Каржы нарыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 21:58, курсовая работа

Краткое описание

Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.

Содержание

Кіріспе 3
I. Қаржы нарығының теориялық негіздері 5
1.1Қаржы нарығының құрылымы мен мәні 5
1.2 Қ.Р. қаржы нарығының қалыптасуы 8
2 Қазақстан Республикасының қаржы нарығы 14
2.1. Қаржы нарығының даму бағыттары 14
2.2. Қаржы нарығының кемшіліктері мен жетістіктері 18
3 Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақты дамуы. Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін дамытуда 28
Қорытынды 30
Пайданылған әдебиеттер тізімі 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Каржы нарыгы.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны. Ұдайы ондірістік процесс кезіндегі несиенің рөлі. Несие мен ақшаның өзара байланысы. Несиенің құрылымы. Қазақстандағы несие нарығынын жағдайы. Несие нарығының құралдары. Несие түрлері. Мемлекеттік несие. Коммерциялық несие. Иппотекалық несие. Халыкаралық несие.

Валюта  нарығы: түрлері және оның дамуындағы негізгі кезеңдер. Валюта нарығының дамуы. Валюта нарығы дамуындағы негізгі кезеңдер мен түрлері. Валюта нарығының катысушылары. Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржадан тыс нарық және валюталарды сату-сатып алуға келісімдер. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық реттеу. Валюталық реттеудін нысандары мен әдістері. Қазақстандағы валюталык реттеудің негізгі бағыттары. Жаһандандыру жағдайындағы Қазақстан Республикасының валюталық саясаты. Қазақстанда валюталық режимді либерализациялау. Валюталық бағам және валюталық операциялар. Валютаға сұраныс пен ұсыныс. Валюта бағасьша әсер ететін факторлар. Валютаға баға белгілеу және баға белгілеудін түрлері. Форвардтық валюталътқ операциялар. Шетел валютасының айырбасталуы (свопы). Валюталық опциондар.

Бағалы қағаздар нарығының түсінігі жоне оның құрыльтмы мен түрлері. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі. Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы кағаздар. Туынды бағалы кағаздар. Бағалы кағаздардың жіктелімі. Қазақстан Республмкасында бағалы кағаздар нарығын қалыптастыру. Жекешелендіру, экономиканы қайта құрастыру процессі ретінде. Қазакстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.

Сақтандыру  нарығын дамытудың негізгі аспектілері. Сақтандырудын экономикалық мәні. Сактандырудың түрлері. Сақтандырудың жіктелімі. Сақтандыру нарығының қызмет ету ерекшеліктері. Сақтандыру нарығыньтң қатысушылары. Сақтандыру нарығының құралдары. Қазақстандағы сактандыру нарығының дамуы. Қазақстанда сақтандыру нарығын құқықтық камтамасыз ету. Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы.

Қаржы нарығы жүйесіндегі зейнетақы нарығының орны. Зейнетақы нарығының мәні. Зейнетақы нарығының қатысушылары. Зейнетақы жүйесінің түрлері. Ынтымақтастық зейнетакы жүйесі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау. Қазақстан Республикасывда зейнетакы жүйесін құқықтық қамтамасыз ету.

Қаржылық  делдалдылықтың артықшылықтары. Тікелей және жанама қаржыландыру. Қаржы делдалдарының түрлері. Коммерциялық банктер және несие ұйымдары. Зейнетақы қорлары. Инвестициялық компаниялар және қорлар. Сақтандыру ұйымдары. Басқа да қаржылық делдатдар.

Қаржы нарығының инфрақұрылымындағы банктердің релі. Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялык банктердің орны. Банктердің ипвестициялық және несиелік стратегиялары. Банктердің несие саясаты. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер эмитенттер мен инвесторлар ретінде. Банктердің инвестициялық портфелінің құрылымы. Инвестициялық банктер, олардың әр түрлі елдердегі қызметін реттеудің тәжірибесі. Коммерциялық банктердің брокер-дилерлік қызметі. Банктердін кастодиандық қызметі. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциялары. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру. Бағалы қағаздар бойынша табыстылық.

