Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 09:52, курсовая работа
Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннаң кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциалының негізі, бәсекеқабілетті өндіріс ғана экономиканың бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының өндірістік саясаты осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижиесінде жалпы экономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату
КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ.Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
1.1.Бәсекелестің түрлері мен формалары
1.2 Кәсіпорынның бәсекелік стратегиясы
1.3.Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі
ΙΙ-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
2.1.Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
2.2.Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер көздері
Өнім мен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті тығыз байланысты болғанымен, мағыналары жағынан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері мыналар:
– біріншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір қысқа уақыт аралығында анықталса, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, салыстырмалы түрде, ұзақ уақыт бойынша анықталады;
– екіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушылардың әсеріне тікелей байланысты. Ал кәсіпорынның тиімділігін кәсіпкердің өзі анықтап, керек кезінде өндірістік-өткізу қызметіне қажетті стратегияларды енгізіп отырады. Кәсіпорынның бәсекелік қабілетті деңгейі туралы мәлімет инвесторлар мен әріптестер үшін маңызды. Тұтынушы үшін өндірістің тиімділігі мен шығындық көлемі қызықтырмайды;
– үшіншіден, кәсіпорын бірнеше өнім түрін шығарумен қатар, өндіріске байланыссыз басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін (мәселен, инвестициялық, делдалдық және т.б). Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті барлық өнім ассортиментінің бәсекелік қабілетіне және әр бір қызмет түрінің орындалу тиімділігіне байланысты.
– төртіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайды, бірақ толық көлемде емес. Мәселен, өнімнің бәсекелік қабілетін бағаны төмендету арқылы қамтамасыз етуге болады. Алайда, осы өнімді өндіруге кеткен шығын көлемі толық жабылмай, табыс болмауы да мүмкін. Бұл кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері ықпал болып, оның бәсекелік қабілеті төмендеуі де мүмкін.
Сонымен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, өнімнің бәсекелік қабілетіне қарағанда, экономикалық маңызыжағынан кең ұғымды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен анықталады:
– өнім сапасының нарықтық және нақты тұтынушылардың талабына сай болуымен;
– сатып
алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;
Біздіңше, өнімнің бәсекелік қабілеті көрсетілген негізгі кешенді үш факторларға тәуелді:
1. Міндет – өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
2. Жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.
3. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік қабілетінің кепілі болады.
Аталған 3 факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет. Автордың пікірінше, өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандарттарының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ өнімнің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды жағдай.
Жалпы экономикалық қауіпсіздік ұғымын басты назарда ұстау қажет – яғни, мұнда экономикалық тез қарқынмен ұзақ мерзімді тұрақты дамуы қалыптасады. Бұл жағдай өндіріске қажет ресурстың толықтығын, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімді тиімді әдіспен, жан басына шаққандажеткілікті көлемде өндіру, оны тоқтаусыз өткізуді қамтамасыз етеді. Бәсекелік қабілеті арттыру механизмі – бұл кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттерді арқылы сипатталады. Дұрыс таңдала білген механизм осы кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестерімен ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмі нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат, мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика, экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс. Тамақ өнімдері өзінің тұтыну қасиеттеріне сай басқа сала өнімдерімен ерекшеленеді. Ең алдымен, ол қасиеттерге: адам ағзасына тигізетін әсері, құрамындағы белок, май және органикалық қосындылардың үлесі, сақталу мерзімі, иісі, түсі, дәмі жатады. Осы қасиеттер бұл сала өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жағдайына өзіндік ықпалын тигізеді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мерзімі іс-әрекеттің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктерді өзіндік сипаттары бойынша, 4 топқа бөлінеді:
1 топ – өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
2 топ – өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
3 топ
– өнімнің тартымдылығын
4 топ
– өнімнің бәсекелік қабілетін
қамтамасыз ету немесе
Бұл тетіктердің әрбірі белгілі бір дәрежеде нарықтағы тұтынушылардың сұранысы мен талап-тілектеріне, тауардың өмірлік кезеңіне байланысты ықпал етуі мүмкін. Қандайда бір бәсекелік тетікті қалыптастыру немесе оны іске асыру әр кәсіпорынның өнім шығару сипаты мен ол өнімді өткізу ерекшеліктеріне байланысты ұсынылған топтағы тетіктерді іске асырудың көптеген бағыт-бағдары және жолдары бар.
Ендігі кезекте, өнімнің бәсекелік
қабілетін арттыру
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық шұжық өндіруші кәсіпорынның сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда, әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірістер саналатын мемлекеттер, өздерінің бәсекелік ықпалымен, еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын «игеріп алуы» қиын емес.
Әсіресе, бұл мәселе елдердің Халықаралық Сауда ұйымына кіру барысында өткір күйінде қалып отыр. Ішкі нарықтың сыртқы өндірушілерге кедергісіз ашылуы отандық өнімнің оларға тосқауыл боларлық бәсекелік қабілетіне сүйенеді.
Қазіргі кезде әлемнің 130 жуық мемлекеті әлемдік сапа жүйесін бақылайтын Халықаралық стандарттау ұйымына мүшелікке өткен. Бұл ұйымның дацындаған, 7 қағидадан тұратын сапаны басқару стандарттарына отандық шұжық шығару кәсіпорындары өнімдерін сәйкестендіру — әлемдік нарықта бәсекелесудің алғы шарты. Ол қағидалар кәсіпорынды мыналарға міндеттейді:
– үрдістерді айқындауға;
– олардың реттілігі мен өзара байланыстарын белгілеуге;
– оларды тиімді пайдалану мен бақылаудың әдістерін анықтауға;
– осыған қажетті ресурстармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге;
– үрдістерді бақылауға, өлшеуге және талдауға;
– жоспарланған нәтижелерді алуға және осы үрдістерді әрдайым жетілдіруге қажетті шараларды іске асыруға;
– ИСО 9001:2000 талаптарына сай осы үрдістерді басқаруға.
Сондықтан да, ішкі нарықтағы шұжық
өнімдерінің бәсекелік
2.2. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдары
Бәсеке қабілеттілікті арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижиелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттер арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру үшін келесі факторлардың жоғарылату жолдары қарастырылуы тиіс. Бұл факторлар өнімді зерттеуде өзіндік сипаттары бойынша 4 топқа бөліп қарастырылады:
Бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорының сапа жүйесін жетілдіру.
Екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу.
Үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорын маркетингті жүйеін жетілдіру.
Төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекетті қолдау.
Ұсынылған топтағы тетіктерді (өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмі іс-әрекеттердің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді) іске асырудың көптеген бағыттары мен жолдарын ашып көрсетуге болады.
Ішкі нарықтағы өнімдердің (“Үркер косметикс” ЖШС-тің өнімдерінің) бәсекелік қабілеті, ең алдымен, олардың сапасына байланысты.
Өнімдердің сапалық деңгейі
бірнеше тұрғыда анықталады. Әлемдік
нарыққа шығудың негізгі жолы
болып халықаралық спа
Өндіріске инновациялық және ғылыми-техникалық
жетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы
озық технологияларды пайдалану
тек өнімнің сапалық
Бірінші жағдайда өндеуші өнеркәсіптердің соның ішінде косметика өндеу кәсіпорындарының инвесторлар үшін тартымдылығы төмен екендігі ескере отырып бұл кемшілікті жою мақсатында сол кәсіпорындардың өздері нақты ұсынстарды алға тартуы тиіс. Өйткені, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске тарту ірі көлемдегі қаржы көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұндай ұсыныстарының қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
қосылған құн тізбегі бойынша өнім шығаруды дамыту жолдарын айқындау. Яғни, өнімнің шикізат түрінен дайын өнімге айналуына дейінгі өндірістік процесті ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Косметика өнімдері де белгілі бір
мөлшерде жағымдылық, пайдалану уақытына
сай жарамдылық, сақталу мезгілі
иісінің тартымдылық
Жалпы “Үркер косметикс” компаниясының сапалы косметика: иіс сабын, сабын сулар, парфюмерия, кремдері т.б өнімдері арқылы өте сапалы және жағымды екені бәрімізге мәлім.
Косметика өнімдерінің бағасы, ең алдымен оны маркетингтік жүйесіне, оның тиімділігіне және көлемдік өзгерістермен оның бәсекелестік қабілетіне байланысты болып келеді.
Бұл орайда, кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру барысындағы назары өндірістік шикізаттың бағасын, яғни шығынды төмендету жолдарын іздестіруге бағытталуы тиіс.
тұтынушылар
мемлекет
Кәсіпорын қызметінің бәсекелік мақсаттары
Әрбір өнім бойынша баға стратегиясы және маркетинг тактикасы
Баға саясаты
Өндірістік өнімнің бағасы
Бәсекелестердің ықпалы
Баға саясатының қағидалары
Шикізат ресурсары, шығындар
Бағаны қалыптастыру факторлары
3-сурет
Кәсіпорынның баға саясатын
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында, оның бағалық тиімділігін жоғарылату мақсатында маркетингтің орны жоғары.
Кәсіпорындағы маркетингтің негізгі орны, бағалық емес бәсекеде, өндірушінің нарықтағы бәсекелестерінен өнімдерін тиімді өткізу көрсеткіштері арқылы ерекшеленуімен ықпал етуімен байланысы болуы тиіс.
Кәсіпорындарда арнайы маркетингтік жүйені ұйымдастыру олардың нарықпен тығыз байланыста жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.
Ұсынылатын маркетингтік бөлімді, атқаратын қызметтеріне байланысты үш бағытқа бөліп қарастыруға болады.
Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттары
Табыстылықты
арттыру
Өндіріс көлемін ұлғайту
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру
Нарықтың жаңа бөлімін иемдену
Нарықтағы беделін өсіру
Маркетингтік зерттеулер мен кәсіпорынның дамуын болжау
Тұтынушылар талғамын зерттеу және нарыққа жаңа өнімдер шығару мүмкіндіктерін бағалау
Өнімнің сұранысын қалыптастыру жолдарын табу және жарнама қызметтері
Информация о работе Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы