Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 06:09, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол мүмкiншiлiк аштi. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi көбiнесе осыған байланысты боглады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 Қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексеру
Есеп беруші тұлғалармен есептесу................................................................4
Берілген аванс бойынша есептесу..................................................................5
Басқа да дебиторлық қарыздармен есептесу.................................................7
«Аютас» ЖШС-де қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеру
2.1 «Аютас» ЖШС-нің экономикалық-шаруашылық жағдайы.......................12
2.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері.................14
2.3 Қызметкерлер мен жұмысшылармен іссапар және басқада қарыздар бойынша есеп айырысуын тексеру.....................................................................16
Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру
3.1 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысудағы мәселелер........20
3.2 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды жетілдіру.............22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25
-жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады сатылған тауарға берілген шот – фактураның негізінде.
Қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылатын болып табылады егер:
-тауарды алушы ҚҚС- ғын төлеуші болса;
-төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің деклорациясында көрсеткендей болса;
-төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін қуаттайын болса;
-тұрғын-үй қызметіндепайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе;
Есептелген проценттер 1270 «Есептелінген сыйақылар» шотында есепке алынады. Бұл шотта есептелінген проценттер бойынша дебиторлық қарыздар жөніндегі ақпараттарды табуға болады.
Алынуға тиісті проценттік үстеме төлем 1270 «Есептелген сыйақылар» шотының дебеті және 6210 «Акциялар бойынша девиденттер және процент түріндегі табыстар» шотының кредитінде көрсетіледі.
Есептелінген проценттердің төленуі 1030 «Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша», 1010 «Кассадағы Ұлттық влюта түріндегі қолма-қол ақша», және т.б шоттардың дебеті және 1270 «Есептелген сыйақылар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
1251 «Есептелген проценттер» шоты бойынша аналитикалық есептері қарыз алушы, вексель ұстаушы, жалға алушы және т.с.с. кәсіпорындар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған проценттік қарыздары бойынша айналым ведомосінде немесе соған ұқсас машинограммасында жүргізіледі.
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорынның өз қызметкерлерінің қызмет бабы мен іс сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.
Іс – сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебіне келер болсақ іс-сапар шығыстары деп- кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңымен қаралған шаралар бойынша бдекітіледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге қоғам өз қызметкерлеріне үш айлық есептік көрсеткіш деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сонымен қоса жолда болған күндері де қоса есептеледі.
Нақты іс-сапар орынына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іс-сапар куәлігіне белгі соғады. Егер да еңбеккер бірнеше мекен- жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс- сапарға дейін шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс.
Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда 40 күннен аспауы керек.
Іс-сапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес көлемде өтеледі. Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық құжаттар бойынша белгіленген норматив денгейінде және тиісті құжаттар мен дәлелдеген жағдайда: іс-сапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындар мен қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады. Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.
Іссапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына алдын – ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де ондай валюта болмаса, онда еркін конверттелетін валюта беріледі.
Іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын құжаттар мен бірге нақты жұмсалған шығындары бойынша есеп береді.
1284 шоттың дебеті бойынша және мына шоттардың кредитіне келесі жазба жазылады: 1010 – кассадан есеп берген кезде; 1030 - авансты есеп айырысу шотынан почта арқылы аударған кезде; 1284 - есеп беретін тұлғаға чек кітапшалары арқылы берілген кезде; 1010 - есеп беретін мемлекеттік салық маркаларын, почта маркаларын және т.б беру кезінде. 1251 – шотының кредиті бойынша жазбалары мынандай шоттардың дебетіне жазылады: 1310, 1330 сатылып алынған тауарлы- материалдық құндылықтардың және өндірістік дайындау- көлік шығындарының сомасы; 7210 немесе 8410 – іс-ссапар, почталық, телеграфтық және басқа да шығындар; 1010- авансты кассаға қайтару кезінде; 681- авансты еңбек ақысынан ұстаған кезде.
Есеп беруші адамдармен есеғп айырысу шетел валютасымен жүзеге асырылуы мүмкін. «Есеп беруші адамдармен шет елдік валютамен есеп айырысу» аралық шоты дебеттеліп, 1010 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма- қол ақша» шоты кредиттеледі. Шығындардыесептен шығару кезінде 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар». 8410 «Басқа да қосымша шығындар » шоттары арқылы жүзеге асырылады.
1251 және 1010 шоттар бойынша валютамен орындалған операциялар тенгелік бағам бойынша көрсетіледі.
Бағамдық айырмасы сәйкесінше мына шоттарда көрініс табады: 6250 және 7430 шоттарда.
Өкілдік шығыстарының есебі. Қоғам өз қызметінің барысында өкілдік шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма- қол ақшалардың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Ол негізінен ресми адамдарға сыйлы қызмет көрсету үшін, іскерлік контракт жасау үшін акционерлер жиналысына келген директорлар үшін және т.б. шаралар үшін алынуы мүмкін.
Өкілдік шығыстарының сомасы заңда бекітілген нормасымен сәйкес кеуі тиіс:
Ресми кездесу кезінде шақырылған жақтардан қабылдаушы жақтардың қатысушылары көп болуы керек, яғни келген делегацияның саны аудармашылармен қоса есептелгенде бес адам болса, онда қабылдаушы жақтың да адамдары бестен аспағаны жөн.
Өкілдік сипаттағы шаралардың алдын –ала қарастырылған шараға сай болғанын қуаттайтын құжаттарды қоғамның өзі әзірлеуі және есеп саясатында көрсетілуі керек. Өкілдік шығыстарды әзірлеу үшін негізгі құжаттар ретінде мыналар саналуы мүмкін:
-басқа заңды тұлғалардың өкілеттілігін, басқарма қатысушыларын, директорлар кеңесін, бақылау комиссиясын қабылдау бойынша жүргізілетін шаралардың негізділігімен байланысты бұйрығы;
-келушілердің келетін күндерінің және кәсіпкерлік жұмысты жүргізудің бағдарламасы күтілетін қатысушылардың саны, талқыға түсетін мәселелердің тізімі т.б;
-шығыстың әрбір баптарының негізділігімен байланысты жасалған шығыс сметасы.
Осы аталған құжаттар толық талқыланып, оның негізінде бұйрық жасалып, сол бұйрыққа кәсіпорын басшысы қол қойғаннан соң, ол бухгалтерияға беріледі, содан кейін жауапты тұлғаға, яғни есеп беруге тиісті адамға бекітілген смета мөлшерінде ақша бөлінеді.
Шара аяқталған соң, есеп беруге тиісті тұлға,бұйрықта қаралған шаралардың орындалу деңгейін дәлелдейтін: аванстық құжаттарын, оның шығысын растайтын алғашқы құжаттары мен және қоғам басшысы бекіткен сметаның орындалуы туралы актісін бірге бухгалтерияға тапсырады.
Аванстық құжаты мен сметаның орындалуы турралы актісін бекіткен соң, есеп беруге тиісті тұлғадан қабылдаған құжаттың негізінде шығындар сомасы 7210, 7110 шоттардың дебеті мен 1251 шотының кредеті бойынша есептен шығарылады.
Материалдық зиян шегудің орнын толтыру бойынша есебі. 1251 шотында жоғарыда келтірілген баптар мен қатар еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған мүліктерінің орнын толтыру бойынша есебі көрініс табады. Кем шығудың нәтижесінде қоғам шеккен зияны немесе құндылықтардың бұзылуы нарық бағасы бойынша есептелінеді, егер де заңмен басқа да тәртібі қаралмаса.
Кінәлі тұлғадан өндіріп алуға жататын сомасына 1251 шоты дебеттеліп, 1284 шоты кредеттеледі, яғни кем шыққан ақшаның немесе мүліктің нақты құнына; ал нақты құнымен нарықтық бағасының айырмасына 1251 дебеттеліп, 6280 шоты кредиттеледі. Ал мүліктің нарықтық құнынан ұсталатын ҚҚС сомасына 1251 шоты дебеттеліп, 3130 шоты кредеттеледі.
Келтірілген материалдық зияндар еңбеккерлердің жалақысынан ұсталуы мүмкін, ол кезде 3350 дебеттеледі де, 1251шоты кредеттеледі; ал егер де олар өз кінәсін мойындап, нақты қолма- қол ақшамен төлейтін болса, онда 1010 шоты дебеттеле,ді де, 1251 шоты кредиттеледі.
Талдамалы есеп әрбір еңбеккер бойынша жүреді.
Басқадай дебиторлық қарыздар шотында жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым- талап сомаларына, ТМҚ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемулеріне, айыппұлдарына т.б ақпараттарына шолу жасалынады.
Шағын- талап бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағын – талап деп – кредитордың өзінің мүліктікң құқығымен мүддесінің бұзылуына байланысты қарыздары өз еркімен реттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын – ала тікелей қарызданушыға шағым – талабымен баруы керек. Кәсіпорын шағым – талап бойынша қарыздарды уақытында және толығымен өнндіріп алудың қажетті шараларын қолдануға міндетті. Шағым – талапта: шағым – талап қоюшы қоғамның атауы, шағым- талаптың номері және түскен күні; тиісті актілерге сілтемесі; мәлімдеушінің талабы; шағым- талаптың сомасы және оның есебі; мәлімдеушінің төлем және есеп айырысу реквизиттері; тіркелген құжаттардың тізімі; қоғамның басшысының қолы көрсетілуге тиісті.Кем шыққан өнімдер, тиісті сапаға сай келмейтін немесе жиыны түгел емес өнімдер құнының орнын толтыру жөніндегі және осындай өнімдерді жеткізгені үшін айыппұл төлеуді қоса алғандағы шағым – талаптар екі ай ішінде қойылады. Тиісті құжаттардың негізінде шағым- талап сомаларын 1284 шотының дебетінде- жабдықтаушыларға шағым – талап қойылған жағдайда 3310 шоттың қате аударып есептен шығарылған сомалар бойынша банкке шағым – талап қойған жағдайда – 1030 шотының кредитінен; төлеушілердің өздері мойындаған немесе сот ұйғарған көлемде келісімшартындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін мердігерлерден, жабдықтаушылардан және тағы да басқа өндіруге тиісті айыппұл, өсімайыбы, тұрақсыздық айыбы сомаларына 6280 шотының кредитінен есептен шығарады. Қойылған шағым – талап бойынша төлем түскен жағдайда 1030 шоты дебеттеледі де және 1284 шоты кредиттеледі. Қойылған шағым – талап бойынша қойылған сомалардан бос тартқан кезде 1284 шоты кредиттеледі де, 7210 шоты дебеттеледі.
Ішкі шаруашылық есеп айырысуларды есепке алу. Ішкі шаруашылық – бұл кәсіпорындардың өз филиалдарымен, өз өкілдіктерімен, бөлімдерімен және өзге де ерекшеленген бөлімшелерімен және жеке балансқа шығарылғандармен есеп айырысу. Есепке алу тәжірибесінде кәсіпорындар мн жеке балансқа шығарылған бөлімшелерінің арасында болатын ішкі баланстық есептерін атайды.
1284-шоты бойынша аналитикалық және жинақтық есептерін ұйымдастырудың тәртібі «Еншілес серіктестердің дебиторлық қарыздары» бөлімшесінің шоттары бойынша жүреді.
1284-шотында мынандай есеп айырысулар есепке алынады: шаруашылық ішінен бөлінген бөлімшелердің негізгі құралдары бойынша; тауарлы- материалдық құндылықтардың босатылуы бойынша; өнімдерді өткізу бойынша; жұмыс және қызметі бойынша; бөлімшенің қызметкеріне еңбек ақы төлеуі бойынша; егер қордың тиісті бөлігі бөлімшелерге берілмей бас кәсіпорынның балансында есепке алынатын болса, онда тұтыну қорлары және солардың есебінен қаражат жұмсауы бойынша; басқа да ағымдағы операциялар бойынша.
1284 шотының дебеті бойынша бас кәсіпорынның ішкі шаруашылық есептері бөлігіндегі қалдығы, құрылымдық бөлімшелерінің оған дегенгі, ал құрылымдық бөлімшелерде- бас кәсіпорынның қарыздары көрсетіледі.
Бас кәсіпорынның біріктіріліп жинақтаған балансында 1284 және 3397 шоттарында есепке алынған ішкі шаруашылық есептері бойынша қарыздар өзара өтеледі де, есепте көрсетілмейді. Баланс жасалғанға дейін 1284 және 3397 шоттары бойынша қарыздар сомасы салыстырмалы тексеруден өткен соң, ондағы дәлсіздік жазбалары ретке келтіріледі. Ішкі шаруашылық есебі қаржылық есеп беруге көрініс таппайды. 1284 шоты бойынша талдамалы есебі, яғни ішкі шаруашылық есебінің субшоты әрбір филиалы бойынша немесе дербес бөлімшелері бойынша жүреді.
Жоғалту мен кем шығудың есебі субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде әртүрлі жоғалтулар мен кем шығулар болуы мүмкін және олар: нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінуі мүмкін. Нормаланатын жоғалтулар негізінен атаулардың физикалық-химиялық қасиетінің өзгеруімен байланысты болып келеді. Бұлардың есептері объективті сипатта болғандықтан олардың жоғалтулары белгіленген денгейде нормаланады.
Негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарға бұрындары жатқызылған ҚҚС сомасына 3130 шоты дебеттеліп, 1420 шоты кредиттелген қызыл жазумен жазылады, сосын 7210 шоты дебеттеліп, 1420 шоты кредиттеледі.
2 «Аютас» ЖШС-де қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеру
2.1 «Аютас» ЖШС-нің экономикалық-
Іс-тәжірибе өткен «Аютас» ЖШС Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы есепке қою жөніндегі куәлігі негізінде ашылған. Кәсіпорынның толық атауы: «Аютас» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. «Аютас» ЖШС шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде құрылды, серіктестіктің орташа жылдық жұмысшылар саны әзірге 6 адамнан аспайды.
Негізін қалаған құрылтайшысы – Абдрахманов Ж. Ол 110 000 теңгемен 100,00% үлес салмағымен жарғылық капиталын енгізді.
Информация о работе Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру