Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 00:15, курсовая работа
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................3-5
I тарау Қаржыны басқарудың теориялық негіздері................................5
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы ............................................5-9
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару...... 9-11
1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі.....................................................................12-26
ІІ тарау Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары......26
2.1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы.............................................................................................................26-29
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды жетілдіру.........................................................................................................29-39
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................40-41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................42
Автоматтандырылған басқарудың орталықтандырылған жүйелерінен басқа, автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) ұйымдастыру жолымен жергілікті нұсқалар пайдаланылады. АЖО – кәсіби-бағдарланған шағын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ немесе СЭЕМ басқаратын және белгілі бір кәсіп мамандарының жұмысын автоматтандыруға арналған немесе сырттағы техникалық құралдардың кешені. АЖО жабдығының үлгілік құрылымы:
1) микро-ЭЕМ базасында басқарудың құрылғысы;
2) бейнетерминал (дисплей);
3) магнит дискілеріндегі жинақтаушы;
4) деректер жинақталымының клавитатурасы;
5) шағынгабаритті басып шығаратын қондырғы.
АЖО-ның техникамен жарақтауының мұндай құрамы тиісті бағдарламалық құралдарға сәйкес бірқатар экономикалық есептерді шешумен қатар диалогтік тәртіптемеде графиктік, кестелік, мәтіндік құжаттармен жедел жұмыс істеуге, түрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді. АЖО ақпараттарды түзетіп, редакциялауға, тұжырымдар мен қорытындыларды қалыптастыруға, мәтінді тіркеуге, аралық және ақтық нәтижелерді талдауға, АЖО-сы бар басқа қызметкерлермен ара қашықтық (дистанциялық) түрде қатынасуға мүмкіндік жасайды.
Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылган жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі бөлінеді, онда қаржы-кредитті басқарудың есептері шығарылады.
Ол өнім өндіріп, оны өткізудің белгілі бір жағдайында ең жоғары рентабелділілікке жету үшін пайдаланылатын шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Қосалқы жүйе ресурстардың жай-күйі мен олардың қозғалысының процестерін сипаттайтын басқару блоктарын қамтиды. КБАЖ-дағы қаржы есептері ақпаратгардың (өңдірістің, материалдық ресурстардың, еңбектің және т.б.) аралық массивтерін пайдалану кезінде, яғни басқарудың басқа объектілері бойынша шешілетіндіктен кәсіпорынның әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің АЖО-ны қамтитын және есептеу орталығының ЭЕМ-мен жалғастырылған АЖО-ның желісін құру қажет. Сөйтіп, екі деңгей құрылады: үлкен ЭЕМ-ның ресурстарын қажет ететін есептер шығарылатын жоғарғы деңгей және ДЭЕМ-мен жарақтанған және жергілікті желіге жалғастырылған АЖО болып табылатын төменгі деңгей. Толып жатқан ақпараттық ағымдар қалыптасатын қаржы жүйесінің төменгі деңгейлерінің техникалық құралдарының кешені құжаттарды жасаудың, көбейтудің, көшірудің, өндеудің, тасымалдау мен сақтаудың түрлі құралдарын, басқару байланысының құралдарын, дабылдама, ақпарат құралдарын пайдалануды қарастырады.Дербес ЭЕМ-ның, әсіресе кәсіби КДЕЭМ-нің, электронды поштаның, деректер жинақтамасының, мәтін және графиктік ақпаратты өңдеу құралдарының, өзге қазіргі ақпараттық техниканың болуымен байланысты басқару қызметін ұйымдастыруды түбірлі өзгертудің жағдайлары пайда болып отыр. Техникалық құралдар басқару шешімдерінің тікелей процесінде көптен-көп пайдаланылып келеді.
ІІ тарау Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары
2.1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады . Мемлекет өз алдына дербес мемлекет болып өмір сүру барысындағы атқарылатын функцияларды арнайы құрған және оған белгілі бір құзырет беріп сол арқылы белгілі бір саланы басқарушы, реттеуші әрі қадағалаушы орган арқылы жүзеге асырады. Республикамыздың негізгі, әрі мәнді саласы қаржы саласында қызмет жасаушы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Ұлттық банкi тектес атқарушы органдар жүйесіндегі орны Министрліктің атқаратын функциялары мен негізгі міндеттерінен-ақ айқындалады. Оған дәлел Министрліктің мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын, мұнда тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады. Мемлекеттің өмір сүруінде бюджеттің алатын рөлі ерекше, оған көз жеткізу үшін мына мәліметтерге көңіл аударсақ, Бюджет жобасына сәйкес, республикалық бюджет шығыстарының негізгі бір бөлігі болып саналатын әлеуметтік блокқа - білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларын, әлеуметтік төлемдерді қоса есептегенде 426 миллиард теңге жұмсау көзделген. Ал, мемлекеттік даму институттарының жарғылық капиталдарын ұлғайтуға 4,6 миллиард теңге, Астананы дамытуға 72,6 миллиард теңге, 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына 60,5 миллиард теңге бөлу жоспарлаған, соған сай 2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы желтоқсанның 1-іне дейін қабылдануы тиіс. 2005 жылы республикалық бюджет қоржынына мемлекеттік займдарды қоспағанда түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 триллион 135,8 миллиард теңге болады. Бұл 2004 жылғы межеден 200,5 миллион теңге артық болса, шығыстар 1 триллион 223,6 миллиард теңгені құрап, ағымдағы жылмен салыстырғанда 196,6 миллион теңгеге өседі. Бюджетті жоспарлау кезінде бастапқы сатыда Қаржы министрлігі және жергілікті қаржы органдары бюджеттік өтінімдердің олардың Президент жолдауына, елдің даму стратегиясына, индикативтік жоспарға және қабылданған даму бағдарламаларына сәйкестігін талдайды. Тиісті бюджеттің құрамына енгізу үшін басымдықтары бойынша оларды реттейді. Атқару сатысында шығыстарды жоспарлау кезінде белгіленген мақсаттарға қол жеткізу тұрғысынан бағдарламалардың іске асырылуын сандық және сапалық бағалау жүргізіледі. Мұндағы үнемі болатын алға қойылған маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға, мақсаттарға жетуге қажетті қаржы қаражаттарын тартып, оларды жинақтап, теңестіріп, қайта салаларға тарату және сол қаражаттардың мақсатты әрі дұрыс жұмсалуын қадағалау процестері қарастырылады.
Республикамызда кедендiк және өзге де заңнамаларының сақталуын қамтамасыз етеді, кеден iсi саласындағы iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын арнайы құрылған Кедендiк бақылау комитетi арқылы жүзеге асырады. Мемлекет болудың белгілерінің бірі өзіне тән аумағының болуы, яғни басқа да мемлекеттерден тәуелсіздігін, дербестігін және қол сұғылмаушылығын дәлелдейтін шекарасының болуы. Ал шекарадан халқымыздың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін заттардың өтіп кетпеуін немесе олардың көлемін шектеп, мөлшерлейтін, елімізде тыныштықты бұзып, алауыздық тудыратын және т.б. келеңсіздіктердің еларасына жіберілмеуін қадағалайтын маңызды да әрі қажетті орган Министрлік болмақ.
Сондай – ақ Министрлік салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң толық түсуiн, Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында салықтық бақылау қызметін арнайы құрылған мамандандырылған Салық комитеті арқылы салық саясатын жүзеге асырады.
Салық саясаты дегеніміз – қоғамның нақты даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің салық салу саласында жүргізетін іс – шараларының жиынтығы. Салық саясатының субьектісі – мемлекет. Мақсаттары: мемлекетті қаржымен қамтамасыз ету; ел экономикасын реттеуге әсер ету. Бұл анықтамалар жоғарыда атағанымыздай мемлекет маңызды қызметтерін дәл осы Министрлік арқылы жүргізетінін таңбалай түседі. Жалпы мемлекеттің бірден – бір қалтасы әрі қоймасы болып табылатын бюджет көлемінің 90% - дан асатын бөлігі ҚР – ғы тоғыз салық түрімен қамтамасыз етіледі. Яғни мемлекет өзін толығымен осы салықтар арқылы қаржыландырады десем артық болмас. Сондықтан да салықтардың дер кезінде жинақталып, әрі мөлшерлі түрде бюджетке келіп түсуінің маңыздылығы халқымыздың ұрпақ жалғастырып, дамуында ерекше орын алатыны сөзсіз.
Ал келесі бір Министрліктің басқа да мемлекеттік атқарушы органдар арасындағы ерекшелігін айқындайтын негізгі міндеттерінің бірі Ішкі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің ажырамас бөлігі, экономиканың және қаржылық жүйенің толық қанды қызмет етуіне тікелей әсер етуші құрал болып табылады. Экономиканы реттеуші дербес функция ретінде бақылау реттеу циклының маңызды кезеңінде көрініс табады, яғни реттелу объектісіне әсер етуші нақты нәтижелер нормативтік жарлықтардың және қалбылданған шешімдердің талаптарымен салыстырылады, ал тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда оларды жоюға байланысты қажетті шаралар жүргізіледі.Ішкі бақылауда бақылаудың субъектісі және объектісі ұйымдастырушы жүйенің бір буыны болады. Осыған орай Министрлік өзіне бағынышты кәсіпорынның қаржылық операцияларын тексереді. Маңыздылығы - Республикамыздың қаржы қызметінің толық қанды және оперативті жұмыс жасауына және барынша тиімді болуына себепкер болуында. Министрлiк өз қызметiн ҚР Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы ережeге сәйкес жүзеге асырады. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi өзіне жүктелген міндеттерді атқару және ҚР – ғы қаржы саласын ұйымдастырып, реттеп және бақылау қызметтерін, құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыруды неғұрлым тиімдірек, нақтырақ, жедел, жүйелі әрі нәтижелі түрде басқару мақсатында келесідей арнайы мамандандырылған органдар құрған.
Министрлiктiң ведомстволары:
-Қазынашылық комитеті;
- Кедендiк бақылау комитетi;
- Салық комитетi;
- Қаржылық бақылау және
мемлекеттік сатып алу
-Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
-Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды жетілдіру
Фирманың қаржы саласындағы сәттілігі сыртқы да, ішкі де факторлардың әрекеті есебінен қамтамасыз етіледі, және де кәсіпкер үшін, ол өзгерте алмайтын және соған бейімделуге мәжбүрлі болатын, сыртқы жағдайлар ерекше маңызды болады. Фирманың ішкі мүмкіндіктері, сыртқы факторлады тиімді әрекеттестіру мақсатында пайдаланылады.Сыртқы ортаның талдауы, соның көмегі арқылы менеджерлер әлуетті қатерлерді алдын-ала көре алатын және дер кезінде жаңадан ашылатын мүмкіндіктерді әрекетке енгізе алу мақсатында факторларды ұйымдастыруға қатынасы бойынша сыртқы факторларды бақылайтын құрал қызметін атқарады. Сыртқы ортаны зерттеу фирмаға өз уақытында нарықтық қатерлердің пайда болуын болжауға, ойда болмаған жағдайлардың пайда болуы кезінде соған дайын болуға, компанияларға алдына қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін және әлуетті қатерлерді тиімді мүмкіндіктерге айналдыруға болатындай стратегияны әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сыртқы орта – бұлда сол сыртқы факторлар, олар фирманың қызметіне ықпал етеді және, өз кезегінде, өзіне оның әсерін сезінеді. Оған жататындар: географиялық, халықаралық, ұлттық, саясаттық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқада факторлар. Қазақстанда қалыптасып келе жатқан нарықты экономикаға, ондағы жұмыс істеуші кәсіпкерлік құрылымдарға анықталатын ықпал көрсететін, негізгі факторларды санап шығайық: Қазақстанның табиғи ресурстары, Қазақстанның еңбек ресурстары (саны, демографиялық жағдайлар, білім деңгейі, біліктілік, мәдениет), елдің территориясы (мөлшері, регионалдық және ұлттық ерекшеліктер), ұлттық менталитет (тіршілік түрі, қызмет, психология, дәстүрлер, елдің дағдалануы), халықаралық қатынастар (елдің халықаралық жағдайлары, дүниежүзінің әртүрлі елдерінің Қазақстан экономикасына және ресурстарына мүддесі), Қазақстанның мемлекеттік саясаттық құрылымы (мемлекеттік билік органдары мен басшылықтарының кәсіпкерлікке қатынасы), елдегі құқықтық тәртіп күйі, меншіктікке қатынастар (қорғалушылық, кепілдік), экономиканың монополизациялану дәрежесі, бәсекелестіктің даму күйі (ішкі және сыртқы), инфрақұрылымның дамуы (ақпараттың, көліктің, байланыстың, банк жүйесінің, тауармен қамтамасыздандырудың, маркетингтің, жарнаманың, сақтандыру ісінің, аудиттің), елдің экономикалық дамуының деңгейі (өндірістің көлемі мен динамикасы, еңбек өнімділігі), инфляция (деңгей және динамика), салық салу (деңгей және динамика), деңгей, халықтың әлеуметтік қорғалу күйі (жұмысқа тұру жүйесі, кадрларды дайындау және қайта дайындау, минимал жалақы деңгейі, зейнетақы, жәрдемақы, стипендиялар), теңгенің айырбасталымдығы (ұлттық валютаның параллель айналымда болуы), техникалық және технологиялық факторлар.Әртүрлі қауіптер сыртқы қоршаған ортаның әртүрлі саласында пайда болуы мүмкін. Бұл салаларды зерттеу ұйымның сыртқы ортасының дамуының құралған беталыстары туралы толық көріністі алуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сипатты, экономикалық факторларды талдау кезінде әншейінде инфляцияның, салықтың қарқындарын, елдің жұмыс істеу сипаты мен деңгейін, кәсіпорын – серіктестердің төлеу қабілеттіктерін, ақшалай есептесу күйлерін және тағы басқаларды қарастырады. Саяси факторларды қарастыру кезінде заңның өзгеру күйі мен динамикасын, биліктің жергілікті органдары мен орталықтанған үкіметтің нормативтік актілерін, экономиканың құқықтық реттеудің даму деңгейін, атап айтқанда, монополияға қарсы заңдарды, несиелік саясатты, несиені алуға қойылатын шектеулерді және жұмыс күшін жалдауды және басқ. қарастырады.Нарықтық факторлар компанияның тиімді жұмысына тікелей ықпал етеді. Оларды зерттеу, фирманың басшыларына стратегияны нақтылауға және оның нарықтағы жайғасымын бекітуге мүмкіндік береді. Бұл жерде демографиялық жағдайлардың өзгерісін, саладағы бәсекелік деңгейін, нарықтың үлесін, оның үкіметпен қорғалу жағдайларын және т. б. зерттейді. Фирма басшылары, ұйымның түршілік-тынысына күрделілік тудыратын, оларда өтетін өзгерістердің пайда болу кезеңін жіберіп алмау мақсатында, технологиялық сыртқы ортаны тұрақты түрде бақылауға тиісті. Бәсекелік факторларын талдау фирманың басшылары жағынан бәсекелестерінің әрекетін тұрақты бақылауы қажеттігін бағдарлайды. Осы салада төрт диагностикалық аймақты бөліп көрсетуге болады: бәсекелестердің келешек мақсаттарын талдау, олардың ағымдағы стратегиясын бағалау, бәсекелестердің нақты мүмкіндіктерін бағалау, бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын зерттеу.Сыртқы ортаның әлеуметтік факторларын есептеу өзгеріп отыратын қоғамдық құндылықтармен, қатынастармен, күтулермен және мінездермен байланысты. Экологиялық тұрақтылық болмаған жағдайларда, тура осы әлеуметтік ортада көптеген проблемалар туындайды, олар фирма үшін үлкен қатерлер туғызады. Осы проблемаларды табысты жеңіп шығу үшін, ол өзіде әлеуметтік жүйе сияқты, сыртқы ортаға бейімделе отырып, өзгеруі қажет.Ақырында, халықаралық факторларды қарастыру, сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны алып тастағаннан соң, отандық ұйымдар үшін бұл ерекше маңызды орынға ие болды. Көптеген ірі және орташа компаниялар халықаралық нарықта белсенді әреке етуде. Фирмалардың басшылары осы сегменте болатын жағдайларды бақылауға шақырылады. Сыртқы ортаны талдау, жоғарыда қарастырылған оның аяларын зерттеу, фирманың басшыларының келесі сұрақтарға жауап беруін жеңілдетеді: Фирманың стратегиясына сыртқы қоршаған ортадағы қандай өзгерістер ықпал етеді? Қандай факторлар ұйымның ағымды стратегиясына ерекше қатер төндіреді? Жалпы фирмалық мақсаттарға жету үшін қандай мүмкіндіктер мүдделі болады? Фирманың сыртқы жағдайларының маңызды аспектілерінің динамикасын жүйелі қарастыруында, оның меншікті әлуеттерін, күшті және әлсіз жақтарын талдау қажет. Бұл жерде бағалануы маңызды: пайда болатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алатындай фирманың ішкі күштерінің бар екендігі, оның әлсіз жақтары қандай, қиындау сыртқы қатерлермен байланысты проблемаларды шешуді күрделендіреді. Ішкі проблемалардың диагностикасы үшін қолданылатын әдіс басқарушылық зерттеу деп аталады. Ол ұйымның әртүрлі функционалдық аймақтарын кешенді зерттеуге негізделген және қойылған міндеттерге байланысты қарапайымда, күрделіде бола алады. Зерттеуге бес функционалдық аймақтың қаралуы кіреді: маркетинг, қаржы мен есеп, өндіріс, қызметкерлер, және де ұйымдастыру мәдениеті және ұйымның имиджі.Фирманың маркетингілік жүйесін талдау кезінде, ережеге сай, зерттеудің жеті маңызды сегментін бөледі. Бірінші нарық үлесі және бәсекеге жарамдылық. Нарық үлесі пайызбен оның жалпы сыйымдылығына қатынасы, ұйымның жұмыс істеу деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналады, өйткені фирманың нарықтық үлесі мен оның жұмысының тиімділігі (пайдасы) арасында белгілі бір тәуелділік болады.Ұйымның орнықтылығын көп жағдаймен анықтайтын, ассортименттің әртүрлілігі мен сапасы ерекше маңызға ие болады. Бұл жерде әртүрлі тәсілдемелер мүмкіндікті. Бір фирма шектелген ассортиментке бағдарланады, өйткені өзінің басты табысын өнімнің сапасын қамтамасыздандырумен бағалайды. Екінші фирма жыл сайын ондаған және жүздеген жаңа бұйымдарды игереді.Нарықтық демографияның маңызын асқын бағалау қиын. Мұндай текті өзгерістерді нарықта және клиенттер құрылымында зерттеу фирма үшін өте қиын міндет. Қоғамның әлеуметтік бөлінуі, халықтың негізгі массасының табыс деңгейінің өзгерісі, қоғамдық құндылыұтың түрленуі оны күрделендіреді.Нарықтық зерттеулер мен әзірлеулер өте маңызды. Тұрақты бәсекеге жарамдылықты ұстап тұру үшін, фирмаға кең конъюнктуралық зерттеулер жүргізу, жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді әзірлеу, жаңа нарықтарды іздеуді жүзеге асыруы қажет.Клиенттерге сатуға дейінгі және кейінгі қызмет көрсету бірте-бірте маңызды роль атқаруда. Сатудан кейінгі тиімді және дұрыс қызмет көрсету сату көлемін арттыруға, оны қалыптастыруға және сатып алушылардың фирмаға деген көзқарасын жақсартуға ықпал етеді, сату бағасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.Соңғы уақыттарда өткізу, жарнама, тауарды жылжыту өте үлкен маңызды орынға шығуда. Бұл көрсеткіштер талдаудың орталық орынын алады. Фирма нарықтағы табысқа қол жеткізе алады, егер ол өзінің тауарлары мен көрсететін қызметін өткізу үшін құзыретті және белсенді өткізушілерді тартса, шығармашылықты жарнамалар әзірлесе, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алушыға жылжуының тұтас жүйесін әзірлесе.Дегенмен, әрине, ең бастысы бұл пайдалылықты талдау. Пайда кез келген коммерциялық ұйымның қызметінің тиімділігінің қорытындыланған көрсеткіші. Сондықтан қызметтің барлық бағытынан, әртүрлі тауарлар мен көрсетілетін қызметтен түсетін пайданы тұрақты бақылау, басқарудың маңызды функциясы болып табылады.Ұйымның қаржылық күйі, нарықта басшылардың қандай тактика мен стратегия таңдауын анықтайды. Қаржылық күйді жан-жақты талдау, осы салада ұйымның әлуметтік резервтерін айқындауға көмектеседі. Қаржылық күйді талдау қаржылық тексеру әдістерімен жүргізіледі.Фирманың өндірістік әлуетін талдау әдістемесі, өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін бағалаудың кәдімгі әдістемесінен көп айырмашылықты болады. Бұл, бірінші кезекте, стратегиялық басқаруға, дамып келе жатқан нарықтық қатынасқа бағытталумен түсіндіріледі. өндірісті тұрақты түрде зерттеу фирманың ішкі құрылымының сыртқы қоршаған ортадағы өзгерістерге дер кезінде бейімделуіне және оның нақты ортадағы өміршілдігіне өте үлкен маңызы болады.Егер менеджмент бағыныштыларының көмегімен үлкен ақша көлемін қалай жасауға болатынын түсіндіретінін ескеретін болсақ, онда қазіргі компаниялардың көптеген проблемаларының шешімі кәсіптік білікті мамандармен қамтамасыздандыруға, және олардың басқаруына тәуелді болады. Теңестірілген команда нарықтық жағдайда, жақсы басшылық жасалған кезде, көп нәрсеге қабілетті.Фирманың ұйымдастыру мәдениеті мен имиджіне ерекше тоқталып өту қажет. Әлеуметтік орта келесі кісілерден тұрады: басшылар, бағыныштылар. Ұйымдастыру мәдениеті ұйымдастыру аясындағы адамдардың мінез-құлқынан тұрады. Жалпы, мәдениет алдын-ала берілген, бұрын анықталған бола алмайды. Ол – қоғамдағы өзара әрекеттің нәтижесі, ең бастысы қатынастар мен оқу арқылы беріледі және ұсталады. Фирма шеңберіндегі мәдениет оның ұжымының мүшелерінің тәртібі, мінез-құлқы арқылы айқындалады.Ұйымның сыртқыда, ішкіде имиджі қызметкерлерінің, клиенттерінің көмегімен және тұтас қоғамдық пікірден алынатын әсермен анықталады. Қоғам алдындағы жақсы ат пен атақ, фирмаға ұзақ уақыт өзінің серіктестерін сақтауға, тапсырыскерлер санын арттыруға көмектеседі. Фирманың қаржылық нәтижелері көбінесе оның ортасының жалпы мәдениетіне тәуелді болады.Қазақстандағы бүгінгі жағдайларда, кәсіпорындарға өзінің өміршеңдігін сақтау үшін нарықтағы әрбір қадамын есептеп отыруы керек, кадрлар мен кәсіпорынды басқаруда тұрақты түрде инновация енгізу қажетті. Ең күрделі жағдайлардан оңтайлы шығудың амалын табуы және тәуекелдікке ойлы баруы қажет. Сондықтанда фирманың білікті менеджерінің және бүкіл командасының білікті, кәсіптік жұмысы өте маңызды.Тиімді басқару мен команданың жоғары сапалылығы кәсіпорынды кез-келген дағдарыстан алып шыға алады. Фирманы басқарудың бүкіл механизмі қысқа, сонымен қатар барлығын қамтыған болуы қажет; оған кіруге міндетті: өнімнің ассортиментін басқару жүйесіде, кәсіпорын қарыздарын басқару жүйесіде, қаржылық және салықтық жоспарлау жүйесіде, маркетингілік жүйеде және көптеген басқалары. Басқарудың осындай тиімді рычагтарын кәсіпорын қаншалықты жақсы игеріп, қолданса, соншалықты оның өміршеңдігі артады, және қазіргі ауыр өтпелі кезеңде табысқа жету сенімі жоғарылайды. Бірінші кезекте фирманың қаржылық табысының технологиясына тоқталу қажет. Оның әрбір жұмыскерінің әлеуметтік және материалдық қорғалынуы, ол жұмыс істейтін компанияның қардыжық орнықтылығына тәуелді болады. Сондықтанда, фирманың қаржылық-экономикалық жағдайларын жақсартуды менің есебінен жүргізуге болатыны туралы мәселелер тек қана жетекшіні, басқарушыларды, акционерлі ғана толқытып қоймайды, бұл мәселе үшін оның түгелдец ұжымының, барлық жұмыскерлерінің басы ауырады. Қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі бүгінгі таңда инвестициялық тартымды болып табыламайды (олардың 40 % жуығы залалды, және жуық шамамен соншасы орнықпаған қаржылық жағдайда болып тұр). Инвесторлардың ұсынатын шарттары, көп жағдайда кәсіпорын үшін өте тиімсіз болуыда. Осыған байланысты күйі нашар кәсіпорындар, тәжірибелік түрде, қаржылық қолдау көре алмай келеді. Мүмкін, жақын уақыттарда күйсіздік қарызгер-кәсіпорындардың сатылуының басты себебі болатын шығар. Сондықтанда кәсіпорынның қызметінде ішкі реформалау мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұжым болып іздеу қажетті мәселе болып тұр. Бұл меншікті әлуетті белсенді қолдану және оны барынша дамытуды көрсетеді, және бірінші кезекте – басқару жүйесін жетілдіру арқылы. Кәсіпорынның қаржылық тиімділігін жоғарылатудың келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады: Жылдам өткізілетін резервтерді тиімді басқару шешімдері есебінен пайдалану (ең алдымен - "тәртіпке келтіру" және нәтижелер бойынша басқару технологиясына өту). Мұндай өзгерістер бары-жоғы 2-4 ай ішінде өткізіледі және тиімділіктің 20 % дейін артуына ықпал етеді.Ассортименттік саясаттың түпкілікті жетілдірілуі (пайдалылығы төмен өнімнің үлесін төмендету) және техникалық саясат (тиімсіз техника мен технологияның қолданылуының меншікті салмағын төмендету) есебінен жүргізілетін құрылымдық өзгерістер. Бұл шаралар 5-8 айдың ішінде жүзеге асырылады , 40 % дейін тиімділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.Инновациялық процестерді қалыптастыру, оған енетіндер: жаңа тиімді қызметтерді, өнімдерді, технологияларды жасау мен енгізу (оның ішінде өзгерістерді стратегиялық басқарудың технологиялары мен жүйелері), экономикалық механизмдер және тағы басқалары. Бұл өзгерістердің жүзеге асырылуы бір-біржарым жылды қажет етеді. Бір жылдан соң олар тиімділіктің 10-20 % артуын, екі жылдан соң – 60-70 % дейін ұлғаюын бере алады. Ал ары қарай жыл сайын 30 % дейін және 2-3 жыл ішінде.Бір реттік шара болып табылмайтын және тұрақты түрде қадағалауды қажет ететін, фирманың дамуының инновациялық жолының ақырғысы – бұл фирманың бәсекеге жарамдылығы. Шаруашылықтық көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында кәсіпорынды реформалауға мүдделілер:
- компаниялардың өздері, өйткені олардың қаржылық-экономикалық жағдайлары жақсарады;
- мемлекеттік билік (бюджеттің кіріс бөлімінің артуы қамтамасыз етіледі, халықтың өмірінің деңгейі жоғарылайды);
- күйсіздік пен банкроттық туралы істер бойынша мемлекеттік басқарманың территориалық агенттігі;
- банктер, инвестициялық қорлар және басқа инвесторлар, өйткені несиелердің қайтарылмау тәуекелі төмендейді.
Фирманың қаржы табысы көп жағдайда оның жетекшісінің, бас бухгалтерінің және заңгерінің біріккен жақсы жұмысына байланысты болады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері конструктивті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін өте маңызды. Фирма жетекшісінің бүгінгі күндегі байыпты проблемаларының бірі қолдағы бухгалтерлік ақпараттың негізінде оңтайландырылған басқару шешімін қабылдау мүмкіндігінің болмауы. Осыдан қазақстандық бухгалтердің басты мақсаты кәсіпорынды айыппұлдын қорғау немесе, болмады дегенде, оны төмендету.Фискалдық саясатты жүзеге асырудың бірнеше әдістемелік үлгілері бар. Біздің көзқарасымыз бойынша ұсынып отырған үлгілер келесідей (сурет3). Бірінші үлгі бойынша жергілікті және республикалық деңгейде салық құқығын толығымен жіктеу, яғни әрбір деңгейдегі үкімет өзіндік салық тізімін бекітеді. Мұндай үлгі әсіресе АҚШ-та кеңінен қолданылады. Бұл ел – мемлекет пен оның өңірлері арасындағы фискалдық қатынастардың тұрақтылығы жағынан, осыған байланысты еш қандай заңдылық шоттардың жоқтығына қарамастан, алдынғы елдердің бірі.Екінші үлгі Қазақстанда әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу мақсатында, жұмысшылардың табысына салынатын салықтардың ставкасы мен оларды қайта бөлу проблемасымен байланысты. Бұл үлгіні екі бағытқа бөліп қарастыруға болады. Біріншіден шет елдің тәжірибесін мұқият зерттей келе, Қазақстан басқа елдердің жасаған қателіктерін қайталамауы үшін, жұмысшылардың күнкөріс минимумынан жоғары табыс алмайтын көздерінтікелей салықтың барлық формаларынан (табысұа салынатын және әлеуметтік салық басқа да ұсталымдардан) босату қажет. Минималды көлемде табыс алатын жұмысшылар, мемлекет шығынын қаржыландыруға және өзінің зейнеткерлік ресурсын жинақтауға қатыса алмайды және қатыспауы да керек. Мұндай тұжырымдамадан ақшаны өндіріп алу мағынасыз да, себебі олар бәрі-бір сол мемлекеттің есебінен жәрдем ақымен қамтамасыз етілетіндер жүйесіне кіреді. Мұндай практика қосымша есептеулер мен қаржылық жұмыстардан басқа қоғамға ешқандай пайда әкелмейді.Екіншіден, біздің еліміздегі салық жүйесінің негізгі қызметін фискалдықтан ынталандырушы қызметіне қайта бағыттау қажет, яғни қоғамда орта тап санының ресми арттыру үшін жалақыға салынатын салықтардың ставкасын төмендету. Бүгінгі күнде көптеген компанияларда өз қызметтерінің жоғары жалақыларының сомасын жасыру үшін қос бухгалтерия жүргізуде.Көптеген елдердің статистикалық мәліметтері дәлелдеп берген макроэкономикалық заңдылыққа сәйкес – салық алымдарының деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, экономикалық өсу қарқыны соғұрлым төмен, және керісінше, салық жүктемесі неғұрлым төмен болған сайын макро және микро деңгейдегі экономикалық өсудің мүмкіншілігі де жоғары.Үшіншіден, кез-келген салық саясатының негізгі мақсаты ретінде фискалдық және ынталандырушы рөлдері арасында оңтайлы қатынасқа қол жеткізу тұрғысынан қарастырамыз. Сонда салық саясаты салық жүктемесін анағұрлым әділетті бөлу, оңтайланған салық ставкасына көшу мен салық жүйесін жеңілдету қажет. А.И. Худяков пен Г.М. Бродскийдің Салық салу теориясы атты еңбегінде, салықтарды пайдалану сипатына байланысты жалпы және арнайы «мақсатты) салықтар деп жіктейді. Салық салу жүйесінде кейбір салықтар бюджетке келіп түскең соң, бюджеттің басқа да кірістерімен араласып, жалпы қажеттіліктерге жұмсалады, яғни бұл – жалпы бағыттағы (абстракциялы) салықтар. Ал енді кейбір салықтар нақты бір шараларды қаржыландыру үшін қолданады, яғни бұл арнайы салықтар. Мәселен бұған әлеуметтік салықтарды жатқызуға болады. Қазіргі кезде арнайы салықтар (бұрын бюджеттен тыс қорларға аударылатын) бюджетте ерекшеленіп көрсетіледі. Айта кету керек, көп жағдайларда арнайы салықтар бюджеттен тыс арнайы қорлардың табыс көзі ретінде бекітіледі.Үшінші улгі, салықтың әрбір түрін бюджет деңгейлері арасында бөлшектеместен, әртүрлі деңгейдегі бюджетке салықтарды тұтасымен түрлері бойынша нақтылы бөлу. Бұл әсіресе жергілікті бюджеттердің нақтылау рәсімдерін жеңілдетер еді.Қарастырылған осы үлгілер еліміздің қаржы саласындағы бірқатар мәселелерді шешіп береді. Атап айтатын болсақ: Біріншіден, субвенциялар мен алымдар көлемдерін бекіту тұрақтылығы жергілікті атқарушы органдарға жеткілікті бюджеттер жобаларын қалыптастыруды республикалық бюджет жобасының жасалуын күтпестен-ақ жүзеге асыруға міүмкіндік беру.