Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 21:58, курсовая работа
Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Кіріспе 3
I. Қаржы нарығының теориялық негіздері 5
1.1Қаржы нарығының құрылымы мен мәні 5
1.2 Қ.Р. қаржы нарығының қалыптасуы 8
2 Қазақстан Республикасының қаржы нарығы 14
2.1. Қаржы нарығының даму бағыттары 14
2.2. Қаржы нарығының кемшіліктері мен жетістіктері 18
3 Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақты дамуы. Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін дамытуда 28
Қорытынды 30
Пайданылған әдебиеттер тізімі 32
3.Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған жоқ. 90-шы жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір уақытты талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен (ең алдымен, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен және акционерлеумен) және мемлекет қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей байланысты. Бүгінгі таңда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін эмиссиялық ақшалай белгілерге емес, мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам жасайды. Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады: әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарды тартудың көлемі тұрғысынан және бос ақша қаражаттарды кандай да бір нарыққа жұмсау.
Бос ақша қаражаты көптеген салаларды инвестициялау үшін пайдаланылуы мүмкін: өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметте (өнеркәсіп, құрылыс салу, сауда, байланыс), жылжымайтын мүлікте, антиквариатта, бағалы металдарда, егер отандық валюта құнсызданатын болса — валютада, зейнетақы мен сақтандыру қорларында, әр түрлі бағалы қағаздарда, банк депозитіне салынатын ақшаға. Осылайша, бағалы кағаздар нарығы — бұл еркін капиталдың көптеген косымша салаларының бірі, сондықтан да ол осы капиталды өз жағына шығару (тарту) үшін басқа салалармен бәсекелесуіне тура келеді.
Қаржы нарықтарының кызмет етуін талдау оның белгілі бір сегментін, өз ережесі бойынша жеке қызмет етушілерді айыруды, бөлуді ұйғарады.
Талдаудың мақсаттарына және қандай да бір елдің қаржы нарығындағы жекелеген сегменттердің даму ерекшеліктеріне қарай қаржы нарықтарын жіктейтін әр түрлі тәсілдер болады.
Ковалевтың түсіндірмесіне орай, қаржы нарығының жіктеуі мынадай:
Валюта нарығы — бұл валюталык; құндылығы бар объектілер тауар болып табылатын нарық:
Банктер,
биржалар, экспорттаушылар мен
Алтын нарығы - бұл елдің алтын қорын толтыру және жинау мақсаттарында, сондай-ақ бизнесті ұйымдастыру және өнеркәсіп өндірісінің тұтынуы үшін алтынды сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар саласы.
Капитал нарығы өз кезегінде ссудалық капитал нарығы және үлестік бағалы қағаздар нарығы деп бөлінеді. Бұлайша бөліну осы нарыкта сатылатын тауарларды (қаржы құралдарын) сатып алушылардың арасындағы және қаржы құралдарының эмитенттері арасында катынастардың сипатын білдіреді. Егер қаржы құралы ретінде үлестік бағалы қағаздар алға шығатын болса, онда бұл қатынас меншік қатынастарының сипатында болады, ал қалған жағдайларда бұл несиелік қатынас күйінде калады.
Ссудалық капитал нарығында мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы шарттарымен ұсынылатын ұзақ мерзімді каржы құралдары айналыста болады. Ол ұзақ мерзімді банк ссудасының нарығын және борыштық бағалы кағаздар нарығын (ол да ұзак мерзімді) қамтиды.
Бағалы кағаздар нарығында бағалы қағаздардың өзі және оларды ауыстырушылар (сертификаттар, купондар және т.б.) шығарылып айналыста болады және жұтылады.
Бағалы қағаздар нарығының катысушылары болып табылатын элементтер — оған кажетті акша каражаттарды тарту мақсатында бағалы кағаздарды шығаратын тұлғалар, инвесторлар — табысты алу, мүліктік және мүліктік емес құқыкқа ие болу үшін бағалы кағаздарды сатып алушы тұлғалар; делдалдар — эмитенттер мен инвесторлардың алға қойған мақсатгарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін қызмет көрсетуші тұлғалар.
Әлемдегі экономистердің көбісі қаржы нарығының құрылымына сактандыру нарығын, зейнетақы және ипотека нарықтарын кіргізеді.
Сақтандыру
полистері мен зейнетақы
Дамыған елдерге
тән капитал нарығының
Дамыған елдердің
тәжірибесінде қаржы құралдарын
ҚР мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді ұсынудың белгіленген тәртібіне сәйкес қаржы нарығының құрылымын былайша көрсетуге болады:
Ақша нарығы. Ақша қаражаты қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы катарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.
Депозит нарығы. Халыктың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалай депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.
Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін каражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттары үшін занды және жеке тұлғаларға несие береді. Осылайша, ақшалар нарыкта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.
Валюта нарығына Қазақстан нарығына операцияларлың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастауда бойынша операцияның атқарар рөлі үлкен.
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді. Бағалы кағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Мысалы, егер депозитке банк сертификаты рәсімделетін болса, ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толыктыру үшін несие алу міндетті емес. Оның үстіне, бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісім-шартты бекітіп барып қана бере аласың. Бұл арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта бос айналысқа түсіп, өз иесін айырбастай алатын облигацияларды шығарса жетіп жатыр. Қаржы тәуекелдіктерін сақтандыру үшін сатылатын немесе сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасын уақыт оздырмай ескертуге мүмкіндік беретін бос бағалы қағаздар болады, ал оларды беру (тапсыру) кейінірек жүзеге асырылады, яғни, базалық бағалы қағаздардың бағамы жоғарылағанда немесе құлдырағанда сақтандырылады. Осылайша, бағалы қағаз ақша ресурстарының еркін қайта бөлінуіне ықпал етеді.
Сақтандыру
және зейнетақы қызметтерінің
Нарықтық экономика кезінде кез келген кәсіпорындардың жұмысын басқкару жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімнің бірі — қаржыны басқару. Нарықтық экономикаға көшкен елдерде бұл басқарудың принциптері және әдістері ХІХ-ХХ ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасып, "Қаржылық менеджмент" деген атқа ие болды. Жүз жылдан астам мерзімде қаржылық менеджмент ілімі эволюциялық дамудың жеткілікті ұзақ жолынан өтіп, көптеген өзгерістерге ұшырады.
Қаржының атқарымы және оның қаржы менеджері жұмысында білінуі туралы қаржы әдебиеттерінде екі негізгі (көзқарас) бағыт қалыптасқан:
І.Қаржы екі атқарымды орындайды — тарату және бақылау;
2.Қаржы үш
атқарымды орындайды: табысты қ
Екі бағыттың ішіндегі дұрыс негізделгені —екінші бағыт. Шындығында, қаржыны таратпас бұрын алдыменен табысты қалыптастыру керек. Яғни, ресурстарды қатыстыру арқылы ақша қаражаттары қорын қалыптастыру қажет.Сонымен бірінші атқарым қаржы менеджерінің жұмысында қаржы ресурстарын ақша қаражаты қорына толық шоғырландыру арқылы айқындалады. Атап айтқанда, толық және өз уақытында қаржы ресурстарын белгілі ақша қаражат қорына жинақтау қаржы-несие жүйесінің барлық бөлімдерінің аса маңызды мақсаты болып есептелінеді. Шындығында табыстың толық түспеуі, яғни өз уақытында сатылған тауарлардан түсімнің түспеуі, өдірісті қаржыландыру мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді, т.б қиындатады. Бұл дегеніміз — қаржы менеджерінің жіберген кателіктерін қалпына келтіру үшін қаржы көздерін іздестіру арқылы шара қолдануды қажет етеді. Өз уақытында табысты түсірудің қажеттілігі қаржы менеджерінің басты принциптерінің бірі болып есептелінеді.
Екінші атқарым —шығын жасау немесе барлық ақша түсімдерін тарату және қайта таратуда байқалады. Соныменен қаржы менеджерінің қолындағы қаржы магнитін уақытша бос ресурстарды тартып, оларды ең басымды және тиімді обьектіге салған жөн.
Қаржылық менеджмент дегеніміз — бұл кәсіпкерлік кәсіпорындардың шаруашылық әрекеті арқылы қаржыландыру процесін ұтымды басқару жүйесі.
Қаржыны басқару— кәсіпорынды жалпы баскару жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда алу мақсатында қаржы ағымын басқаруды ұйымдастырумен анықтауға болады. Қаржы менеджменті жұмыс істеу процесінде қаржы тетігіне сүйенеді.
Кәсіпорынның қаржысын басқару қаржы тетігінің көмегімен орындалады. Ол басқарушы және басқарылушы деген екі қосалқы жүйеден құралады.
Сызба1. Кәсіпорынның қаржы тетігінің негізгі қосалқы жүйесі
Басқарушы қосалқы жүйе (басқару субъектсісі) |
Басқарылушы қосалқы жүйе (басқару объектісі) | |||
Қаржы қатынасы |
Қаржы ресурстарының көзі |
Қаржы ресурстары |
Ақша айналымы |