Зейнетакы реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 21:03, курсовая работа

Краткое описание

пенсионный фонд казахстана и проблемы его финансирования

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы..............................................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы реформасының сипаттамасы…………………………………………………...10

ІІ ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕМДІК МОДЕЛДЕРІ.….15
2.1 Ұлыбританиядағы зейнетақы реформасы...........................................17
2.2 Голландияның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі……………..21
2.3 Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі..........................23

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ
3.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәні…………………………….27
3.2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің проблемаларын шешу жолдары…………………………………………………………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………........38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Зейнетакы.doc

— 310.00 Кб (Скачать документ)

Ұлыбританияның зейнетақы  жүйесінің негізгі белгілері:

  • сақтандыру жүйесімен тығыз байланысты;
  • жұмыс беруші мен жұмысшының тең дәрежеде жарналар төлеуі;
  • Ұлыбританияда мемлекеттік зейнетақы қоры жоқ, ол ағымдағы кірістерге негізделген мемлекеттік зейнетақы жүйесі;
  • жұмысшы халықтың кіріс дәрежесімен салыстырғанда базалық мемлекеттік зейнетақы көлемінің төмендігі;
  • халықты зейнетақымен қамту саласында мемлекетік және жеке секторлардың бірлестігі;
  • зейнетақы кірісі жетіспейтін тұлғалар үшін – қажеттілікті тексеруге негізделген әлеуметтік көмек ережесіне сай зейнетақы төлеу жүйесі.

Зейнетақы жүйесі келесі үш көзден төленетін зейнетақы түрлерін ұсынады:

  • базалық мемлекеттік зейнетақы – белгіленген, төмен ставкалы, ұлттық сақтандыру қорымен қаржыланады;
  • қосымша зейнетақы – табыс, жалақы көлеміне байланысты, мемлекет атынан беріліп, ұлттық сақтандыру қорымен қаржыландырылады немесе жеке зейнетақы қорынан беріліп, жеке көздерден қаржыланады;
  • әлеуметтік көмекке негізделген зейнетақы – жоғарғы екі бағдарлама бойынша зейнетақы алу үшін табысы төмен азаматтарға қажеттіліктерін тексеру негізіде төленетін мемлекеттік зейнетақы, жалпы, ортақ салық салу есебінен қаржыландырылады.

Негізгі зейнетақымен қамсыздандыру  жүйесіне қатысу апталық кірісі белгілі минимумнан жоғары түгел жұмысшылар міндетті түрде қамсыздандырылады. Барлық жұмысшылар соның ішінде ауылшаруашылық еңбегі мен жеке еңбек қызметімен айналысатындар да бірдей жарна ставкасы мен бірдей зейнетақы мөлшері бар зейнетақы жүйесіне түседі. Еңбек етуге қабілеті бар, бірақ жұмыс орны жоқ адамдар, аурулар мен бала немесе мүгедек-туысқандарының күтімімен айналысатындар зейнетақы жарналарын төлемеген уақытқа, кезеңге зейнетақы алуға құқықтары  сақталынады. Өз ықыластарымен  жұмыс істемейтін азаматтар тек ерікті жарналар төлеген кезде ғана зейнетақы алуға құқығын сақтайды.

  Негізгі зейнетақы бағдарламасы міндетті сипатта болғанымен, жұмысшы табысының көлеміне байланысты мемлекеттік зейнетақы жүйесіне жарналарды төлемеуге құқығы бар. Мұндай құқыққа тек жеке тұлға немесе оның жұмыс берушісі мемлекеттік емес зейнетақы қорына міндетті мемлекеттіктен кем емес жарналар ставкасын төлеп отырған жағдайда ғана ие бола алады. Бұл мемлекеттік зейнетақы жүйесі есебіне жарна ставкасының  төмендетілуіне құқық береді, бірақ мемлекеттік зейнетақы жүйесіне минималды жарна негізгі зейнетақымен қамсыздандырудың шығындарын өтеуге әрбір жұмыс берушіден сақталады.

Кәрілік бойынша зейнетақы екі бөліктен тұрады:

  • негізгі зейнетақы – табыстың көлеміне байланысты емес, белгіленген ставка бойынша төленеді. Бұл зейнетақыны алу шарты – белсенді еңбек өмірінің 90% ішінде жарналар төлеу болып табылады. Соңғы жылдары бұл зейнетақыны алу шарттары әлсіреп, жұмсарды, сондықтан да бұл зейнетақыны әрбір азаматтың алуға құқығы бар. Қазіргі ставка 1980 жылдан бері жыл сайын бағаның өсімімен өсіп отырады, оған еңбекақының ешқандай әсері жоқ. Сонымен қоса, өзінің жарналар негізінде зейнетақы алуғы үміттенуге құқығы жоқ әйел, күйеуінің жарналары негізінде айына 150 фунт стерлинг көлемінде алуға үміттене алады;
  • заңнамамен белгіленген зейнетақының екінші бөлігі -  еңбекақының көлемімен байланысты – мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі табыстың көлеміне негізделген деп аталады. Ол 1978 жылы табыстың көлеміне негізделген зейнетақылық жарналық жүйемен бір уақытта ендіріледі, бірақ қазіргі уақытта негізгі зейнетақыға орташа еңбекақының 20% үстемақы төлеуге бағытталған. Қазіргі кезде толық үстемақы 20 жылдық еңбек өтілі бар адамдарға ғана төленеді, сондықтан да ең алғашқы зейнеткерлер бұл зейнетақыны толық көлемде тек 1998 жылы ғана алды.

Жоғарыда көрсетілгендей, Ұлыбританиядағы зейнетақы жүйесінің  негізгі белгілерінің бірі – халықты  зейнетақымен қамтамасыз ету саласында  мемлекет пен жеке сектордың ынтымақтастығы болып табылады. Мемлекетік зейнетақы  жүйесінде негізгі мемлекеттік зейнетақының көлемінің төмен болуы негізгі зейнетақы азаматтың зейнетақы жасына шыққан кездегі кірісінің жартысы ғана болуымен түсіндіріледі.

Жеке зейнетақылар ғасырдың басынан бері көптеген жағдайларда  жұмысшыларға мүмкін болып келді. Ірі жұмыс берушілер квалификацияланған кадрларды қызықтыру үшін ылғи жеке зейнетақы қызметін көрсету керек деп санайтын. Кіріс көлеміне байланысты мемлекеттік зейнетақы жүйесі 1978 жылы кімнің жұмыс берушілері жеке зейнетақыны өздерінің қызметкерлеріне төлегілері келмеген немесе төлей алмаған жағдайларда міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі еңгізіледі. Сондықтан да, 1978 жылдан бастап түгел жұмысшылар жеке зейнетақы жүйесіне  ерікті жарналар төлейді немесе кіріс көлеміне негізделген мемлекеттік зейнетақы жүйесіне міндетті жарналар төлейді.

Ұлыбританияда бүгінгі  кездегі зейнеткерлікке шығушылардың 65% жұмыс орны бойынша мемлекеттік емес зейнетақы алады. Бұл зейнетақы жарналары жұмыс беруші мен жұмысшыға бөлінетін, жұмыс берушімен жасалынатын зейнетақы қорларымен төленеді. Жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар жұмыс берушілердің зейнетақы қорларына қатыса алмайды.

Жұмыс берушіден алатын зейнетақының маңыздылығын келесі мысал  көрсетуі мүмкін. Жеке зейнетақының орташа мөлшері жақында шыққан зейнеткерге 400 фунт стерлинг айына құраса, мемлекеттік зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің барлық санатына төленетін  орташа зейнетақы 322 фунтты құрайды.

Ұлыбританияда жеке зейнетақылардың  маңызы өседі деп күтілуде. Оның негізгі себебі 1988 жылғы реформалар болып саналады. Ұлыбританияда өздігімен зейнетақымен қамсыздандыру жоспарын құрайтын адамдар саны өсуде. Ұлыбританияда бұл жүйе «жеке зейнетақылар»деген атқа ие болды. Ол зейнетақы ұйымымен – ол көбінесе, сақтандыру компаниясы болып табылады – жеке адам арасындағы келісім-шарттан тұрады.

Бұл механизмдер, яғни кәріліктегі  кірістерді қаржыландыру көбінесе жеке еңбек қызметімен айналысатындар арасында кең етек жайған болатын. Бірақ 1988 жылғы  реформалардан кейін 5 млн. адам жеке зейнетақыны таңдап алды. 

