Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 06:09, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол мүмкiншiлiк аштi. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi көбiнесе осыған байланысты боглады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 Қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексеру
Есеп беруші тұлғалармен есептесу................................................................4
Берілген аванс бойынша есептесу..................................................................5
Басқа да дебиторлық қарыздармен есептесу.................................................7

«Аютас» ЖШС-де қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеру
2.1 «Аютас» ЖШС-нің экономикалық-шаруашылық жағдайы.......................12
2.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері.................14
2.3 Қызметкерлер мен жұмысшылармен іссапар және басқада қарыздар бойынша есеп айырысуын тексеру.....................................................................16

Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру
3.1 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысудағы мәселелер........20
3.2 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды жетілдіру.............22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

мустафа.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

Материалдық құндылықтарды, тауарларды алу немесе тиеу тауарға ілеспе құжаттармен, тиісті актілермен ресімделеді. Материалдардың, тауарлардың қозғалысы туралы деректер тауарлық есептерде қорытындыланады.

Банктің кассалық және тауарлық есептерінің көшірмелерінің деректерін енгізуден басқа бухгалтерлік анықтамаларды пайдалану қажеттілігі туындайды. Мұндай қажеттілік шаруашылық қатынастар серіктестерінің наразылықтары ұсынылған кезде, берешек сомасы есептелген кезде пайда болады.

Бухгалтерлік анықтамалар ақпараты ЭЕМ енгізілгенде бұрынғы деректермен тең дәрежеде құралады, машинаның ішкі дерекқорында міндетті деректемелердің, нөмірінің, құжатты өңдеу күнінің, негізгі және корреспонденциялық шоттардың, қосалқы шоттардың, талдау шоттары кодтарының болуы қарастырылады.

Есепке алудың желілік-позициялық тәсілінде есеп айырысудың толықтығы мен уақыттылығы жасалған операциялардың әрқайсысы бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда деректерді енгізу сұлбасы корреспонденциялық шоттың талдау белгісінің коды тәрізді деректемені көздейді. Егер тауарлық шоттан деректер енгізу жүргізілсе, талдау белгісінің міндетін төлем құжаты атқарады, өйткені осы құжат бойынша төлем тиісінше алынған немесе сатылған материалдық құндылықтарға төленді немесе алынды. Тауарлық есептерді немесе басқа да құжаттарды өңдеу кезінде тауарға іліспе кіріс құжаттардан енгізілген кредиторлық берешекті есептеу жөніндегі деректер жабдықтаушылардың, мердігерлердің шоттары бойынша кредиттік айналымдар файлын құрайды. Осы шоттар бойынша дебеттік айналымдар файлының қалыптасуы алынған материалдық құндылықтар мен қызметтердің төлемін көрсететін құжаттардың деректері негізінде жүзеге асырылады. Жабдықтаушылармен есеп айырысу жөніндегі барлық файлдар машинаның ішкі талдау есептерінің тізілімін білдіреді.

Талдау есептерінің тізілімін алмастыратын негізгі машинограммалар жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есеп айырысу шоттары бойынша талдау есептерінің ведомосі болып табылады. Шығыс машинограммаларының нысандары мыналар деп есептеледі: тауарлық операциялар бойынша есептесу жүргізілетін кәсіпорынның немесе құрылымдық бөлімшенің коды (атауы); тауар серіктесінің коды ретінде көрініс табатын талдау шотының коды; есептесу немесе тауарға ілеспе құжаттардың нөмірлері ретінде көрініс беретін талдау белгісінің коды; есеп нөмірі; құжаттың нөмірі мен күні; операция коды; корреспонденциялық шоттың, қосалқы шоттың коды; корреспонденциялық талдау шотының коды.

Машинограмманың әрбір жолы өңдеуге енгізілген тауарлық есептердің, банк көшірмелерінің және бухгалтерлік анықтамалардың бір машиналық жазуына сәйкес келеді. Жолдарды топтастыру талдау белгілері бойынша жүргізіледі. Мысалы, тауарлық есепті өңдеген кезде талдау белгісі ретінде алынған тауардың алдын ала төлемі жүргізілген төлем тапсырма-міндеттемесінің нөмірі көрсетілген. Машинограммада аталған талдау белгісі бойынша бірінші жолда банк көшірмесін өңдеу кезінде енгізілген тауардың төлемі туралы мәліметтер мазмұндалады. Екінші жол ақысы төленген тауардың алынғанын білдіреді. Осы екі жол бойынша қорытынды жасалады. Бұл – талдау шоты бойынша екінші деңгейлі қорытынды. Мұнда алымдар туралы, әрбір серіктес бойынша дебиторлық немесе кредиторлық берешектің бар-жоқтығы туралы деректер келтіріледі. Сонымен қатар онда есептесу кезеңінде аталмыш серіктеспен жасалған барлық операциялар бойынша айналым сомасы және сальдо көрсетіледі. Ақпаратты жинақтаудың ең жоғары деңгейі қосалқы және синтетикалық шоттар бойынша қорытындыларда беріледі.

Сипатталған түрдегі машинограмма «Қызметкерлер мен жұмысшы-лармен есеп айырысу» шоты бойынша, сондай-ақ «Төлем шоттары» шоты бойынша құралады. Талдау есебі машинограммаларының екінші тобы «Жоспарлы төлемдер бойынша жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша ақпаратты жинақтау үшін қолданылады.

Бұл машинограммаларда деректемелер болмайды. Ведомостағы жолдар әрбір жасалған операция бойынша басылады. Қорытындылар шаруашылық серіктестерінің әрқайсысы бойынша, қосалқы шот және жалпы шот бойынша жасалады. Шығыс видеограммалары шаруашылық серіктестерінің қимасында талдау есебінің кәртішкелері түрінде беріледі. Оларда да машинограммадағы сияқты міндетті деректемелер болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу - есеп беруші тұлғалармен алынуға жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қарым қатынастарынан пайда болатын алынуға тиісті  берешектері. Есеп беруші тұлғалардан өз уақытысымен өндіріп алу ұйымның қаржылық жағдайындағы жетістікті қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі болып табылады. Яғни есеп беруші тұлғамен есеп айырысу әр ұйымның қызметінің бірі ретінде өмір сүру мен тұрақты қызмет етуіне байланысты.

Бухгалтерия  үшін әр түрлі жағдайға байланысты қарыздардың өтеуіне бақылау жасау мақсаты мен салықтық қателер мен есептегі операцияның сәйкессіздігін болдырмайтын бақылау ұйымдастыру керек.

Сатып алушылар мен тасырыс берушілер мен есеп айырысуда  ауытқулардың болмауын да көруге болады. Бірақ, есеп беруші тұлғалармен дұрыс ұйымдастыру - қиын мәселе, сондықтан тәжиребиеде есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу тәжирибесінде көптеген қателіктер кездеседі. Негізгі қателіктеріне келер болсақ:      

-Жабдықтаушылармен және сатып алушылармен дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуға түгендеу жүргізу тәжиребиесінің жоқтығы;

-Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер баптарын салыстыру арқылы есептен шығару;

-Борыштың сұранымы болмаған басқа жабдықтаушы қарызының сомасының орнын жабу;

-Талап ету мерзімі өтіп кеткен борышты қайтаруда толығымен шара қолданбастан есептеп шығару

-Ұйымдар арасындағы орнын жабу бойынша есеп айырусылардың тиісті құжаттарының болмауы;

-Ұйымдар мен шаруашылық операциялар шоттары бойынша талдамалық есептің жүргізілуі.

Мұндай  қателіктерге кездеспеу үшін төмендегідей щаралар қолдану керек. Есеп беруші тұлғалармен қарым-қатынасты қолма қол ақшасыз жүргізу мәселесі ұйымда салықтық жоспарлауды жүргізу кезінде карастырылуы қажет. Бухгалтерлік  есеп шоттарындағы операцияларды азаматтық заңдылықтарда қарастырылған тәртіппен мазмұнын терең түсіну арқылы ғана жазуға болады.

Бухгалтерлік  есеп шоттарында қаржы шаруашылық  операцияларының қортындыларын дұрыс анықтай алмау мүмкіндігі заңды тұлғалардың қарым қатынастарын реттеуші ережелерге сәйкес келмеушілігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Абленов Д.О. Аудит негіздері. – Алматы: Экономика, 2008
  2. Байболтаева Н.Ә., Радостовец В.К. Қаржы есебі. – Алматы: Дәуір, 2008
  3. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңы // Егемен Қазақстан. - 2002. – 28 маусым
  4. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен әдістемелік ұсыныстары. – Алматы: Кәусар бұлақ, 2009
  5. Кеулімжаев Қ. Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы: Экономика, 20083. – 360 б.
  6. Кеулімжаев Қ., Әжібаева З., Құжайбергенов Н., Жантаева А. Қаржылық есеп. – Алматы, Экономика, 2001. – 330 бет
  7. Кеулімжаев Қ. К., Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. – Алматы: Экономика, 2006
  8. Кеулімжаев Қ., Төлегенов Э., Байдаулетов М. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі, бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы. - Алматы: Экономика, 1998
  9. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы
  10. Мырзалиев Б.С., Эбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік әдістемелері. – Алматы, 2006
  11. Радостовец В.К., Радостовец В.В. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы: Аудит орталығы, 1998
  12. Сәтмырзаев А.А., Укашев Б.Е. Аудит теориясы. – Алматы, 2006
  13. Төлегенов Э.Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері. –Алматы: Экономика, 2007

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру