Зейнетакы реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 21:03, курсовая работа

Краткое описание

пенсионный фонд казахстана и проблемы его финансирования

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы..............................................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы реформасының сипаттамасы…………………………………………………...10

ІІ ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕМДІК МОДЕЛДЕРІ.….15
2.1 Ұлыбританиядағы зейнетақы реформасы...........................................17
2.2 Голландияның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі……………..21
2.3 Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі..........................23

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ
3.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәні…………………………….27
3.2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің проблемаларын шешу жолдары…………………………………………………………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………........38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Зейнетакы.doc

— 310.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, жинақталаған жүйенің тиімділігі субъективті  және жалпы экономикалық факторларға  байланысты: резервтерді басқару сапалығы, инвестицияны жоғалту қауіпі, инвестициялық кіріс дәрежесінің зейнетақы құралдарына салынған өзінің көлеміне қарағанда төмендеуі, т.б. [4]

Ұлттық зейнетақы жүйесін  реформалау кезінде реформаның типіне байланысты көптеген көптегенн өлшеу параметрлеріне мән беріледі. Оны біз 1-кестеден көре аламыз:

 

1-кесте Зейнетақымен қамысыздандыру жүйесін реформалау кезінде жүргізілетін шараларды бағалаудың жалпы кестесі

 

Реформа типі

Реформа түрі

өлшеу параметрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсақ

Зейнетақы алуға құқысының  пайда болу критерииі

Зейнетақы жасы

Еңбек өтілі

 

Зейнетақы жарналарының құрылымы

Ауқым

Есептеу нормасы

Есептеу базасы

Көзі

Мүшелерінің салық төлеуі

 

 

 

 

Зейнетақы құрылымы

Зейнетақыны есептеу  формуласы

Зейнетақы төлемдерінің базасы

Индексация

Минималды зейнетақы

Төлем формасы

Зейнетақының салық  төлеуі

Басқару

Өкілетті орга

Инвестициялық саясат

 

 

 

 

 

Ірі

Ағымдағы кірістен зейнетақы  төлемдер жүйесінен жинақталға салымдар есебінен төлемдер жүргізу жүйесіне өту

Мемлекеттік/жеке құрылым

Минималды зейнетақы

Басқа кепілдіктер

Өтпелі кезең

Өтпелі механизм

Ағымдағы түсімдерден  зейнетақы төлеудің дәстүрлі жүйесінен  ағымдағы түсімдер есебінен, бірақ  шартты шоттарды пайдалану арқылы жүзеге асатын жүйеге өту

Минималды зейнетақы

Басқа кепілдіктер

Өтпелі кезең

Өтпелі механизм

 

 

 

 

Жаңа жүйе

Ауқым

Есептеу нормасы

Есептеу базасы

Зейнетақыны есептеу  формуласы

Зейнетақы төлемдерінің базасы

Зейнетақыны индексациялау

Өтпелі механизм


 

Мемлекеттік зейнетақы  қорларын қалыптастырушы негізгі көздер:

  • азаматтардың міндетті зейнетақы салымдары;
  • республикалық бюджеттегі ресми трансферттер.

Ресми трансферттер дегеніміз  – бюджетке өтеусіз және қайтарылмайтын түсімдер мен бюджеттен жасалатын  шығындар [5,б.2]. Зейнетақымен қамсыздандыру реформасынын осы сияқты идеяларының заңнамалық жүзеге асуы 1997 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының қабылдануына алып келді.

Осы заңға сәйкес зейнетақы  төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық құрылады (Орталық) – көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен бекітілетін республикалық бюджеттен зейнетақыларды төлеуге бөлінетін қаржы есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлеуді жүзеге асыратын, міндетті зейнетақы жарналарын есепке алатын және оларды төлеушілерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын, сондай-ақ азаматтарға  әлеуметтік жеке кодтар тағайындайтын заңды тұлға. Орталық оперативті басқаруға негізделген, мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылады [5,б.2].

Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарды  зейнетақы төлемдерінің белгіленген  мөлшерін сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді.

Орталықтан зейнетақы  төлемдері келесі азаматтар санаттарына  төленеді:

  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатындар;
  • Нағыз заңның 9 бабына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен және 1998 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына байланысты кемінде алты ай еңбек өтілі бар – еңбек өтіліне пропорционалды мөлшерде төленеді, -  зейнеткерлер.

2001 жылғы 1 шілдеден  бастап еркектерге - 63 жас толғанда, әйелдерге – 58 жас толғанда, жалпы  жұмыс өтілі еркектер мен әйелдерге  сәйкесінше  20-25 жылдардан кем  емес болған жағдайда тағайындалады [2,б.78].

Ерекше айтып кететін  жағдай, заң бойынша жұмыс істейтін зейнеткерлер толық көлемде зейнетақы  алуға құқығы бар.

90-шы жылдарда бастап  ынтымақтық жүйе бойынша мемлекетіміздің  экономикасының ахуалы мен нарықтағы  бағаларды өсуіне байланысты зейнетақы төлемдерінің өсу үрдісін байқауға болады. (2-кесте) [6]

Ерікті зейнетақы жарналарын тағайындау салымшы арқылы жүзеге асады. Ерікті зейнетақы салымдары үшінші адамдар пайдасына тағайындалуы мүмкін, ал жинақтаушы зейнетақы қорларына  міндетті зейнетақы салымдары үшінші адамдар пайдасына төленбейді [5,б.7].

Жинақтаушы қорларына  жиналған зейнетақы салымдарының пайдасына  жиналған зейнетақы қаражатының  алымшысының өліміне байланысты, оның     жинағы заңдық ереже бойынша мұрагерлікке қалады.

Мемелекетімізде жинақтаушы жүйенің төрт жыл жұмыс істеуі аралығында 4,3млн. астам адам оның мүшесі болып, олардың зейнетақы жинақтарынын көлемі 182,42млрд. теңге болып, ал салымшылардың зейнетақы есеп шоттарына 49,5млрд. теңге көлемінде инвестициялық кіріс тағайындалды.

2002 жылдың 1 қаңтарында  бағалы қағаздар нарығында кастодиандық  қызмет алуға лицензияны  11 банк  алды. Соның ішінде тек 8 банк  қана кастодиандық қызмет көрсетеді  (Ұлттық банк – ГНПФ, екінші дәрежелі банктер – ННПФ). 

Зейнетақы жинақтары  мен салымшылар санының өсуі толығымен заңды және зейнетақы салымдарының міндеттілігі, номиналды жалақының өсуі, жаңа салымшыларды тарту мен салымдардың аз мөлшерлігімен түсіндіріледі, бірақ та, сонымен бірге еңбекке қабілетті халықтың толық қамтылмауы, жұмыс берушілердің зейнетақы салымдары бойынша қарыздануы, зейнетақы активтерін тиімсіз пайдалану сияқты мемлекеттің қатысуын талап ететін проблемалар да айқын көрінуде. Біздегі жұмыс істейтін нақты салымдардың көлемі анықталған зейнетақы жоспарының ерекше қасиеті – қауіп-қатерлер оның қатысушылары арасында ғана бөлінеді және барлық жағдайда жинақтаушы жүйенің проблемалары мемлекетке ғана тәуелді емес болып табылады [7].

 

 

1.2  Қазақстан   Республикасының   жинақтаушы   зейнетақы       реформасының  сипаттамасы

 

Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы өз күшіне енді. Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi. Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады:

  • ортақ жүйеден ( зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен   қамтамасыздандыру );

Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген.

  • жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қоры) (Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру).

Зейнетақы реформасының тағы бір негізгі компоненттерінің бірі зейнетақы жасы болып табылады. Осы жерде біз зейнетақы жасы мен зейнеткерлікке шығу жасын шатастырып алмай, ажырата білуіміз керек. Сонымен:

Зейнетақы жасы дегеніміз - сақтандырылған тұлғаның қарттығы бойынша зейнетақыға құқығының пайда болуына негіз болатын минималды жасы.

Зейнеткерлікке шығу жасы дегеніміз - жалдамалы жұмыспен айналысатын жұмыскер жасына байланысты өзінің тұрақты еңбектік қызметін тоқтатқан жас мөлшері. [8,21-22б.б]

Зейнетақылық қаржыландыру құны да ерекше мәнге ие, өйткені  зейнетақы жасының планкасы төмен болған сайын, зейнеткерлер саны көп болады, ал соған сәйкес жүйенің құны да жоғары болады. [8, 23б]

Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге 63 жастан және әйелдерге 58 жастан. Орталықтан зейнетақы төлемдерi: 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда; 1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда; 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда; 2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;  2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.

Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:

еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;

әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа  жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.

Бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.

Орталықтан зейнетақы  тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу  кезiнде мыналар есепке алынады:

1) еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар  ақы төлейтiн жұмыс;

2) әскери қызмет;

3) құқық қорғау органдарындағы  қызмет;

4) мемлекеттiк қызмет;

5) кәсiпкерлiк қызмет;

6) I топтағы мүгедекке, II топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт; 

7) атом сынақтары, экологиялық  апаттар салдарынан зардап шеккен  не иммундық тапшылық вирусын  жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;

8) жұмыс iстемейтiн  ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан  аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл  шегiндегi уақыт;

9) қылмыстық жауапқа  негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

10) еңбекке жарамды  азаматтардың бұрынғы КСРО-ның  уақытша оккупацияланған аумағында  және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;

11) жұмыс iстемейтiн  соғыс мүгедектерi мен оларға  теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек  болған уақыты;

12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң,  Қазақстан Республикасы мекемелерi  мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;

13) офицерлiк құрамдағы  адамдар, прапорщиктер, мичмандар  және мерзiмiнен тыс қызмет  атқаратын әскери қызметшiлер  әйелдердiң мамандығы бойынша  жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған  жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;

14) Қазақстан Республикасының  аумағындағы және одан тыс  жерлердегi жоғары және арнаулы  орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау,  бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;

15) әскерилендiрiлген күзетте,  арнаулы байланыс органдарында  және кен-құтқару бөлiмдерiнде  олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;

16) әлеуметтiк сақтандыруға  қаржы төлеген жағдайда өзге  де жұмыс.[5, баптар 9-10 ].

Ең кіші зейнетақы  жыл сайын заңды түрде бекітіледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік  орталықтан зейнетақы алатындар саны Республикада 1645,1 мыңға жуық. Зейнетақының ең кіші мөлшері 2005 жылдың санағы бойынша 6200 теңгені құрады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2005 жылға 9142 мың теңгені құрады. 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік өзгерістерінің әрі - қарай тереңдетілу Бағдарламасына сәйкес, 2005 жылдың 1 маусымынан бастап, ортақ жүйеден зейнетақы деңгейін көтеруге мүмкіндік берген   сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы – жас буынға әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге тартылған зейнетақыны төлеу мемлекеттік негізін енгізілді. 2005 жылғы 1 шілдесінен негізгі зейнетақыны төлеу есебімен зейнетақы төлемдерірінің ең кіші мөлшері 9 200 теңгені құрады, негізгі зейнетақыны төлеу есебімен орта зейнетақының мөлшері 12142 теңгені   құрады. 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері  8% инфляцияның деңгейінің озығына тиісті көтерілген. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін азаматтар, зейнетақыны тағайындау туралы өтінішті тұрақты тұрғылықты жеріне байланысты зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтарының аудандық (қалалық) бөлімшелеріне белгіленген барлық құжаттарды әкеледі. Зейнетақыны тағайындауға қажетті құжаттар тәртібі Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықта аталған.

Информация о работе Зейнетакы реформасы