінген дұрыс. Себебі, дене шынықтыру жаттығуларын жай ғана үйреніп қою жеткіліксіз. Олардың пайдалы екенін түсініп, бос уақытта өздеріміз ұалаған спорт түрімен айналысуға болады. Оқушыларға бағыт – бағдар беріп отыратын пән мұғалімі мен ата – ана болып табылады. Сондықтан мектеп қабырғасында жүрген оқушылар спорт түрімен жүйелі түрде айналысуы қажет. Спортпен үзбей шұғылданған оқушы күшті де батыл, икемді де төзімді, сымбатты да сұлу болып өседі. Болашақта еліміздің намысын қорғап, әлемге атын шығаратын спортшы да мектеп оқушыларының арасынан шығады. Дене шынықтыру оқушыларды жан – жақты жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға, оларды өмірде белсенді болуға елін қорғауға дайындайды. Дене шынықтыру мен спорттық үйірмеге белгілі бір мақсатпен қатысып, сол мақсатқа жетуде жеке дене тәрбиесінің барлық түрлері қолданылады. [15.11-12.]

     Дене шышықтыру мен спорттық үйірмелерді дамытудың қазіргі кезеңі үшін дене шынықтыру мен сауықтыру және спорттық үйірмелердің алуан формалары мен түрлерін көбейтуге тән. Соңғы жылдары қозғалыс белсендігінің жаңа формалары: аэробика, акробаттық рок ­ н ­ рол, брейк ­ дане; жаттығуларының жаңа әдістері: видеотренинг, шейпинг тағы да басқалары; сондай ­ ақ спорттың жаңа түрлері: армреслинг, виндсерфинг, дартс, скейборд, фрейстайл кең етек алды. Балалар мен жастар арасында шығыстың әскери өнерлері : айкидо, каратэ, кекусинкай, таэквандо, ушу тағы да басқалары танымал бола бастады.Қазіргі дене шынықтыру мәдениетін дамытуда ғалымдар мен мамандардың назарын аударып отырған мәселе ­ дене шынықтыру спорттық үйірмелерді мектептерде ұйымдастырудың жаңа формалары.

  Балалар мен жастарға арналған арнайы ұйымдастырылған бұқаралық және жарыстардың да көлемі кеңейіп келеді. Сондықтан да оқу орындарында спорт жұмыстарын ұйымдастыруға талап күшейе түсуде. Сол себепті мектептердегі негізгі мақсат ­ оқушы жастардың дене мәдениеті мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру, спорттық үйірмелерге қызығуын арттыру, сабақтарда дене жаттығуларын көбейту. Бұл оқушылардың физикалық жағдайын, сапасын дамытуға, қозғалыс қабілеті мен икемділігін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде эмоционалдық, интеллектуалдық, рухани ­ адамгершілік және эстетикалық дамуына, шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.[16.19-21.]

     Мектептегі міндетті форма ­ дене шынықтыру сабағы мен спорттық үйірмелер. Бұдан басқа оқу күндерінде дене шынықтыру және сауықтыру шаралары өткізіледі. Сонымен бірге дене шынықтыру мен спортық үйірмелерді ұйымдастырудағы формалардың бірі: сыныптан тыс форма болып табылады, бұған спорт түрлері бойынша жарыстар, жалпы жаттығу дайындықтары, ритмдік және атлетикалық гимнастика, туристік жорықтар, дене шынықтыру мейрамдары, денсаулық күндері тағы да басқа кіреді.

     Дене шынықтыру және спорттық үйірмелерді мектептен тыс мекемелер жүйесінде ұйымдастырудың негізгі формалары : балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектептердегі таңдаулы спорт түрлерінің үнемі шұғылдану сабағы немесе мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептеріндегі олимпиадалық қор дене шынықтыру және сауықтыру орталықтарындағы сабақтар, жазғы және қысқы сауықтыру лагеріндегі дене мәдениетіне арналған мерекелік шаралар, мәдени және демалыс саябақтарындағы, балалар алаңқайларындағы, шаңғы базаларындағы, бұқаралық демалыс орындарындағы  түрлі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары, дене жаттығу сабақтары тұрғылықты жердегі немесе дене шынықтыру және спорттық клубтардағы жарыстар, оқу жаттығу және бұқаралық спорт сабақтары.

      Дене шынықтыру және спорттық үйірменің отбасында таралған түрлері мыналар: гимнастика, үй тапсырмаларын орындау кезіндегі дене шынықтыру минуттары, таза ауда белсенді дем алу сабақтан тыс бос уақыттағы үй тапырмаларын орындау, ата ­ анамен бірлескен түрлі жарыс ­ байқауларға, векториналарға қатысу, о


Информация о работе Дене шынықтыру ­ спорттық үйірмелердің мақсат - міндеттері