Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 20:39, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпкерлік қатынастарда келісім бойынша тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатып алушы өзінің міндеттемелерін келісім бойынша белгілі бір мерзім өткеннен кейін орындауды мойнына алатын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайларында тауарларды жеткізіп беру және оларды төлеу арасындағы уақыт айырмашылығы түрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы төлемдерді кешіктірумен немесе мүлдем төлей алмау жағдайларымен байланысты болып келеді. Сол себепті, көптеген кәсіпорындар жетпей жатқан қаржы ресурстарын басқа қаржыландыру көздерінен тартуға мәжбүр болады. Осындай қаржыландыру көзін кәсіпорындар дебиторларға деген өздерінің ақшалай талаптарын сату арқылы алуына болады. Мұндай қаржыландыру әлемдік практикада ақшалай талаптарды беру (сату) арқлы қаржыландыру, немесе факторинг, деген атауға ие болды.
Кіріспе
1 БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктердің факторингтік операциялары және олардың банк операцияларындағы рөлі
1.2 Әлемдік тәжірибедегі факторингтік операциялардың
даму тарихы
1.3 Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары
2 ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Факторингтік операцияларды ұйымдастыру және талдау
2.2 Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау
және бағалау
2.3 Факторингтік операциялардың құнын және табыстылығын
бағалау әдістемесі
3 ҚАЗАҚСТАНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстанда факторингтік операцияларды реттеу ерекшеліктері
мен мәселелері
3.2 Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары
Қорытынды
БИБЛИОГРФИЯ
АҚШ-та факторингтік операция деп қорытынды жасау үшін негізгі белгі қарастырылады:
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары факторинг Еуропаға да белгілі бола бастады.
Ұлыбританияда алғашқы факторингтік компания 1960 жылы ашылған болатын.
Францияда факторинг процедурасы 1965 жылдан бастап енгізілген.
Германияда 1963 жылы Жалпы несиелік сақтандыру Серіктестігі мен ДГ-банкі ДГ Дисконтбанкін құрып, ол факторингтік операциялардың үлкен тәжірибесін жинақтап, қазіргі кезде аталған қызмет түрін көрсету бойынша еуропалық нарықта жетекші орын алады.
Батыс Еуропада қазіргі кезде көптеген елдерде бірнеше факторингтік компаниялар қызмет етеді, олардың көпшілігі ірі банктермен байланысты. Қазіргі кезге дейін континенталды Еуропада негізгі мәселе дебиторлық қарызды қаржыландырумен және регресстік факторингті қоланумен байланысты болатын.
Осылайша, америкалық үлгідегі «классикалық» факторинг жеткізіп берушіге толық қызмет көрсетуді (регресс құқығынсыз) қарастырады және дәл осындай факторингті 1960 жылдары АҚШ-тан Еуропаға «алып келген» болатын. Алайда кейіннен факторингің бұл түрі модернизацияға ұшырап, айтарлықтай толықтыруларға ұшырады. Бұл негізінен осы кездердегі Батыс Еуропа елдерінің экономикасы дәуірлеп тұруымен байланысты болған еді, клиенттердің банкрот болу жағдайы тым сирек болатын және жеткізіп берушілердің несиелік тәуекелдері тым төмен болатын. Осы фактор және көптеген жергілікті банктер тарапынан факторингке скептикалық көзқарастар регресс құқығы бар және жабық факторингтің, содан кейін оның басқа да түрлерінің пайда болуына алып келді. Алайда, Еуропаның әлемдік экономикаға интеграциясының аяқталуы және нольдік экономикалық өсім банкроттылық мәселесін көкейтесті етіп жіберді, нәтижесінде еуропалық факторингтік компаниялар факторингтің бастапқы формасына қайта көше бастады.
ТМД елдерінде факторингтік операцияларды коммерциялық банктер жүзеге асыра бастады. Коммерциялық банктердің факторингтік бөлімшелерінің міндеті келісімдік және ақылы негізде экономикалық қатынастарға түсушы шаруашылық субъектілерінің арасындағы есеп айырысуды жылдамдатумен байланысты несиелік-төлемдік операциялардың бірқатар түрлерін жүзеге асыруға келіп тіреледі. Банктік операциялардың бұл жаңа, ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да, енді ғана дамып келе жатқан түрі заңды түрде реттеуді қажет етеді.
Факторингтік операцияларды жүргізудің тәртібін және ережелерін орнататын алғашқы нормативтік құжат КСРО Мемлекеттік банкінің 1989 жылдың 12 желтоқсанындағы №252 «Жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем талаптары бойынша жабдықтаушылардың төлемдерді алу құқығын беру бойынша операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы» нұсқаулық хаты болып табылатын. Хаттың мазмұнынан факторинг жабдықтаушыны несиелеуді емес, оның сатып алушылардан ақшалай талаптарын сатып алуды білдіретіні көрініс табатын еді.
Халықаралық деңгейдегі факторингтік операциялар Халықаралық факторинг операциялар бойынша УНИДРУА Конвенциясымен (1998 жыл, 28 мамыр) реттеледі. Бұл конвенция Халықаралық жеке құқықтық унификациялау жөніндегі институттың мамандарымен дайындалған және бүкіл халықаралық қауымдастыққа қарастыруға және осыған қосылуға ұсынылған болатын. Конвенция өз күшіне 1995 жылдың 1 мамырынан бастап үш мемлекет – Франция, Италия және Нигерия арасында (ратификациядан кейін) енген болатын. Қазіргі кезеңде УНИДРУА Конвенциясына Гана, Гвинея, Нигерия, Филиппины, Танзания, Марокко, Франция, Чехия, Словакия, Финляндия, Италия, Бельгия, АҚШ, Панами және бірқатар елдер келісім берген.
УНИДРУА Конвенциясына
сәйкес «факторингтік операциялар
бойынша келісім» деп қаржы агенті
кем дегенде мынадай екі
Конвенция факторинг кезіндегі қатынастардың үш тарапты сипатына сәйкес келуі тиіс ерекше құқықтық режимді орнатады.
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады:
Алайда практика жүзінде факторингтік қатынастардың жаңа қатынастар болып табылуына және нақты құқықтық және нормативтік негіздің жоқ болуына байланысты факторингтік қызмет көрсетудің мәнінің, түрлерінің және мүмкіндіктерінің бірнеше анықтамалары орын алады.
1.3 Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары
Көптеген мамандар факторингті ақшалай талаптарды сатып алумен ғана шектейді, ал бұл аталған қаржылық қатынастардың көпқырлы шеңберін шектейді. Мысалға, факторинг тек коммерциялық несие принциптері бойынша тауарларды өткізу және қызметтерді көрсету процестері кезінде контрагенттер арасында пайда болатын төленбеген қарыздық талаптарды (шот-фактураларды немесе вексельдерді) факторингтік компанияға немесе коммерциялық банкке беру (сату) ғана болып қоймайды. Сонымен қатар, клиенттерге факторингтік қызмет көрсету кезінде бухгалтерлік, ақпараттық, коммерциялық, сақтандыру, құқықтық және басқа да маңызды элементтер орын алады.
Факторингтік
келісімнің бірнеше типі бар. Толық
қызмет ету туралы келісім әдетте
факторингтік компания мен жабдықтаушы
тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады.
Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді
қарыздардың пайда болуынан толық қорғау,
несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі
бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.
Регистік құқы бар толық қызмет етудің
алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік
компания жабдықтауды көрсететін несиелік
тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні
компания егер төлем құжаттары төленбесе,
оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Факторинг шеңберіндегі қаржылық қатынастар факторингтік келісіммен ресімделеді. Келісімде қолданыстағы заңнамаға және тараптардың мүдделеріне сәйкес қаржыландырудың нақты түрі көрініс табады. Факторингтік операциялардың қатысушылары, дебиторлық қарызды сатып алу және өндіріп алу шарттары, факторингтік келісімнің нысандары, несиелеу шарттары секілді бірқатар белгілеріне байланысты факторингтің де бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады. Әлемдік практикада өндірістің және нарықтық қатынастардың даму процесінде факторингтік қызмет көрсетудің белгілі бір түрлері қалыптасып үлгерді. Экономикалық әдебиеттерде факторингтік операцияларды жіктеудің бірнеше белгілері қарастырылады. Солардың ішіндегі негізгі белгілеріне қарай факторингтік операциялардың бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады.
Факторингтік операциялар ішкі және сыртқы (халықаралық) болуы мүмкін. Егер сатушы және сатып алушы кәсіпорындар, сондай-ақ факторингтік қызмет көрсетуші банк бір мемлекеттің территориясында орналасқан болса, онда бұл ішкі факторинг болып саналады. Егер де факторингтік келісімнің қатысушылары әр түрлі мемлекеттердің территорияларында орналасқан болса, онда бұл халықаралық факторинг болып табылады.
Ақшалай талаптарды беру арқылы қаржыландыру мәмілесіне қатысушылардың арасында пайда болатын қарым-қатынастардың типіне қарай ашық және жабық (жасырын) факторингтік операцияларды атап көрсетуге болады. Егер қарызгер (дебитор) өзінің қарызы банкке сатылғаны туралы хабардар болса, онда бұл ашық факторинг болып табылады. Жасырын факторинг жағдайында кәсіпорын өзінің дебиторын хабардар етпей-ақ, банкпен факторингтік келісім жасайды. Факторингтік операцияларды жіктеудің бұл белгісі негізгі болып табылады, себебі факторингтік операциялардың ұйымдастырылуы факторингтік келісіміннің шарттарына байланысты болады. Факторингтің бұл аталған түрлері шет елдік практикада дәстүрлі болып саналады.
Ашық және жасырын факторингтік операциялар факторингтік төлемдерді алушы тұлғаралардың ерекшелігімен байланысты. Ашық факторинг барысында төлемдер тікелей банкке бағытталады, ал жасырын факторинг барысында төлемдер тікелей өнімді сатушы кәсіпорынға бағытталады, себебі сатып алушы кәсіпорын факторингтік мәміле жасалғанынан бейхабар болады.
Факторингтік операциялар борышты талап ету құқықтарын қайтарып беру шарттарына да байланысты регресс құқығымен және регресс құқығынсыз деп жіктеледі. Дебиторлық қарызды талап ету құқығын қайтарып беру шарты бойынша банк қарызгер кәсіпорын өз міндеттемелерін орындаудан бас тартқан жағдайда кәсіпорынға борышты талап ету құқығын өзіне қайтарып береді. Яғни кәсіпорын банктің қаражаттарын қайтарып беруі және жұмсалған шығындарды өтеп беруі тиіс. Демек, несиелік тәуекелді сатушы кәсіпорын көтереді.
Егер факторингтік келісім жоғарыда аталған шарттарды қарастырмайтын болса, онда банк дебиторлық қарызды өндіріп алуды толықтай өз мойнына алады және кәсіпорынға бұл құқықты қайтарып бере алмайды. Сәйкесінше, несиелік тәуекелді де банк өз мойнына алады.
Дебиторлық қарызды талап ету құқығын қайтарып беру шарттары қарастырылған келісім жасау барысында кәсіпорын банкке сатылған қарыздық міндеттемелері бойынша белгілі бір тәуекелді өз көтереді. Мұндай шарттар, әдетте, кәсіпорын келешекте күмәнді дебиторлық міндеттемелер пайда болмасына сенімді болған жағдайда немесе ол өзінің өнімін сатып алушы кәсіпорынның төлем және несие қабілеттілігін жан-жақты зерттеп, оның сенімділігіне көзі жеткен жағдайларда қарастырылады. Себебі кәсіпорын, мұндай жағдайларда несиелік тәуекелдерді сақтандыру бойынша шығындар жұмсағанша, барлық тәуекелді өз мойнына алғанды дұрыс көреді.
Факторингтік
операциялар төлем мерзімдеріне
қарай кәсіпорынды алдын-ала
Алдын-ала (аванстық) төлемдерді қарастыратын факторингтік операциялар барысында банк кәсіпорынның дебиторлық қарызының 80%-ға дейінгі сомасын алдын-ала төлеп қояды, ал қалған бөлігін банк қарызгер кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша алғашқы төлемдерді орындағаннан кейін төлейді.
Белгілі бір мерзімде несиелеу шарттары бойынша факторингтік компания кәсіпорынға қажетті қаражаттарды белгілі бір уақыт өткеннен кейін нақты бір күні оның шотына аударады. Банк кәсіпорынға дебиторлық қарыздың бүкіл сомасын (міндеттемені өтеуге жұмсалған шығындарды шегеріп тастағандағы) бір мезгілде жеткізіп береді.
Сонымен қатар, «ашылмаған факторинг» деген атаумен белгілі қаржыландыру түрі де кездеседі. «Ашылмаған факторинг» – коммерциялық банкке немесе факторингтік компанияға жүгінуге себеп болған жағдайларды тауарды сатушы фирма жария еткісі келмеген жағдайларда қолданылатын факторинг түрі болып табылады. Бұл жағдайда банк (фактор-фирма) өздерінің клиенттерінен (тауарды сатушылардан) ақшалай талаптарды сатып алады және өз атынан және өз қаражаттары есебінен есеп айырысады. Банк өз клиенттерінің дебиторлық шотын жүргізеді, кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы ақпарат жинайды және коммерциялық (тауарды сату туралы) статистика жүргізеді.
Коммерциялық банктің (фактордың) және оның клиентінің мүдделерін барынша қанағаттандыру факторингтің алуан түрлерін комбинациялау арқылы ғана жүзеге асырылады. Қаржы агентінің (банктің немесе факторингтік компанияның) қаржылық тәуекелдерін төмендету тұрғысынан регресс құқығын қарастыратын факторинг түрі барынша тартымды болып табылады.
Факторингтік операциялар кәсіпорын мен банк арасында жасалатын келісім-шарттың көмегімен реттеледі. Факторингтік қызмет көрсету туралы келісім-шартты, әдетте, банктер мен кәсіпорындар бірнеше жылға (1 – 4 жыл) жасайды. Жаңа дебиторлар немесе дебиторлық қарыздар пайда болған сайын, міндеттемелер банкке сатылып, ал кәсіпорынның шоты кредиторлық қарыз шотына ауыстырылады. Содан кейін кәсіпорын бұл қаражаттарды қажет кезінде алып, қолдана алады.
Факторингтік келісім-шарт өз күшін келесі себептерге байланысты жоғалтуы мүмкін:
Факторингтік келісім-шартта қатысушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылуы керек:
Факторингтік
келісім-шарттың нақты
Сонымен қатар, факторингтік келісім-шартта жабдықтаушы кәсіпорыннан алынатын төлемнің мөлшері де анықталуы тиіс. Мұндай төлем екі құрамдас бөліктен тұрады:
Информация о работе Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары