Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 20:39, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпкерлік қатынастарда келісім бойынша тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатып алушы өзінің міндеттемелерін келісім бойынша белгілі бір мерзім өткеннен кейін орындауды мойнына алатын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайларында тауарларды жеткізіп беру және оларды төлеу арасындағы уақыт айырмашылығы түрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы төлемдерді кешіктірумен немесе мүлдем төлей алмау жағдайларымен байланысты болып келеді. Сол себепті, көптеген кәсіпорындар жетпей жатқан қаржы ресурстарын басқа қаржыландыру көздерінен тартуға мәжбүр болады. Осындай қаржыландыру көзін кәсіпорындар дебиторларға деген өздерінің ақшалай талаптарын сату арқылы алуына болады. Мұндай қаржыландыру әлемдік практикада ақшалай талаптарды беру (сату) арқлы қаржыландыру, немесе факторинг, деген атауға ие болды.

Содержание

Кіріспе

1 БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктердің факторингтік операциялары және олардың банк операцияларындағы рөлі
1.2 Әлемдік тәжірибедегі факторингтік операциялардың
даму тарихы
1.3 Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары
2 ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Факторингтік операцияларды ұйымдастыру және талдау
2.2 Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау
және бағалау
2.3 Факторингтік операциялардың құнын және табыстылығын
бағалау әдістемесі
3 ҚАЗАҚСТАНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстанда факторингтік операцияларды реттеу ерекшеліктері
мен мәселелері
3.2 Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары
Қорытынды
БИБЛИОГРФИЯ

Прикрепленные файлы: 1 файл

готовый диплом.doc

— 399.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1 Факторингтік  операцияларды ұйымдастыру және талдау

 

Факторингтік  операциялар қазіргі таңда қаржыландыру құралы ретінде кәсіпорындар қызметінде кең қолданылып келеді. Факторинг  кәсіпорындар қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен қиындықтарға жолыққан жағдайда тиімді қаражат көзі қызметін атқарады. Кәсіпорын факторингтік компаниядан (немесе банктің факторингтік қызмет көрсетуші бөлімшесінен) несиеге қаражаттар алғанмен, оны қайтарып берудің қажеті жоқ – мұны өнімді сатып алушы тұлға (дебитор, борышкер) қайтарады.

Факторингтік операцияларды ұйымдастыру механизмі түсінікті түрде 2 суретте көрсетілген.

 

Суреттегі сызбаға  қарап отырып, факторингтің келесідей  тәртіп бойынша жүзеге асырылатынын байқауға болады. Факторингтік компания немесе банктің факторингтік бөлімшесі шаруашылық жүргізуші субъектіден өнімді сатып алушының дебиторлық қарызын өндіріп алу құқығын алады және 2-3 күннің ішінде шаруашылық жүргізуші субъектіге төлем құжаттарын ұсынған кездегі тиелген өнім үшін қаражат сомасының 70-90%-ын аударады. Факторингтік компания осы шоттар бойынша сатып алушыдан төлемді алғаннан кейін кәсіпорынға комиссиялық сыйақылар мен пайыздарды шегеріп отырып, шоттар сомасының қалған 30-10%-ын аударады.

Факторингтің  құны екі элементтен қалыптасады:

  • комиссиялық төлемдер (көрсетілген қызмет үшін шот-фактуралардың сомасынан пайыздық төлемдер);
  • дебиторлық қарызды мезгілінен бұрын төлегені (аванстық төлем) үшін пайыздық төлемдер.

Дебиторлық  қарыз бойынша қызмет көрсеткені және тәуекелді өз мойнына алғаны үшін факторингтік компания дебиторлық қарыздың номиналдық құнынан 1-4% мөлшерінде комиссиялық төлем алып отырады. Комиссиялық төлемнің шамасы дебиторлық қарыз бойынша жекелеген шоттардың көлеміне, олардың сапасына байланысты анықталады. Факторингтік компанияға сатылған дебиторлық қарыз белгілі бір кезең ішінде инкассацияланатындықтан, кәсіпорын сатылған міндеттемелер үшін қаражаттарды алдын-ала алуға құқығы бар. Сол себепті алын-ала алынған сомаға (аванстық төлемге) кәсіпорын белгілі бір пайыз төлейді.

Аванстық төлем  дебиторлық қарыз бойнша қызмет көрсету  мен тәуекелмен қосылып, факторингтік компанияның несиелік қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Аталған қосымша  қызметі үшін кәсіпорын компенсациялық төлем талап етеді. Егер дебиторлық қарыздың жалпы сомасы 1000 мың теңге, ал факторингтік компания белгілеге комиссиялық сыйақысы 2% болса, онда факторингтік компания кәсіпорынды 980 мың теңгеге несиелейді. Егер кәсіпорын осы соманы барлық дебиторлық шоттар инкассацияланғанға дейін қолданғысы келсе, онда ол белгілі бір пайыз, (айталық, айына 1,5%) төлеп отырады. Егер кәсіпорын авнстық төлемді қажет етсе, ал дебиторлық шоттарды инкассациялаудың орташа мерзімі 1 тең болса, онда пайыздық төлемдер бойынша шығындар шамамен 0,15×980, немесе 14,7 мың теңге болады.

Осылайша, факторинг  бойынша жалпы шығындар факторингтік компанияның комиссиялық сыйақысынан  және кәсіпорынның дебиторлық қарызды  инкассациялағанға дейінгі алған  қаражаттары үшін пайыздардан құралады. Егер кәсіпорын дебиторлық қарыздың бүкіл сомасы инкассацияланғанға дейін өзінің есеп шотына ешқандай қаражат аудармаса, онда, сәйкесінше, ол факторингтік компанияға ешқандай пайыздар төлемейді. Сонымен қатар, егер кәсіпорын дебиторлық қарыз толық инкассацияланғаннан кейін қаражаттарды талап етпейтін болса, онда ол, сәйкесінше, факторингтік компаниядан осы қаражаттарды уақытша пайдаланғаны үшін пайыздар алып отырады.

Дебиторлық  қарызды инкассациялау мүмкіндігі, яғни өтелмеген қарыздық талаптар мен  шот-фактуралар бойынша ақша қаражаттарын алу, ең алдымен, шағын және орта бизнес субъектілері үшін тиімді. Өйткені өтімді активтердің уақытша жетіспеушілігі және дебиторлардың төлем қабілетсіздігі салдарынан қажетті көлемдегі табысқа қол жеткізе алмау мәселелері көкейтесті болып табылады. Кәсіпорынның жаңадан ашылып, өндірістік қызметінің бастапқы кезеңдеріндегі факторингтің тиімділігін тілмен айтып жеткізу қиын.

Факторингтік  операцияларға қандай жағдайларды  иек артқан дұрыс? Факторинг ақша қаражаттарын дереу алудың тиімділігі олардың мерзімі келгенде алынуының тиімділігінен артық болған жағдайда тиімді. Әдетте бұл келесі жағдайларда болады:

  • кәсіпорын қаражаттарды есептік пайыздан және/немесе факторингтің құнынан асатындай деңгейде рентабельді қолдануға мүмкіндігі болған жағдайда. Мұндай салыстыруды ақшаның уақытша құнын ескере отырып жүргізу керек. Тек факторинг арқылы тартылған қаражаттарды қолданудың рентабельділігі факторингтің құнынан нақты асатын жағдайда ғана факторингтің операцияларды қолдану керек;
  • инфляцияның әсерінен болатын зияндар факторинг бойынша шығындардан асып кететін қауіп болған жағдайда. Факторингтік шығындардың мөлшерлемесін инфляцияның болжамды деңгейімен салыстыру қажет (пайыз бойынша). Егер инфляция деңгейі жоғары болса, онда төлемнің келісімді мерзімін күтудің ешқандай мәні жоқ. Банктер де, өз кезегінде, инфляцияны ескере отырып, өздерінің оң нәтижелі табыстылығы туралы әрекет жасайды.

Факторингтік  операцияларды талдауды банктің  активті операцияларының құрылымындағы  олардың үлесін анықтаудан бастаған дұрыс. Бұл операциялар жоғары табысты операциялардың түріне жатады: олардың мөлшерлемелері қарыз алушыларға беретін несиелердің пайыздық мөлшерлемелерімен салыстырғанда бірнеше пайыздық пунктке жоғары болады. Сол себепті мемлекеттегі қолайлы экономикалық жағдайларда мұндай операциялардың дамуы коммерциялық банктердің қызметіндегі қолайлы әрі тиімді фактор болып табылады. Факторингтік операциялардың дамуының жалпы тенденциясын және олардың табыстылығын бағалау үшін талдау ұзақ мерзімді негізде және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Талдаудың келесі кезеңі факторингтік операцияларды құрылымдық талдау болып  табылады. Ең алдымен, аталған операциялар  бойынша субъектілердің (клиенттердің) салалық құрылымын талдау керек. Мұндай талдау тәуекелдерді диверсификациялауға  мүмкіндік береді. Халықаралық практикада қазіргі экономикалық жағдайдың өзінде кәсіпорындарды қаржыландыру төлемсіздік тәуекелінің өсуінсіз ақ жүргізіле беретін салаларды атап кетуге болады. Мысалға, тамақ өнеркәсібі саласындағы, сондай-ақ туристік, жарнамалық және т.б. қызметтер көрсететін компаниялар қазіргі кезде төлем қабілетсіздігімен сипаттала бермейді. Дегенмен де, банктер үшін барлық салалар бойынша тәуекелдерді диверсификациялау міндетті болып табылады.

Салалық құрылымнан басқа  аймақтар мен мерзімдері бойынша  операцияларды қарастыру қажет болады. Аймақтар бойынша талдау өзінің қызметін кеңейтудің және жаңа клиенттерді тартудың потенциалды мүмкіндіктерін банк қалай пайдаланып жатқанын анықтауға мүмкіндік береді. Факторингтік операциялар ұзақ мерзімді ресурстардың есебінен қаржыландырылатынын ескерсек, онда мұндай қызмет түрі бойынша факторингтік келісімдердің мерзімдері бойынша талдау жұмыстарын жүргізу де маңызды болып табылады. Мұндай талдау факторингтік операциялардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтау үшін қажет.

Факторингтік қызметті талдау барысында бұл операциялардың табыстылығын талдаудың маңызы өте үлкен. Осыған байланысты факторингтік операциялар  бойынша табысты шоттар жан-жақты  талдауға алынады. Әрбір мәміле бойынша  талдау жұмыстары тереңінен жүргізілуі тиіс. Аталған операциялар жоғары тәуекелді активті операциялардың қатарына жататындықтан, онда осы орайда өнімді сатып алушылардың шот фактураларды уақытында төлеу деңгейіне басты назар аудару қажет. Талданатын операциялардың әрбірі бойынша төлемдердің құрылымын қарастыру, мерзімі ұзартылған қарыздардың үлесін анықтау және оларды мерзімі бойынша талдау қажет. Мұндай талдау факторингтік операциялардың әрі қарай даму перспективаларын бағалауға мүмкіндік береді. Табыстылық деңгейін талдау барысында факторинг бойынша комиссиялық сыйақылардың құрылымын талдау және қаржыландыру бойынша шығындарды алынған табыстармен салыстыру қажет.

Қалыптасқан халықаралық  тәжірибеге сәйкес факторингтік қызмет көрсеткені үшін сыйақының құрылымында мынадай үш компонентті бөліп көрсетуге болады:

  • құжаттарды өңдегені үшін тіркеулі төлем;  
  • жабдықтаушының (клиенттің) айналымынан тіркеулі пайыз (комиссия). Бұл компоненттің үлкен бөлігі банктің көрсетіп отырған қызметі үшін төлем болып табылады, атап айтар болсақ: қаржыландыру төлемінің уақтылы жүргізілуін бақылау; дебиторлардың тауарларды уақтылы төлеуін бақылау; төлемдерді кешіктірген жағдайда дебиторлармен жұмыс жасау; дебиторлық қарыздың қазіргі жағдайын бухгалтерлік есепке алу және жабдықтаушыға тиісті есеп беру.

Оған қоса, мұнда  банктің өз мойнына алған тәуекелі үшін сыйақы қосылады: тауарларды уақтылы  төлемеу тәуекелі (өтімділік тәуекелі); дебиторлардың төлем қабілетсізідігі  тәуекелі (несиелік тәуекел); несиелік ресурстардың құнының күрт өзгеріп кету тәуекелі (пайыздық тәуекел).

Әлемдегі көптеген факторингтік компанияларда және банктерде факторингтік комиссиялық сыйақының аталған  компоненті сатып алушылардың санына, сатылым айналымына, жиілігіне, тауарлық нарықтың ерекшеліктеріне қарай 0,5-5,0% шеңберінде ауытқып отырады.

Клиенттерді дұрыс таңдай білсе және төлем талаптары бойынша  дебиторлармен қажетті көлемде  жұмыс істей білсе, факторинг  банктер үшін жоғары табысты операция болып табылады.

 

 

2.2 Қазақстанда коммерциялық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау

 

Жоғарыда біз несие ұйымдары қаржылық қызмет көрсетудің факторингтік түрін практика жүзінде асырудың заңнамалық қарапайымдылығымен қоса оны жүзеге асыру үшін қарамағында жеткілікті көлемде ресурстардың және клиенттік базасының болуынан да ұтыс табатыны қарастырған болатынбыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қазіргі даму кезеңін және ТМД елдеріндегі орнын ескере отырып, олар аталған қызмет түрін көрсете отырып, тек өздері ғана коммерциялық тұрғыдан табыс тауып қана қоймай, сонымен қатар экономикамыздың нақты секторындағы кәсіпорындардың айналым қаражаттарын қаржыландыру мәселесін шешіп беруге, сол арқылы олардың экономикалық дамуына жағдай жасай алатындай қабілетіне кепілдік беруге болады.

Қазіргі кездегі Қазақстанның банк жүйесі өздерінің клиенттеріне кешенді қызмет түрлерін көрсетумен айналысып келеді. Алайда, факторингтік операциялар арқылы несиелеу бүгінгі коммерциялық банктер арасында өзінің қажетті қолданысын және дамуын таппай отыр десек артық айтқандық бола қоймас. Оған дәлел ретінде қазіргі қазақстандық коммерциялық банктердің арасында факторингтік қызмет көрсетумен айналысатын банктердің саусақпен санарлық екенін атап кетуге болады.

Осы орайда, қазіргі  таңда факторингтік операцияларды  жүзеге асырумен белсенді түрде (қазіргі факторингтік нарықтың жағдайын ескере отырып осылай деп айтуға болатын секілді) жүргізіп отырған еліміздің танымал коммерциялық банктерінің қызметіне қысқаша талдау жүргізе кетелік. Мұндай банктердің қатарына «Банк Тұран Әлем», «Банк ЦентрКредит» және «АТФБанк» секілді банктерді жатқызуға болады. Енді аталған банктердің қызметіне қысқаша және факторингтік қызметтеріне барынша толығырақ тоқтала кетелік.

«ТұранӘлем  Банк» АҚ Қазақстандағы ең жетекші  банктердің бірі республикамыздағы  қаржылық лизингті дамытудың қажеттіліктерін  ескере отырып 2000 жылы еншілес «БТА Лизинг» АҚ компаниясын құрған болатын. Компания қазіргі кезде қаржы нарығында табысты қызмет көрсетуде және өзін сенімді әрі кәсіпқой әріптес ретінде дәлелдеп берді.

2005 жылдың 31наурызында  Жапонияның «ORIX» корпорациясы, халықаралық  қаржы корпорациясы (IFC) және ««ORIX Лизинг Пакистан» корпорациясы «БТА Лизинг» АҚ акцияларын сатып алу туралы келісімге қол қойды. 2005жылдыың 1 қарашасында «БТА Лизинг» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысында компанияның атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Компания атауына «ORIX» тобы қосылып, қазіргі кезде компания «БТА ORIX Лизинг» деп аталады. 2005 жылдың 28 қазанында компанияның атауы ресми түрде бекітілді.

Қазіргі кезде  компания меншікті капиталының көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі  лизингтік компаниялардың бірі және Еуропа қайта құру және даму банкінен несие желісін алған және банктік кепілдемесіз ұзақ мерзімді несие тартқан жалғыз компания болып табылады. Бұл, өз кезегінде, «БТА ORIX Лизинг» АҚ компаниясына деген жоғары сенімді көрсететіні белгілі. «БТА ORIX Лизинг» компаниясы бүгінде экономиканың келесідей салаларында белсенді жұмыс атқарады және мұндағы өзінің қызметін ұлғайта бермек: көлік саласы; құрылыс; ауыл шаруашылығы; медицина; тамақ өнеркәсібі; машина құрылысы; химия өнеркәсібі; өңдеу өнеркәсібі. Компанияның қызметі ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатуға және дамытуға бағытталған. «БТА ORIX Лизинг» компаниясының экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға ұсынатын факторингтік қызметінің негізгі шарттары мынадай (5 кесте).

Кесте 1. «БТА ORIX Лизинг» АҚ факторингтік қызметінің негізгі шарттары

 

Факторингтік қаржыландыру мерзімі 

90 күнге дейін

Жобаның ең төменгі сомасы

50000 $

Мөлшерлеме 

1) жылдық 15% - 17%;

2) жылдық 18 % - 25%.

Жыл ішіде ағымды сұраныс  бар соманы игерудің жалпы сомасына, қаржы агентімен қатынастардың ұзақтығына (мin 0,5 жыл) және қатынастардың динамикасына (1,5 еселік өсім), сондай-ақ кепілдендірілген жиілікке, болашақтағы айналымдардың жиілігіне қарай комиссия сыйақыларының мөлшерлемесі қаржыландыру сомасынан күніне 0,0388% мөлшерінде орнатылуы мүмкін, ал жекелеген жағдайларда бұдан да төмен болады.

Факторинг алушыға аванстық төлем 

Қаржыландыру сомасынан 80%-дан 85%-ға дейін

Ескерту:


 

Қаржыландырудың шарттары келесідей:

  • тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыру негізінде жеткізіп беру;
  • жеткізілген тауарлар (қызметтер) бойынша талап ету құқығын «БТА ORIX Лизинг» компаниясына беру;
  • тауарды жеткізіп берген соң бірден мерзімінен ерте төлемді жүзеге асыру (жеткізілген тауардың 80% көлемінде);
  • жеткізілген тауарды сатып алушының төлеуі;
  • «БТА ORIX Лизинг» компаниясының комиссиясын шегеріп жеткізілімнің қалған сомасын (20%) тастағандағы төлеу.

Информация о работе Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары