Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері пәнінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:28, курсовая работа

Краткое описание

Пән туралы қысқаша сипаттама: Физика есептерін шығару әдістемесінің негіздері курсы оқу кезінде жалпы физика курсында, физиканы оқыту методикасы, педагогика және психология курстарын игерген білімдері мен қабілеттерін кең пайдалануға мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаты:Студенттердің педагогика, психология, физиканы оқыту әдістемесі курстарында, жалпы физиканың практикалық сабақтарында физика есептерін шығаруды үйрету жолында алған білімі мен қабілетін қорытындылау, толықтыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кешен ф.есеп-ЖФЗ.ЖФИ-911.doc

— 726.00 Кб (Скачать документ)

Табылған  шешімнің дұрыстығын  формулаға  кіретін шамалардың атауларымен  жасалатын операциялар жолымен  тексереді.

(1) формуладан есепті  шығару үшін құмы бар қалбырдың  салмағын, судың тығыздығын және  қалбыр табанының ауданын білу  керектігі көрініп тұр.

Өлшеулер. Құмы бар қалбырдың Р салмағын динамометрдің көмегімен анықтайды.

t ұзындығы мен а табанын өлшеп алады. Табанының ауданын анықтайды: S= tа.

Судың тығыздығы рс=1 г/см3.

Есептеулер. Табылған рс Р және S мәндерін (1) формулаға қоя отырып, қалбырдың бату тереңдігі h-ты анықтаймыз, бұл жерде жуықтап есептеулер ережелерін қолданамыз.

Тәжірибемен тексеру. Қалбырдың  вертикаль қабырғасына тәжірибеде анықталып, есебі жүргізілген бату тереңдігін түсті сызықпен белгілейміз  және қалбырды суы бар ыдысқа саламыз. Тәжірибе бату тереңдігі табылған мәнге сәйкес келгенін көрсетеді.

Есепті шығарумен байланысты кеменің шөгуін анықтаудың принципін  түсіндіреді.

Сапалық эксперименттік есептерде тәжірибе, қажеттігі болған кезде қойылады. Мәселен, бароскоп жөніндегі есепті шығарғанда демонстрациялық үстелге алдын ала шыны қалпақты, ішіне бароскоп қойылған қондырғыны әзірлеп қояды.

Ауа тәрелкесін Комовский  насосымен жалғастырады. Мұғалім  бароскоптың құрылысын түсіндіреді  де, рычагтың тепе-теңдігіне назар  аударып, класқа мынадай сұрақ қояды: «Егер ауа сорылып алынса, бароскопта қандай өзгерістер болады? Оқушылар өздерінше түсіндіреді. Бұл жағдайда түсіндірудің дұрыс та, дұрыс емес те варианттары ұсынылуы мүмкін. Олардың дұрыстығына шүбәланса, демонстрациялық тәжірибе арқылы шешуге болады.

Дегенмен, бұл есептің  жауабын іздеудін, басқа да жолы болуы мүмкін. Есептің қойылуынан кейін бірден тәжірибені орындауға  көшеді. Өтіп жатқан құбылысты бақылайды. Содан кейін оны теория жүзінде  түсіндіреді.

Кейбір физика бойынша эксперименттік есептер сабақта фронтальды түрде қойылуы мүмкін. Мұндай есептердің мысалдары: «Сызғышты пайдаланып, судың стақанның түбіне түсіретін қысымын өлшеуң (VІ класс). «Электр лампысы тұтынатын токтың қуатын анықтауң (VІІ класс). Бұл жағдайда олар фронталь тәжірибелердің ролін атқарады.

 

Оқушыларды  есеп шығаруға үйретудің әдістемесі

 

       Оқушыларды физикалық оқыту жүйесінде  физика есептерін шығарудың маңызы. Есеп шығару үрдісінің құрылымдық  талдауы, оның негізгі операциялары, оларды орындаудың реті.  Оқушыларды есеп шығарудың ортақ әдісіне үйрету.

 

Мұғалім оқушыға жаңа типті есептерді шығаруда түсіндіруге  міндетті. Сонымен бірге шарттарды  жазу, есептеу және сызбаларды  орындау, жаңа теориялық материалды  түсіндіруге  міндетті.

Тақтада есеп шығаруда, оқушының танымдық белсенділігін арттыру қажет немесе  сабақ тек тыңдаушылар мен  тақта алдында  есеп шығаратын оқушы үшін сабақ өтуі мүмкін.

Сол төмендегідей жалпы  педагогикалық әдістерді  қолданылады:

а) Берілген оқу материалының игерілу маңыздылығын оқушыларға білдіру үшін есептерді шешуде мақсатын анықтау.

Мысалы, шеңбер бойымен  қозғалатын нүктенің  сызықтық жылдамдығын  табу есебін шешуден бұрын, оны әрбір  токарь  металды кесу жылдамдығын  білу үшін  осыған ұқсас есептеулер жүргізе білуі тиіс екендігін көрсету қажет. Есептерді шешудің  маңыздылығын көрсек отырып, келесі оқу  материалына  өтуді қамтамасыз ету.

б) Гипотеза немесе бірнеше  болжамдық көзқарастар білдіру  мейлі олар қарама-қайшылықты  болсын, сол арқылы оқушыларды ойландырып, құбылыстың  өзге жақтарын да көре білуге, дайын шаблон бойынша жаңа ойлау әдетінен  аулақ болуға үйретуге болады. Бұл үшін бірнеше жағдайларда есеп шешуді оқушылар арасындағы  немесе оқушы мен мұғалім арасындағы  диалог түрінде ұйымдастыруға болады. Мұндай әдісті А.В. Цингер үнемі қолданған.

в) «Қызықты» есептерді  пайдалану. Бәрімізге белгілі, физикалық  викториналар, қызықты физика және КВН кештерінде оқушылар берілген  тапсырмаларды, есептерді аса бір  қызығушылықпен шешеді. Оқушылардың  әлі бала екендерін әрдайым есте ұстау қажет; сондықтан әсіресе  төменгі сыныптарда сабаққа ойын және жарыс элементтерін  қосып өту артықтық етпейді. Мұндай есеп мысалдарын мұғалім Л. И.  Перелбман, М. Ильина, Б. Ф. Билимович еңбектерінен таба алады.

г) Көрнекіліктер  мен  физикалық тәжірибелерді пайдалану.  Оқушылар есепті  шешуде оның  шартын тереңірек түсіну үшін және оны шешуде физикалық құбылыс пен приборлар жөнінде қосыша мәліметтер алуы үшін осы  құралды кеңінен қолданған жөн. Бір жағдайларда көрнекіліктер (суреттер, диапозитивтер, макеттер, коллекциялар)  мен физикалық приборлар  есептің шартын түсінуде көмекші құрал болса, кейбір жағдайларда – зерттеу обьектісі  болып  табылуы  мүмкін.

д) Сыныптағы дербес және ұжымдық  жұмыстардың  дұрыс  үйлесуі.

Айтылып кеткендей  оқушылар есептерді  өз бетінше  дәптерлеріне  шығаруына немес ұжымдық  түрде бірлесіп  мұғалімнің  көмегімен  шешуіне  болады. Соңғы жағдайда  есептің шешуін көбіне әдетте  тақтаға жазады. Мұнда сыныпқа сұрақтар қойылғанымен, бірнеше оқушы есеп шартын әлі онша «түсінбей» немесе дайын тақтадан көшіріп алуды ойлап олардың  ойлану деңгейінің  активтілігі  төмен болуы  мүмкін. Сондықтан, әрбір есепті шешкенде, оқушылар алдымен   өз бетінше  бірнеше минут  ойланып, содан кейін ғана  бүкіл сынып болып  есепті шешу жолдарын талқылауға  болады. Жеке оқушылардың есептің дайын шешіуін айтуы немесе  есепті шығара  алмауы сабақ соңында баға қойғанда  ескеріледі.

е) Оқушылардың қайсысын тақтаға есеп шешуге  шығару мәселесі маңызды болып табылады. Кейбір мұғалімдер уақытын үнемдеу   үшін көбіне тақтаға  үздік оқушыларды шығарады. Ал кейбірі,  керісінше  үлгерімі төмен оқушыларға уақытын көбірек бөледі. Әрине,  тақтаға  жағдайға  байланысты үздікте, нашар да оқушылар шақырылуы мүмкін және  тиіс. Алайда жаңа есепті шығаруда көбіне үлгерімі орташа  оқушыны шығарған пайдалы. Үздік оқушы есепті шығаруда,  қалғандары  есепті түсініп үлгере алмауы мүмкін.

ж) Оқушылардың  есеп құруы. Оқушылардан өздерінің  есеп құруы - өте тиімді педагогикалық әдіс. Бұл үшін кейбір  мұғалімдер оқушылардан сабақта  өз жолдастарының  жауаптарын түзетіп және  толықтырып  қана қоймай, берілген тақырып бойынша оларға сұрақтар қойып немесе оңай есептер беруін талап  етеді. Келесі қадам – меңгерілген физикалық формулалар мен заңдылықтарға  байланысты оқушылардың сыныпта және үйде есеп құрастыруы.

 

11-12 лекция. Есеп шығаруға байланысты мұғалімнің ғылыми жұмысын ұйымдастыру мәселелері.

 

          Сабақ үстінде есептерді таңдап алуға қойылатын талаптардың мазмұны: жүйелілігі, бір мақсатқа бағытталуы, есеп шартының айқын бейнеленуі, есептеуге қарағанда сапалық мәнінің басым болуы, есептердің орташа қиындығы, сабақ үстінде оқушылардың өзіндік жұмысын күшейту. Оқушылардың жеке және ұжымдық формадағы жұмыстарын байланыстыру. Оқушыларға жеке тапсырма беру. Жеке тақырып бойынша есеп шығару сабақтарының конспектілерін жасау. 

 

       Есептерді  шығару – физика сабақтарының  көпшілігінің құрамдас бөлігі. Кең  тараған төрт кезеңдік (үй тапсырмасын  сұрау, жаңа тапсырманы түсіндіру,  тақырыпты бекіту және үй тапсырмасын  беру) сабақ өткізудің сабақ басында да (оқушылар білімін тексеру үшін), сабақ соңында да (тақырыпты пысықтау және игеру деңгейін тереңдету үшін) есеп шығару қолданылады.

Орта есеппен, мұндай сабақтардағы уақыттың 30%-ға жуығы есеп шығаруға жұмсалады. Қайталау сабақтарында есеп шығарудың үлесі мұнан да артық болады, сонымен бірге тек есеп шығаруға арналған сабақтар да өткізіледі.

Физиалық есептерді  шығару зертханалық жұмыстар мен  де бітіспей байланысқа, себебі әр бір  зертханалық жұмыс-тәжірибелік физикалық  есеп.

Физикалық есеп шығарудың  ерекше түрі – үлестірмелік материалдармен жұмы. Физикалық есептерді шығару – үй тапсырмасының да маңызды  бөлігі.

Жаңа  тақырыпты бекіту сабағы.

Есептер оқушылардың  білімін тексеру мен жаңа тақырыпты  пысықтау үшін қолданылады.

Сабақта мынадай амалдар қолданылады:

  • Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады, олар өздеріне берілген есептерді кезектесіп шығарады.
  • Бірнеше оқушы есепті орындарында отырып дәптерге шығарады.
  • Жаңа тапсырамны түсіндірмес бұрын оқушыларға 10-15 минут уақыт алатын жазбаша жұмыс беріледі.

Бұл амалдардың артықшылығы:

  1. Білімді жедел тексеруге мүмкіндік береді.
  2. Оқушылардың жұмысқа жауапкершілігін арттырады.
  3. Уақытты үнемдейді.

Кемшілігі:

  1. сабақтың ең өндірімді бөлігін алады, көбіне жоспарланған уақыттан артығырақ, сондықтан сабқты түсіндіруге аз уақыт қалады.
  2. Есепті бүкіл сынып бойынша шығару оқушыларды шаршатады, сондықтан олар ұзақ уақыт жұмысқа кірісе алмайды. Осы себепті жазбаша бақылау жұмысын сабақ басында өткізу тиімді бола бермейді. Есепті өткенді жалпытлау, сабақта қарастыратын мәселе қойып оны шешу үшін қолдану керек.

Сабақ барысында есептер  ауқымды болмауы керек. Физикалық  құбылыстың мағынасын түсіндіретін сапалық есептерге көңіл бөлу керек.

Жаңа  тақырыпты бекіту.

Мұғалім бүкіл сыныппен бірге есепті талдайды, кейде оқушылар өз бетінше жұмыс істеуі де мүмкін. Мұның қиындығы оқушыларға белсенді түрде өздігінен жұмыс істету және олардың нәтижелері туралы ақпарат алу.

Амалдың жүзеге асырылуы.

Сабақ аяқталуына 10-12 минут  қалғанда оқушыларға әдеттегіден 2-3 есебі  артық тапсырма беріп, оны орындауды сол сәтте бастау керек. Оқушыларды 2-3 дәптер тексеруге алынып, сабақ соңында баға қойылады деп ескерту қажет.

Есеп  шығару сабақтары.

      Сабақты   тақырыптық  жоспарлаған  кезде  оқушылардың  сабаққа  дайындығын, теориялық  материалды  қайталауы  мен оқып-үйрену деңгейін ескеру  маңызды  орын  алады.

     Есеп шығару  сабақтары  негізінен   екі  түрде өткізіледі:

  1. Бүкіл  сыныпты қарастырып,есепті тақтаға  шығару.
  2. Есеп  дәптерге өздігінен шығару.

Есеп  шығару  сабағының  бірінші  түрін физикалық  есептердің  жаңа  сүлелерін (типтерін) талдағанда  немесе мұғалім есеп  шығарудың жаңа  әдістерін түсіндіргенде  қолданады. Есеп  шығару сабағының  екінші  түрін оқушылардың дағдылары  мен ебдейліктерін қалыптастырғанда және   оқушылардың  білім  деңгейін  тексергенде  қолданады.

    Есепті  тақтада  шығарғанда мынадай   шекті  жағдайлар  болуы   мүмкін:

1)  Мұғалім  оқушыларға  есеп  шығарудың  барлық  тәсілдерін  көрсетіп есепті өзі  шығарады.

2)  Жауапты оқушылардан  «зорлықпен»  (түрлі  тәсіл  және  қосымша сұрақ  көмегімен жауапты оқушылардың  өздеріне таптырады) шығарады. Нәтижеде уақыт  текке шығындалады  және  есепке қанағатсыздық сезімін  туғызады.

      Мұғалім  жаңа   есептерді шығарудың   принциптерін (жалпылама тәсілдерін), есеп  шартын жазу  үлгісін, есептеу тәсілі мен  сызба сызуды көрсетуі  керек. Оқушылар  негізгі  түсініктерді, бірліктер жүйесі мен  формулаларды меңгерген  соң, күрделілігі  орташа типтік  есепті  жан-жақты талқылау  керек.

     Оқушылардың  танымдық  әрекеттерін жетілдіру үшін  төмендегідей педагогикалық тәсілдер   мен құралдарды қолдану  керек:

    а) Берілген  тақырыпты үйрену  қажеттігі мен   маңызын  көрсету  үшін, есеп  шығару  мақсатын айқындау.

    ә)  Гипотеза  немесе бірнеше  болжамдар   ұсынып, оқушылардың  пәнге  қызығушылығын арттыру  және  үйреншікті  ойлау  әдетін  болдырмау.

    б)  Қызықты   есептерді  қолдану. Оқушылар  – балалар,   сондықтан  сабақта   ойын  элементтері  болуы   керек. 

    в)  Көрнекі   құралдар мен тәжірибелерді   қолданып  оқушылардың  есептердің  физикалық  мәнін түсінуіне немесе есеп  шығару  барысында физикалық  құбылыстар  жайлы  тың  мәліметтер алуына көмектесу.

    г)  Ұжымдық   және  дара  жұмысты  дұрыс   ұйымдастыру. Оқушылар  алдымен  бірнеше  минут  бойы есепті  ой елегінен  өткізуі  керек,  сонан соң оны өздігінен шығаруға  талпынуы  керек, бұл нәтижеге жеткізбесе есепті  бүкіл сынып болып талқылау  керек.

   ғ)  Тақтада   есеп  шығаратын  оқушыны дұрыс   таңдау. Жаңа   есепті  талқылағанда  тақтаға  орта  оқушыны  шығару  керек,  себебі күшті  оқушыға  оқушылар  ілесе  алмайды. Екінші жағынан тақта   алдындағы   кідірістер  мен  қиыншылықтар кейбір  сұрақтарды  талқылағанда   падалы  болады. Есепті  талқылауға  әлсіз  оқушылар  да  қатысады. Күрделі  есептерді  шығарғанда  жеке  амалдарды  шығару  үшін  тақтаға  бірнеше  оқушылар   шақырылуы  керек, сонан соң  1-2 оқушы есепті  қайта  шығаруы   керек.

    д) Келесі  бір  педагогикалық  амал  – оқушыларға  сепе  құрастыру  (мұғалімдер   оқушылардан жауап   беріп  тұрған  адам  қатесін   түзетуді, оған  сұрақ  беруді , физикалық  құбылыстар  мен заңдарға   есеп  құрастыруды   талап  етеді). Мұндай есептерді  мұғалім алдын  ала тексеріп  болған  соң,  бүкіл  сынып   шығаруы  керек.

   е)  Есепті  өздігінен   шығару. Оқушылар  белсенділігі есептің   күрделілігіне тәуелді  болады. Есептер  қызықты  және  оқушылар  шамасы  жететіндей  болуы  керек, яғни  деңгейлеп  оқытуды  қолдану  керек. Оның  тәсілдері:

Информация о работе Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері пәнінің