Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 21:54, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Респупликасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Дене шынықтыру спорттық үйірмелердің мақсат - міндеттері.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Спорт игілікті іс. Спортта мінез құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар ұятқа тиетін іс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірибемнен білем» деуі тарих сахнасының төрінен спорт қозғалысының өзіндік орны бар екендігін дәлелдейді.
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырылған ойындар мен ойындық қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезде дене шынықтыру қарапайым болғанымен, тұлғаны қалыптастырудағы маңызы зор.
Дене шынықтыру адамның денсаулығын нығайтып, күш жігерін арттыруға, қозғалыс белсенділігін жетілдіру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланылатын рухани, материалдық құндылықтырының жиынтығы. Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «дене мәденеиетіне жеңіл қарауға болмайды, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі затта берік болмақ. Дене жанның құралы. Құрал мықты болса, иесі де мықты» болады деп пайымдаған.
Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуі мен даму көрсеткіштерінің бірі дене мәдениетінің жүйесі, спорт. Мемлекетті немесе бір ұлтты күллі әлемге танытатын да спортшылар мен олардың жетістіктері, көрсеткіштері. Сол спортшыларды тәрбиелеу, спорттың бір түрімен шұғылдануға қалыптастыру мектептен басталады. Бала өз қызығушылығымен бос уақытын тиімді пайдалануда, көптеген үйірмелерге қатысып соның ішінде спорттық үйірмелерді таңдауы, баланың салауатты өмір салтын қалыптастыруына негіз болады. Қазіргі таңда барлық мектептерде спорттық үйірмелердің жұмыс жасауы, дене шынықтыру сабағының бағдарламасына зор үлесін қосты. Әрине, үйірмелерді ұйымдастыру оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына байланысты.
Оқушылардың дене шынықтыру білімі мен тәрбиесіне, мәдениетін қалыптастыруға факультатив сабақтар, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар, клубтар, үйірмелер, оқытудың жаңа технологиялары тағы да басқалары ықпал етеді. [1.24-25.]
Мемлекеттің дамуы, ең алдымен жақын болашақта дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби іс - әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан, жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесі, дене мәдениеті және спортты дамытуға орай білім беру саласын реформалаудың маңызды бағыттарының біріне айналады. Осыған байланысты, мектептерде оқушыларға дене шынықтыруды оқытудың мақсаты оларға дене мәдениетін қалыптастыру, заманауи технологиялар негізінде оқытып, үйрету мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді меңгеру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны жетілдіру мен еңбек етуге, Отанды қорғауға дайындау болып табылады.
Оқушылардың дене тәрбиесі Қазақстан Республикасының келешек ұрпағын жоғары дәрежеде азамат қылып тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың дене тәрбиесімен күнделікті айналысуының маңызы өте зор. Мектептегі дене тәрбиесі дұрыс жолға қойылып, мүмкіндігінше нәтижелі жүргізілсе, онда бұл шаралар олардың келешек өмірінің дұрыс дамуына үлкен үлес қосатыны анық. Спорт мектептерінде, секциялар мен үйірмелерде және басқа да спорт мекемелерінде балаларды спорттық жаттығуларға баулу, оларды түрлі спорт түрлеріне қызықтыру олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға және түрлі жағымсыз әрекеттерден сақтандырудың негізгі түрі болып табылады. Дене шынықтыру және спорттық үйірмелерді мектептің жалпы оқыту және тәрбиелеу жүйесіне енгізу, баланың жан жақты дамуына үлкен көмегін тигізеді (денсаулығына, ақылдылығына, еңбекқорлығына, эстетикалық тәрбиесіне).[2.69.]
Дене шынықтыру және спорттық үйірме сабағының мақсаттары:
Дене шынықтыру спорттық үйірмелерді ұйымдастыру мақсатына жету үшін, ең алдымен оқытып үйретудегі алатын орны мен қызметін есепке алуымыз керек, сонымен қатар осыған байланысты дене шынықтыру мен спорттық үйірмелерді ұйымдастырудағы міндеттеріне тоқталайық:
Оқушыларға дене шынықтыру спорттық үйірмелерді өткізу оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық. Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс
қабілетін қалпына келтірудің арта
түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте - бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.
Спорттық үйірмедегі сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны даярлаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс.[5.71-76.]
Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу –тәрбие үдерісінің кішігірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
Спорттық техника мен оны жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін - бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге тән компоненттер - мақсат, жалпы және арнайы міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
Дене шынықтырудың негізі – жеке тұлғаның өз қолында. Мысалы, әр күні дағдылы жаттығулар жасап, тазалықты қастерлеуді қалыптастырса, екіншіден, түрлі сауықтыру қимылдарын міндетті түрде жасап, дене қимылдарын шынықтырса, онда ол денсаулығын, ой парасатын таза сақтай алады.
Дене тәрбиесі түрлі жаттығулар арқылы жеке тұлғаның бойындағы қимыл анализаторларын іске қосып, қимыл жүйесін, сымбатын, симметриялық салмағын қалыптастырады, оның ұстамдылығын, төзімділігін, еңбекке бейімділігін арттырады.
Әр оқушы өз денесін жан – жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл – қозғалыста болуы керек. Ол үшін әрбір тұлға бос уақытында дене шынықтырумен айналысу қажет екенін өмір көрсетіп отыр. Дене шынықтыру арқылы қажетті қимыл – қозғалыс түрлерін жасау тәсілдерін үйреніп, оларды спорттық үйірмеде өз беттерімен орындай алатын дәрежеге жету үшін үнемі спорт жаттығуларымен таныс болуы керек. Дене шынықтыру сабағынан басқа бос уақытта қазақ халқының ұлттық ойындарын пайдалану арқылы оқушылар денелерін шынықтыруға мүмкіндіктері бар.
1.2. Дене шынықтыру спорттық үйірменің түрлері, жұмысының ерекшеліктері.
Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді.Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Оқушылардың денсаулығын нығайтып, іскерлік дағдысын дамытуды, жастарды еңбекке және Отан қорғауға даярлауда дене тәрбиесі мен спорттың күнделікті өмірде маңызы арта түсуде. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағытында сабақтарды сабақтан тыс уақыттарда, спорт үйірмелерінде оқушыларға дене тәрбиесін оқып үйрету мәселелері қарастырылған.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы
жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның
дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын
нығайтуға бағытталған
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Оқушылардың дене шынықтыру мен спорт үйірмелерін ұйымдастыру кешенді бағдарлама бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Салауатты өмір салтын насихаттау барысында мектептерде түрлі спорттық үйірмелер жұмыс атқарады. Атап айтқанда волейбол, баскетбол, футбол, теннис, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, гимнастика, сонымен қатар ұлттық ойынның түрі күрес, тоғызқұмалақ үйірмелері ұдайы жүмыс жүргізуде.
Дене шынықтыру мен спорттық үйірмелердегі жұмыстар мен ұйымдастырылатын шараларға қойылатын талаптар, міндеттер мен нормативтер туралы жалпы ақпарат «Жалпы білім беретін мектептің 1 -11 сынып оқушыларының дене тәрбиесінің бағдарламасында» жоспарланады.
Бағдарлама – оқушылардың дене дайындығы мен дене туралы білім деңгейіне, дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесін ұйымдастыру және оның мазмұнына қойылатын нормативтік талаптар жүйесін ұсынатын мемлекеттік құжат. Осы талаптарды сапалы түрде жүзеге асыру – денсаулық негізін, жалпы дене тәрбиесі туралы білімді қалыптастырады.
Оқушылардың тиісті тобының жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған 11 жылдық мектеп сыныптарының әрқайсысына арналған бағдарламаның нормалық талаптары мен мазмұнын өзара байланыстыратын әр сыныптың бағдарламасында теориялық және практикалық сипаттағы нақты тақырыптар түрінде оқу материалы баяндалады.
Теориялық материал бағдарламада «Білім негіздері» тарауынан көрінеді. Оған енетін тақырыптар дене шынықтырудың әлеуметтік құбылыс есебіндегі мәніне, дене жаттығуларының сауықтыру және дамыту әсеріне, жаттығу қауіпсіздігінің әсеріне қатысты жалпы теориялық қағидаларды құрайды.
Практикалық материал «дағдылар, біліктілік, қозғалыс қабілеттерін дамыту» деген жалпы тақырыппен әр сыныптың бағдарламасында баяндалған.
Қазіргі жалпы
мектептерде кеңінен көрініс
тауып, оқушылардың қатысатын
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды.
Жеңіл атлетика - бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары - тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Информация о работе Дене шынықтыру спорттық үйірмелердің мақсат - міндеттері