Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 00:15, курсовая работа
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................3-5
I тарау Қаржыны басқарудың теориялық негіздері................................5
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы ............................................5-9
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару...... 9-11
1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі.....................................................................12-26
ІІ тарау Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары......26
2.1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы.............................................................................................................26-29
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды жетілдіру.........................................................................................................29-39
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................40-41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................42
- төлемдердің бюджетке түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау;
- мемлекеттің кірістері бойынша мемлекеттік есептемені жинаудың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;
- Ұлттық банкпен келісім бойынша конкурстық негізде үкіметгік қарыздарға, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшін екінші деңгей банктерін, бастапқы дилерлерді, лид-менеджерлерді және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі басқа да әріптестерді іріктеу;
- заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында лотерея ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қызметті және өзінің құзырына жатқызылған өзге де қызмет түрлерін лицензиялау;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
- өз құзыры шегінде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
- банкроттық рәсімдердің жүргізілуін (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік бақылау, сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді тарату және оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.
Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байланысты Қаржы министрлігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
- мемлекетгік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
- өз құзырының шегінде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік - құқықтық актілерді шығаруға;
- Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;
- акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, соңдай-ақ заңнамалық актілермен және Үкімет белгілеген жағдайларда билік етуге;
- өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
- бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет белгілеген тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;
- бюджеттік заңнамада кезделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтарып алуға, қаржыландыруды тоқтата тұруға;
- қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;*
- ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялардың жекелеген түрлерін және өзіне зандармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар.
Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында белгілі міндеттер мен функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелер бар, басқарудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі, аппараттар функцияларының дамуы, жұмысты жетілдірудің қажеттілігі ескеріле отырып бұл бөлімшелердің құрамы мен құрылымы үнемі өзгеріп отырады.
Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында бірқатар департаменттер мен басқармалар маңызды орын алады:
Мемлекеттік бюджетті атқару департаменті;
Фискалдық саясат пен болжам департаменті;
Макроэкономика және қаржы статистикасы департаменті;
Мемлекетгік органдарды қаржыландыру департаменті;
Кірістерді талдау департаменті;
Кірістер мен келісімшарттар департаменті;
Электронды мониторинг департаменті;
Жұмыстарды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету департаменті;
Құжат айналымы және кадр жұмыстары департаменті;
Акциздерді ретгеу департаменті;
Заң қызметі департаменті;
Ақпараттық технологиялар департаменті;
Мониторинг және трансферттік баға белгілеу департаменті;
Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;
Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;
Мемлекеттік қарыз алу департаменті;
Қазыналық саясат және жобалар департаменті;
Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті;
Халықаралық қаржы қатынастары департаменті;
Халықаралық салық салу департаменті және т.б.
Департаменттер өз кезегіңце нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.
Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық бөлімшелерден тұрады.
Қазынашылык, органдары мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:
- республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;
- касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, қазынашылықтың шоттарындағы ақша қаражаттарын басқару;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды енгізу;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің бюджеттеріне есептеу;
- мемлекетгік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және есепке алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер ұйымдастыру;
- мемлекет қаржысының мән-жайы туралы ақпаратты жинау, өндеу және талдау;
- республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасының ағынын болжау;
- мемлекеттік сыртқы қарыздарды және мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес ішкі қарыздарды өтеу және қызмет көрсету кезінде ақша аударуды жүзеге асыру;
- бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені және қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту және жетілдіру;
- қазынашылықтың құзырына жататын мөселелер бойынша есептік операцияларды жүргізудің тәртібі туралы әдістемелік және нұсқаулық құжаттарды өзірлеу.
Қазынашылық қызметкерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, мемлекеттік банктердің қаржы бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар. Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы бар. Қазынашылық службаларына қазынашылық төлем операцияларының орындалуын тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға, ақшаны бюджетке өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық бюджет қаражаттарын үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары мемлекеттік кәсіпорындарға ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының және көрсетілетін қызметтер сферасының ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс кәрсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді. Олар сонымен қатар кредит және валюта ресурстарын пайдалануды, бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды Салық комитеті орындайды.Салық комитеті органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Қаржы министрлігі жүйесінде ең көбі жергілікті қаржы органдарының аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандык, қаржы басқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкішаруашьшық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен айналысады, шаруашылық органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында болады.
Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.
Салық заңнамасына сәйкес салық органдарына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Салық органдары тиісті жоғарғы салық службасы органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешілігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілі бір түрде қатысады. Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде, қаржы ресурстарын басқарғанда қаржы қатынастарына тікелей де, сонымен бірге жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-кредит саясатын жүргізген субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп, білінеді.
Қаржыны басқаруға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Стратегиялык, жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және ұйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мемлекеттің сыртқы берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және т.б.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мына департаменттерді бөліп көрсетуге болады: Салық саясаты және болжамдар департаменті; Бюджет процесінің әдіснамасы және функциялық талдау департаменті; Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті; Мемлекеттік қарыз алуды және кредит беруді жоспарлау департаменті; Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті; Халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары департаменті; Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті; Экономикалық саясат және *индикативтік жоспарлау департаменті; Мемлекеттік ақпарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қәуіпсіздік шығыстарын жоспарлау департаменті; Әлеуметтік сфера шығыстарьш жоспарлау департаменті және басқалары.
Елімізде Республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Коституциясымен, зандарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, сондай-ақ осы комитет туралы Қағидада айқындалған.
Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру — бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электронды-есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын айтады. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өндеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.
Қаржыны басқаруда қаржы есеп-қисаптарының автоматтандырылған жүйесі (ҚЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.
Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы:
1) ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету;
2) ақпараттық қамтамасыз ету;
3) бағдарламалық қамтамасыз ету;
4) техникалық қамтамасыз ету;
5) ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;
6) технологиялық қамтамасыз ету;
7) кадрмен қамтамасыз ету.
Ұйымдық-экономикалық қамтамасыз етудің қосалқы жүйесі ҚЕАЖ жүйесінде бастысы болып табылады, бюджеттерді жасау және оның атқарылу процесін автоматтандырудың әдістемелік және ұйымдық алғышарттарды жасайды, басқа қамтамасыз етуші қосалқы жүйені үйлестіреді және өзара байланыстырады, ҚЕАЖ-дің барлық деңгейлеріндегі жұмыстың әдістемелік бірлігін анықтайды.
ҚЕАЖ-да әр түрлі функциялық қосалқы жүйелер болуы мүмкін: бюджеттің жиынтық есептері, мемлекеттің кірістері, мемлекеттік мекемелердің шығыстары және бюджет есебінен жүргізілетін шаралар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы."Бюджеттің жиынтық есептері" қосалқы жүйесінде есептердің кешендері бір текті есеп-қисаптардың топтары бойынша қалыптастырылған. Басқа қосалқы жүйелердің блоктарында есептердің кешендері кірістердің немесе белгілі бір саланы немесе мекемелердің және шаралардың топтарын қаржыландыруға жұмсалатын шығыстардың түрлері бойынша бөліп көрсетілген.