Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 06:09, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол мүмкiншiлiк аштi. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi көбiнесе осыған байланысты боглады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 Қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды тексеру
Есеп беруші тұлғалармен есептесу................................................................4
Берілген аванс бойынша есептесу..................................................................5
Басқа да дебиторлық қарыздармен есептесу.................................................7

«Аютас» ЖШС-де қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеру
2.1 «Аютас» ЖШС-нің экономикалық-шаруашылық жағдайы.......................12
2.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері.................14
2.3 Қызметкерлер мен жұмысшылармен іссапар және басқада қарыздар бойынша есеп айырысуын тексеру.....................................................................16

Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру
3.1 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысудағы мәселелер........20
3.2 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды жетілдіру.............22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

мустафа.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

а) дебиторларға төлем жасау жөнінде ескертулер жіберу;

б) дебиторлық берешекті ай сайын салыстырып тексеру.

Бухгалтер ай сайын сатып алушылардың берешектеріне салыстыру жүргізіп отыруға тиісті. Ол үшін барлық сатып алушыларға белгіленген тәртіп бойынша бас бухгалтер қол қойған және ұйымның мөр басылған салыстыру актісі жіберіледі. Салыстыру актісі дана жасалынады: екінші данасы арнайы журналға тіркеліп, көрсетілген берешектің салыстырылуының уақытында жүзеге асырылуы мен толықтығына кейін бақылау жүргізу мақсатында арнайы картотекада сақталады; бірінші данасы сатып алушыға жіберіледі.

Сатып алушы өзінің қарызын мойындамаған жағдайда немесе берешекті салыстырудан бас тартқан жағдайда, ол жөнінде жедел түрде бас бухгалтер, сонымен бірге сатып-өткізу бөлімінің бастығы хабарланады. Бас бухгалтер бұл ауытқулар бойынша ақпараттарды ұйым басшыларының күн сайынғы жедел мәжілістерінде директордың экономикалық және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасарларына тапсырады. Директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары заң бөлімінің бастығымен келісе отырып, бұл борышты төлету тәртібі туралы шешім қабылдайды.

Егер берешекті салыстыруға өтініш жазылған жолдауларға белгіленген мерзім ішінде жауап алынбаса, онда белгіленген тәртіп бойынша жауап берілмеу себебі анықталады.

Сатып алушы берешекті салыстырудан бас тартқан кезде, бұл туралы материалдар жедел түрде ұйымның дирекциясына тапсырылады.

Қарызы бар ұйыммен арада байланыс жоқ болған кезде, оның себебі анықталады.

Егер қарызы бар ұйым жойылған болса, онда дебиторлық берешек үмітсіз берешек ретінде танылады. Берешекті «үмітсіз» деп тану және оны есептен шығару жөніндегі шешімді сатып-өткізу бөлімінің бастығы берген қарызы бар ұйымның жойылғандығын растайтын қажетті материалдардың негізінде құрылған бас бухгалтердің тиісті баяндаушы жазбасы бойынша ұйымның басшысы қабылдайды.

Егер қарызы бар ұйым жойылмаған болса, онда дебиторлық берешекті талап ету процедуралары жүзеге асырылады. Сатып алушының талап етілген дебиторлық берешегі директордың санкциясы бойынша бас бухгалтер тапсырған материалдардың негізінде жалпы белгіленген тәртіп бойынша шағымдану мерзімі біткеннен кейін есептен шығарылады.

Клиенттің бақылау процедураларын жүзеге асыруына тексеру жүргізу үшін аудитордың сатып алушылардың шоттарын таңдап алуына болады:

а) дебеттік жазуларды шот-фактуралармен растауға болады;

б) кредиттік жазуларды ақша қаражаттарының келіп түсуі бойынша құжаттармен немесе несиелік есеп шығару туралы бұйрықтармен растауға болады.

Жоғарыда келтірілген растауларды алғаннан кейін аудитор:

а) дебитордың төлеу мерзімі өтіп кеткен шоттарын зерттей және борышты төлетіп алу бойынша қандай шаралардың қолданылғандығын анықтау үшін қаржы қызметінің басшыларына сұрақ бере алады;

б) сатып алушылардың дебиторлық берешектеріне ай сайын салыстыру жасау процедурасының қалай жүзеге асырылғандығын бақылай алады;

в) сатып алушылармен расталмаған дебиторлық берешектерді салыстыру актілерін іріктеп алып, қаржы қызметінің басшыларынан осы ауытқулар бойынша қандай шаралар қолданылғандығын анықтай алады;

г) дебиторлық берешектерді салыстыру актілерінің екінші данасын жіберу мерзімі бойынша сатып алушылардың жауабының мерзімінен кешіктірілуін анықтай алады, қаржы қызметінің жұмыскерлерінен бұл ауытқулардың себебін айқындай алады;

д) есептен шығарылған үмітсіз дебиторлық берешектерді қажетті құжаттармен растай алады;

е) талап етілмеген берешектің есептен шығарылуын бақылай алады. [14]

Аудит еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен тәжірибелік қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Себебі нарықтық қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін сол елде – бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін шешуші роль атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін   өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарқтық қатынас жолмен дамудың тиімділігі іске асырылады, немесе “ойын тәртібі” сақталмаған елде экономикалық нарықтық қатынас жолымен дамудың тиімділігі іс жүзінде орындалмайды. Сондықтан да аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады. Бұл себептерге біріншіден, кәсіпкерлердің өз шаруашылығының тиянақтылығының қамтамасыз етілуі, екіншіден, өз жұмысына өзі сенімді түрде басқару жүргізуі, үшіншіден, кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынастарда сенімді жұмыс істеуі мен өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болуы және тағы басқалар жатқызылады.

Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушысы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігі, алдына қойған міндет –мақсаттарды орныдауы үшін көрсетілетін қызметіне анықтама беру. Аудит шартаын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмүны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.

Аудит экономикалық ақпараттарды ұйымдастыру жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негіз болады. өз кезегінде, ағымын тиімді ұйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтауы қажет. Ол принциптер: ақпаратардың  қажеттілігін анықтау, оны тиімді түрде қажетіне сай етуі, өндіріс процесін нақты дұрыс көрсету және оларды басқару процесінде қолдану.

Аудиттің ақпараттық көзі, олар бухгалтерлік, аналитикалық және есептен тыс мәліметтер. Аудитор өзінің жұмысында құжаттар арқылы, фактілерді дәлелдемек мақсатымен жұмыс қағазын жүргізеді. Себебі тексеру процесіндегі фактілер тек құжаттар арқылы анықталады.

 Аудит барысындағы  жиналған құжаттарды жүйелеу, мазмұн  мағынасына сәйкес топтау, ол  аудитор мамндығының деңгеіне байланысты аудитордың жұмыс қағазында тіркеледі. Аудитор – ревизия актісін жасау үшін сол жұмыс қағазындағы мәліметтерді талдау арқылы өз ойының қортындыларын дәлелдейді. [12]

Қорыта келгенде, аудитор әртүрлі құжаттар арқылы жан-жақты материалдар дайындап, шаруашылық субъектісінің табыстылық, қаржылық есептерін тексеріп, таза пайда сомасының дұрыс анықталғандығын дәлелдеп, аудиторлық қортынды дайындайды. Онымен қоса жұмыс қағазындағы жиналған фактілерге сүйене отырып, кәсіпорын шаруашылығының тиімді даму жолына байланысты өзінің пікірін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру

 

 

3.1 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуд бойынша практикада кездесетін мәселелер

 

№1. «А» компаниясы сату-сатып алу келісім-шарты бойынша «В» компаниясына тауар парттиясы үшін аванс түрінде 127 920 теңге көлемінде ақшалай қаражат төледі.Қоймадан тауар түсірілгеннен кейін ақшасыз түрде түгелдей төленді.

-Келісім бағасы бойынша- 358 800 теңге.

-ҚҚС сомасына- 249 600 теңге.

«В»компаниясының бухгалтерлік жазбалары:

 

Мазмұны

Дебет

Кредит

1

«А»компаниясынан келісім-шарт бойынша алдын-ала төлем төленді.

127 920

1010

1040

3510

2

Түсірілген тауарлардың фактылық құны жойылды.

249 600

7010

1330

3

Келісілген құн бойынша өткізілген тауарларға шот-фактура жазылды.

127 900

3150

1210

4

Өткізілген тауар үшін түгел есеп жасалды

230 880

1010

1040

1210

5

Алдын-ала алынған аванс есепке алынды

127 920

3150

1210


 

№2. А компаниясы өз клиентіне 5% көлемінде жеңілдік ұсынды,егерде тауар құнын 10 күн ішінде төлесе. Максималды төлем мерзімі-30-күн, сонда өткізудің шарты 5/10 таза 30

Келісім құны бойынша-260 000теңге

Өзіндік құны бойынша-210 000теңге

Егерде тауар 2 наурыз түсіріліп,2006 жылы 7 наурызда төленсе,А компаниясы қандай бухггалтерлік жазбалар жүргіземіз.

2 наурыз.2011 жыл

Наклодной бойынша өткізілген тауарлар жіберілді және 299 000 теңге бойынша келісім бағамен шот-фактура жазылды.

 Бухгалтерлік есепте келесі  жазбалар жазылады.

 

Мазмұны

Дт

Кт

1

Өткізілген тауарларға фактылық құн бойынша

210 000

7010

1330

2

Сатып алушыларға ұсынылған баға бойынша

299 000

1210

6010

3130


7 наурыз 2011 жылы қосымша түзейтін шот-фактура ұсынылған жеңілдік бойынша келесі жазбалар жазылады:

 

1.Бағадан жеңілдік Дт 6030-13000теңге

2.ҚҚС Дт 3130-1950 теңге

3.Алынуға тиіс шоттар Кт 1210-14950теңге

 

9 наурыз 2011 жыл

Тауарлардың сатып алушыға түскені туралы бухгалтерлік жазба жазылды.

1.Ақшалай қаражат Дт 1010,1040-284 050 теңге

2.Алынуға тиіс шоттар Кт 1210 -284 050 теңге.

Есеп беру кезеңі соңында ұсынылған жеңілдік бухгалтерлік есепте компанияның қорытындылық табысын төмендетеді.

1.Есептік жылдың пайдасы Дт 5410- 13 000 теңге

2.Бағадан және сатудан түсетін  жеңілдіктер Кт6030-13000 теңге

 

№3 А компаниясында инвентаризация процесінде жұмысқа жарамсыз ксерокс табылды. Инвентаризациялық комиссияның пікірінше кінәлі адам административті бөлімшенің менеджері Ахметов С.К

Бастапқы құны-169 416 теңге

Есептелінген тозу -42900 теңге

Бухгалтерлік есепте материалдық зиянды өтеуді қалай көрсетуге болады?

Акт бойынша А компаниясының бухгалтерлік жазбалары жасалады:

1.Есептелінген тозу сомасы бойынша 

Офистік құралдардың амортизациясы Дт-2420 – 42 900 теңге

Офистік құралдар Кт-2410- 42900 теңге

2.Баланстық құны бойынша есептен  шығару объектісі бойынша

Жетіспеушіліктер және жоғалтулар Дт1280-126 516 теңге

Офистік құралдар Кт -1280-126 516 теңге

3.Материалдық құндылықтарды жойылу, қолдану бағасы бойынша материалдық құндылықтарды кіріске алу.

ТМҚ шоттары бойынша Дт (1300 бөлімше) – 3 276 теңге

Активтердің кетуінен кіріс Кт 6210 – 3 276 теңге

4.Жетіспеушілікті кінәлі қызметкерге  қатыстыру

Материалдық зиянгершілікті орнына келтіру Дт-1250-126 516 теңге

Жетіспеушіліктер және жоғалтулар Кт – 1280 126 516 теңге

5.ҚҚС сомасы, ертерек есепке алынған баланстық құнын жоғалту объектісі 15%, кінәлі қызметкерге қатыстыру.

Материалдық зиянды өтеу бойынша есептеулер Дт 1250-18 977, 40 ҚҚС-Кт -3310-18977,40

6.Кінәлі адамдарға зиянгершілікті  төлету.

Ақшалай қаражат Дт-1010,1040

Материалдық зиянды өтеу бойынша есептеулер Кт-1250

3.2 Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды жетілдіру

 

Шаруашылық қызмет процесінде ұйымдар мен кәсіпорындар жабдықтаушылармен және мердігерлермен, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есептесу операцияларын жүргізеді.

Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысу міндеттерінің кешені баланстық  шоттардың маңызды топтары жөніндегі ақпараттың өңделуін көздейді, олардың жекелеген түрлерін есепке алу бастапқы ақпаратты ұсыну нысандары бойынша, шығыс ақпараттық пассивтерінің нысандарын өңдеу тәсілдері бойынша өзіндік ерекшеліктерге ие.

Қызметкерлер мен жұмысшылармен есеп айырысуды автоматтандыру талдаушылық, дәлдік деңгейлерінің көтерілуіне, жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есеп айырысудың жай-күйі туралы мәліметтердің уақытында алынуына, шоттардағы жазбалардың келісімділігіне мүмкіндік береді. Деректерді жедел өңдеу талаптың ескеру мерзімін сақтай отырып, дебиторлық берешектерді уақтылы өндіріп алуға және кредиторлық берешектерді уақтылы өтеуге жол ашады.

Ақшалай қаражатты төлеу немесе алу төлем (банк) құжаттарымен немесе кассалық құжаттармен ресімделеді. Бұл құжаттар жөніндегі ақпарат банктің шоттар бойынша көшірмесінде немесе кассирдің есебінде қорытындыланады.

Ақпаратты ЭЕМ енгізу жабдықтаушылармен есеп айырысу кешенінің кассалық және банк операцияларын есепке алу кешенімен өзара байланыстылығын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру