Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 13:40, курсовая работа
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Кіріспе............................................................................................................................3
1.Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру...................................................4
1.1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні........................................................
1.2.Құрылыстағы ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі......................................................................................................
1.3. Құрылыс кәсіпорындарындағы есеп саясаты мен құрылыстағы есепті ұйымдастыру...............................................................................................................
1.4. Құрылыстағы қызметті лицензиялау...................................................................
2.Құрылыстағы шығындар есебі және құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау...................................................................................
2.1.Шығындар есебінің мәні және жіктелуі............................................................
2.2.Өндірілген өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау әдістері.....................
2.3.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық тәжірибеде қолданылатын әдістері..................................................
3.Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу.....................
3.1.Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар........................................................................................................
3.2.Құрылыс кәсіпорынының қаржылық қорытынды есептілігінің ерекшелігі....................................................................................................................
Қорытынды..................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер............................................................................................
Қосымшалар................................................................................................................
Құрамы бойынша бірэлементтіжәне кешенді шығындар деп жіктеледі. Бірэлементті шығындар – бір элементтен тұратын шығындар ( еңбекақы, материалдар, ақша аударулар ). Кешенді шығындар – бірнеше элементтен тұратын шығындар ( барлық элементтер кіретін цехтық шығындар).
Шығындардың түрлері бойынша шығындар екі топқа топтастырылады – шығындар элементі бойынша және калькуляция баптары бойынша.
Шығындардың экономикалық мазмұнына сәйкес, құрылыс кәсіпорынының өндірістік және коммерциялық қызметтерде орын алатын шығындары келесі элементтері бойынша топтастырылады:
Сонымен, пайда болу орны бойынша жіктелетін шығындар жиынтығы нақты өндіріс көлемінің шығындар сметасын құруға; құрылыс кәсіпорынының қызметінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға, сондай-ақ өнімнің ( жұмыстың, көрсетілген қызметтің )өндірістік өзіндік құнынбелгілеуге мүмкіндік береді.
Мердігерлік құрылыс кәсіпорынының шығындары келесі баптар бойынша топтастырылады:
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша шығындар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді:
Өндірістік үстеме шығындарға: өндірістік құрылыс жайлар мен құрылыс-жабдықтарды, ағымдағы күтумен, жөндеумен байланысты шығындар, қосалқы материалды қалпына келтіру бойынша шығындар, жұмысшылардың әлеуметтік салықтық аударымдары бар еңбекақы шығындары, құрылыс кәсіпорынының өндірістік бөлімшелерін жылумен, жарықпен қамтамасыз етумен байланысты шығындар және ақау жатады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей шығындар - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін ( шикізат, материалдар, аударымдар). Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде болып бөлінеді.
Құрылыс кәсіпорынындағы бекітілген әдіснама негізінде анықталып, белгілі бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына жатқызылады.
Өндіріс көлеміне байланысты айнымалы ( өзгермелі ) және тұрақты деп бөлінеді. Айнымалы шығындар – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай ( пропорционалды ) өзгеретіндер ( өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, және т.б.). Әдетте, айнымалы шығындарға шикізаттар мен негізгі материалдардың шығындарын, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын, айнымалы өндірістік шығындарды жатқызуға болады. Тұрақты шығындар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар ( жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация ).
Осыған байланысты өнімнің өзіндік құнының үш түрі бар:
Құрылыс өнімдерінің толық өзіндік құнына өндіріске кеткен барлық ресурстар кіреді. Ол есеп объектісіне келетін тікелей шығындардың сомасы мен объектіге қатысты жанама шығындар сомасынан құралады.
Құрылыс өнімдерінің тікелей ( жартылай ) өндірістік өзіндік құнын анықтағанда тікелей шығындар негізге алынады. Бұл шығындарды бағалау әдісін қолданғанда, тікелей шығындар дайын өнімдердің өзіндік құнына кіреді, ал жанама шығындар толық ағымдағы жылдың жалпы қаржылық нәтижелеріне апарылады. Осылайша, тұрақты шығындар аяқталмаған өндірісті бағалауға кірмейді.
Құрылыс кәсіпорындарының барлық жауапкершілік орталықтары бойынша өзіндік құн жауапкершілік атқарушылар қызметін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады. Негізгі есептің бірлігі мен шығындарды бағалау объектісі ретінде жауапкершілік орталық болып табылады.
Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық ( есептік ) объектіге ашылған карточкалар немесе арналған ведомост арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда ( карточкаларда ) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарушылар көрсетіледі. Ведомостарға ( карточкаларға ) тиісті мәліметтерді жазу үшін қажетті құжаттар мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар ( карточкалар ) бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы бас кітапта көрсетілген 8010 шоты бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының ( карточкаларының ) деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз ( накладной ) арқылы қоймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің құнына 1320 «Дайын өнім» шоты дебеттеледі және 8010 шоты кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі.
Кәсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік есеп үшін «өндіріске жұмсалған шығындар есебі» және «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау» ұғымдарын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Есепті ұйымдастыру жүйесі келесі кезеңдерге қарастырылады:
Осылайша, өндірістік есеп өндіріске жұмсалған шығындар есебі (1-5 кезеңдер) мен калькуляциялық есепті (4-6 кезеңдер) қамтып, өзіндік құнды басқаруда ақпаратпен қамтамасыз ететін интеграциялық жүйе ретінде көрінеді.
Өзіндік құнды түсіну үшін оны 3 жақтан қарастырайық:
Шығындар есебінің объектісі әртүрлі өндірістік шеңберде анықталуы мүмкін. Бұл ақпараттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады.Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.
«Әртүрлі мақсат үшін - әртүрлі өзіндік құн» негізгі принципі өзіндік құнның 3 түрімен жүзеге асырылады:
Толық өзіндік құн өндіріске жұмсалған барлық ресурстарды құрайда. Ол шығындар есебінің объектісіне жұмсалған тікелей шығындар мен соған қатысты жанама шығындардың қосындысынан тұрады. Жанама шығындар 2 кезеңге: жауаптылық орталығына қарай, алдын ала таңдалған базалар мен коэффициенттер бойынша дайын өнімдерге бөлінеді. Бұл бөлініс өндіріс көлемі мен аяқталған және аяқталмаған болып анықталады.
Толық өзіндік құн бойынша бағалау жүйесін жетілдіру қалыпты шығын мөлшерін бағалау болып саналады.
Нормаларға сәйкес, келешекте пайда болуы тиіс шығындарды бағалау нормативті шығындар жүйесі деп аталады. Бұл жүйенің шығындарды бағалауының қолдануының бастапқы кезеңінде шығындардың тікелей және жанама түрлерге бөлінуі жүзеге асырылатын, ал шығындардың тұрақты және айнымалы түрлеріне бөлінуі қарастырылмайтын. Мұндай жүйе стандарткост деп аталады. Өндіріс барысында қалыптасқан ауытқулар тікелей нормалардан артық шығындалуы және бағаның өзгеруі деп бағаланады. Тұтастай алғанда жүйе технологиялық бақылау үшін қолданылып, өндірістік қуаттарды пайдалануды бақылаумен байланыссыз болған. Нормативті шығындар олардың жоспарланған деңгейі қазіргі заманға сәйкес жүйелер тікелей шығындар үшін стандарттарды (нормативтерді), ал жанама шығындар үшін сметалар (бюджеттерді) қарастырады. Шығындарды бағалауды қарастырып отырған жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту өндіріс қуаттарының нақты пайдалануына келешек нормативті шығындарды есептеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, жанама шығындар тұрақты және айнымалы бөліктерге бөлінеді де, ол нақты өндіріс көлеміне сай жанама шығындарды анықтауға жол ашады.
Нормативті бойынша шығындарды бағалау жүйесі кәсіпорынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді.
Сметаны жасау құрылыс объектілерінің өзіндік құнын нормативті калькуляциялауға негізделген, осы мақсатта материалдардың, еңбек және қаражат шығындарының сметалық көлемі анықталады. Құрылыс жұмыстарының сметалық өзіндік құнының негізі, ол құрылыс материалдарын дайындауға сметалық калькуляция, құрылыс машиналарын пайдалану және еңбек шығындары болады. Сметалық нормаларды жасағанда орташа шарттар мен барлық кешенді құрылыс жұмыстары ескеріле отырып, құрылыс жұмыстарының тәсілдері қолданылады. Калькуляциялау мақсаты – шығындар түрін жүйелеп, құрылысты ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдауға әрекет ету.
Бұл мақсат төмендегідей бағытты қамтуы шарт:
Бүгінгі күні қолданылып отырған тәжірибеде көрсетілгендей құрылыс кәсіпорындары калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни:
Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың біпнеше әдістері қолданылады.
Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі болып екіге бөлінеді. Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.
Жоспарлы калькуляция - өнімге және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық калькуляция, бұл – жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
Нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады. Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлдігі анағұрлым жоғары болып келеді.
Кейінгі калькуляция өнім шығарылғаннан соң, бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады. Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты және шамаланған калькуляция жатады.
Өнімнің өзіндік құнының нақты калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол кәсіпорынға байланысты жоспарлы себептер бойынша да ( өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы ) және оған байланыссыз себептер бойынша да )материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін. Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің негізінде дайындалады.
Информация о работе Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу