Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:46, курсовая работа
Микроэкономика экономикалық ілімнің бір бөлімі ретінде экономикалық мамандықтарда жеке ғылым, жеке пән түрінде оқытылады. Микроэкономика жетілген және жетілмеген бәсекелі рыноктар механизмін, фирма ілімін бизнесті ұйымдастыру формаларын, өндіріс факторлары рыноктарын, рыноктық механизмнің артықшылықтары мен кемшіліктерін, тұрмыс жағдай туралы экономикалық ілімдерді талдайды. Микроэкономика- рыноктағы жеке меншік фирма, мемлекеттік кәсіпорын, адамдар топтары және жеке адамдар сияқты бірліктердің экономикасын зерттейтін экономикалық ілімнің бөлімі.
ДӘРІСТІК КЕШЕН
1-бөлім. Микроэкономикаға кіріспе
1-тақырып. Микроэкономика пәніне кіріспе
Дәрістің мақсаты: пәнді оқыту мақсаты микроэкономика пәнінің логикасы мен құрылымын, негізгі экономикалық түсініктерді және зерттеу әдістерін меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Микроэкономика экономикалық ілімнің бір бөлімі ретінде экономикалық мамандықтарда жеке ғылым, жеке пән түрінде оқытылады. Микроэкономика жетілген және жетілмеген бәсекелі рыноктар механизмін, фирма ілімін бизнесті ұйымдастыру формаларын, өндіріс факторлары рыноктарын, рыноктық механизмнің артықшылықтары мен кемшіліктерін, тұрмыс жағдай туралы экономикалық ілімдерді талдайды. Микроэкономика- рыноктағы жеке меншік фирма, мемлекеттік кәсіпорын, адамдар топтары және жеке адамдар сияқты бірліктердің экономикасын зерттейтін
экономикалық ілімнің бөлімі. Мироэкономиканы оқып, білу көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Өйткені рыноктық шаруашылықта индивидуалды таңдау мәселесі орын алады: не өндіру керек, қалай өндіру керек, кім үшін өндіру керек, не сатып алу керек, уақытты қалай бөлу, демалыс пен қосымша жұмыс арасында қандай таңдау жасау керек т.б. Орталықтандырылмаған жүйе туралы әңгіме болғанда (рынок) баға шешім қабылдауда ақпараттық сигнал болып табылады. Микроэкономиканы сондықтан баға құрылу туралы ғылым деп те атайды.
Әртүрлі товарлар мен қызметтерге, өндіріс факторларына бағалардың қалыптасуы ортақ зейін қоятын мәселе болады. Микроэкономика рыноктық механизмді альтернативті шаруашылық жүйелерімен салыстыруға және қызмет ету тиімділігіне баға беруге жол ашатын ғылым.
Кез келген экономикалық жүйе алдында 3 негізгі сұрақ тұрады:
Рыноктық экономикада осы сауалдарға жеке индивид жауап беруі тиіс, олардың таңдау еріктіліг бар.
Не өндіру керек деген
сұрақты қарастырғанда
Қалай өндіру керек деген сұрақ ресурстармен технологияларды таңдап алуға байланысты (изокванта,изокоста). Изокванта – қандайда бір өнімді өндіруге пайдалануға болатын ресурстар комбинациясын көрсетеді, басқаша өндірістік функция графигі деп аталады. Изокоста - өнім өндіруге жұмсалған шығындар графигі. Екеуінің жанасу нүктесі оптималды өндірістік теңдік нүктесі болады.
Кім үшін өндіру керек деген сұрақ кіріс дифференциациясын қарастырады.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер тізімі
2- тақырып. Сұраныс пен ұсыныс негіздері. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі.
Дәрістің мақсаты: Сұраныс пен ұсыныс негіздерін, мәнін анықтау.Сұраныс және ұсыныс қисығын меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Рыноктық сұраныс белгілі уақыт аралығында анықталған бағамен қандай да бір өнім санын тұтынушының қалауы және сатып алу мүмкіндігі.
Сұраныс заңы – товар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері байланыс.
Детерминант – сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар. Сұраныс детерминанттары сұраныс көлемін өзгертеді, график түрінде оңға жоғаы орын ауыстырса, сұраныс көлемінің өскенін; солға қарай төмен орын ауыстырса, кемігенін білдіреді. Негізгі сұраныс детерминанттары: мода және рекламаның әсерінен тұтынушының талғамының өзгеруі; тұтынушының саны; товардың бірін-бірі толықтыратын немесе алмастыратындығына байланысты. Егер товарлар бірін-бірі алмастыратын болса, біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген сұранысты көбейтеді, ал егер товарлар бірін-бірі толықтыратын болса, біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген сұранысты азайтады; тұтынушының кірісі жоғарлаған сайын сапалы, қымбат товарға сұраныс көбейеді; тұтынушының болашақтағы баға өзгерісі мен кіріс өзгерісінің күтуі.
Рыноктық ұсыныс белгілі уақыт аралығында, белгілі өнім санын, анықталған бағамен өндірушінің рынокқа шығаруы.
Ұсыныс заңы – товар бағасы мен ұсыныс көлемі арасындағы тура байланыс.
Негізгі ұсыныс детерминанттары: ресурстардың бағасы; технология; салықтар мен дотациялар; басқа товарлардың бағасы.
Рыноктық тепе-теңдік
QD=QS, бұнда тұтынушының жоспары
мен өндірушінің рыноктағы
Икемділік – тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді.
Егер Ed>1 болса, баға бойынша сұраныс икемді деп аталады.
Егер Ed<1 болса, баға бойынша сұраныс икемсіз деп аталады.
Егер Ed=1 болса, оны бірлік икемділік.
Егер Ed=0 болса, оны абсолютті икемсіз.
Егер Ed=∞ болса, оны абсолютті икемді.
Сатудан түскен ақша көмегімен Ed бағалауға болады:
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер тізімі
3 -Тақырып: Сұраныс және Ұсыныс икемділігі
Дәрістің мақсаты: Нарықтағы жағдайларды зерттеген уақытта сұраныс пен ұсыныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгерненін зерттеу үшін икемділік коэффицентін меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Нарықтық сұраныс – барлық тұтынушылардың кезкелген бағамен сатып алатын тауарларының жалпы көлемі.
Нарықтық сұранысқа әсер ететін негізгі фактор – тұтынушылардың саны. Нарықтық сұраныс жеке сұранысқа әсер ететін факторларға байланысты өзгереді. Нарықтық сұранысқа халықтың саны, оның демографиялық құрылымы, отбасындағы адамдардың саны мен шетелдік туристер әсер етеді.
Сұраныс және ұсыныс икемділігі.
Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэфициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегеліп отырған сұраныс функцияның факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар:
Сұраныстың бағалық икемділігі.
Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті ( Ep ) заттың бағасы 1% - ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстьың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:
Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса және тауардағы бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін график түрінде көрсетейік.
Бұл графикте сұраныс
көлемі бағаның өзгеруіне
Сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бағаның проценттік өзгеруінен көп болғандықтан, бағаның төмендеуі тауарларды сатудан түскен түсімді көбейтіп отыр.
Түсім дегеніміз – тауарлардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: TR = P*Q,
Мұнда, TR – түсім, m;
P – тауардың бағасы, m;
Q – сатылған тауардың көлемі, дана.
Көбінесе, ауыстырушы (субститут)
тауарлары көп болатын
Егер бағаның өсу проценті сұраныс көлемінің өсу процентінен көп болса және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын болса, онда сұраныс икемсіз болады деп айтамыз. Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыратын тауарлары аз болатын тауарларға сұраныс икемсіз болады
Егер бағаның 1 проценттік өзгеруі, сұраныс көлемін бағасы шамаға өзгертетін болса және баға өзгеруіне байланысты жалпы түсім өзгермейтін болса, онда тауарға деген сұраныс икемділігі 1-ге тең болады.
Сұраныстың бағалық икемділігінің төмендегідей екі ерекше түрі бар.
Сұраныстың бағалық икемділігін (СБИ) қарастырған уақытта оларды нүктелік және доғалық икемділік деп бөлеміз. Нүктелік икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі, ал доғалық – орташа көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін (Ер(D)) анықтағанда төмендегідей формулаларды қолданамыз.
Ep(D)= - нүктелік икемділік.
Ep(D)= - доғалық немесе сызықтық икемділік.
Q1Q2 – 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі;
P1P2 – 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.
Егер СБИ-дің абсолюттік мәні 1 мен , (1<|Ep|<) аралығында болса, онда сұраныс икемді дейміз. Ал егер осы айтылған көрсеткіштің мәні (0<|Ep|<1)|Ep|=1) болса, онда сұраныс икемсіз деп аталады. Егер |Ep|=1 бұл жағдайда сұраныс икемділігі бірге тең болады.
Егер Ep(D) мәні оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауары болады
СБИ-ді есептеуді заттың бағасы өзгеруіне байланысты тұтынушылар шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін жорамалдау үшін қолдануға болады.
СБИ |
Жалпы түсім (шығындар өзгеруі) | |
Баға төмендегенде |
Баға жоғарыланғанда | |
Икемді сұраныс (Ep>1) |
көбейеді |
азаяды |
Икемсіз сұраныс (Ep<1) |
Азаяды |
көбейеді |
Икемділігі бірге тең сұраныс (Ep=1) |
өзгермейді |
өзгермейді |