Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 09:52, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннаң кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциалының негізі, бәсекеқабілетті өндіріс ғана экономиканың бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының өндірістік саясаты осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижиесінде жалпы экономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату

Содержание

КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ.Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
1.1.Бәсекелестің түрлері мен формалары
1.2 Кәсіпорынның бәсекелік стратегиясы
1.3.Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі
ΙΙ-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
2.1.Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
2.2.Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер көздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОСПАРЫ.docx

— 133.53 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда айтылғандарды назарға  ала отырып, стратегияны кәсіпорын  саястынан бөліп, басқарудың жеке функциясы  ретінде қарастыру керек деген  қорытындыға келеміз.

Кәсіпорын стратегиясы мен саясаты  өзара байланысты болады. Бір жағынан, стратегия кәсіпорын саясатының норма мен принциптеріне бағынышты  болса, екінші жағынан, американдақ  экономистердің зерттеулері көрсеткендей, сол принциптері мен нормалары  стратегиядан келіп шығады. Бұл жерде  кәсіпорынның стратегия жүзінде  анықталған саясаты туралы айтып  өткенді жан көріп отырамыз.

Стратегия компанияны тиімді басқаруға әер  ететін көптеген бәсекеге қабілетті  амалдар мен жалпы тәсілдерге бөлінеді.

Жалпы алғанда кәсіпорын стратегиясы  – барлық негізгі функциялар мен  бөлімшелерді қамтитын мақсаттарды, тұтынушыларды  қанағаттандыру және нарықтық позициясын нығайтуға бағытталған кәсіпорынның басқару жоспары.

Кәсіпорынның  негізгі қызметі мен бөлімшелеріне  жабдықтау, өндіріс, қаржы, маркетинг, кадрлар және ғылыми зерттеулерді жатқызуға  болады және олардың әрқайсысының стратегия  ішінде атқаратын міндеттері бар. Стратегияны  таңдау – бүкіл ұйым бойынша жинақталғн өндірістік шешімдер мен бәсекеге қабілетті  амалдарды бір арнаға келтіру. Амалдар  мен тәсілдердің мұндай бірлігін кәсіпорынның ағымдағы стратегияны  білдіреді. Жақсы ойластырылған  стратегия кәсіпорынды келешекке  дайындап, оның ұзақ мерзімді даму бағытын  белгілейді және оның нақты іскерлік позицияға орналасу ниетін анықтайды.

Кәспорынның міндеті анықтаған  басқарушы кәсіпорынның атқарар  қызмет аясын және тұтынушыларға  ұсынатын қызмет түрін айқындайды. Басқарушы кәсіпорын қызмет аясын  таңдауды стратегиялық тұрғыдан орындауы керек және ол кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасымен үйлесіп, қатар  жүруі керек.

Нақты мақсаттарды анықтау кәсіпорынға  миссияны жалпы тұжырымдаудан істің  бөлек жоспарына көшуге мүмкіндік  береді. Кәсіпорынның алға қойған мақсаттары оның қызметі мен прогресінің  бағытын белгілеуге қатысады және мақсаттар  қысқа немесе ұзақ мерзімді болуы  мүмкін. Қысқа мерзімді мақсаттар  жақын арадағы нәтижиеге бағытталса, ұзақ мерзімді мақсаттары келешекте  кәсіпорын жағдайын жақсарту үшін не істеу керектігі туралы ойлануды талап етеді.

Кәсіпорын стратегиясын айқындау үшін оның сыртқы және ішкі факторларын зерттеп шығу қажет. Менеджер кәсіпорын жағдайы  мен нарық ерекшелігі туралы анық және нақты мәліметке ие болғанда ғана дұрыс стратегияны таңдауға мүмкіншілік туады.

Кәсіпорын стратегиясы – ойланып  істелген мақсатты іс-әрекеттерден және күтілмеген оқиғалар мен күшейе түскен бәсекелік күреске жауап қайтару. Кез келген кәсіпорында қай деңгейде болсын, келешекке тәуелділік болады.

Бәсекеге  қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұым өзі бәсекелестерінің әлсіз  тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап, басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын  бәсекелестері сондай табысқа ие болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға ұшырайды.

Кәсіпорын айтарлықтай жеңіске  ие болмаған күнде де қолда бар  ресурстарға, нақты тәжірибиеге  сүйене отырып, өз стратегиясы әзірлеу  керек. Қолда бар ресурстар мен  біліктілікті қолданбайтын стратегияны  құру әрқашан тиімсіз болады.

1.3. Кәсіпорынның  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз  ету

 

Нарықтық экономика жағдайында кәсіаорын қоршаған орта тарапынан  көптеген қауіп-қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуімен, техникалық және бағдарламалық  құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық түрақтылықтың  болмауымен байланысты. Сондықтан кәсіпорын  менеджері негізгі қызетінені яғни  кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыздау сұрақтары  жүктелетіні сөзсіз.

Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты жалпы жағдайын бағалау мен болжау, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін  құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды  өзекті мәселе туады.Кәсіпорын тұрақты  қызмет ету жағдайында экономикалық қауіпсіздік сұрақтарын шешуде басты  назарды өндірістің және өнім өткізудің  қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық  және қаржылық залалдардың болмауына, ақпараттардың компьютерлік базасының  бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Біздің ойымызша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жүйесін екі тұрғыдан қарастыру керек (1-сурет).

Кәсіпорындардың, оның ішкі  “Үркер косметикс” кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесенің  бір қыры мемлекет тұрғысында, макродеңгейде  көрінсе, екінші қыры кәсіпорын шеңберінде, микродеңгейде бекітілуі тиіс.

Елімізде қалыптасқан қазіргі  экономика мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономика болғандықтан, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жүйесіндегі мемлекеттік  бағыттарды жоққа шығаруға болмайды.

Мемлекет тұрғысынаң алғандағы  сыртқы жүйенің бағыттары болып, монополияға қарсы және баға саясаты, салықтық реттеу, өнім және қызмет сапасын  мемлекеттік реттеу, импортты алмастырудың және отандық кәсіпкерлікті қолдаудың  мемлекеттік саясаты, мемлекеттік  инвестициялық саясат, кәсіпорындарды оңалту және санация болуы керек. Осы айтылған бағыттар кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады деп пайымдауға және кәсіпорын тұрғысындағы бағыттар маңызын жоймайды.

Әр кәсіпорын өзінің микродейгейдегі  экономикалық қауіпсіздікті қатамасыз  ету жүйесінің келесідей бағыттарын ұстануы керек: шығындарды, өнім сапасын  және бәсеке қабілеттілікті басқару, өндірістік әлеуетті оңтайландыру, еңбек ресурстарын  мотивациялау, контроллинг, кәсіпкерлік  белсенділікті ынталандыру, маркетинг  және логистика, инвестицияларды және инновацияларды басқару, бизнес – реинжиниринг.

Кәсіпорынның  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмнің макро және микродеңгейдегі  бағыттар бірін-бірі жоққа шығармай, кәсіпорында тең жүргізілсе, кез-келген фирманың қатерлердің, қолайсыз жағдайлардың алдын-алып, өз бизнесіне тұрақты  сипат беруіне толық мүмкіншілігі бар.

Әрине, экономикалық қатерді қамтамасыз ету дәстүрлі басқарудан біршама  ерекшеленеді, ол кәсіпорын қызметіндегі елеулі өзгерістермен, көлденең жағдайлармен, жаңа басқару мәселелерімен байланысты болады. Фирмаға кейбір факторлар кенеттен әсер еткенде, экономикалық қызметтің нәтижиесіндегі қалыпты ауытқулардың арасында олардың әсері жасырын болып қалады. Сөйтіп, егер ммкін болатын өзгерістер арнайы болжау нәтижиесінде анықталмаса, өткен мерзімде фирманың экономикалық көрсеткіштерінің мерзімді құлдырауын сәйкестендіру үшін пайдалынылған шаралар (шығындарды азайту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті дамыту, өткізуді белсенді ұйымдастыру) өзгерістерге жасалтын алғашқы жауап болып қарастырылады.

Экономикалық  қауіпсіздікті қамтамазыз ету жүйесі

Мемлекет деңгейіндегі бағыттар

Кәсіпорын деңгейіндегі бағыттар

 

  1. Шығындарды басқару
  2. Өнім сапасын және бәсеке қабілеттілікті басқару
  3. өндірістік әлеуетті оңтайландыру
  4. Еңбек ресурстарын мотивациялау
  5. Контроллинг
  6. Кәіпкерлік белсенділікті ынталандыру
  7. Маркетинг және логистика
  8. Инвестициялық және инновацияларды басқару
  9. Бизне-реинжиниринг
  10. Монополияға қарсы және баға саясаты

 

  1. Салықтық реттеу
  2. Өнім және қызмет сапасын мемлекеттік реттеу
  3. Импортты алмастырудың және отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясаты
  4. Мемлекеттік инвестициялық саяат
  5. кәсіпорындарда оңалту және санация

 

1-сурет  Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жүйесі

Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін  және белсенділігін анығырақ сипаттау неміс заңдылығы бар. Осы ел заңдылығы  бойынша кәсіпорынның экономикалық-қаржылық жағдайы 6 топтан тұратын көрсеткіштерді талдаудан тұрады. Біз осы әдістемені толықтырып, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін 9 топқа бөлеміз, ол көрсеткіштерге: өндірістік бағдарламаның орындалуы, өнім сапасы және бәсеке қабілеттілігінің көрсеткіштері, өндірістік әлует көрсеткіштері, еңбек әлуетінің көрсеткіштері, қаржылық қауіпсіздік көрсеткіштері, ісерлік белсенділік көрсеткіштері, инвестициялар және инновациялар көрсеткіштері, шығындар және өнімнің өзіндік құнының  көрсеткіштері, маржиналдық талдау негізіндегі басқару шешімдерінің көрсеткіштері (кәсіпорын қызметі  экономикалық қауіпті деңгейде болса  есептеледі) жатады.

Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін  айқындайтын көрсеткіштер тобы  2-суретте көрсетілген.

Осы ретте, біз кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін анықтау диагностикасын экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің микродеңгейдегі жүйесінің  бағыттарымен ұщтастыруға тырыстық. Микродеңгейдегі экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету (2-уретте) 9 бағыттан тұрады. Маркетинг және логистика көрсеткіштері сапа және бәсеке қабілеттілік көрсеткіштерімен қайталанып отырады, бизнес-реиндениринг міндетті алдыңғы міндеттер оң шама бермегенде қосылады деп тұжырымдауға болады, себебі бизнес-реинжиниринг кәсіпорын қызметі қайтадан жобалау дегенді білдіреді.

Маржиналдық талдау негізіндегі басқару  шешімдерінің көрсеткіштері бизнес-реинжиниринг үрдісінің бағыттарын анықтыуға  жол беретін болғандықтан, осы  топ көрсеткіштері кәсіпорын  қызметі дағдарыс жағдайында деп  шеші қабылданғаннан кейін анықталады.

Бұл көрсеткіштердің нормативті шамалары экономикалық әдебиеттерде анықталған деңгейлерден немесе саладағы орташа деңгейден кем болмауы тиіс. Негізгі  капиталдың экономикалық қауіпсіздігін  тозу коэффициенті, жаңару коэффициенті, баланс валютасындағы негізгі құралдардың  беленді бөлігінің үлесі, негігі капиталдың белсенді бөлігінің үлесі, өндірістік қуаттың қолданылуы көрсетеді.

Еңбек әлуетінің  қауіпсіздігін жұмыскерлердің орташа тізімдік санының артуы, кәсіпорындағы  орташа еңбек ақы мөлшерінің саладағы орташа айлық жалақысынан артық  болуы, еңбек өнімділігінің өсуі сипаттайды. Жоспарланған өндірістік бағдарламаның %-пен есептегендегі  орындалуы өндірістік бағдарламаның  қауіпсіздігін көрсетеді. Қаржылық коэффициенттердің оңтайлы мөлшерде болуы кәсіпорын қаржыларының қауіпсіздігін  анықтайды. Өнім сапасының және бәсеке қабілеттілігінің көрсеткіштерін тұтынушылар  арасында анкеталық сұрау жүргізу, SWOT талдау арқылы анықтауға мүмкіндік  туады. Инвестициялар мен инновациялардың  қауіпсіздігін, кәсіпкерлік белсенділік  көрсеткіштерін экономикалық әдебиеттерде анықталған әдістемемен анықтаймыз. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін  жаңа коэфициент табу арқылы емес, қолданып жүрген көрсеткіштерді жүйелеп, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын деңгейде жүргізілуі тиіс. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін осылай бағалау арқылы ғана экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жүйесінің диагностикасын толыққанды етіп көрсете аламыз.

Әр кәсіпорын өзінің бәсекеқабілеттілігін арттыру мәселесін шешетін және сол ұйымның әрбәр нарықтық  элементтерімен байланысты қамтамасыз ететін бәсекеқабілетті басқару  жүйесін қалыптастыруы қажет. Осы  орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында  нарықтық қатынастарға бейімделген  басқару жүйесін құру процессін  жеделдеткен жөн. Сонымен қатар  бәсекеқабілетті басқару жүйесінің  ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт бағдарын күшейте  түсу керек.

Кәсіпорынның бәсекеқабілетті  басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып, ақпараттық технология негізінде өздерінің  міндеттерін арнайы функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы түсініледі. Бәсекеқабілетті  басқару жүйесі – бұл қоршаған орта факторларының ықпалы негізінде  өзін-өзі дамыту және өзін-өзі реттеу қабілетті бар күрделі ағза.

Кәсіпорынның  бәсекеқабілетті басқару жүйесінің  негізгі қағидасы – бұл кәсіпорынның қызмететуі мен дамуының стратегиясы  және мақсаттарды таңдаудағы негізделген  өндірісті басқару жүйесінің  бағыт бағдары негізінде жаңа технологиямен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі.

Қазіргі басқарудың жүйелік қағидаларына мыналар жатқызылады:

Жүйенің өздігінен ұйымдастырылып және өзін-өзі  басқаратын иновациялық элементтерін қалыптастыру және дамыту қарқыны.

Көлденең байланыстарды күшейту  және тік құрылымдарды орталықсыздандыру.

Еңбек процесінің гуманизациясы

Басқаруды тік іс-әрекет процесіне  ғана емес, сонымен қатар соңғы  нәтижиеге бағыттау.

“басқарушылық”  экономикасын кәсіпкерлікке айеалдыру  үшін адам ресурстарының потенциалын  өсіру.

Объект және субъект арасындағы кері байланытың негізінде басқарудың барлық элементтерінің жағдайына жүйелік  бақылаудың ұйымдастырылуы

Оң және теріс әсер ететін ауытқуларға әсер ету

өндірістің  бес факторы-еңбек құралы, еңбек  заттары, капитал, ақарат және адамдарды  біріктіру есебінен басқаруды тиімді ету.

Адамға деген қарым-қатынас тек  мақсатқа жетудің құралы ретінде  ғана емес, сондай-ақ басқарудың мақсаты  ретінде де болуы керек.

Басқару жүйесінде басқарудың мақсаттылық, стратегиялық, маркетингтік, функционалдық  және басқа да түрлерін ұтымды үйлестіре  отырып жүзеге асырған жөн. (2-кесте  көрсетілген)

Тауардың бәсекеқабілеттілігін бағалау  талданатын өнімнің салыстырылатын база параметрлерін қою арқылы жасалады. Салыстыру базасына сатып алушының қажеттілігі мен үлгі жатады. Үлгі дегеніміз – максималды сату көлемі немесе болашақта өткізу даму долашағы бар балама тауар. Бәсекелтік көрсеткіштің бірлік есебі төмендегі формула  брйынша есептеледі:

q I = Пi /Пin  *100%      [1]

Информация о работе Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы