Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 06:09, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол мүмкiншiлiк аштi. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi көбiнесе осыған байланысты боглады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 Қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексеру
Есеп беруші тұлғалармен есептесу................................................................4
Берілген аванс бойынша есептесу..................................................................5
Басқа да дебиторлық қарыздармен есептесу.................................................7
«Аютас» ЖШС-де қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеру
2.1 «Аютас» ЖШС-нің экономикалық-шаруашылық жағдайы.......................12
2.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері.................14
2.3 Қызметкерлер мен жұмысшылармен іссапар және басқада қарыздар бойынша есеп айырысуын тексеру.....................................................................16
Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру
3.1 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысудағы мәселелер........20
3.2 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды жетілдіру.............22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 Қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексеру
2.1 «Аютас» ЖШС-нің
экономикалық-шаруашылық жағдайы.......................
2.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері.................14
2.3 Қызметкерлер
мен жұмысшылармен іссапар және басқада
қарыздар бойынша есеп айырысуын тексеру.......................
3.1 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысудағы мәселелер........20
3.2 Қызметкерлер
мен жұмысшылар мен есеп
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол мүмкiншiлiк аштi. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi көбiнесе осыған байланысты боглады. Кәсiпорындар бұрынғыдай жоғарғы жөн сiлтеуiмен емес, контрагенттердi (жабдықтаушы, салып алушы, мердiгер, банк және т.б.) Қазiргi кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздерiне iскер серiктердi қаншалықты дәл және қатесiз тандауымен нарықтық қатынастар негiзiнде мүмкiндiгiнше тез және дұрыс бағдар тауып,оны ұстануына қарай жұмыстарының тиiмдiлiгi әр түрлi болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргiзушi субьектiлердiң қызметiнiң жетiстiктерi басқару деңгейiне,қабылданған шешiмдердiң обьективтiлiгi, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негiзделуiне тiкелей тәуелдi. ұйлесiмдi шешiмдердiң қабылдануы, материалдық,еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдаланып, елiмiздiң экономикалық өсуiне бағытталатыны белгiлi.
Курстық жұмыстың мақсаты қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексерудің бухгалтерлік есеп жүйесінде атқаратын ролін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Есеп беруші тұлғалармен есептесу
-Берілген аванс бойынша есептесу
-Басқа да дебиторлық қарыздармен есептесу
-«Аютас» ЖШС-нің экономикалық-шаруашылық жағдайына тоқталу;
-Қызметкерлер мен жұмысшылармен іссапар бойынша есеп айырысуын
тексеру;
-Қызметкерлер мен жұмысшылармен басқада қарыздар бойынша есеп айырысуын тексеру;
-Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысудағы мәселелер мен есеп айырысуды жетілдіру жолдарын қарастыру;
-«Аютас» ЖШС-де қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексерудің сараптамасына тоқталу.
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексеру жағдайы.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.
1 Қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексеру
1.1 Есеп беруші тұлғалармен есептесу
Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3 күннен кешіктірместен кассаға қайтарылуы тиіс. Қолма –қол ақшаны есеп беруге алған тұлға жұмсалған сомалар туралы есептемені мерзім аяқталғаннан кейінгі 5 күннен кешіктірместен субьектінің бухгалтериясына өткізуге міндетті. Қолма-қол ақша қаражаттарын есеп беруге беру тек кәсіпорын қызметкерлеріне және бұрын есеп беруге берілген ақшалар бойынша толық есеп бергенде жүргізіледі. Есеп беру сомаларын жұмсау туралы есептемені белгілі уақытта тапсырмаған және аванстың пайдаланылмаған қалдығын кассаға қайтармаған тұлғаларды бухгалтер заңда көзделген тәртіпке сәйкес аталған борышты жалақысынан ұстап қалуға құқылы. Есеп беретін сомалардың жоғарғы үлес салмағы қызмет бабындағы іссапарға қатысты болады.
Іссапарға жіберілген қызметкердің:
-іссапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгі жол жүру шығындарын;
-тұрғын үй-жайды жалдау шығындарын;
-тәулік ақысын;
-ұсынылған құжаттарға (сақталым, кеңсемен, офиспен сөйлесудің шоты және т.б.) сәйкес өзге шығындарын шаруашылық субьектісі өтейді.
Жеткізушілер, мердігерлер және есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бөлімі мыналарды жүзеге асырады:
№6 "Ордер" журналын жүргізеді, «Жеткізушілермен және мердігер-лермен есеп айырысулар» 3311 шоты бойынша жазба құрастырады;
Жоспарлы төлемдер бойынша есеп жүргізеді;
Тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жасалған өтінімдерді тексереді .Олардың негізділігіне жауап береді.
Берілген сенімхаттарды тіркейді;
Берілген шот-фактураларды тіркейді;
Тауарларды, жұмыстарды және қызметкерлерді иеленуге берілген сенімхаттардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейінгі үш күн ішінде НҚ және ТМҚ өткізуді қабылдау актілерінің, жүктеме құжаттың, № 2, №3 нысанды актілердің берілуін бақылайды;
Бас бухгалтердің орынбасарына НҚ және ТМҚ өткізуді қабылдау актілерін, жүктеме құжатты уақтылы тапсырмаған адал емес материалды-жауапты тұлға жөнінде есеп береді;
Жеткізушілер мен мердігерлер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерге оларды өтеуге қойылатын талаптарды анықтау үшін заң бөліміне және бас бухгалтерге тапсырылуына тоқсан сайын талдау жасайды;
Іссапар мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3күн ішінде алдын-ала есептің берілуін бақылайды, дебиторлық берешек сомасын ұстап қалуды жүргізеді;
Тоқсан сайын есеп беруші тұлғалар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерге талдау жасайды.
Жыл сайын регламентке сәйкес мерзімі өткен құжаттарды мұрағатқа тапсырады.
Жеткізушілер, мердігерлер және есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бөлімінің маманына кассирдің міндеті жүктеледі.
Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу ведомосі
В-4 нысаны бойынша ведомость «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының топтарында көрсетілетін қызметкер-лердің және басқа да адамдарың берешегі бойынша операцияларды есепке алуға арналған.
Ведомость өткен есепті кезеңге ведомостен берешектің пайда болған күнін көрсете отырып, қызметкерлер берешегінің қалдықтарын көшіру арқылы ашылады.
Ағымдағы есепті кезеңде берілген аванстар, қызметкерлерге берілген кредиттердің асыра жұмсалуын өтеу сомасы (берілген авансқа қарсы) «Ақша қаражаты» кіші бөлімдері шоттарының кредитімен болатын корреспон-денцияда 4-7-бағандар дебеті бойынша көрсетіледі.
9-11бағандарда тиісті
Есеп беретін тұлғалар бөлінісінде есепті кезең соңындағы қалдықтар есептеледі және «Берешектің қалдығы» бағанына енгізіледі.
Есепті кезеңнің соңында кредит қалдығын алған жағдайда, берешектің қалыптасқан сомасын «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының келесі топтарына көшіру қажет.
Есепті кезеңнің соңында есепті кезеңнің соңындағы жиыны В-13 нысанындағы жиынтық ведомоске (жеке кәсіпкерлер үшін) және В-14 нысанына (басқа субъектілер үшін) және келесі есепті кезеңде ашылатын ведомоске көшіріледі.
1.2 Берілген аванс бойынша есептесу
Берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебі «Берілген аванстар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімшенің шоты -1610 «Тауарлы-материалдық құндылықтар мен жабдықтау үшін берілген аванстар».
Аванс берілген жағдайда 1030, 1010 шоттары кредиттеледі, сондай-ақ шетел валютада берілген аванс бойынша бағамдық оң айырмасының сомасына 6250 шоты корреспонденцияланады. Тиесілі шоттардың кредиті бойынша және 3310 шотының дебеті бойынша жабдықтаушылардың біткен жұмыстарын төлеуі кезінде, берілген аванс сомалары ескеріледі, сондай –ақ шетелдік валютада берілген аванс бойынша бағамдық теріс айырмасының сомасына 7430 шоты корреспонденцияланады. Берілген аванстың есебі басқадай кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысудың аналитикалық тізімдемесінде 1610 шоты бойынша бөлек жүргізіледі. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есепке алу үшін шоттардың бас тізбегіндегі «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары» деген бөлімшесі қарастырылдған.Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді: 1220 «Еншілес серіктестіктерінің қарыздары», 1230 «Тәуелді серіктестіктердің қарыздары», 1230 «Бірлесіп бақыланатын тұлғалардың қарыздары». Аталмыш бөлімшенің шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі. Аталған еншілес кәсіпорынның дебиторлық қарыздары 1220-1230 шоттарында көрсетілсе, ал солардың кредиторлық берешегі 3320-3330 шоттарында көрсетіледі. Бас және еншілес серіктестіктердің арасында жасалңан есеп айырысулар 3320 - 3330 және 1220-1230 шоттары бойынша салыстырылып, тексеру актісінің негізінде дебиторлық және кредиторлық қарыздарй жабылуы мүмкін, ол кезде өтелген дебиторлық қарыз сомасы: 3320-3330 шоттары дебеттеліп, 1220-1230 шоттары кредиттеледі. Есеп айырысу шоттары арқылы бас кәсіпорынның және еншілес серіктестіктердің есеп айырысуы жүргізіліп қана қоймайды, сонымен қатар еншілес серіктестіктің екінші серіктестікпен есеп айрысуы да жүргізіледі. Бұл жағдайда мәлімдемелер үш данада жазылады: тараптардың есеп айырысуына қатысатын үшеудің әрқайсысы үшін.
Жалпылама аталмыш бөлімшенің шоттары тауарлық-матреиалдық қорларды жеткізгені үшін алдын ала берілген аванстар сомасын сипаттайды. Осылайша аталып өткен шоттар мен олардың сипаттамасы, дебиторлық борыштар мен үшінші бөлімдегі басқадай активтер жайлы түсініктеме алуға мүмкіндік береді.
№ |
Операциялар мазмұны |
Дт |
Кт |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жабдықтаушыларға олардн алдағы уақытта алынатын тауарлар, материалдық құндылықтар үшін аударылған аванс сомасы |
1610 |
1070, 1050, 1030 |
2 |
Мердігерлерге олардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстары мен көрсететін қызметтері үшін аударылған аванс сомасы |
1610 |
1070, 1050, 1030 |
3 |
Бұрын төленген аванс соамыс есебінен қоюшы мердігерлерге қарыз сома өтелді |
3310 |
1610, 1610 |
4 |
Аванс ретінде жабдықтаушы-мердігерлерге алдын ала аударылған сомалардың пайдаланбаған бөлігі қайтарылды |
1070, 1050, 1030 |
1610, 1610 |
1.3 Басқа да дебиторлық қарыздар есебі
Басқада дебиторлық қарыздардың есебіне келер болсақ, олар «Басқалай дебиторлық қарыздар» бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынандай шоттар кіреді:
1420 «Өтелуге тиісті қосылған құн салығы»
1251 «Қызметкерлеркерлердің және басқа тұлғалардың қарызы»
Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы бойынша есеп айырысуды көрсетуүшін 1420 «Өтелуі тиіс қосылған құн салығы» шоты қолданылады. 1420 шотының дебеті бойынша 3310 «жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу », 3397 «Басқа да » шоттарының кредитімен корреспонденция-лана отырып, алынған тауарлы материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС көрсетеді.
Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, Егер де:
-тауар алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
Информация о работе Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру