Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 13:40, курсовая работа
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Кіріспе............................................................................................................................3
1.Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру...................................................4
1.1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні........................................................
1.2.Құрылыстағы ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі......................................................................................................
1.3. Құрылыс кәсіпорындарындағы есеп саясаты мен құрылыстағы есепті ұйымдастыру...............................................................................................................
1.4. Құрылыстағы қызметті лицензиялау...................................................................
2.Құрылыстағы шығындар есебі және құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау...................................................................................
2.1.Шығындар есебінің мәні және жіктелуі............................................................
2.2.Өндірілген өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау әдістері.....................
2.3.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық тәжірибеде қолданылатын әдістері..................................................
3.Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу.....................
3.1.Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар........................................................................................................
3.2.Құрылыс кәсіпорынының қаржылық қорытынды есептілігінің ерекшелігі....................................................................................................................
Қорытынды..................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер............................................................................................
Қосымшалар................................................................................................................
Шамаланған калькуляция нақты шығындар және тоғз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады. Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ала бағалай үшін пайдаланылады.
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен рөл атқарады.
7 БЕҚС-ның 9-бабының негізінде өнім өндіруге кеткен өндірістік шығындар олардың экономикалық құрылымына сәйкес, келесідей элементтер бойынша топталады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- сақтандыруға аударымдар;
- құралдардың тозуы;
- басқа да шығындар.
Енді құрылыстағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорын өзіне тән әдісті қолдануы мүмкін. Солардың бірі – тапсырыстық әдіс. Бұл әдіс арнайы тапсырыспен орындалатын жұмыс түрін калькуляциялауға арналған. Бір ерекшелігі – құрылыс саласына негізделген, әрі шығын баптарына жекеленіп, өндірістік тапсырыстың сметалық құрылымына сәйкес, алдын-ала анықталған мөлшері бойынша құрылады.Өзіндік құн тапсырыс орындалып біткен соң анықталады. Тапсырыс орындалғанға дейін барлық шығын аяқталмаған өндіріс болып табылады. Әрбір құрылыс нысанына шығындар жеке-жеке есептелінеді, әрі әрбір есепті кезеңде орындалған жұмыс деңгейін сметалық мөлшермен салыстырып, өзіндік құнын калькуляциялайды. Бағалау тікелей орындалған жұмыс көлеміне жасалады және уақыт аралығына мән берілмейді. Бұл әдістің бір тиімділігі тапсырушы тапсырмасының әрбір есепті кезеңде қандай үлестік салмағы орындалғанынан хабардар болып отырады.
Сметаны құрғанда ресурстық және базистік-өтемдік құрылыстың құнын анықтайтын әдіс қолданылуы мүмкін. Ресурстық әдіс тарифтер мен ағымдағы бағаны қолдану арқылы калькуляциялау, қажеттілікті табиғи көрсеткіштер түрінде : материалдар, өнімдер, құрылғылар, құрылыс орнына жеткізу әдістері және арақашықтығы берілген, құрылыс машиналарын іске асыру уақыты және олардың құрамы, жұмысшылардың еңбек шығындары және т.б.
Базистік-өтемдік әдіс құнды сомалауды көрсетеді, сметалық бағаның базистік деңгейде өтелуі 01.01.1991 жылдан бастап қолданысқа енгізілген және тапсырыс беруші кәсіпорын , сонымен қатар мердігерлік кәсіпорынның қосымша шығындары есеп-айырысу жолымен анықталады, тарифтер мен ағымдағы бағаның өзгеруі өндірілетін құрылыс ресурстары процесімен байланысты нақты тарифтер мен ағымдағы бағаның өзгеруі келешектегі осы құрылыстағы есеп-айырысу процесін нақтылауға тәуелді болып табылады.
Алғашқы сметалық құжаттар локальды смета болып табылады, ортақ алаңдық жұмыс көлемі негізінде немесе үйлер мен ғимараттар шығындары және жеке жұмыс түрлері үшін базистік баға деңгейінде жасалынады, жұмыс жобалары және жұмыс құжаттарын өңдеуде анықталады. Локальдық сметамен анықталатын құрылыс жұмыстарының құны өзіне тікелей шығын, қосымша шығын және сметалық пайданы енгізеді.
Базистік баға деңгейіндегі тікелей шығындар еңбекақы төлеу құнымен, материалдар, өнімдер және құрылғылар, құрылыс машиналарын іске қосу есепке алынады.
Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеумен, жазумен, таратумен, талдап, қорытумен, ағымдағы және жорамалданған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салаға, сала ішіндегі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап, шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйелі әдістерін талдап, енгізуді көздейді. Мұнда цехтар, функционалдық бөлімшелер, жауапты адамдар, қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер және басқа да көрсеткіштер бойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндегі элементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырады және түрлі жағдайлардағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқауларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік құн туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.
Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады. Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік орталығы бойынша өндіріске кеткен шығындардың есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды.
Ал екінші нұсқада таза есептік функциямен қатар, өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ норматив пен норманы әзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмысын осылайша ұйымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Шетел кәсіпорындарында тап осындай нұсқа өте жиі кездеседі және ол басқарушы есеп деп аталады.
Сөйтіп, өндірістік есеп қаржылық есепті кеңейтеді және ол негізінен кәсіпорынның ішкі операцияларын жүргізу кезінде қолданылады. Бұл жерде қаржылық есеп есептік саясаттың аясында Халықаралық есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылса, басқарушы есеп іс жүзінде ондай тәртіппен белгіленбейді. Халықаралық есептің тәжірибесі мынаны көрсетіп берді: кәсіпорынның әрбір саласында, сала ішіндегі саласында шығындарды есепке алуды ұйымдастырудың қалыптасқан ерекшеліктері, оның үстіне көптеген кәсіпорындар мен фирмалардың капиталымен еркін айналысуына мүмкіндік беретін көпсалалы профилы бар екенін ескерген жөн, демек өндірістік есептің қатаң тәртібін белгілеу іс жүзінде өте қиын іс болып табылады.
Халықаралық тәжірибеде бухгалтерлік есеп үрдісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған. Бірінші сатыда әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады. Екінші сатыда есеп деректері жіктеліпжәне оларды бухгалтерлік есеп шоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде, бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады. Үшінші сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады. Төртінші бухгалтерлік есеп үрдісінің қорытынды сатысында кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы, әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Кәсіпорын туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкес, ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа біріктіріледі. Бірінші топқа осы кәсіпорында қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатаы. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар, олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытымен еңбекақы және басқа да жәрдемақы, сыйақы алу үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бәсеке шартында кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі оның басшысының ең негізгі міндеті, яғнипайдалы жұмыстың табыстылығы мен активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты.
Қолда бар капиталды сақтап және жаңасын жұмылдыру арқылы кәсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық болып саналады.
Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеу үшін кәсіпорынның жеткілікті түрде ақшаларының және басқа да қорларының болуы, ол кәсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.
Екінші топты осы кәсіпорында жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да кәсіпорындарын, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады.
Инвесторларды олардың салынған капиталының табыстылығы қызықтырып және сонымен қатар, алдағы уақытта осы кәсіпорын үшінқолайсыз жағдайлардан болатын қауіпті ақпараттар алаңдатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кәсіпорынның акцияларын сатып алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет.
Несие берушілерді кәсіпорынға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншілігі мен одан түсетін тиесілі пайызды алу мүмкіндігі туралы ақпараттар, ал жабдықтаушы-мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен шоттарды уақытылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.
Үшінші топқа кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілер- қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері тек қана бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.
Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы ұғымға келетін болсақ, бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізгі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты, мәліметтің көлемі және тағайындалуы бойынша жіктеледі.
Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп ағымдағы және жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді. Кәсіпорынның ағымдағы (жыларалық) бухгалтерлік қорытынды есебі негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады (бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға). Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдағы қорытынды есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп, кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпараттық мәліметтер кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің өзін алғашқы және жиынтық бухгалтерлік қорытынды есеп деп аталатын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады. Оның құрамында кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы мүліктік немесе қаржылық нәтижесі көрсетіледі. Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есепті құрамында туынды немесе еншілес серіктестіктері бар шаруашылық кәсіпорындары өзінің және сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды.
Тағаындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытынды есеп ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі деп аталатын бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері шаруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік қорытынды есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және оның мәліметтерін жариялауға тыйым салынады. Ал бухгалтерлік қорытынды есептің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар, қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпараттық құралдар беттеріне де жариялайды.
Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады:
Кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебіне берілген түсініктемелік жазба кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы деректен, өткен жыл мен ағымдағы жылдың мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден және бухгалтерлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен бағалау әдістері туралы маңызды ақпараттардан тұруы керек. Бұл айтылғандардан басқа, түсініктеме жазбада кәсіпорынның келесі есепті жылдың есеп саясатына енгізетін өзгерістері жайлы мәліметтер көрсетіледі.
Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар. Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес кез келген кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есебі мынадай негізгі талаптарға жауап беруі керек – сенімділік, тұтастық, тізбектілік, салыстырымдылық, есепті кезең және рәсімделу.
Сенімділік дегеніміз, бұл – бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелері болып табылады. Сенімді бухгалтерлік қорытынды есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі стандарттарына, сондай-ақ белгіленген нормативті актілер мен ережелерге сәйкес жасалады.
Информация о работе Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу