Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері пәнінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:28, курсовая работа

Краткое описание

Пән туралы қысқаша сипаттама: Физика есептерін шығару әдістемесінің негіздері курсы оқу кезінде жалпы физика курсында, физиканы оқыту методикасы, педагогика және психология курстарын игерген білімдері мен қабілеттерін кең пайдалануға мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаты:Студенттердің педагогика, психология, физиканы оқыту әдістемесі курстарында, жалпы физиканың практикалық сабақтарында физика есептерін шығаруды үйрету жолында алған білімі мен қабілетін қорытындылау, толықтыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кешен ф.есеп-ЖФЗ.ЖФИ-911.doc

— 726.00 Кб (Скачать документ)

   Мұғалім жинап алған жұмыстарды балалардьң сынып журналындағы ретімен нөмірлеп, оларды нұсқаларға бөледі де, оларды бағалайды,ал жауап берілмесе, онда "0" қойылады.

Тексеру нәтижесінде мұғалім шәкірттерінің қандай сұрақтарды жете білмейтіндігін айқындайды.

Жазбаша жұмыс нәтижелері 3-кестедегідей үлгіде есепке алынады, яғни жұмыс бойынша оқушыньң бағасы қойылып, білмеген сұрақтары жазылады.

Бұл жеке оқушымен және сыныппен жүргізілетін қосымша жұмыстың көлемін  анықтауға, математика, химия пәндерінің мұғалімдерімен бірігіп істейтін жұмыстың мазмұнын айқындауға мүмкіндік туғызады. Білім деңгейі төмен оқушыға дербес тапсырмалар беріліп, олар бағаланады да, қорытынды баға сынып журналына қойылады.

Жазбаша жұмыстарды осылайша жүйелі тексеру оқушыларды өзін-өзі тексеруге, білім деңгейіне бақылау жасауға үйретіп, оқу сапасын жоғарылатуға септеседі.

Оқыту үрдісінде білім  сапасын анықтау үшін оқушылардың  алған білімінің  мөлшерін анықтап, тексеру мен бағалау, нәтижесін  саралау ең маңызхды роль атқарады.

     Бірақ қазіргі  таңда олардың алған  білімінің  мөлшерін анықтау, бағалау үшін  әртүрлі тәсілдермен қатар әр  түрлі критерийлер қолданылады.  Бүгінгі күні білім беру мен  оқушылардың алған білім деңгейін  айқындап тексеру, саралауда өзекті  мәселелердің бірі – жаңа технглогиялық әдістерді қолдану.

     Бұл тұрғыда  Қазақстандық білім беру жүйесінде  білімді тексерудің  тестік рейтингтік жүйесі кең көлемде қолданыс табуда.

 

Журнал  бойынша оқушы-ның         фамилия-сы,аты

Орындалған жұмыс түрі

 

 

Өзіндік Физи- Өзіндік Тақыр

жұмыс калық жұмыс ыптық

(№1) дик- бақыл

тант (№2) ау

жұмы-

сы

Оқушы келесі білім элемент-терін  білмейді

Қосым-ша     баға-ланды

Қоры-тынды

               

   

Бақылаудьң тәрбиелік, дамытушылық қызметін күшейту мақсатында жоғарыдағы кестелерде көрсетілген нашар бағаларды түзетуге оқушылар құқылы екенін үнемі ескертіп отыруымыз керек. Егер оқушы бұрындары белгілі бір білім элементінен "екі" деген баға алып, кейін оны қайыра оқу барысында "бес" бағасымен түзететін болса, онда бұрынғы баға кестеде сақталмауға тиіс. Ол үшін оқушыларға жағдай жасап, өзара ынтымақтастық педагогикасы негізінде бірін-бірі жетелеп үйрету дағдысын олардың бойында қалыптастыру қажет.

  • Оқушылар меңгеруге тиіс білім элементтері (1-кесте) алдын ала жасалып, физика кабинетінде ілулі тұрса, оның тәрбиелік, бағыттаушылық кызметі онан сайын арта түседі. Оның үстіне әр оқушы барлық білім элементтерін меңгеріп, баға алуға міндетті екенін сезінеді. Сөйтіп оқу пәнін үзбей, әрі дер кезінде оқуға дағдыланады. Оқушы білімін бағалауға өзін де, басқа оқушыларды да тартьш, ұстаз тарапынан оларға сенім көрсетіп отыру да абзал. қауіпсіздік ережелерді сақтаса;

“5” деген баға қатесіз немесе бір ғана ағаттық жіберілген жұмысқа қойылады.

“4” деген баға толық орындалған, бірақ:

  • бір қате мен бір ағаттық жіберілген;
  • екі ағаттық жіберілген жұмысқа қойылады.

Егер оқушы жұмыстың жартысынан дұрыс орындаса немесе

  • екі қате жіберсе;
  • бір қате, бір қателік және бір ағаттық жіберсе;
  • екі-үштен көп емес қателіктер жіберсе;
  • бір қателік,үш ағаттық жіберсе;
  • қатесі жоқ, бірақ төрт-бес ағаттық жіберсе;

онда ол оқушыға “3” деген баға қойылады.

      Егер  қателер мен ағаттықттар  саны“үштік”баға  қойылатын нормадан асып кетсе  және оқушы жұмыстың жартысының  азын ғана  орындаса,онда ол  оқушыға “2” деген баға қойылады.

       Егер  оқушы жұмысты орындамаса,немесе  бүкіл тапсырманың 10%-ін ғана  орындаса “1” деген баға қойылады.

      б) Лабораториялық және практикалық жұмыстарды бағалау

Егер оқушы:

  • жұмысты толық көлемде орындап, қажетті  орындалу тәртібі бойынша тәжірибелер мен өлшеулерді жүргізу;
  • қателіктерді табуда дұрыс анализ жасаса;
  • қауіпсіздік ережелерді сақтаса;

онда ол оқушыға “5” деген баға қойылады.

     -тәжірибені  нақты нәтижелер  ала алмайтындай  жағдайларда жүргізсе онда ол  оқушыға “4” деген баға қойылады.

       - қателіктерді  анализдеу дұрыс орындалмасаҮ

онда  ол оқушыға “3” деген баға қойылады.

       -жұмысында  “үштік” бағаға белгіленген  талаптардағы  кемшіліктердің барлығы  кеддессе;

Онда ол оқушыға “2”  деген баға қойылады.

        “1“ деген баға оқушы жұмысты мүлде орындамаған, қауіпсіздік ережелерін сақтамаған  жағдайларда қойылады.

         в) Жылдық қорытынды емтихандарды бағалау.

    Физика пәні  бойынша  емтихандар ауызша  жүргізілгенімен , олар арқылы  оқушылардың білім дәрежесін,  сол білімдерін  табиғаттағы құбылыстарды, техника мен тұрмыстағы процестерді түсіндіруге қолдана алуын т. б жалпылама көз қарастарын біліп, тексеруге болады.

  • егер оқушы емтихан билетіндегі сұрақтардың барлығына және қосымша сұрақтарға  дұрыс әрі толық жауап берсе;

ол оқушыға ”5“ деген баға қойылады.

  • егер ол барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, бірақ біреуінің  мәнін толық аша алмаса;

онда ол оқушыға  ”4“ деген баға қойылады.

  • басты формулаларды, заңдылықтарды, физикалық шамалардың тәуелділігін білсе; эксперименттік жұмысты тиянақсыз атқарып,бірақ дұрыс нәтижелер алса;

онда ол оқушыға ”3“ деген баға қойылады.

   Егер оқушы  негізгі формулалады, ұғымдарды,  заңдарды, тәуелділіктерді білмесе;  материалдың басты негшізгі бөліктерін  білмесе, есептерді шығара алмаса;

онда ол оқушыға  ”2“ деген баға қойылады.

      Егер  оқушы сұрақтарға жауап бермесе  немесе жауап бергенде билет  сұрақтарын да, қосымша сұрақтарды  да білмейтіндігін байқатса; онда  ол оқушыға ”1“ деген баға қойылды.

      г ) Бағалаудың жаңа тәсілдері

   Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білімді тексеру  мен бағалауға кең көлемде тест әдісі қолданылуда. Осы әдісті мектеп терге де қолдану енді жанданып келеді. Тестік бақылау әдісі оқушылардың білім деңгейін тексеруде өте тиімді. Оқу бағдарламасында  бұл әдісті тарауларды және бөлімдерді  қайталау және пысықтауға қолданған жөн.

    Тестік жүйені  кей біреулер  әлі де сынауда,  олардың ойынша ”Тест арқылы  оқушыларға білім бере алмаймыз, орл оқушыларды сөйлеу қабілетінен  айырады“. Оларға жауап ретінде  айтарымыз:

     -әлемнің дамыған елдері мойындаған бұл тәсілді біздің де мойындайтын кезіміз жеткен секілді;

     - кез –  келген  білімді тексеру,бағалау  тәсілі оқушыларды сөйлеп үйретуге  емес, білімнің нақты деңгейін  көрсете білуге негізделген әдіс  екенін ескерген жөн.

    Қазіргі таңда  мектептерде  оқушылрдың білімін   бақылау ”кім көптен бері сұралмады“  деген принцппен жүргізіледі.  Бір тақырыптан екі алған оқушы,  ол екіні екінші бір тақырып  бойынша жауап беріп түзейді.  Нәтижесінде физиканың көптеген  сұрақтары игерілмей қалады, курс бойынша білім құрылымның барысы бұзылыады.

    Осы мәселені  зерттей келе оқушылардың білімін  бағалаудың тақырыптық бақылау  жүйесін келтіру қажеттігін ұқтық.  Ол келесі түрде жүргізіледі.  Әр бір тақырып аяталғаннан  кейін  мұғалім кезекті бағаларға және жазбаша жұмыстар  нәтижесіне қарап тақырып бойынша қорытынды баға қояды.

      Егер  оқушы материалды игермесе  және, оның қорытынды бағасы  екі  болатын болса, онда материал  бойынша  қосымша жұмыстар  жүргізіп  уақытты белгіленіп  қайталай  тексеріледі де екінші рет қорытынды баға қойылады.

      ”3“  немесе ”4“ алған оқушылар  бағасын түзеткісі келсе өздік  дайындықтан кейін  екінші  тексеру жұмысын жүргізіп, бағаланады. Қорытынды бағасы журналға қойылады. 





Информация о работе Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері пәнінің