Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:28, курсовая работа
Пән туралы қысқаша сипаттама: Физика есептерін шығару әдістемесінің негіздері курсы оқу кезінде жалпы физика курсында, физиканы оқыту методикасы, педагогика және психология курстарын игерген білімдері мен қабілеттерін кең пайдалануға мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаты:Студенттердің педагогика, психология, физиканы оқыту әдістемесі курстарында, жалпы физиканың практикалық сабақтарында физика есептерін шығаруды үйрету жолында алған білімі мен қабілетін қорытындылау, толықтыру.
1) Жеке тапсырмалар беру
2) Бүкіл сыныпқа
біртіндеп күрделінетін
Оқушылар олардың ішінен шамалары келгендерін ғана шығарады. Екінші тәсілді қолданған дұрысырақ, себебі есепті талқылауды оңайлатып, бәсекелестікті туғызады және мұғалім үшін бұл тәсіл оңайырақ.
Өздігінен жұмыс кезінде оқушылар мұғалімге сұрақ қойып, жауап алуына болады. Сабақ соңында есеп шығарудың түрлі тәсілдерін талқыға алу керек. Қазіргі уақытта әртүрлі деңгейлік тапсырмалар жинақталған дидактикалық құралдар көптеп шығарылуда
13-14-15 лекция. Әр түрлі есептерді құрастыру принципі: материалдың күрделілігіне, мағынасына, мазмұнына байланысты, есеп шартының берілуіне, шешу тәсіліне және т.б. байланысты
Тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындау: принципі, мақсаты және міндеті, тақырыбы. Бақылау жұмысын тексеру шарттары. Мұғалімнің бақылау жұмысын бағалаудағы сандық және сапалық өлшемдер.
Бақылау
жұмысында іскерлік пен
Мұғалімнің тақырыптық бақылау жұмысын дайындаудың маңызында көңіл аударатын мәселелер кәсіби дайындығын көтеру.
Бақылау
жұмысында мұғалім тақырып
бойынша бақылау жұмысының
ең алдымен негізгі формасы
– сабақ екендігін, қазір
Жазбаша жұмыстың түрлері. Қазіргі кезде физикадағы жазбаша жұмыстың кең тараған мынандай түрлері бар: физикалық диктант, қысқа мерзімді өзіндік және бақылау жұмыстары. Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ төрт дидактикалық қызмет (функция) орындалуы керек: үйретушілік; бағыттаушылық; тексерушілік; тәрбиелік.
Бақылау жұмысын тексеру шарттары.
Бақылаудың үйретушілік мәні - оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағдысы деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту. Бақылаудың бағыттаушылық мәні - жеке оқушы мен бүкіл сыныпты оқытудың түпкі мақсатына қарай жетелеу. Бақылаудың тексерушілік қызметі - оқытудың белгілі бір кезеңінде бағдарлама талабына сай оқушылардың білімі мен біліктілігі, оларда қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау. ақылаудың тәрбиелік мәні - оқушылардың жауапкершілік сезімін арттыру, сол арқылы еңбек сүйгіштікке, әділдікке, төзімділікке баулу.
Ерекше айтатын бір жайт ұстаздың кәсіби шеберлігінің деңгейі жоғарыда көрсетілген оқыту мен бақылаудың төрт дидактикалық қызметін бір – бірімен үйлесімді ұштастыра білетіндігімен өлшенеді. Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер өз жұмыстарында дидактика талаптарынан туындайтын дамыта оқытудың үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік және тәрбиелік қызметтерінің жарасымды бірлігін әр кез орындай алмайды. Дидактикалық біртұтастылықты бұзып, тек бағыттаушылық немсе тексерушілік, т,б. Қызметтермен ғана шектелсек, сыңаржақтылыққа ұрынамыз. Осыдан барып мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқу құралының арасында жатсыну психологиясы қалыптасады.
Оқу мазмұнының екі түрлі деңгейі бар. Біріншісі – барлық оқушыларға міндетті оқу мазмұнын жалпыға бірдей деңгейі, яғни ең төменгі деңгей. Екіншісі – тереңдетілген білім деңгейі, мұны меңгеру оқушының қабілеті мен ынтасына байланысты Оқу мазмұнын оқушының қай деңгейде меңгергенін байқау үшін тақырып бойынша орындалатын жазбаша жұмыстар төмендегідей үш сатыдан құрылады.
Бірінші саты:
Екінші саты:
Үшінші саты:
1) теорияны кейбір қосалқы құбылыстарды түсіндіруде қолдана білу;
2) біртекті құбылыстар
тобын сипаттайтын әр түрлі
белгілердің өзара
3) физикалык шамалардың
өзара байланысын графиктік
4) жауабын экспериментпен
үштастыру, оған қажетті
5) белгілі формулаларды қолдана отырып есептеулер жүргізу;
6) физиканьщ жекелеген тарауларының тарихи дамуы
туралы мағлұмат.
Бірінші сатыда тапсырманың репродуктивтік (кайталап айту) түрлері орындалады. Мүндай тапсырмаларды орындауда негізінен зердеге сүйенеді. Ал екінші сатыдағы оқу мазмұнын тексеру үшін окушыларға репродуктивті-рефлекторлық тапсырмалар ұсынылады. Бұл мақсатта тек қана зердеге сүйену жеткіліксіз, ой елегінен өткізіп сараптау да кажет. Күрделірек тапсыр-маларды орындау нәтижесінде шәкірт карапайым психологиялык операция кабылдағанын қайта жаңғыртумен катар, қүбылыстарды танып-білуде қолданылатын күрделі психологиялык ойлау қызметіне дағдыланады. Үшінші сатыға сәйкес келетін білім мен дағдыны бақылауда тапсырманьң рефлективтік түрлері пайдаланылады. Тереңдетілген тапсырмаларды орындауда окушылар жүйелі ойлап-талдауларға негізделген, ой кызметінің әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оларды түрлі жағдайда қолдануға дағдыланады.
Мұғалімнің бақылау жұмысын
Жазбаша жүмыстардың
мәтіні оқу мазмұнынын әр
а) Физикалық диктант жеке сұрақтардан тұрады. Сұрақтар мына мәселелерді қамтиды:
—физикалық шамалардың әріптік белгіленуі, олардың өлшем бірліктері (1-саты);
— физикалык шамалардың анықтамалары, олардың өлшем бірліктері, бірліктердің арақатынасы (1- жөне 2-саты);
— физикалық кұбылыстар мен заңдардың тұжырымдамасы, физикалық шамалардың өзара математикалык байланысы (2-саты);
— физикалъқ шамалардьң өзара графиктік байланысы (2,3-сатылар);
— физикалық құралдардьң атқаратьн қызметі және олардың жұмыс істеу принциптері (1- және 3-саты).
Физикалық диктантты өткізу әдістемесінің қиындығы жоқ. Мұғалім оқушыларға мәтіннің сұрағын оқып береді (екі рет қайталап оқыса жеткілікті) немесе магнитофондық жазуды, проекциялық кұралдарды пайдаланады. Нұсқалар саны екіден артпайды. Оқушылар қойылған сұрақтарға берілген уақыт ішінде жауаптарын жазады.
ә) Өзіндік және бақылау жұмыстары
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - оқылған білімді қайталап бекіту, жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оку материалын окуға көшу мүмкіндігін анықтау. Жаңа оқу материалын бастау үшін бірінші және екінші сатыдағы білім мазмұнын барлық оқушының 80 пайызы меңгеруі міндетті.
Оқушылар окулықты, дәптердегі мәліметтерді, анықтама әдебиеттерді пайдалана отырып, тапсырманы өз бетімен орьндайды. Өзіндік жұмысты орьндау үстінде олар мұғалімнен көмек алады, өзара пікірлеседі: Оқушылардың өзіндік жұмысы деп біз арнаулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардыңғ мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның бқылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын түсінеміз. Өздік жұмыс мұғалімнің ұсынған тапсырмасының неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестірумен, жұмыс нәтижелерінің анализімен байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді.
Оқушылар
сабақта өзіндік жұмыстың
Ол мәселені анықтайды,
әрбір өзіндік жұмыстың
Бақылау жұмысы - мектепте алған білімді тексеру және есепке алудың маңызды құрамдас бөлігі. Оның нәтижесі бойынша ұстаз белгілі бір уақыт аралығындағы оқу жұмысының қорытындысын шығарады. Бақылау жұмысынын көрсеткіші бойьшша оқу материалының игерілу сапасы ба-ғаланады, оқушылардың келесі оқылған материалды қабылдауға даярлық дәрежесін айқындайды. Бұлар мұғалімнің оқу процесін жақсарту шараларьн белгілеуге мүмкіндік береді.
Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерімен орындайды. Мәтіннің мазмұнында есепті шығаруға қажетті барлық шамалар беріледі.
Өзіндік және бақылау жұмыстарының мазмұнын жоғарыда көрсетілген білім мазмұнының үш сатысына сәйкес аналитикалық, графикгік және эксперименттік есептер мен сұрақтар құрайды.Олардың типтік түрлері бақылауға дейін өзіндік жұмыстар арқылы орындалады. Бұл жеткіншектердің психологиялық дайындығын, жауапкершілігін арттырады, оқу уақытын дұрыс жоспарлап, тиімді пайдалану мүмкіндігін туғызады.
Құралдағы бақылау жүйесі былай құрылды. Жаңа тақырыпты оқу үстінде алдымен өзіндік жұмыстар, физикалық диктанттар, қысқа мерзімді бақылау жұмыстары (олардың орындалу реті және саны жұмыстың мазмұнымен және көлемімен анықталады) өткізіледі.
б) Тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстары
Ал тақырып оқылған соң тақырыптық бақылау жұмысы орындалады. Қорытынды бақылау жұмыстары ірі тараулардьң соңында жүргізіледі.
Осы құралда жинақталған жұмыстар оқушы білімін бағдарлама талабына сәйкес үш деңгейде тексеруге мүмкіңдік береді.
1-деңгей. Оқу материалын қайталап айтуы.
2-деңгей. Білімі мен дағдысын оқу процесінен белгілі жағдайларды түсіндіруге қолдануы.
3-деңгей. Білімі мен дағдысын оқу процесінен таныс емес жағдайларды түсіндіруге қолдануы.
Осы жүйемен құрастырылған тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстарынан нәтижесінде физикадан ең негізгі білім элементтері мынадай төрт бағытта тексеріледі.
I. Физикалық шамаларды білу:
1) шамалардың анықтамасы;
2) олардьң шартты белгіленуі;
3) есептеу формуласы;
4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысы;
5) физикалық шаманың өлшем бірлігі;
6) физикалық шамаларды өлшеу тәсілдері.
II. Физика заңын білуі:
1) заңының тұжырымдамасы;
2) заңның математикалық
жазылуы, олардың өзара
3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысын графикте бейнелеу;
4) заңньң қолданылу шегі.
III. Физикалық байланыс формуласын білуі:
1) формуланың математикалық жазылуы;
2) формулаға кіретін коэффициенттің физикалык мағынасы, оның бірлігі;
3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысы;
4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысын графикте кескіндеу.
IV. Физикалық кұбылыстарды білуі:
1) кұбылыстың физикалық мәні;
2) құбылыстың туу шарты;
3) құбылысты түсіндіретін теория;
4) құбылыстың өту шартын теория негізінде түсіндіру;
5) теорияның қолданылу шегі.
Бақылау жұмыстарының қорытындысын осы көрсетілгендей бағыттарда жеке білім элементтері бойынша тексеру әр оқушының білімін тақырып бойынша есепке алып отыру мүмкіндігін туғызады.
Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексеру – оқу процесінің өте маңызды, құрамдас бөлігі болып табылады және білім берудегі жетістіктер көбіне осыларды дұрыс жүргізуге байланысты болады. Тексеру арқылы оқушылардың білімдері мен іскерліктеріндегі артықшылықтары мен кемшіліктерді анықтап,соның негізінде білім беру процесін жүргізуге болады. Дұрыс жүргізілген тексеру оқушылардың оқудағы ауыртплықтарын азайтып,оларды оқу материалының бастысын ажырата білуге бағыттайды және оқылатын материалды талдай алуға үйретеді.
Тексеру арқылы оқушылардың білімдері қалыптасып қана қоймай, нақтылана түседі: физика мен бірге басқа пәндер оқушылар тарапынан жоғары дәрежеде жүйеге келтіріледі.
Информация о работе Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері пәнінің