Зейнетақы нарығының инфрақұрылымы. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар. Банк-кастодиандар. Зейнетақы қорларының ассоциациясы. Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталық. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары мен міндеттері. Жинақтаушы зейнетакы қорлары қызмсттерінің негізгі қағидалары. Зейнетакы қорларының операциялары. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың қызметі. Банк-кастодиандардың кызметі.

Инвестициялық компаниялар мен қорлардың калыптасуы. Инвестициялық қорлардың түсінігі. Инвестициялык қорлардың қызметінің өзіне тән ерекшелігі. Инвестициялық қорлардың типтері. Бағалы кағаздар нарығындағы инвестициялық корлардың жіктелімі. Инвестициялық процестегі инвестициялық компаниялардың рөлі.

Сақтандыру қызметінің негізі. Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының алғашқы буыны ретінде. Сақтандыру компанияларының түрлері. Қазақстандағы сақтандыру комианияларының қызметі. Мемлекеттік корпорациялардың экспорттық несиелер меи инвестицияларды сактандыру бойынша қызметі.

Банктік емес ұйымдардың несие беруі. Несиелік серіктестіктің қызметі мен түрлері. Ломбардтардың қызметі. Арнайы мамандандырылған банктердің қызметі. Қазақстандағы Даму банктерімен инвестициялық жобаларды несиелеу. Қазақстандағы Тұрғын үй-құрылыстық жинақ банкінің қызметі.

Қор биржасының түсінігі. Кор биржасының пайда болуы. Қор биржасының ұйымдастырушылық, зандылық және экономикалық жақтары. Қор биржасының құрамы мен қызмеггері. Қазақстан қор биржасы айнальтмындағы қаржылық құралдар. Шетел валюталары. Айналысқа шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар. Корпоративтік бағалы қағаздар. Депозиттік сертификаттар.

Қаржы нарығын реттеу. Қаржы нарығын реттеудің модельдері. Қаржы нарығын реттеудің әдістері. Қаржы нарығының негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеудің заңнамалық негізі. Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің кызметінің негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің қызметтері, өкілеттілігі және міндеттері. Экономиканы ақша-несиелік реттеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің лицензиялау қызметі.

Агенттік қызметінің негізгі бағыты. Агенттіктің негізгі  міндеттері. Агенттіктің қызметтері. Агенттіктің басқару органдары. Лицензияны алу үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби катысушыларына койылатын талаптар.

Қаржы нарығындағы кәсіби катысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі. Өзін-өзі реттеу ұйымдарының түсінігі. Өзін-өзі реттеу ұйымдарының негізгі міндеттері. Қазақстанның өзін-өзі реттеу ұйымдарының қызметі. Кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдарының ережесі.

Әлемдік қаржы  нарығының мәні мен магынасы. Әлемдік қаржы нарығының түсінігі. Әлемдік каржы нарығы дамуының алғышарттары мен қызмет етуі. Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері. Әлемдік қаржы нарығының қатысушылары.

Халықаралық бағалы қағаздар нарығының сипаттамасы. Халықаралық қаржыландырудың негізгі нысандары. Шет ел қор нарықтары. Қор биржаларының индекстері. Бағалы қағаздар нарығын құру модельдері. Еурооблигациялар. Шетел облигациялары және акциялары. Еуродепозиттік сертификаттар. Еурокоммерциялық қағаздар.

Әлемдік валюта нарығы, әлемдік валюта жүйесінің  құрамдас бөлігі ретінде. Валют саудасының нысандары. Әлемдік валюта нарығының құрылымы. Ұлттық валюта жүйесі. Әлемдік валюта жүйесі. Халықаралық валюта курстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақты дамуы. Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін дамытуда

 

Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымының табалдырығында тұр. Соған орай Қазақстанның халықаралық  стандарттар бойынша жұмыс істеу  жолға қойылған.

Еліміздің қаржы секторындағы шыққан биігінің мақтануға тұрарлық екенін айтуға тиіспіз. Президентше айтқанда, «Қазақстанның қаржы секторындағы реформалардың табыстылығын өзіміз ғана емес, беделді халықаралық сарапшылар да мойындап отыр».

Биыл  Астанада өткен Қазақстан қаржыгерлерінің VI конгресінде -Ұлттық банкке ішкі нарықтағы бағаны реттеуге қатысты барлық өкілеттілік берілген. Осыны кәдеге жарату керек емес пе?! Өкімет те бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға тиіс», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстан Республикасының  мемлекет басшысының мәлімдеуінше «Қаржылық  секторды дамытудың тұжырымдамасында алға қойылған міндеттерді тұтастай алғанда орындалды. Негізгі мақсатқа қол жеткізіліп, еркін бәсекелестік жағдайында тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесі қалыптасты».


     Бұл істе асыра айтылған пікір  емес. Мәселен, Отандық банк жүйесінің жалпы, жеке капиталы тек қана 2003 жылдан бері қарай 5,6 есеге өсіп, 51,7 миллиард АҚШ долларына жеткен. 5,6 есеге! Әсіресе, екінші дјрежелі банктеріміздің жұлдызы жанып тұр. ТМД мемлекеттері банктері арасында алғы шептеміз. Олардың активтері жалпы ішкі өнімнің 75,4 пайызын құрайды. Бұл - ТМД емес, Шығыс Еуропа елдеріндегімен шамалас көрсеткіш. Отандық қаржы нарығындағы басқа да бірқатар көрсеткіш бойынша осы мемлекеттерге жақындап келеміз. Ал қаржылық құрылымдар қаржылыќ есеп берудің халықаралық стандарттарына көшіп алған. Бұл жағынан біз керек десеңіз, Ресейдің өзін шаңќаптырып кеттік.

   Президент қаржыгерлер алдында: «Қаржы секторы біздің жекеменшік сектор мен мемлекет бірлесіп құрған мақтанышымыз әрі бәсекедегі басымдығымыз» дегенде осынау толағай табыс тарымызды есепке алса керек. Жалан ұран емес. Алайда Нұрсұлтан Әбішұлының өзі жиі ескертетіндей, жетістіктерге тоқмейілсу, масайрау жақсылыққа бастайтын жол емес. Өйтсек, бәсекеге қабілетті алғашқы елулікке енбек түгілі сол елудің шаңында көре алмай қала береміз. Президент қаржы саласын әрі қарай дамыта түсу үшін бірқатар тапсырмалар берді. Атап өтетін болсам:

Біріншісі — отандық қаржы секторын дамытудың жаңа тұжы-рымдамасын жетілдіру. Тұжырымдама жобасы Өкіметте бірнеше рет талқылаудан да өтіп үлгеріпті. Президенттің пікірінше, Тұжырымдама жобадағыдай 3-жылдық емес, 5 немесе 10 жылдық, алыс көкжиекті қамтуы керек. «Ол дамудағы басымдықтар мен міндеттер айқын көрініс тапқан стратегиялық құжатымыз болады» деді мемлекет басшысы.

Екіншісі  — қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын нығайта түсу және дағдарыс қаупінің алдын алу. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, несиелендіру көлемінің шектен тыс қарқынмен артуы ел экономикасына көлеңке түсіруі де әбден мүмкін. 2005 жылы күмәнде және үмітсіз банк міндеттемелері 61 пайызға, ал биылғы тоғыз айда 47 пайызға өсіпті. Оның үстіне екінші дәрежелі банктер несиеге деп оңды-солды таратып жіберген қаражаттың басым бөлігі шеттен келген арзан қарыз екен. Елбасының дерегінше, тек өткен жылдың өзінде ғана резидент емес тұлғалардан алынған қарыз көлемі 62 пайызға шарықтап шыға келіпті, ал банктердің сыртқы нарыққа салған несиелік бағалы қағаздары 3 есеге артқан. Сақтанатын жағдай ма?

Үшіншісі –Алматы  қаласын қаржы орталығы ретінде дамыту. «Алматы қаласынын инвестиция тарту мүмкіндігін арттыру, сондай-ақ ондағы туристік қызмет пен инфрақұрылымды дамыта түсу бойынша іс-қимыл жоспарын жасау керек. Мемлекетіміздің қаржыгерлерін Алматының қаржы орталығы ретінде қалыптасуына белсенді түрде ат салысуға шақырамын» -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

   Төртіншісі - Қаржы секторын Дүниежүзілік Сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге әзірлеу. ДСҰ-ға кірдік деген сөз біздің нарыққа небір тіс қаққан ойыншылар мен ірі қаржы құрылымдары ағылып келіп, бәсеке күрт қыза түсетінін білдірсе керек. Осыған отандық қаржы құрылымдары дайын болмаса, бұған дейінгі табысымыздың далаға кеткені. Президенттің айтуынша, Қазақстандық банктер өз істерінің, ашықтығын қамтамасыз ететін жұмыстарды жалғастыра түсуі керек және капиталды басқарудағы шетелдік тәжірибелермен санаспаса болмайды. Менеджмент пен кызмет сапасын жақсарта түсу де маңызды міндеттердің бірі екенін естен шығаруға болмайды.

   Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министірлік  қаржыгерлері қаржы секторын дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын ұсынған. Тұжырымдаманың негізгі бір мақсаты  - қаржы жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту болып табылады. Құжатта, сондай-ақ халықтың банк өнімдеріне деген қолжетімділік деңгейін көтеру, зейнетақы қорларын дамыту, сақтандыру жүйесін жетілдіру, тағы басқалары көрініс тапқаннын атап өту керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қаржы нарығы болашақ  пен тәуекелді бағалайды. Сондықтан үй шаруашылықтары мен корпорацияларға қор жинау мен несие алу туралы шешім қабылдау ақиарат жинау қажеттілігінен басталады. Қаржы активтерінің табиғаты — бүл үлкен көлемді активтер мен ірі, жақсы ұйымдасқан нарықтарда сауда жүргізу жеңілдігі, сақтау арзандығы. Сол себептерден оларды біз басқа нарықтардағы ағын ретінде емес, қор ретіріде қарастырамыз. Қаржы нарықтарындағы нарықтық тепе-теңцік осы нарыққа ұсыныс және сұраныс көлемдері арасында орнатылады. Қорлардың сүранысы үлкен болуы үшін активтердің сапалылығы мен табыстылығы бірдей болуы керек. Ешқандай тәуекелсіз тепе-теңдік орнатылатын қызмет түрі арбитраж деп аталады. Арбит-ражды тәуекелді ұстаумен шатастыруға болмайды, біріншісі тәуекелдің толық жоқтығын қарастырады, ал екіншісі инвестордың тәуекелді болуын есепке алады. Нарық тиімді болуы үшін, ол бар активтері туралы толық ақпаратты жинап отыруы қажет және әр актив өз тәуекелділігі бойынша дұрыс бағалануы қажет. Қазақстандағы қаржы нарығы көбінесе шетел компанияларының бағалы қағаздары мен қорлары бойынша операциялар жүргізуде.

Өкінішке  орай, еліміздегі көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қор нарығына белсенді араласуға және оның мүмкіндіктерін пайдаланып, қосымша қаржы көздерін тартуға дайын емес болып шықты. Тапшылық мәселелерін шешуге мемлекеттің өз активтерін басқарудағы икемсіздігі де елеулі кедергі келтіруде. Осы уақытқа дейін үкімет ұлттық компаниялардың мемлекеттік емес облигациялардың эмитенттері ретінде қуатын да пайдаланған емес. Сондай-ақ мемлекеттік емес бағалы қағаздардың тартымдылығын арттыру мәселелері де шешілген жоқ. Көптеген эмитенттер шығарылған бағалы қағаздар бойынша кірісті уақтылы есептеу мен ақша аударуда тәртіпсіздікке ұрынады, корпорациялық басқарудың тиісті нормаларын өз деңгейінде сақтамай-ды. Мұның ұсақ акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, өзінің іс-әрекеттері жөніндегі ақпарларды ішкі және сыртқы инвесторлардың сұранысына сай тиісті деңгейде ашық көрсете алмауына әкеліп соқтыруда.

Информация о работе Каржы нарыгы