Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 20:39, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпкерлік қатынастарда келісім бойынша тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатып алушы өзінің міндеттемелерін келісім бойынша белгілі бір мерзім өткеннен кейін орындауды мойнына алатын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайларында тауарларды жеткізіп беру және оларды төлеу арасындағы уақыт айырмашылығы түрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы төлемдерді кешіктірумен немесе мүлдем төлей алмау жағдайларымен байланысты болып келеді. Сол себепті, көптеген кәсіпорындар жетпей жатқан қаржы ресурстарын басқа қаржыландыру көздерінен тартуға мәжбүр болады. Осындай қаржыландыру көзін кәсіпорындар дебиторларға деген өздерінің ақшалай талаптарын сату арқылы алуына болады. Мұндай қаржыландыру әлемдік практикада ақшалай талаптарды беру (сату) арқлы қаржыландыру, немесе факторинг, деген атауға ие болды.

Содержание

Кіріспе

1 БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктердің факторингтік операциялары және олардың банк операцияларындағы рөлі
1.2 Әлемдік тәжірибедегі факторингтік операциялардың
даму тарихы
1.3 Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары
2 ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Факторингтік операцияларды ұйымдастыру және талдау
2.2 Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау
және бағалау
2.3 Факторингтік операциялардың құнын және табыстылығын
бағалау әдістемесі
3 ҚАЗАҚСТАНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстанда факторингтік операцияларды реттеу ерекшеліктері
мен мәселелері
3.2 Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары
Қорытынды
БИБЛИОГРФИЯ

Прикрепленные файлы: 1 файл

готовый диплом.doc

— 399.00 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе

 

1 БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктердің факторингтік операциялары және олардың банк операцияларындағы рөлі

1.2 Әлемдік тәжірибедегі факторингтік операциялардың

даму тарихы

1.3 Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары

2 ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Факторингтік операцияларды ұйымдастыру және талдау

2.2 Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау

және бағалау

2.3 Факторингтік операциялардың құнын және табыстылығын

бағалау әдістемесі

3 ҚАЗАҚСТАНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Қазақстанда факторингтік операцияларды реттеу ерекшеліктері

мен мәселелері

3.2 Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары

Қорытынды

БИБЛИОГРФИЯ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпкерлік қатынастарда келісім бойынша тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатып алушы өзінің міндеттемелерін келісім бойынша белгілі бір мерзім өткеннен кейін орындауды мойнына алатын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайларында тауарларды жеткізіп беру және оларды төлеу арасындағы уақыт айырмашылығы түрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы төлемдерді кешіктірумен немесе мүлдем төлей алмау жағдайларымен байланысты болып келеді. Сол себепті, көптеген кәсіпорындар жетпей жатқан қаржы ресурстарын басқа қаржыландыру көздерінен тартуға мәжбүр болады. Осындай қаржыландыру көзін кәсіпорындар дебиторларға деген өздерінің ақшалай талаптарын сату арқылы алуына болады. Мұндай қаржыландыру әлемдік практикада ақшалай талаптарды беру (сату) арқлы қаржыландыру, немесе факторинг, деген атауға ие болды.

Кез-келген кәсіпорын қызмет ету барысында өндірісті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесімен тығыз байланысты болады. Өндіріс барысын қаржыландыру үшін кәсіпорындар қаражаттар тартудың алуан түрін қолдана алады. Осындай қаржыландыру көздерінің қатарына факторингтік операциялар да жатады.

Факторингтік операциялар еліміздің қаржы нарығында енді ғана қалыптасып келе жатқан, әлі өзінің қажетті деңгейдегі қоланысын таппаған қаржы құралы болып табылады. Осыған қарамастан, факторингтік операциялар кәсіпорынның  ағымды активтерін ұзақ мерзімді қаржыландырудың тұрақты көзі бола алады. Бұған дәлел болар деректер туралы айтар болсақ, онда факторингтік операциялардың банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық (вексельдік) несиелермен салыстырғандағы біршама тәуекелсіз болып келетінін ескеруге болады. Бұл факторингтің қаржыландыру құралы ретіндегі ең басты артықшылығы және ерекшелігі.

Алайда, қазіргі таңда  еліміздің несие нарығында әлі  де болса банктік несиелердің  үстемдік құрып тұрғанын, сәйкесінше коммерциялық және факторингтік несиелеудің  маңызы төмен екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде факторинг туралы ғылыми мәліметтер жетіспейді, ал статистикалық-анықтамалық әдебиеттерде және есеп беру құралдарында факторингтік операциялар туралы ақпараттар тіпті жоқ.

Ақашалай талаптарды беру арқылы қаржыландыру өзінің негізінде несиелік сипатқа ие. Бұл мәмілелердің бұл түрін цессиядан немесе құқықты басқаға беру мәмілесінен бөліп көрсететін ең басты шарт. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес факторинг «ақша қаражаттарын талап ету құқығын беру арқылы қаржыландыру» деп анықталады. Алайда, факторингтік операциялардың түрлерін қамтитын банктік операциялар шеңберін анықтайтын заңнама біздің елімізде әлі де болса жоқтың қасы.

Осы аталған жағдайлар  экономикадағы факторингтің ролінің қарастырудың өзекті бола тұра, әлі де болса толық, қажетті деңгейде зерттелмегенін көрсетсе керек.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Диплом жұмысының тақырыбы келесі отандық авторлардың еңбектерінде: Сейітқасымов Ғ.С., «Ақша, несие, банктер» // Алматы –2005., Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылымы, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004., Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1993., Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. І бөлім. – Алматы: 2002, және т.б. шетел ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Жұмыстың  мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – коммерциялық банктерде және жалпы экономикалық деңгейде факторингтік операцияларды ұйымдастырудың және бағалаудың теориялық, әдістемелік және нормативтік негіздеріне сүйене отырып, факторингтің нарықтық экономикадағы ролін анықтау болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін курстық жұмыс өз алдына келесідей міндеттер қойып отыр:

  • факторингтің экономикалық экономикалық негіздерін қарастыру;
  • факторингтік операцияларды ұйымдастыру және бағалау әдістемесімен таныс болу;
  • қазіргі таңдағы Қазақстанда факторингтік қатынастарды дамыту мәселелерін қарастыру.

Зерттеу объектісі - халықаралық практикадағы және Қазақстан Республикасы жағдайындағы коммерциялық банктердің факторингтік несиелеу ерекшеліктері.

Зерттеу пәні - нарық жағдайларында банктер мен шаруашылық субъектілері арасындағы факторингтік қаржыландыру мәселесімен байланысты экономикалық қатынастар.

Тақырыптың деректік көзі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар монографиялары мен мақалалары, статистика агенттігінің мәліметтері, заңнамалық жіне нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.

Диплом  жұмысы барысындағы зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздерін отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары құрайды. Зерттеуге алынған объектіні қарастыру барысында экономикалық, салыстырмалы, статистикалық және логикалық әдістер қолданылды.

Зерттеу әдісінде экономикалық статистикалық салыстыру, жүйелі талдау мен болжау, экономикалық – математикалық үлгілеу, құрылымдық, әлеуметтік және т.б. әдістер пайдаланылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы. Диплом жұмысының тақырыбы көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған, факторинг операцияларының ээкономикалық маңыздылығы ғылыми тұрғыда зерттеуді қажет етеді.

Практикалық маңызы. Мұндағы зерттеу нәтижелері мен қорытындылары Қазақстандағы факторингтік қатынастарды дамыту үшін қолданыла алады.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және библиографиядан тұрады. Диплом жұмысында кесте, сурет көрсетілген. Жалпы көлемі – бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Банктердің факторингтік операциялары және олардың банк операцияларындағы ролі

 

Мемлекеттің қаржы-несие  жүйесінде коммерциялық банктердің ролі ерекше. Коммерциялық банктер экономикадағы бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды орналастыру қызметін атқара отырып, ақша айналымының үздіксіз жүріп отыруын қамтамасыз етудің негізгі буыны болып табылады. Олар несие нарығының және жалпы экономиканың барлық салаларына қызмет көрсететін әмбебап, көпқызметті ұйымдар болып табылады. Банктер несиелік ресурстардың басым бөлігін өз қолдарында шоғырландырып, өздерінің клиенттеріне алуан түрлі қызметтер ұсынады: несиелеу, депозиттер тарту, есеп айырысу бойынша қызметтер көрсету, құнды қағаздар мен валюталарды сатып алу және сату, оларды сақтау және тағы басқа операциялар.

Қазіргі таңдағы  коммерциялық банктер, қаржылық дәнекерші  қызметін атқара отырып, маңызды экономикалық қызмет атқарады, ақша капиталының  салааралық және аймақаралық бөлінуін қамтамасыз етеді. Капиталды салалар және аймақтар бойынша бөлу және қайта бөлу механизмі өндірістің объективті қажеттіліктеріне сай дамуына және экономиканы құрылымдық өзгертуге септігін тигізеді.

Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды, бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудың бір формасы – факторингтік операциялар болып табылады.

Факторингтік  операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді  талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді. Факторингалық операциялар қарыз алған адамдардың қарызды тез арада өтегенін немесе қарызды жою мүмкіндігі туралы қағазын көрсетуі (инкассациялау), ал қысқа мерзімге несие беру – факторингтің ең көп тараған түрі. Оның артықшылығы – делдалдықты бухгалтерлік есеп арқылы жүргізуге және ұқыпсыз төлеушілердің қарызды мүмкіндігінше тез өндіріп алуға болатындығы. Сонымен қатар оларға өткізу стратегиясымен, рынокқа шығу жолдарына талдау жасау жүктеледі. Факторингалық операциялар капитал айналымын барынша тездетеді.

Факторингтік  операцияларының негізгі-банктердің жабдықтаушының тиелген тауарының  шот-фактурасын (төлем-талабы) сатып  алып, өнімді сатып алушыдан төлемді  талап ету құқын банкке беру. Сондықтан  да факторингтік операцияларды жабдықтаушының сатылуын несиелеу не жабдықтаушыға факторингтік несие ұғыну деп аталады.

Бастапқыда  факторинг мамандандырылған сауда  делдалдарының операциясы болды.

Нарық экономикасы  дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

Факторинг (ағылш. factor — фактор, сауда делдалы, маклер) банкілердің тапсырыскерге көрсететін қызметтерінің түрі; жеткізуші-клиенттің мамандандырылған мекемеге (факторингілік компанияға, банкінің факторингілік бөліміне) жеткізілген тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактураларды) ұсынуына байланысты сауда-комиссиялық операциялардың бір түрі, яки жеткізуші-кәсіпорынның айналым капиталын несиелендіруі.

Нарықты экономика  елдерінде факторингтік операциялармен әдетте, банкпен тығыз байланысты арнаулы факторлы компаниялар ие, банктердің еншілес филиалдары айналысады.

Экономикалық  көзқарас жағынан факторинг дәнекершілік операцияларға жатады. Факторингтік қаржыландыру вексельдік несиелеу операцияларымен өте ұқсас келеді, мұнда тек кәсіпорынның дебиторлық қарызы несие беруші ұйыммен кепілдік ретінде қабылданбай, тұтастай сатып алынады, яғни кәсіпорынға несие беруші ұйым мәмілелердің үшінші тұлғасы – дәнекерші ретінде қатысады. Мұндай ұйымдар әдетте арнайы факторингтік компаниялар немесе банктердің факторингтік бөлімшелері болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе «факторинг» ұғымына  келесідей анықтама беруге болады. Факторинг – тауарды сату және сатып алу барысында кәсіпорындар арасында пайда болған, алайда әлі өтелмеген дебиторлық қарызды талап ету құқығын факторингтік компанияға немесе банктің факторингтік бөлімшесіне ұсынумен байланысты қатынастар болып табылады. Факторинг қызметімен айналысу үшін фактор ұлттық (орталық) банкіге жазбаша өтініш жасап, оның келісімін алуы тиіс. Факторинг қызметінде банк талаптан шегіну шарты бойынша тапсырыскердің борышқорларынан борышты өндіріп алу құқығын тапсырыскерден сатып алады және тапсырыскерге өзінің қаражатынан сатып алынған борыштың 90%-ына дейінгісін төлеп‚ өзінде сыйақы ретінде әлдебір пайызын қалдырады. Факторингілік қызмет көрсетудің мақсаты — алашақты (дебиторлық берешекті) дер кезінде инкассолау, төлемнің мерзімі өтуінен болатын шығасыны қысқарту, күмәнді борыштың пайда болуына жол бермеу, несиені басқаруда және бухгалтерлік есепті жүргізуде көмек беру, жеткізушінің өндірістік қызметінің ойдағыдай болуы үшін жақсы жағдай жасау, мұның өзі кәсіпорынның айналым мен пайданы молайтуына септігін тигізеді. Факторингтік компания кәсіпорынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіп, оның балансындағы дебиторлық қарызды өндіріп алу құқығын өз қолына алады. Сәйкесінше, факторингтік компания өз қызметі үшін кәсіпорыннан пайыздық төлемдер талап етеді.

Факторинг – қатерлі болса да пайдасы жоғары банк бизнесі әрі қаржылық маркетингтің тиімді құралы және осы заманғы экономиканың даму процесіне бейімделе алатын банк операцияларын біріктіруші формалардың бірі.

Факторингтің  Батыс еуропа елдерінде жүзеге асырылатын классикалық түрі жеткізілген өнімнің  төлем мерзімін ұзарту түріндегі коммерциялық несиеге негізделеді.

Шетел іс-тәжірибесі шағын және орташа кәсіпорындар үшін, сондай-ақ келешекте өндіріс көлемі өсетін, алайда дебиторлардан төлемдердің  уақытылы түспеуінен ақшалай қаражатқа  мұқтаж қайтадан құрылған кәсіпорындар үшін факторингтің айрықша тиімді болатындығын көрсетіп берді.

Факторингтік операцияның негізінде жөнелткен өнімі үшін жеткізушінің фактурашотын банктың сатып алуы және жеткізушінің банкке өнімді сатып алушыдан төлемді талап ету құқығын табыс ету жатады.

Сондықтан да факторингтік операция, сонымен бірге, жеткізушінің сатуын несиелеу немесе жеткізушіге  фоктарингтік несиені беру деп аталады.

Факторинг бастапқыда мамандандырылған сауда делдарының операциясы ретінде, кейін сауда  банктерінің операциясы ретінде пайда болды. Осы замаңғы талаптарға коммерциялық несиенің өзінше бейімделген түрңнде фокторинг немесе факторлық несие жатады. Бұл, әсіресе, соңғы екі он жылдықта жақсы дамыды. Тауар сатушысы үшін коммерциялық несиеден факторлық несиенің айырмашылығы  мынада: олар сатылған тауардың төлемін қолма-қол ақшамен алса, несиеге сатуда сатушы  тек вексель ғана алады. Жеткізуші алынған векселді банкте ескеріп, қолма-қол ақша алады, алайда, бұл қолма-қол ақшаның сомасы фактура-шотты сату барысындағы сомадан кеме болады.

Информация о работе Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары