Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 21:03, курсовая работа
пенсионный фонд казахстана и проблемы его финансирования
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы..............................................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы реформасының сипаттамасы…………………………………………………...10
ІІ ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕМДІК МОДЕЛДЕРІ.….15
2.1 Ұлыбританиядағы зейнетақы реформасы...........................................17
2.2 Голландияның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі……………..21
2.3 Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі..........................23
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ
3.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәні…………………………….27
3.2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің проблемаларын шешу жолдары…………………………………………………………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………........38
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату. Зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының Заңнамалары:
Реформадан қазіргі кезеңге дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері мыналар:
Салымшының құқықтары мен міндеттері: салымшы зейнетақы қамтамасыздығы келісім - шартының бір ғана тарапы бола алады және міндетті зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы жинағын бір ғана жинақтаушы қорында ие бола алады. Салымшы жылына екі рет өзінің зейнетақы жинағын, жинақтаушы бір қордан екінші қорға ауыстыруға құқығы бар. Қолданыстағы заңға сәйкес әрбір азамат өзінің игілігіне ерікті зейнетақы салымдарын жасауға құқылы, онысымен зейнетақы қамтамысздығының қосымша дәрежесін қалыптастырады. Сонымен қатар ерікті салымдардың салымшылары, алушының пайдасына жеке және заңды тұлға бола алады. Еңбектері денсаулыққа зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыздандару мақсатында, өндіріс орындарындағы өте қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етушілерге ерікті мамандандырылған зейнетақы салымдары заңмен ескерілген.
Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталық: зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйелеріндегі өткізілген өзгерістер барысында, оның бөлімдерінің ең маңыздысы - зейнетақыны төлеу Мемлекеттік орталығы құрылды (Орталық). Орталық зейнетақы жинақтаушы қорында маңызды рөл атқарады, ең бастысы ақпараттық жүйелерді іске асырады. Орталық, міндетті зейнетақы салымдарының адамдыфициялық есебін жүзеге асырады, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын аударады және бюджет қаржысының есебінен зейнетақы қамтамасыздығына құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерін жүргізеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, қаржы салымдарын басқару зейнетақы активтері ұйымдарының, кастодиан-банктерінің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеушілік және бақылаушылық жүйелерін атқарушы өкілетті орган, Қазақстан Республикасының нарық рыногын және қаржы ұйымдарын бақылаушы реттеуші Агенттік болып табылады. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі халықты зейнетақымен қамтамасыздандыру саласында мемлекеттік саясатты құру жүйелерін жүзеге асырады. [9, 1-4 б].
Қорыта келе, Қазақстан дамуының қазіргі сатысында жүргізілетін экономикалық жəне əлеуметтік реформалардың басты мақсаты қоғам мен адам дамуы үшін қажет жағдайлар жасау болып табылады. Өз азаматтарының қартайған шағын бүгінгі таңда лайықты қамтамасыз ету əлеуметтік бағдарланған мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады, Қазақстан да сондай мемлекеттердің қатарына жатады. Республикада осы міндет əрқашан басым міндеттердің бірі болып келді жəне ондай ықылас бөлудің негізгі себебіне мына жағдай жатады, егде жастағы адамдардың көпшілігі зейнеткерлер болып табылады жəне олар жалғыз-ақ табыс көзі – зейнетақы ғана алады. Жүзеге асырылған зейнетақы реформасының және оның іске асырылуының Қазақстан Республикасы экономикасында алатын орны да ерекше.
ІІ ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕМДІК МОДЕЛДЕРІ
Зейнетақымен қамтамасыз етудің көптеген модельдері бар. Олар: «Бевериджтік», «Бисмарстық», «аргентиналық», «шведтік», «латын америкалық», «жапондық», «қытайлық», «аргентина-шведтік» т.б. ішінде зейнетақымен қамтамасыз етудің ұлттық моделінің негізі зейнетақылық сақтандыру (міндетті және ерікті) әлеуметтік зейнетақы, жеке зейнетақылық сақтандыру, жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтау болуы қажет. Көптеген модельдер ішінде зейнетақымен қамтамасыз етудің негізгі теориясының постулаты негізінде, мемлекеттік реттеу және нарықтық өзін-өзі реттеу критерийлерінің қатынасына сәйкес үш зейнетақылық модельдер ұсынылады: мемлекеттік модель, аралас (ұжымдық-индивидуалды) және жеке модель. Қандай зейнетақылық қамтамасыз етудің құқықтық институттары басты роль атқаратындығына қарай, модельдер өзара ерекшелінеді.
Зейнетақылық сақтандыру тәжірибесін зерттеу зейнетақы жүйесінің үш моделін – мемлекеттік, аралас (мемлекеттік-жеке) және жеке – бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік модель зейнетақының көлемі жалақы мөлшеріне пропорционалды болып келіп, жалпы және міндетті зейнетақы жүйесіне негізделеді. Кейбір жағдайда ол халықтың аз ғана бөлігін қамтитын жеке сектордың әлсіз дамуымен сәйкес келеді. Тек аз ғана мемлекеттер бұл моделді басшылыққа алған – Белгия, Люксембург, Португалия мен Испания.
Мемлекеттік-жеке модель – тең пропорцияда мемлекет пен жеке сектордың кірісіне негізделеді. Көбінесе мұндай моделде жеке сектор жүйесі мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынады. Ол мазмұны бойынша ерікті болып, халықтың 50%-ын қамтиды. Бұл модель көптеген мемлекеттер үшін тән: Германия, Италия, Голландия, Ирландия, Ұлыбритания және АҚШ. Бірақ та қазіргі кездегі демографиялық қысымның әсерінен осындай моделді басшылыққа алатын мемлекеттер жеке зейнетақылардың ықпалын кеңейтіп жатқаны белгілі.
Жеке модель жеке сектордың көмекті қатты қажет ететіндерге төлемдер төлеуді өзіне қосса да, ол толығымен кешенді нормалар жүйесіне негізделген міндетті түрдегі жеке жүйеге бағынышты, сонымен бірге зейнетақының көлемі толығымен кірістің дәрежесіне байланысты. Бұл моделдің пионерлері – Чили, Аргентина мен Австралия. Бұл моделді негізінде «Чилилік модель» деп те атайды.
Зейнетақы саласындағы халықаралық динамиканың дамуын таңдау барлық мемлекеттердің мемлекеттік моделден аралас моделге қарай, ал араластан жекеге қарай қозғалысын көруге болады.
Мұндай тенденция мемлекеттік моделдің зейнетақы төлемдерін қаржыландыру үшін қаражат табудың қиындауы, осы мақсатқа керекті қаржының көбеюі мен бюджет дефицитінің өсуі сияқты проблемаларға кездескендігімен түсіндіріледі.
Сонымен қоса, мамандар жеке зейнетақы жүйесінде идеалдандыруға болмайтындығын ескертеді, өйткені ол да өздерінің астарында көптеген проблемаларды жасыруда. Оларға жинақталған қаражатты басқарудағы қиындықтар, жеке зейнетақылық қаржыландыруды кіші және орта бизнестің әлсіздігі, төмен фискалды мотивация және т.б.
Көптеген Батыс Европа елдерінің тәжірибесі азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың үш дәрежесін көрсетуде. Бірінші дәрежеге – мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру – онда зейнетақының екі түрі бар – негізгі қарттығы бойынша және қосымша (кірісінің көлеміне байланысты зейнеткерлікке шыққан азамат алатын зейнетақы).
Негізгі зейнетақы алуға еңбек өтіліне тәуелсіз бұрынғы жалақысының 20%-ға жуық немесе нақты көлемде барлық азаматтардың алуға құқығы бар. Ал қосымша зейнетақы алу үшін зейнетақы кірісін қамтамасыз ететін ұзақ жұмыс кезеңі болса жеткілікті.
Зейнетақымен қамсыздандырудың екінші дәрежесі – мемлекеттік емес немесе жеке жинақтаушы қорлары. Негізінде мұндай коммерциялық емес институттар жеке профсоюздер немесе ірі кәсіпорындар мен ұйымдар көлемінде құрылған шектеулі сақтандырылған тұлғалар үшін арналған. Мемелекеттік емес зейнетақы қорлары негізінен жұмыс берушілердің, кейде сақтанушылардың өздерінің салымдарының есебінде құрылады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың үшінші дәрежесі – жеке сақтандырудың бір түрі ретіндегі зейнетақымен сақтандыру (индивидуалды және топтық) жүйесі.
Қазіргі таңда мемлекеттік қамсыздандырудың шығындарын қаржыландырудың екі жүйесі қолданылады. Біріншісі – зейнетақы төлемдері бойынша ағымдағы шығындарды зейнетақылық сақтандыру бойынша ағымдағы салымдар арқылы жабу. Бұл дегеніміз - жұмыс істейтін халықтың зейнеткерлерді қамсыздандырып отыр дегенді білдіреді. Бұл схеманы орындаудың нақты мәселесі - демографиялық жағдайдың күшті әсер етуі: дамыған елдердегі жалпы халықтың қартаюы, нәтижесінде бір жұмыскерге шаққандағы зейнеткерлер санының өсуіне алып келді. Мұндай моделді қолданатын мемлекеттерде зейнетақы қорларының қаражатын қалыптастырудағы негізгі қысым жұмыс берушілерге жүктеледі.
Зейнетақы шығындарын қаржыландырудың екінші формасы – арнайы қордың құрылуы, ол қор керекті қаржының инвестициясын қамтамасыз етіп отырып, қазіргі және болашақта тиісті зейнетақы төлемдерін қаржыландырып отырады. Мұндай схема көбінесе мемелекеттік емес зейнетақы қорларында, кейбір жағдайларда мемлекеттік зейнетақы жүйелерінде қолданылып отырады. Бұл АҚШ, Канада, Швеция, Швейцарияда көп қолданылады.
Жинақтаушы негізде қызмет ететін зейнетақы қорлары қаржы нарығы үшін қосымша инвестициялық және несиелік ресурстар жасайды.
2.1 Ұлыбританиядағы зейнетақы реформасы
Батыстағы зейнетақы жүйесінің аралас моделін қарастырғанда ұзақ тарихы бар – Ұлыбританияны мысалға алуға болады.
Алғаш рет жарнассыз
зейнетақы төлемдері
Мемлекеттік зейнетақы жүйесі эволюциялы дамыды. Ақырғы екі он жылдықта нақты екі реформа өткізіліп, біріншісі – жұмыс берушінің жеке зейнетақымен қамтамасыз етілуіне кірмейтін, 1978 жылғы еңбекақының көлеміне негізделген мемлекеттік зейнетақы жүйесін қамтамасыз ету еңгізілді. Содан 1988 жылы соңғы 30-40 жылдарда мемлекеттік бағдарламаларға қаржылай қысым көрсетуді төмендету мақсатында үкімет зейнетақы төлеуді қайта қарастырды.
Ұлыбританияда басқа
Батыс Европаның елдері сияқты соңғы
кездері демографиялық
2000 жылдан 2020 жылға дейін зейнетақ жасындағы халық саны 2млн.-ға жуық адамға өссе, еңбекке қабілетті халықтың саны 0,5 млн. болады деп жорамалданды, нәтижесінде еңбекке қабілеті халық пен зейнетақы жасындағы халықтар арасында сәйкессіздік болып, бір жұмыскерге әлеуметтік ауырлық арта түседі.
1988 жылғы реформалар
осы мәселені шешеуге бағытталғ
Екіншіден мемлекеттік жүйеге қысымды азайту үшін жеке зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамыту шаралары жасалынады. Жеке зейнетақы жүйесіне ынталандыру – мемлекеттік зейнетақы жүйесіне шығатындарға сақтандыру жарналарының ұлттық ставкасынын азайту мен жеке зейнетақысын өздігімен жинайтындарға қаржылай қолдау көрсету формасында болды.
Ұлыбританияда әйелдерге
зейнетақы жасы - 60 жас, ал еркектерге
- 65 жас. Әйелдер еңбегін қолдау негізінде
мемлекеттік зейнетақы
1988 жылға дейін зейнетақы жүйесінің негізгі шарты – бұл зейнетақы жасына жетумен бірге, жұмыстың толығымен тоқтатылуын талап ететін. Шындығына келсек бұл – жұмыстың тоқтатылуы бойынша төленетін зейнетақы болатын. Ал қазір Ұлыбританияда зейнетақы кәрілігіне байланысты төленеді. Бірақ бұрынғымен салыстырғанда, қазіргі кезде сен зейнетақыңды алып, жұмысынды жалғастыра беруіне болады. Бұл жағдайда жұмысыңнан толық кеткенге дейін саған қосымша үстемақы зейнетақының орнына жүріп отырады. Үстемақы көлемі қосымша жұмысқа берілген премия емес, экономдалған зейнетақының сомасы болады.