Микроэкономика пәніне кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:46, курсовая работа

Краткое описание

Микроэкономика экономикалық ілімнің бір бөлімі ретінде экономикалық мамандықтарда жеке ғылым, жеке пән түрінде оқытылады. Микроэкономика жетілген және жетілмеген бәсекелі рыноктар механизмін, фирма ілімін бизнесті ұйымдастыру формаларын, өндіріс факторлары рыноктарын, рыноктық механизмнің артықшылықтары мен кемшіліктерін, тұрмыс жағдай туралы экономикалық ілімдерді талдайды. Микроэкономика- рыноктағы жеке меншік фирма, мемлекеттік кәсіпорын, адамдар топтары және жеке адамдар сияқты бірліктердің экономикасын зерттейтін экономикалық ілімнің бөлімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1-б-лім. Микроэкономика-а кіріспе 1-та-ырып. Микроэкономика п-ні.doc

— 276.00 Кб (Скачать документ)

- монополистің бәсекелесінің болмауына салаға кірудегі  кедергілер себеп болады. Олар: экономикалық немесе қаржылық, техникалық, заңдылық және т.б.

Монополияның бастапқы формасы – картель. Онда жеке өңдірушілер өнім бағасы туралы,  өткізу рыногы, өндіріс көлемі, пайданы бөлу туралы келісім жасайды.

Синдикат - өз құрамына кіретін кәсіпорындарды  жабдықтау және  өнімді өткізу  функциясын өз қолына  алады. Бұл кезде, өндіріс функциясы жеке кәсіпорынның қолында.  Кәсіпорынды ары қарай бірлестік құра отырып, өндірістік еріктілігі жойылғанда бір орталықтан басқарылатын трест пайда болады.

Трест- бір салалы немесе көп салалы болуы мүмкін. Көп салалы трест –жанама өнім өндіру нәтижесінде және бір кәсіпорын шикізатты өңдеп, екіншісі одан товар өндіріп, үшіншісі өңдеу нәтижесінде қосымша пайда табады. Көп салалы трест монополиялық бірлестіктің ең жоғарғы түрі - концернге өту жолы болып табылады.

Концерн - өзара тәуелді немесе байланысты әр түрлі сала кәсіпорындарды біріктіреді (өндірушілермен қатар сауда үйлері, транспорт-кәсіпорындары,ақша несие мекемелері т.б.). Бұндай бірлестіктер салаларык бәсекені кеміту үшін  қолданылады. Ол үшін бір  жерден жоспарлайды, жабдықтайды, сатады және басқарылады. Сөйтіп ірі комплекс пайда болады.

Концерннің ерекше түрі – конгломерат деп аталады ол өзара байланыссыз  кәсіпорындарды біріктіреді. Әр-бір кәсіпорынға еріктілік беріледі, тек бақылау жасайды. 

Салаға кірудегі кедергілер жетілмеген рыноктың құрылымның пайда  болуына себепші болады. Таза монополия  кезінде кедергілер бәсекені мүлде жояды.

Монопсония рынокты қандай да өнімді бір ғана тұтынушы болған ситуация.  

Бақылау сұрақтары

  1. Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың баға мен өнім көлемін белгілеуі. Ұзақ мерзімді тепе-теңдік.
  2. Бағалық емес бәсеке және экономикалық тиімділік.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. - Алматы: Экономика. КазГАУ, 1997
  2. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. - Алматы.: Казак университетi, 2001
  3. Нереев P.M. Курс микроэкономики. - М.: Норма, 2001
  4. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. - М.: Дело, 2001
  5. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
  6. Құдайбергенова К.С. Микроэкономика – Алматы: 2005

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11- тақырып. Монополиялық бәсеке нарығы

 

Дәрістің  мақсаты: Монополиялық бәсеке ұғымын талдау және оның ерекшеліктерін меңгеру.

 

Тақырыпқа сұрақтар:

  1. Монополияның белгілері, түрлері
  2. Салаға кірудегі кедергілер
  3. Шекті шығын мен шекті кірісті теңестіру
  4. Табиғи монополия
  5. Баға дискриминациясы

 

Тақырыпқа қысқаша  мазмұндама (тезистер): 

Монополиялық  бәсеке – салыстырмалы түрде саны көп фирманың бір-біріне ұқсас, бірақ біркелкі емес өнім өндіруі. Әр фирманың рыноктық ұқсастық үлесі аз болғандықтан өнім бағасының түбегей өзгеруіне жеке фирма әсер ете алмайды. Өндірушінің саны көп болғандықтан құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ. Монополиялық бәсекеде өндірушілер өзара тәуелсіз бірақ бәсекелесінің реакциясын есепке ала отырып, белгілі бір саясатпен жұмыс істейді. Мысалы: Монополиялық бәсекелі нарықта дифференциалданған өнім өндіреді. Өнім дифференциациясын экономикалық ғылымда бағалық емес бәсеке деп атайды. Өнім мынандай белгілері бойынша дифференциалдануы мүмкін:

    1. Өнімнің сапасы бойынша. Физикалық түрі жағынан дифференциалдануы мүмкін. (қолданылғын материал, дизайн, жұмыс сапасы, т.б.)
    2. Қызметтер бойынша. Тұтынушыға қызмет көресту ерекшелігі бойынша дифференциалданады.
    3. Орналасуына байланысты. Рынокқа алыс-жақын орналасуына байланысты баға бірлігі әртүрлі болады.
    4. Өнімді сатуды ынталандыру түріне байланысты және өнімнің сыртқы түріне байланысты. Өнімге жасалатын жарнама, буып-түю, сауда маркасы, сауда белгілері бойынша дифференциалданады.

Монополиялық  бәсеке нарығының ерекшеліктері:

    • Нарықт<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 14pt; text-decoration:

Информация о работе Микроэкономика пәніне кіріспе