Зейнетакы реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 21:03, курсовая работа

Краткое описание

пенсионный фонд казахстана и проблемы его финансирования

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы..............................................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы реформасының сипаттамасы…………………………………………………...10

ІІ ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕМДІК МОДЕЛДЕРІ.….15
2.1 Ұлыбританиядағы зейнетақы реформасы...........................................17
2.2 Голландияның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі……………..21
2.3 Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі..........................23

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ
3.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәні…………………………….27
3.2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің проблемаларын шешу жолдары…………………………………………………………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………........38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Зейнетакы.doc

— 310.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

 

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру  жүйесінің қалыптасуы..............................................................................................5

        1.2  Қазақстан   Республикасының   жинақтаушы   зейнетақы       реформасының  сипаттамасы…………………………………………………...10

 

ІІ ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ  ӘЛЕМДІК МОДЕЛДЕРІ.….15

2.1 Ұлыбританиядағы зейнетақы реформасы...........................................17

2.2 Голландияның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі……………..21

2.3 Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі..........................23

 

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ

3.1  Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәні…………………………….27

3.2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің проблемаларын шешу жолдары…………………………………………………………………….30

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................36

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………........38

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Мемлекет тарапынан төленетін қарттық бойынша зейнетақы – бұл индустриализацияның өнімі (индустриалдыққа дейінгі кезеңде қарттарды үлкен отбасыларда жастар қарайтын) болып табылады. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана Германияда жалдамалы жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігінен айрылуы туралы сұрақ қарастырыла бастады. Ең алғашқы зейнетақылық сақтандыру Германияда пайда болған және оның ұзақ тарихы бар: ең бірінші зейнетақы қоры 1825 жылы Пруссияда ашылса (бірақ та жұмысшыларға емес, шенеуніктерге арналған), 1889 жылы Отто фон Бисмарктың басшылығымен алғаш рет мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі құрылады.

Зерттеудің  өзектілігі: Қазақстан Рспубликасының зейнетақы жүйесі қазіргі кезде қоғамда орын алып отырған мәселелердің бір деп айтуға болады. Сондықтан да бұл жүйенің қалыптасуы берік экономикалық жағдайда мемлектпен тығыз байланыста болуы тиіс. Өйткені зейнетақы жүйесі қоғамдағы құт-брекеге, халықты әлеуметтік қорғау кепілінің жүйесі ретінде адамның құқығы мен болашақ қартығын қамтамасыз етуін жариялауда маңызды орын алды.

Нарықтық экономикаға  көшу шарттарында зейнеткерлік –  еңбекке қабілетсіз жастағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі формасы түбірлі өзгеріп, нарықтық негізде құрылуы керек болатын [1]. Өйткені, қоғамдағы экономикалық қатынас тікелей оның жеке мүшелерінің әлеуметтік өміріне ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, дүние жүзі бойынша қарттар санының өсуі де өз әсерін тигізбей қоймады. Ол әсіресе, еңбекке қабілетті халық пен зейнетақы жасындағы халықтың арасындағы сәйкессіздік болып, бір жұмысшыға әлеуметтік, экономикалық ауырлықтың артуына әкеп соқты. Осының салдарынан мемлекеттік зейнетақы жүйесіне қосымша қаражат құйып отыруға тура келді. Нәтижесінде, ынтымақтық принциптегі зейнетақы жүйесі өзін-өзі қамтамасыз ете алмады. Міне осы себептер, Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалауға алып келді. Ендігі кезекте зейнетақы жүйесін приватизациялау, яғни ұрпақтардың ынтымақтық принципінен жеке зейнетақы жарналарына, мемлекеттіктен мемлекеттік емес зейнетақы жүйесіне өту басталды.

Бұл реформалардың мәні - әр бір азамат болашақта қарттығын  қамтамасыз ететін зейнетақысын өзі  тағайындайтын болады деге мәнде  болды. Ал мемлекет өз тарапынан барлығына тең минимуммен қамтамасыз етіп отыруға кепілдік беретін.

Бірақ та, әр жүйенің өзінің кемшіліктері болады. Әрине, жинақтаушы жүйе әр түрлі қаржылай қауіптерге төзімсіз. Ұлттық валютаның девальвациясы  немесе қандай да бір қаржылай дағдарыста зейнетақы жинақтары құнсызданып, жоғалып кетуі әбден мүмкін, ал мұндай жағдай ынтымақтық жүйеде болуы мүмкін емес. Негізінен жинақтаушы зейнетақы жүйесі Америка, Жапония, Канада, Ұлыбритания сияқты дамыған елдердің экономикасына тән жүйе болып табылады.

Бірақ та жинақтаушы жүйе қауіптерін жеке зейнетақы қорларының  құқықтық қорғаудың сенімді институционалды  механизмдерін құру арқылы азайтуға болады.

Бүгінгі таңда ешбір  зейнетақылы келісім-шартта қордың қаржылық міндеттемелері көрсетілмеген. Салымшы зейнеткерлікке шыққанда қандай көлемде зейнетақы немесе жалақысының қанша пайызын алатының білмейді. Зейнетақылық келісім-шарт жасасқанда салымшыға қаржының жылдық минималды өсіміне жазбаша түрде кепілдік берілмейді. Ешбір қазақстандық азамат өзінің қартығын кездестіретін болашақ зейнетақысын есептей алмауы, мүлдем ойға қонбайтын жағдай.

Қазақстадағы зейнетақы  жүйесінің тағы бір кемшілігі  – зейнетақы активтерін инвестициялау  болып табылады. Қазақстандағы азаматтардың жинақтарының жалпы соммасы – 6 миллиард долларға жетсе де, олар ешқандай табыс бермей жатыр. Бұның өзі Қазақстандағы инвестиция құралдарының әлсіздігін көрсетуде. Зейнетақы активтерін инвестициялауда түсетін табыс инфляцияның артынан жете алмай, азаматтардың жинақтары құнсыздануда. Сондықта да, зейнетақы жинақтарын экономиканың тиімді секторына пайдалану идеясы маңызды болып отыр.

Зерттеудің  объектісі – Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.

Зерттеудің  пәні – зейнетақымен қамсыздандыру реформасы.

Ғылыми жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасының ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау болып табылады.

Көрсетілген мақсаттан  келесідей міндеттерді анықтауға болады:

  1. Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуын зерттеу;
  2. Зейнетақы жүйесінің шетелдік тәжірибесімен, соның ішінде Ұлыбритания мен Чилидің зейнетақы моделдерімен танысып, оларды Қазақстандық зейнетақы жүйесімен салыстыру;
  3. Қазақстандағы зейнетақы реформасының нәтижелерін сараптау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

1.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру  жүйесінің қалыптасуы

 

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы азаматтарды  зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1991 жылдың 17 мамырдағы Заңы толығымен КСРО-дағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне тән белгілерді сақтап қалды.

Нарықтық қатынасты  дамытуға бағытталған стратегиялық бағытты таңдауға байланысты сол  кездегі жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарының есебінде зейнеткерлерге төленетін төлемдерге негізделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі мүлдем жұмыс істеуге қабілетсіз болып қалды. Міндетті түрдегі зейнетақы салымдарына негізделген зейнетақымен қамсыздандырудағы мемлекеттік монополия жоспарлы директивтік экономика жағдайында, еңбекке қабілетті халықтың толығымен жұмыспен қамтылу жағдайында, мемлекеттік аппарат жағынан қатаң бақылау мен зейнеткерлер мен жұмысшылар арасындағы қатынастың сәйкес келу жағдайында ғана тиімді болады [2].

Экономикалық жағдайдың  өзгеруі қалыптасқан зейнетақы жүйесі жұмысының бұзылуына алып келіп, келесідей оған тән кемшіліктерді  нақты айқындады:

  • салымдар көлемі мен зейнетақы төлемдер көлемінің арасындағы тікелей байланыстың болмауы;
  • зейнетақы салымдарының жоғарғы ставкасы (25,5% еңбекақы мөлшерінен) экономика үшін қауіпті болды;
  • зейнетақы тағайындаудағы көптеген жеңілдіктер мемлекеттік Зейнетақы қорына үлкен қысым түсірді;
  • жұмысшылардың зейнетақы салымдарының жеке есеп шоттарының болмауы салымдардың өсуін бақыламады;
  • зейнетақымен қамсыздандыруды басқару жүйесі, зейнетақы қаражаттарын жинау мен оны шығындау функциялары эффективсіз болып, оны белгілі бір мақсатсыз пайдалануға алып келді;
  • экономикалық себептер мен сақтандыру салымдарының түсуін бақылайтын арнайы механизмнің жоқтығына негізделген зейнетақы жарналарының жиналуының төмен дәрежесі жұмысшыларды мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін қолдауға қызықпады.

Міне, осылай сол кездері  жұмыс істеп тұрған зейнетақы  жүйесі зейнеткерлердің көбіне минималды  қажеттіліктерін қамтамасыз етуде  өзінің қабілетсіздігін көрсетіп, мемлекетіміздің экономикасы үшін барған сайын пайдасыз жүйеге айнала бастады.

Осы шарттарда пайда  болған проблеманы шешудің жаңа жолдарын ісдестіру басталып, нәтижесінде  зейнетақы жүйесін түбірімен  реформалау ұсынысы қабылданады. Ұсыныстың  мән-мағынасы зейнетақының бұрынғы ұрпақтар арасындағы ынтымақтық принципі түрінен  бас тартып, әр қайсысы өзіне өзінің болашақ зейнетақысын анықтайтын принципіне өтуге негізделген.

1997 жылдың 19 наурызында  ҚР-ның Президентімен зейнетақымен  қамсыздандыру жүйесін реформалаудың үкіметтік концепциясының  жобасы мақұлданады. Ерікті және міндетті сақтандыру принциптері мен сақтандыру жарналарының  персоналдырылған есепке тұрғызу жүйесінің қалыптасуына негізделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің негізі 1998 жылы үкімет қызметінің орта мерзімді бағдарламасында қаланады. Бұл шаралардың орындалуы сол кездегі мемлекеттік Зейнетақы қоры (ЗҚ) мен түгел әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі қалыптасқан кризистік жағдайға байланысты болатын. Ресми мәліметтерге сәйкес, 90-шы жылдары зейнеткерлер контингенті жыл сайын өсіп отырып, 1996 жылдың өзінде 2 млн.819 мың адамға жеткен. Егер де зейнетақы жүйесінің реформасына дейін бір зейнеткерге 3 жұмысшыдан келсе, 1997 жылда 1,8 жұмысшыдан келетін болған.

Барлық осы факторлар  ұрпақтардың ынтымақтық принципінен жеке зейнетақы жарналарына, мемлекеттіктен басымырақ мемлекеттік емес зейнетақы жүйесіне өтуді негіздеді. Зейнетақы жүйесінің реформасы келесілерді қарастырды:

  • зейнетақы жүйесін мемлекеттік бақылау;
  • зейнетақы қорын қалыптастыруға  30 жылдан кем емес қатысқан азаматтарға тағайындалған өмір сүру минимумын қамтамасыз ету бойынша тікелей мемлекеттік кепілдіктер беру;
  • зейнетақы мен басқа да мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың формаларына шектеулер қою;
  • әрбір еңбекке қабілетті жастағы азаматқа, соның ішінде құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерге зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға міндетті түрдегі қатысуы;
  • еңбекке қабілетті азаматтардың өздерінің қартайғандағы зейнетақымен қамсыздандырылуына жеке жауапкершілігінің болуы;
  • әрбір жұмыскердің зейнетақылық сақтандырудың міндетті түрдегі жеке есепке тұруын еңгізу;
  • жинақталған зейнетақы қаражатының қауіпсіздігімен сәйкестенген тиімді инвестициялау;
  • азаматтардың мемлекеттік емес  зейнетақы жүйесін жинақтауға мұраға алу құқығын қамтамасыз ету;
  • ерікті зейнетақылық сақтандырудың дамуы;
  • азаматтардың зейнетақы жинақтарын инвестициялау арқылы экономикаға пайда алып келу [2, б.76].

Өтпелі кезеңде реформаға  дейін зейнеткерлікке шығып кеткендер  мен мемлекеттік емес зейнетақы  жүйесінде жеткілікті зейнетақы жинақтарын жинауға мүмкіндігі жоқ зейнеткерлік жасқа келіп қалған азаматтардың құқықтарын орындау үшін мемлекетпен Мемлекеттік Зейнетақы Қорынан алып отырған зейнетақысының көлемінің сақталуы кепілденеді. Азаматтардың мемлекеттік емес зейнетақы қорларына міндетті салымдар есебімен жинақталған жарналар есебінде төленетін зейнетақы жарналары негізгі болуы керек болатын. Осылайша, әрбір жұмыс жасайтын азамат өзінің болашақ зейнетақысының көлемінін анықтап отырады, ал оның зейнетақысының үлкендігі толығымен оның зейнетақы салымдарының  ұзақтығы мен көлемі, сонымен бірге зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін қосымша кіріске (дивиденттер) байланысты.

Жаңа зейнетақы жүйесін  қалыптастыру үшін келесідей шараларды  орындау керек болатын:

  • зейнетақы жеңілдіктерін тағайындау, еңбек өтілі мен зейнетақыны есептеу саясатын қайта қарастыру;
  • мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты және жасына байланысты зейнетақылар, яғни әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу мемлекеттік Зейнетақы Қорынан мемлекеттік бюджетпен жұмыскерлерді жұмыс берушілермен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ауыстыру;
  • түгел мемлекеттік қамсыздандыру функциялары мемлекеттік зейнетақы қорында орталықтандырылады;
  • әйелдер мен ерлердің зейнеткерлікке шығу жастарының ақырындап өсуі мен теңестірілуі;
  • мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметтерін мемлекет жағынан бақылау мен басқаруды қамтамасыз етумен зейнетақы төлеуді қамтамысыз ету үшін қорлар мен сақтандыру компаниялардың зейнетақы активтерін басқару бойынша ұйымның жұмыс істеуіне жағдайлар жасау [3].

Зейнетақы жүйесін реформалаған мемлекеттер арасында тек Қазақстан  өзінің әлеуметтік қамсыздандыру таратушы жүйесін толығымен жинақтаушы бағдарламаларға  өзгертті.

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесіне өту қиын әлеуметтік – экономикалық және демографиялық факторлармен негізделді. Ынтымақтық жүйені қаржылай қамтамасыз ету жұмысшы халықтан алынып отыратын салықтардың есебінде жүзеге асырылып отырды. Бұл жағдайларда жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету, уақытымен еңбекақы мен зейнетақы төлеу мәселелері пайда бола бастады. Үкімет зейнеткерлерде үлкен соммада қаржы қарыз болып, жалақы мен әлеуметтік төлемдер кешігіп төлене бастады. Бұл проблемалардан шығу үшін жұмысшы халықтан алынатын салықтын мөлшерін көтеру керек болды, бірақ осындай шарттарда, мұндай әрекеттер ел экономикасын тығырыққа тірер еді.

1998 жылы Қазақстан  салынатын  жарналар мен зейнетақы  төлемдері және азаматтардың  өздерінің қарттығын материалды  қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігі  арасындағы өзара байланысқа  негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жоспарлы түрде өтуге кірісті.

Реформалаудың негізгі  идеясы – бұл қазіргі кезеңде  сақталып отырған ұрпақтар арасындағы ынтымақтық принципінен персоналды зейнетақылық жинақтау принципіне ақырындап  өту болды.

Қазіргі таңда екі жүйе жұмыс жасауда: ынтымақтық (зейнеткерлерге және 01.01.1998 жылға еңбек өтілі 6 айдан кем емес  азаматтарға) және жинақтаушы. Жинақтаушы зейетақы жүйесінің идеясы қарапайым: алатын зейнетақы мөлшері нақты жұмыскердің жалақысы мен оның зейнетақы қорына жасаған салымдарына тәуелді болып келеді.

Информация о работе Зейнетакы реформасы