1990 жылдың ортасында Ұлыбританияда 21 млн. адам жұмыспен қамтылған болатын. 2 млн.-ға жуығы аптасына 57 фунттан кем тауып, міндетті мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне кірмеді. Қалған 19 млн.-ның 10 млн.-ға жуық адамы  өз жұмыс берушілерінің зейнетақы қорларының мүшелері болды, ал 5 млн. жеке зейнетақыны табу жолына тұрды. Ал мемлекеттік кіріске негізделген зейнетақы жүйесіне 4 млн.-ға жуық азамат қалды. Сонымен, бүкіл мемелкеттік масштабта Ұлыбританияда жұмыс орны бойынша жеке зейнетақылар мен өзіндік зейнетақылар маңызды рол атқара бастады.

Зейнетақы саясатының  тиімділігінің артуы үшін жұмысшыларға олардың болашақта алатын зейнетақыларының шынымен құны болатындығы туралы кепілдеме міндетті. Осы мақсатқа байланысты 1980 жылдан бастап Ұлыбританиядағы  мемлекеттік зейнетақы кіріске негізделген негізгі зейнетақы сияқты бағаның өсуімен индекстеліп отырады.

Жиынтық зейнетақылық және басқа кірістер қажеттіліктерін қанағаттандыруға жетпейтін зейнеткерлерге зейнетақысына үстемақы түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл үстемақы қажеттілікті қатал тексеруге негізделген және оның көлемі нақты зейнеткерлердің қажеттіліктеріне байланысты. Қажеттіліктерді тексеру отбасының  құрамына байланысты жүргізілді (жалғыз адам, үйленгендер, иждевенецтердің саны мен жасөспірім балалар), ал оның негізінде тұрғын-үй шығынын жабуға арналған белгіленбеген жәрдемақы төленеді.

 

2.2 Голландияның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі

 

Голландияда қарттық бойынша жалақысына байланысты емес әмбебаб зейнетақы да, жалақысының көлеміне қатысты да зейнетақы төленеді. Зейнетақы реформасы жұмыс берушіден 55 жасқа толғаннан бастап жартылай зейнетақы алуға рұқсат береді. Бұл жүйе бойынша жұмысшы жұмыс берушінің келісімімен толық емес жұмыс уақытында істеп, жұмыс берушінің зейнетақы жоспарынан жартылай зейнетақысын ала алады.

Голландияда әлеуметтік (зейнетақылық) қамсыздандыру құрылымының келесідей түрлері бар:

  • Қарттық бойынша базалық зейнетақы. 65 жасқа толғанға дейін 50 жыл мемлекетте тұрақты тұрған (бұл зейнетақы түріне 15 жастан 65 жасқа дейін өзін сақтандырған, яғни 50 жыл сақтандыру өтілі бар тұлалар ғана ие бола алады)  әр бір Нидерланд азаматына төленеді. Әрбір жарна төленбеген жылдан 2% алынып отырады.  Төлем көлемі минималды жалақының 70% құрайды (МЖ-1000 АҚШ доллары). Шет елдерге кеткен  жағдайда әрбір мемлекетте тұрмаған жылдары үшін 2% алынады (азаматтығы сақталған жағдайда). Мұндай зейнетақыны айналысқан  кәсібіне де, зейнетақы салымдарына да тәуелсіз, Голландияда қанша жыл тұрғанына байланысты тағайындалады.
  • Кәсіби зейнетақы. Зейнетақымен қамсыздандырудың базалық жүйесіне қосымша, Нидерландыда көбінесе өздерінің кәсіпорындарында қызмет ететін физикалық тұлғалар мен жалдамалы жұмысшылар зейнетақы қорларына өздерінің салымдарын салады. Нидерландыда мұндай  зейнетақы қорлары көптің қасы. Нидерландық Статистика Ұйымының деректері бойынша 1997 жылы мемлекетте нақты бір экономика салалары бойынша қызмет ететін 1062 қор жұмыс жасаған екен (мысалы, металлургиялық өндіріс орынның өзінің зейнетақы қоры болса,  баспа индустриясының өзінің қоры жұмыс жасауда және т.б). Қазіргі уақытта Нидерландыдағы зейнетақы қорларының жалпы соммасы дүние жүзі бойынша екінші орындағы қаржы мөлшерін жинаған.
  • Жеке сақтандыру. 80% голландықтар қосымша зейнетақы алу үшін сақтандыру компанияларының қызметтерін пайдаланады.

Нидерландық сақтандыру одағының статистикасына сәйкес, зейнетакерлермен алынатын жалпы сомманың 5% жеке сақтандыру бойынша зейнетақы төлемдеріне келеді екен. Орта есеппен, сақтандыру компанияларының арқасында зейнеткерлер өздерінің зейнетақыларына ай сайын 1100 гульден (500 евро) қосымша алып отырады. [4,б.34]

Нидерландыда жеке  зейнетақымен сақтандырудың екі  түрі бар. Осылай сақтандыру туралы келісім-шартқа отыруға болады, нәтижесінде белгілі  бір жасқа жеткенде нақты бір  жолғы соммада қаржы төленеді. Осыдан кейін оған ешқандай төлем жасалынбайды. Сақтандырудың екінші түрінде, белгілі бір жасқа жетенде, ережеге сәйкес зейнетақы жасы – 65 жас – сақтандырылған тұлғаға қалған өмірінің жылдарына дейін ай сайын нақты соммада қаржы төленетін сақтандыру келісім-шартында отырады.

Сонда зейнетақы мөлшері бірінші сатыны қосқанда соңғы жалақының 70% құрайды.

Зейнетақы қорларының міндеттері:

-жұмыс берушілерден жарналар жинау;

-активтерді басқару;

-зейнетақы төлеу.

Жүйені қаржыландыру кірістен салынатын салықтан алынатын жұмысшының жарналары арқылы ғана қамтамасыз етіліп отырады. Жыл сайын Әлеуметтік Сақтандыру Банкі жарналар ставкасын 14-15% ережемен анықтайды. Бөлу жүйесі орталықтандырылған сипатта болып, үшпартиялық принцип бойынша ұйымдастырылан, Әлеуметтік Сақтандыру Банкісі арқылы басқарылады (мемлекет, жұмыс беруші, жұмысшы). [10]

 

 

Зейнетақы құрылымының  типтік түрлері


 


 

 

ІІ дәреже

(кәсіби зейнетақы)




 

100%


70%


 




 

Голландияда қосымша зейнетақы режимдерінің болуы  фискалданған төлемдермен  әлеуметтік сақтандыру жүйесін көрсетеді. Егер де жұмыс беруші өзінің қалауы бойынша сақтандыруды жұмысқа алу туралы немесе ұжымдық келісім-шартқа кіргіссе де, зейнетақы қорларының біреуіне  міндетті түрде мүшелік етуді қарастыратын BFP заңы жұмыс берушінің іс-әрекет еркіндігін шектейді. Өзінің активерінің көлемі бойынша дүние жүзіндегі екінші зейнетақы қоры – мемлекеттік қызмет зейнетақы қоры болып табылады. ХХ ғ 20 жылдарында міндетті түрде миллионнан астам мемлекеттік қызметкерлердің мүшелік етуімен құрылған бұл қордың активтері 150 млрд. евроны құраған. 1996 жылы бұл қор жекешелендірілді.

Голландияда зейнетақы қорларының жақсы дамуы дұрыс фискалды режиммен, нақты көлемде тағайындалған базалық зейнетақымен, PSW зейнетақысын алу құқығын қорғау шараларымен, сонымен бірге, бір салалық зейнетақы қорларының біреуіне міндетті түрде мүшелік етумен түсіндіріледі.

Жұмыс берушінің зейнетақылық міндеттері үш нұсқада көрсетілген: кәсіпорында зейнетақы қорын құру, өз саласы бойынша зейнетақы қорына мүше болу немесе ұжымдық сақтандыру келісім-шартына отыру. Қазіргі уақытта 40% жұмысшылар салалық қорлардың мүшелері болса, 19% кәсіпорындарда ашылған қорларда болса, тек 3% ғана сақтандыру полистері бар.

Зейнетақы жүйесінің Екінші дәрежесінің (ОР) негізгісі - кәсіби зейнетақылар:

  • жұмысшыға жұмыс беруші төлейтін зейнетақы (зейнетақыны төлеу міндеттілігі жүктелмег<span class="dash041e_0431_

Информация о работе Зейнетакы реформасы