Дене шынықтыру ­ спорттық үйірмелердің мақсат - міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 21:54, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Респупликасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 312.50 Кб (Скачать документ)

  Жүгіру - қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа - 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа - 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Спорттың ойындардың бір түрі - баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Осы ойын түрінен бүгінде құрлық және әлем біріншілігі өткізіліп тұрады. Халықаралық  федерациясы жұмыс істейді.

Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы  табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады - жүгіру, жүру, секіру және лақтыру.

  Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла - тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.

  Волейбол - спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.

  Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.  

Дене шынықтыру  мен спорттық үйірмелерді ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері мынадай:

  1. Дене шынықтыру ­ спорттық үйірмелер ерікті түрде ұйымдастырылады. Үйірме мазмұны мен түрлері оқушылардың қалауына және мектептің жағдайына байланысты құралып, оқушыларға үйірме түрлерінің мүмкіндігі беріледі.
  2. Спорттық үйірме әкімшіліктің дене тәрбиесі мұғалімі мен мектептің басқада педагогтардың тұрақты бақылауындағы ұжым кеңесімен, оқушылардың қоғамдық белсенділігіне орай құрылады.
  3. Спорттық үйірме жұмыс барысында педагогикалық басшылық әртүрлі мазмұндағы жұмыстарға оқушылардың қатысу ынтасын көтеретіндей әдістемелі және кеңес ­ ұсыныс сипатындағы пайдалы шараға айналады.

   Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.[6.225-228]

Спорттық ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерде оқушыларды жалпы білім  беретін мектептерде оқытудың шарттары, құралдары мен әдістері ұсынылған. Басты назар дене шынықтыру спорт түрлері бойынша оқу материалын топтастыруға аударылып келеді. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде дене шынықтыру бойынша  оқушы немесе сыныптың қозғалыстары мен қимылдарының сыртқы сипатын ғана емес, ойын шарттарын негізге ала отырып, оқу материалдарының бастысы мен екінші дәрежелісін анықтауға деген жаңа көзқарастарды негіздеу талпыныстары бар. Дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің маңызды шарттарының бірі оқушылардың типтік-ерекшелік және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы оқу-тәрбие үдерісін дараландыруды іске асыру балып саналады.

     «Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісін басқарудың ғылыми-педагогикалық салалары» деп аталатын 1.1 бөлімшесінде мектептегі оқу жұмысының негізіне бұқаралық жастар спорты мен жоғары спорттық жетістіктердің нәтижелерін дамытуға бағытталған көп жылдық даярлықтың ғылыми негізделген жүйесі жатады. Оқу үдерісі бастауыш, орта және жоғары сыныптардың оқу үдерісінде іске асырылады.[7]

  Сыныптағы оқушылар саны, аптадағы сабақтар саны және олардың ұзақтығы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің бағдарламалық–нормативті құжаттары арқылы белгіленеді. Мектептегі негізгі жұмыс түрлері топтық сабақтар, сұхбаттар, үй тапсырмалары, спорттық үйірмелер иен жарыстарға қатысуы, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерге спорттық үйірмелер мен жарыстар және сабақтар ұйымдастыруда көмек көрсету болып табылады.

Спорттық үйірменің арнайылығы мен оның  бағыттылығының ерекшелігіне сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен, жарыстарды, атап айтқанда, үйірмені ұйымдастырудың түрлі әдістерін қолданумен: фронталды, топтық, жеке-дара, жаттығуларды түрлі әдістерін: бір мезетті, кезекпен, аралас орындаумен үйлесуі тиіс. Жалпы алғанда  осы процестің ұйымдастырушылық негізі, әрбір сабақты ұтымды құруды қамтамасыз ететіндей, оқушы - әрекетінің барлық қырын толыққанды бақылай алатындай етіп, жолға қойылуы тиіс.

Дене шынықтыру  спорттық үйірменің бағдарламасында:

    • Оқушыларға жан – жақты тиянақты білім беру;
    • Дене мүсінің жалпы дамуы мен қозғалыс даярлығын жетілдіру;
    • Сабақтың білімділік және нұсқаулық, бағытын нығайту;
    • Дене тәрбиесімен өз бетінше шұғылдануға қажетті дағдылар мен икемдіктерді қалыптастыру қарастырылған.

        Дене шынықтырудың психологиялық ерекшеліктері ең алдымен оның денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-әрекет болуында. Бұл процесте әрекеттердің бәрі ең соңғы кезеңге, қорытынды нәтижеге бағытталған ерекшелігінде. Әдетте дене мәдениеті адамның қалыпты қажеттігі. Дене шынықтыру мен үйірме сабағы – оқушылардың өздерін іс-әрекетте көрсете білуі. Әрқандай нақты іс-әрекеттегідей, дене тәрбиесі сабағында оқушылардың барша қасиеттері икемділіктері мен қимыл-қозғалыстары, ептіліктері мен сапалары қатысып көрініс береді. Әртүрлі жаттығу жасағанда соған сай: қимылдардың қолданымын таба білу қажет және оқушылардың міндеті сол әдістерді қолдану тәсілдерін игеру.

       Сонымен, жеке тұлғаның дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін арттырумен байланысты. Даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Дене тәрбиесі сабағында күрделі жаттығулар орындаудағы қиыншылық, кедергілердің шешімін табуды әр оқушы қажыр-қайратымен ерік-күшін жұмсап, өз әдіс, тәсілдерін табуы мүмкін. Осыдан жеке тұлғаны танып, білу үшін оқушының көзқарасын, өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін дұрыс бағытқа бұру қажет.[8]

      Оқушылардың дене шынықтыру мен спорттық үйірмелерге қызығушылығын  негізгі үш компонент бойынша айтуымызға болады:

  1. Мотивациялық – еріктік: дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығы;
    • мектеп оқушыларының денсаулық денгейін көтеру үшін дене шынықтыру құралдарын пайдалануды көздеу;
    • дене шынықтыру құралдарын пайдаланудың маңыздылығына сенімділігі;
    • заманауи дене шынықтыру құралдарын қолдануға қызығушылығы;
    • дене шынықтыру және спорт арқылы өз денсаулығын нығайтуға сенімділігі;
    • дене шынықтыру мен спорттық үйірмеге қызығушылығында белсенділіктің қалыптасуы.
  1. Мазмұндық – операциялық: оқушылардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтарын қалыптастыру ерекшеліктері;
    • оқушылардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтырын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық негізі;
    • дәрігерлік – биологиялық ілімдер;
    • мектеп оқушыларының дене мәдениеті бойынша білімдері.
  1. Рефлекциялық – бағалау: дене шынықтыру мен спорттық үйірме түрлеріне қызығушылығын сараптау;
    • өзіндік қызығушылық құндылықтарын талдау;
    • дене шынықтыру және спорт түрлері бойынща ерекшеліктерінің сәйкестілігі;
    • дене шынықтырудың және спорттық үйірменің іс – әрекеттерін ұйымдастырушылық тұрғыда сараптау;[9]

      Жалпы мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай іс – әрекеттер атқарылады:

    • денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;
    • дене шынықтыру және спорт саласында қажетті білімдерді игеру;
    • өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;

Н.Ә.Назарбаев өзінің  «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолдауындағы  «ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бөлімінде: «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиясы және ғылыми қамтылуы, өндірістер үшін кадрлер қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманға білім беру жүйесінде әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін, осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз.

       Дене  тәрибесі – мектептегі оқу-тәрибе ісінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады және оқу-тәрбие ісінің міндеттерін, атап айтқанда дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының көрсетілген міндеттерінің табысты түрде шешуге жәрдемдесуді алдына мақсат етіп қойды.

Дене тәрбиесі арқылы жүргізілетін жұмыстар мектептік оқу жоспары арқылы алынатын білім, білік, дағдыларын тереңдетуге, оқушылардың денсаулығы мен денесінің жан-жақты даму деңгейін өсіруге, спортпен жүйелі түрде айналасуға деген қызығушылықтарын арттыруға тиіс.

Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін жұмыстар, елімізге деген сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастыруы тиіс. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстары – еліміздегі дене тәрбиесі қозғалысының бастапқы буыны және оның бір бөлігі болып табылады, онымен барлық жағынан өте тығыз байланыста болады.

      Дене тәрбиесінің дамуы- спортты мойындау, яғни спорт – дене тәрбиесі жүйесіндегі негізгі құралдардың бірі болғандықтан, оқушылар онымен айналыса отырып, өзінің денесін жан-жақты жетілдіру ісін жалғастырады және жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге талаптанып, дене жаттығуларының кейбір түрлеріне маманданады.

      Сонымен қатар оқушылар бойын тәртіпті, көпшіл болуға, мінез-құлық мәдениетін, жауапкершілікті және адамгершіліктің өзге де белгілеріне тәрбиелейді, оқушылар бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын қалыптастырады.Олардың бойындағы патриоттық сезім, яғни өз халқын, ұлтын мақтан тұту, жат қылықтарға төзбеу, намысшыл, салт-дәстүрді қастерлеу оны білуге құштарлануы, өз достарына, ұстазына, мектебіне деген сүйіспеншілікке болуы, еңбекқор т.б. Қорыта айтқанда жан-жақты жетілген, білімді, білікті азамат болуға тәрбиелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 МЕКТЕПТЕГІ  ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ – СПОРТТЫҚ  ҮЙІРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

 

2.1.  Дене шынықтыру  - спорттық үйірмелерді ұйымдастыру жолдары мен формалары.

 

          Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан ­ 2030» бағдарламасында: « Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтындығымыз сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екендігіміз» туралы айтылған. Бұдан егеменді елімізде жас ұрпақтың дене шынықтыруға айрықша көңіл бөлініп отырғаны көрінеді.

     Дене шынықтыру ­ спорттық үйірмелерде оқушылардың өмірге түзу көз қарасын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштікке, ұжымдыққа, өжеттілікке, батылдыққа, жігерлікке баулу қажет.

     Балалармен спорттық үйірмелер өткізудің негізгі мазмұны оқушылардың дене тәрбиесіндегі кешенді бағдарламасының арнаулы бөлімдеріндегі мәліметтерді шешу. Оның ішінде: «күнделікті оқу кестесіндегі дене тәрбиесінің шынықтыру ­ сауықтыру шаралары», «Дене тәрбиесі мен спорттық үйірменің түрлері», «Жалпы мәліметтегі бұқаралық спортты дамыту шаралары»тағы да басқа мәселер. Спорттық үйірменің түрлері оқушылардың жас шамаларына қарай топ құру арқылы жүргізіледі.

       Қазіргі талаптарға сәйкес мектепте әрбір оқушы аптасына 6 - 8 сағат дене шынықтыру мен спорт үйірмелерінде спорт түрімен айналысуы керек. Спорттық үйірмелерді түрліше ұйымдастыра білу оның дами түсуіне елеулі әсер етеді. Мектепте дене шынықтыру мен спорттық үйірмелерді ұйымдастырудың басты негізі мектеп ұжымындағы мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығы болып саналады.

Информация о работе Дене шынықтыру ­ спорттық үйірмелердің мақсат - міндеттері