Каржыны баскаруды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 00:15, курсовая работа

Краткое описание

Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................3-5
I тарау Қаржыны басқарудың теориялық негіздері................................5
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы ............................................5-9
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару...... 9-11
1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі.....................................................................12-26
ІІ тарау Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары......26
2.1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы.............................................................................................................26-29
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды жетілдіру.........................................................................................................29-39
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................40-41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Каржыны баскаруды жетілдіру курстық жұмыс.docx

— 84.18 Кб (Скачать документ)

 Ұлттық экономиканы мемлекеттік басқару, сонымен қатар оның басты экономикалық, саяси, және әлеуметтік мақсаттарын жақсарту үшін мына маңызды кезеңдерді жүзеге асыру қажет:

- біріншіден, мемлекеттік  биліктің үш тармағындағы барлық  басқару деңгейіндегі құқықтық  реттеуді жүзеге асыру ( республикалық, аймақтық, жергілікті );

- екіншіден, жетілген жеке  кәсіпкерлікті дамыту үшін институционалды-құқықтық  бағыттарды қалыптастыру ( бақылау  және қадағалаудың жаңа әдістерін  қолдану);

- үшіншіден, экономиканы  басқару субъектісіндегі мемлекеттік  функцияны жоспарлы-координациялық  қадағалау (шектеулі ұлттық ресурстарды  тиімді бөлу мақсатында елдің  шаруашылығын индикативті стратегиялық  басқару);

- төртіншіден, мемлекеттік  және жеке секторларды функциялауға  ақша ресурстарымен қамтамасыз  етудегі мемлекеттің қаржылық  – бөлу (бюджетті-фискалды) функциясын  жетілдіру (мысалы, экономиканың барлық  салаларындағы өнімдерге мемлекеттік  тапсырыстар есебінің өсуі, сәйкесінше, мультипликация эффектісінде сұранысты  ұлғайтады);

- бесіншіден, мемлекеттік  қызметкерлерден бастап, жеке кәсіпкерлерге  дейінгі барлық рынокқа қатысушылардың  білім деңгейін жоғарылату жұмыстарын  жүргізу.

Басқару деңгейіндегі бөлу процесінен кейінгі даму мен нығаю, мемлекеттік функцияның қалыптасуына әкеледі. Осыдан кейінгі функцияның әрі қарай дамуы қоғамның мақсаты мен міндеттеріне байланысты.Мемлекеттік органдарда басқару жүйесі ішкі және сыртқы функцияларды орындаудағы ұйымдастырумен анықталады. Қабылданған жіктемеге сәйкес ішкі функцияларға: саяси, экономикалық, әлеуметтік, салық салу және қаржылық бақылау, құқық қорғау және азаматтардың еркіндігі, құқықтық реттеу заңдарын қамтамасыз ету жатады. Ал сыртқы функцияларға: әлем экономикасының интеграциясы, елді қорғау, ғаламдық мәселелерді шешу (экологиялық, шикізат, энергия, демография және т.б.)  үшін басқа елдермен қарым-қатынас жасау жатады.Әрбір қызмет бойынша басқарудың элементтерінің толық жиынтығы мақсаттылық, болжау, жоспарлау, бақылау, есепке алу, реттеу, ақпараттық қамсыздандыру, әдістемелік қондырғыларды қосуы қажет.Қызметтердің орындалуы органдарға бекітілген ресурстармен қамсыздандырылады : материалдық, қаржылық, табиғи, еңбектік, ақпараттық және қажеттілігі нақты жағдайлармен анықталатын басқа да ресурстар.

 

 

 

Кесте 1- Басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік функциялардың бөлінуі

Басқару деңгейі

Функция мазмұны

1

2

Республикалық мемлекеттік басқару

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қаржы жүйесінің толықтығын қамтамасыз ету; табиғи ресурстарды сақтау; мемлекеттік меншікті басқару; қоғамдық және мемлекеттік қорғаныс; бұқаралық кбайланыс және ақпарат құралдары; мемлекеттік ақпарат ресурстарын сақтау және т.б.

Бірлескен мемлекеттік басқару – республикалық және аймақтық

Республикалық органдардың толық бақылауындағы бірлескен республикалық және аймақтық құқықтық шешімдерді жүзеге асыру.

Аймақтық басқару

Республикалық және бірлескен мемлекеттік басқару функциясынан бөлек, мемлекеттік басқару функциясы


 

Қазақстанда мемлекеттік басқару екі деңгейге бөлінген: мемлекеттік республикалық және мемлекеттік аймақтық басқару. Мемлекеттік басқарудан жергілікті өзін-өзі басқару бөлініп шығады.Экономиканы мемлекеттік басқару міндетті түрде әлеуметтік, саяси басқарумен тікелей байланысты.Саясаттағы және экономикадағы бетбұрыстардың жүзеге асырылуы мемлекеттің құрылымына сай келетін сапалық тұрғыдан жаңа жергілікті шаруашылықтың қалыптасуын, биліктің түрлі деңгейлері арасында бюджеттік қатынастардың қағидалық тұрғыдан өзгеше үлгісін өңдеуді талап етті. Бюджеттік жүйе бөлігіндегі бюджеттердің дербестігі қағидасы алғашқыда бюджеттің бекітілуі биліктің өкілетті органдарымен жүзеге асырылатындығын, ал оның орындалуы  - биліктің атқарушы органдарымен жасалатындығын білдіреді.Бюджет жүйесінің құрылымы мен деңгейлері мемлекеттік құрылғы құрылымына сәйкес келеді және елдің Ата Заңымен анықталып, Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы"  Заңында баяндалған. Осыдан туындай отырып, біз иерархияның төрт деңгейін қабылдаймыз : 1-жергілікті өзін- өзі басқару, 2- аудан ( қала), 3- облыстар және Астана мен Алматы қалалары, 4- республика. Бірінші деңгей Ата Заңның 89-бабына сәйкес салыстырмалы дербестікке ие болғандықтан, мұнда үш бюджеттік деңгей қарастырылады.Рыноктық қатынастар жағдайында жергілікті басқару органдарының қызмет ету саласы кеңее түседі, сондықтан олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық мазмұндағы мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет ете алады. Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын, мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды, бюджеттік сала құрылымын қайта құру, аумақтың экономикалық өркендеуі үшін қолайлы шарттар қалыптастыру сияқты аса маңызды міндеттерді жүзеге асыру жүктеледі.Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарға мемлекеттiк қызметтiң кәсiбилiгi мен тұрақтылығын арттыруға, мансаптық өсудi ынталандыруға, ықпалды кадрлық резерв қалыптастыруға, кадрларды оқытудың жалпы мемлекеттiк жүйесiн құруға, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк және құқықтық қорғау шараларын күшейтуге бағытталған өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi болып отырБұл орайда мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды жетiлдiру процесiнiң басты бағыттарының бiрi қызметтiк баспалдақ бойынша өсудiң мансаптық жүйесiне ауысу болмақСыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы күрестiң құқықтық тетiктерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру проблемасы үнемi назарда ұстауды талап етедiСонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмысы үшiн деп адамдарды негiзсiз жауапқа тартуды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының шеңберiн заңдық тұрғыдан белгiлеп алған жөнСол сияқты, сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiктен жалтартуға жол бермеу мақсатында қолданыстағы заңдарға мұндай құқық бұзушылықтарды орау мерзiмiн ұлғайту тұрғысында тиiстi өзгерiстер енгiзу маңызды болмақ Шетелдiк азаматтар асырап алатын кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мәселелерiн заңмен реттеу, сондай-ақ мүгедектердiң құқықтарын қорғау туралы заң қабылдау қажеттiлiгi туып отырЭкономиканы мемлекеттiк реттеу саласындағы заңдар экономиканы мемлекеттiк реттеудiң оңтайлы тетiгiн жасау және оның қызмет iстеуiне қолайлы жағдайлар туғызу саласындағы қатынастарды реттеуге, нарықтық қатынастарға қатысушылардың әлеуметтiк-экономикалық даму процесiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн реттеуге тиiс 
                                  Қорытынды

Қаржы жоспарларын орындаудағы, қаржы тәртібіндегі алшақтықтарды жоюға бағытталған жедел шараларды дер кезінде қабылдау жөніндегі қаржы аппаратының мүмкіндіктері едәуір артады. Қаржы қызметкерлерінің БАЖ-дан алған ақпараттары оларға көптеген нұсқалар мен оңтайлысын таңдауды есепке алу негізінде қабылданатын басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта қаржы органдарның төменгі жергілікті органдарының, аудандық және қалалық қаржы басқармаларының жұмысына қаржы есеп-қисаптарын автоматтандыруды енгізу көкейтесті мәселе болып отыр. Іс жүзінде мұндай жұмыс оларда инспекторлар мен экономистердің автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) енгізумен басталады, бұл орындарда жеке пайдаланудың микро ЭЕМ-і қолданылып отыр. Әсіресе, бұл халықтың табыстары жөніндегі мағлұмдамалардың көптеген және үнемі өзгеріп отыратын мәліметтерімен іспеттес болатын салық агенттері үшін өте көкейтесті мәселе.Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайында ойдағыдай іс-әрекет ететін айта кету қажет. Тек осы жағдайда ғана ол қаржы аппараты жұмысының мазмұнын айтарлықтай езгертуге мүмкіндік береді.Экономиканы мемлекеттiк реттеу қажеттiлiгi, соның iшiнде жеке меншiк иесiнiң инфрақұрылымдық дамыту, өнеркәсiптiң бiрқатар салаларын айта құру, табиғи монополиялар қызметiне оңтайлы тарифтер белгiлеу, көптеген эксперименттiк және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстардағы iргелi ғылыми зерттеулердi жалпы мемлекеттiк ауқымда қаржыландыру және ұйымдастыру мәселелерiн шешуге мүдделi еместiгiнен туындайды. Бұл мiндеттердi шешудi мемлекет инвестициялық, тарифтiк, салық және сауда саясатын жүргiзу арқылы өзiне алуға мәжбүр болып отыр. Әлемдiк тәжiрибенi зерделеу көптеген дамыған елдер орнықты даму сатысына экономиканың белгiлi бiр салаларындағы мемлекеттiң белсендi рөлiнiң нәтижесiнде қол жеткiзгенiн, оның мемлекеттiк экономикалық реттеу жүйесi арқылы iске асырылғанын көрсетедi

Сондықтан экономиканың одан әрi дамуы рынокқа қатысушылар қызметiн осыған барабар мемлекеттiк реттеу арқылы, бiрақ олардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне деген конституциялық құқығын сақтау және терiс пиғылды бәсекеге жол бермеу жағдайында жүзеге асырылуы тиiс. Және де бiрiншi кезекте шағын және орта бизнесте, сол секiлдi аграрлық секторда жұмыс iстейтiн отандық тауар өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауға бағытталуы тиiс. Сол секiлдi экономикалық қызметтiң импорт алмастыру, өндiрiстiң негiзгi құралдарын жаңғырту, сонымен бiрге инновациялық қызметтi дамыту секiлдi бағыттарын үйлестiре дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлер мен тетiктер әзiрлеудi қарастыру керек.Уақытша қиындық көрiп отырған, бiрақ экономика үшiн маңызды кәсiпорындардың немесе тiптi тұтас салалардың банкротқа ұшырауына жол бермеуге бағытталуы тиiс "өнеркәсiптiк саясат" дегенге ерекше назар аудару қажет. Өнеркәсiптiк саясат мiндеттерiне бәсекелестiктiң өсуiн қолдауды, оны ынталандыруды және кеден заңдарын одан әрi жетiлдiру есебiнен экспорттық және импорттық ағындарды реттеудi жатқызуға болады.Мұнымен қатар ұлттық компаниялардың, өкiлеттi органның және мемлекеттiң жауапкершiлiк салаларын ажырата отырып, ұлттық компаниялар мәртебесiн нақты белгiлеген жөн.

Қаржы, банк заңдары экономиканың жаңа нарық қатынастарында жұмыс iстеуi үшiн оңтайлы құқықтық ортаны одан әрi де қамтамасыз етуi, қаржылық құралдардың дамуына ықпал жасауы және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауға жәрдемдесуi тиiс.Елдегi қаржы саясаты мен ақша айналымы саласында басымдықтары мемлекеттiң, азаматтардың және заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғаудың нақты құралы ретiндегi қазiргi заманғы тұрақты ұлттық қаржы нарығын нығайтумен, мемлекеттiк саясаттың құрамдас бөлiгiнiң бiрi ретiндегi тиiмдi қаржы жүйесiнiң жұмыс iстеуiмен байланысты. Бұл мақсат: ұлттық қаржы жүйесiнiң негiздерiн жетiлдiру; қаржы құралдарын қолдану саласын кеңейту; қаржыларды мемлекеттiк реттеудi күшейту және мемлекеттiң қаржылық қызметiн нығайту; қаржы ресурстарына ие тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау; Қазақстанның халықаралық қаржы жүйесiне кiруi жөнiнде кешендi шаралар әзiрлеу және республиканың қаржы рыногында шетелдiк қатысудың шарттарын белгiлеу арқылы iске асырылуы мүмкiн.

Банк қызметiнiң құқықтық базасын дамыту заң шығару процесiнiң маңызды мiндетi болып табылады. Нарық принциптерiне толық дәрежеде сай келетiндей, клиент пен банк арасында тең құқықтық қатынастар орнауына, дүниежүзiлiк банк практикасында жалпыға танылған банк қызметтерiнiң жаңа түрлерiн дамытуға ықпал ететiндей банк қызметiнiң заңнамалық реттеуi қажет. Қор рыноктарын реттейтiн заңдарды одан әрi дамыту қажет

 

 

                          ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.

3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). — Алматы: ЮРИСТ, 2002.

4. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. — Алматы: 1999.

5. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Алматы: 2005

6. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. — М.: 2001.

7. Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. - Петербург: 2000.

8. Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. - М.: 1999.

9. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.

10. Госшенко Л. Н. Страхование. Учебное пособие. — Алматы: 2003.

11. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. — М.: ЮНИ-ТИ, 2000.

13. Ефимова Е.Г. Потапова И.С., Заславская М.Д. Экономическая теория: Учебное пособие. Ч. ІІ 2-е изд., испр. и доп. – М.: МГИУ, 1997.

14. Макконел Кемпбелл Р., Брю Стенли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. В 2 т.: Пер. с англ. 11-го изд. Т.1 – М.: Республика, 1995.

15. Экономика: Учебник по курсу «Экономическая теория» / Под ред. А.С. Булатов. – М.: БЕК, 1997.

16. Солнцев В. Государственное регулирование цен и контроль за их применением // Экономист, 1996, №9.

17. Экономист 2000. №7. С.25;  №10. С. 15.

18. Арынов Е.М. Экспортная ориентация национальной экономики. - Алматы, КИСИ, 2002.

19. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. -Алматы: Казахстан, 1999.

20. Финансовая система Казахстана. Зейнельгабдин А.Б.,Астана – 2008 г.

21. Налоги РК и развитых стран. Нурумов А.А., 2005 г.

22. Основы финансов. Мельников В.Д., Алматы – 2007 г.

23. Банковское дело. Сейткасимов Г. С., 2007 г.

24. Налоги и налогообложение в РК. Нурхалиева Д.М., 2007 г.

25. Налоговое право РК. Худяков А.И.,2003 г.

26. Банковская система Казахстана. Сейткасимов Г.С., 2008 г.

27. Макконнелл К. Р., Брю С. Л. Экономика. Баку. 1992. Т. 1. Гл. 17.

28. Обухов Н. П. Кредитный рынок и денежная политика // Финансы. 1995. № 2. С. 21 - 22.

29. Самуэльсон П. Экономика. М. 1992. Т. 1. Гл. 16, 17.

30. Фишер С. Дорнбуш Р. Шмальгези Р. Экономика. М. 1993. Гл. 27, 29

 

 


Информация о работе Каржыны баскаруды жетілдіру