Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 20:39, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпкерлік қатынастарда келісім бойынша тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатып алушы өзінің міндеттемелерін келісім бойынша белгілі бір мерзім өткеннен кейін орындауды мойнына алатын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайларында тауарларды жеткізіп беру және оларды төлеу арасындағы уақыт айырмашылығы түрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы төлемдерді кешіктірумен немесе мүлдем төлей алмау жағдайларымен байланысты болып келеді. Сол себепті, көптеген кәсіпорындар жетпей жатқан қаржы ресурстарын басқа қаржыландыру көздерінен тартуға мәжбүр болады. Осындай қаржыландыру көзін кәсіпорындар дебиторларға деген өздерінің ақшалай талаптарын сату арқылы алуына болады. Мұндай қаржыландыру әлемдік практикада ақшалай талаптарды беру (сату) арқлы қаржыландыру, немесе факторинг, деген атауға ие болды.
Кіріспе
1 БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктердің факторингтік операциялары және олардың банк операцияларындағы рөлі
1.2 Әлемдік тәжірибедегі факторингтік операциялардың
даму тарихы
1.3 Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары
2 ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Факторингтік операцияларды ұйымдастыру және талдау
2.2 Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау
және бағалау
2.3 Факторингтік операциялардың құнын және табыстылығын
бағалау әдістемесі
3 ҚАЗАҚСТАНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстанда факторингтік операцияларды реттеу ерекшеліктері
мен мәселелері
3.2 Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары
Қорытынды
БИБЛИОГРФИЯ
Комерцилық банктердің (шетелдердегі арнайы – факторлық - компаниялары - немесе жай ғана фактор) тиісті бөлімдерінің өз клиентерінен (тауарлармен жабдықтаушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындар) төлем құжатын (ақшаны алу құқығын) сатып алуда және ол бойынша төлемдерді борышқорлардан (сатып алушылардан) кейін алуда төлеушіге қойылатын төлем талабының тізімін сатып алу секілді осындай құқықты бір жолғы сатып алу ретінде мүмкін болады.
Факторингтік операциялардың қатысушыларының тәртібі келесідей:
Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 1 суретте көрсетілген:
Сурет 1. Факторингті ұйымдастыру сызбасы
Ескерту:
Қарастырылып
отырған операцияның мәні мынада:
жабдықтаушы кәсіпорын сатып
алушыға ақшасын факторинг
Клиенттің талап сомосының қалған бөлігі (10-30% мөлшерінде), берілген (факторингтік) несие үшін процентті шегеруге екі түрлі жолмен төленуі мүмкін яғни:
Факторингтік қызмет көрсетудің негізгі мақсаты – клиенттің дебиторлық шотын инкассациялау және оның пайдасына тиесілі төлемдерді алу. Бұл қызметті фактор клиентке қаржыландырусыз да, қаржыландырумен де көрсетуі мүмкін.
Бірінші жағдайда банктің клиенті шаруашылық келісім шартына сәйкес мерзімде (әдетте 30 күннен 120 күнге дейін) клиенттің пайдасына төлемді алу мақсатында өнімді жөнелтіп, банк арқылы өзінің сатып алушысына шотты ұсынады.
Қаржыландырумен
шотты инкассааациялау
Мұндай қызмет көрсетулер жұмыс істейтін кәсіпорындардың қажеттіліктерін толық өтей алады, өйткені, бұл оларға төлем мерзімі ұзартылған сатуды факторинг арқылы жедел төленетін сатуға айналдыруына мүмуіндік береді және осылайша өз капиталының қозғалысын жылдамдатады.
Кәсіпорындардың дебиторлық қарызын сатып алу барысында коммерциялық банктер көп жағдайларда кері талап ету құқығынсыз операцияларды қарастырады және қарыз толық өтелгенге дейін бірқатар қызметтер көрсетеді. Банк кәсіпорынның қарызгерлерінің несие қабілеттілігі тұрғысынан бағалап, алдын-ала аванстық төлемнің мөлшерін анықтап қояды. Коммерциялық банк шотта қалған дебиторлық қарыздың қалдық сомасынан пайыздар және комиссиялық төлемдер алып отырады.
Факторингтік операциялар есеп айырысуды жылдамдатуға, кәсіпорынның айналым қаражаттарын үнемдеуге, сондай-ақ ағымды активтердің айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді. Факторингтік қызметтер, бірінші кезекте, дебиторлық қарыздың уақтылы өтелмеуіне байланысты қаржылық қиындықтарға жиі кездесетін шағын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Осылайша, факторингтің кәсіпорындар үшін бірқатар артықшылықтары бар, атап айтсақ:
Алайда, барлық кәсіпорындарға факторингтік қызметтер көрсетіле бермейді. Әдетте, коммерциялық банктер келесі жағдайларға байланысты факторингтік қаржыландыру операцияларын орындаудан бас тартады:
Факторингтік операциялардың басты кемшіліктері:
Факторингтік қаржыландырудың шарттары әркелкі болады. Кейде банк кәсіпорындарға қаржы ресурстары жетіспеушілігі жағдайларында олардың шоттарынан овердрафтық негізде қаражаттар алуына мүмкіндіктер береді, яғни кәсіпорынға берілген қаражаттар үшін кепілдік сомасын талап етпейді. Кейде банк кәсіпорын шотындағы қаражаттардың бір бөлігін мүмкін болатын зияндарды жабу үшін резерв қалыптастыруға кепілдік ретінде алып қалады.
Факторингтік қызмет көрсетуші банктер туралы қоғамның пікірі алуан түрлы болып келеді. Кейбір жекелеген тұлғалар факторингтік банктер мен компаниялар туралы критикалық пікірде болады. Дегенмен де, көпшіліктің пікірінше факторингтік операциялар өндірісті қаржыландырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Қоғамдағы мұндай
қарама-қайшы пікірлердің
Фактураны дисконттаудан басқа банк клиенттің негізгі қаржы-шаруашылық қызметімен және есеп айырысуымен байланысты бірқатар өзге қызмет көрсетулерді орындайды:
Бұл жағдайда факторинг клиентке қаржылық (шартты факторинг) тұрғыдан қызмет көрсетудің әмбебап жүйесіне айналады. Клиент тек өндірістік функцияны ғана орындаса жетіп жатыр. Факторингтің мұндай формасында клиент өзінің штатындағы қызметкерлердің санын қысқарта алады, бұл өнімді өндіру және клиенттің банкке толық тәуелді болып қалу қаупі фактордың толық хабардар болуына клиенттің шыға алмауына әкеп соқтырады.
Факторингілік операцияның қатерлі сипаты болады. Сол себепті де банк клиентпен келісім шартқа отырмастан бұрын оның төлем қабілеттілігіне көз жеткізу үшін әлеуетті клиенттің қржылық жағдайын мұқият зерделеуі қажет: оның балансының өтімділігі, дебиторлық берешегінің құрамы мен ұзақтығы, щығарылатын өнімдерді өткізудің мүмкіндігі, өткізу нарығының коньюнктурасы, келешектегі клиенттің өнімдерін сатып алушылардың тобы және олардың төлем қабілеті секілді көрсеткіштерді талдауы керек.
Бұл үшін баспасөздегі ақпарат, өз агенттерінің мәліметтері, банк клиентурасының несиені өтей алатын қабілетін зерделейтін материалдар, клиенттің бкхгалтерлік есеп берулері және өзге де материалдар пайдаланылады. Аталмыш талдау мәселе жағымды жағына қарай шешілген жағдайда екі аптаның ішінде қарастырылуы керек.клиент пен факторингілік компанияның арасынды бекілген келісімшартта шекті сома қарастырылады. Бұл сома бойынша клиентке факторингілік несие беріледі немесе құжат инкассоға қабылданады.
1.2 Коммерциялық банктердің факторингтік операцияларының әлемдік тәжірибесі
Қазіргі кездегі «факторинг» деп анықталатын экономикалық қатынастар XVI-XVII ғасырлардан бастау алады және саудалық-қаржылық компаниялардың тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге кешенді коммерциялық - қаржылық қызметтер көрсету практикасының дамуының жемісі болып табылады. Тарихи тұрғыдан мұндай саудалық-қаржылық компаниялар өндірушілердің тауарларын өткізіп берумен айналысатын және нарықтық қатынастардың жаппай даму кезеңдерінде айтарлықтай маңызды роль атқарған болатын. Олар жабдықтаушылардың комиссиялық (саудалық) агенттері деп, басқаша айтсақ, факторлар деп аталатын. Олардың функциясына тауар өндірушілердің өнімдерін өткізіп беру ғана емес, сонымен қатар оларға ақшалай аванстар ұсыну және айналым капиталдарын несиелеу де кіретін. Комиссионер принципалдың атын құжаттарда көрсетпестен, өз атынан тауарды сатып, сатып алушыларға шот ұсынатын. Егер ол тауарды несиеге сататын болса, онда, әрине, ол қосымша сыйақылар алу үшін өз мойнына үлкен тәуекелді алатын.
Кейінгі тарихи кезеңдерде кейбір комиссиялық агенттер коммерциялық функциялардан бас тартып, өзінің барлық қызметін өздерінің клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетуге арнауға көшкен болатын. Сондай-ақ, уақыт өте келе факторлар жеткізіп берушілердің ақшалай талаптарын (сатып алушының берген шот-фактураларын) тікелей сатып алуға көше бастады. Дәл осы кезеңде қазіргі заманғы факторинг қалыптасқан болатын. Осылайша, саудалық қызмет ретінде пайда болған экономикалық қатынастар коммерциялық банктердің несиелерді ұсыну және кепілдендіру бойынша операцияларының маңызды түрлерінің біріне айналды және олардың қызметінің құрамдас бөлігі ретінде қалыптасып кетті.
Факторингті экономикалық жағынан қарастыратын болсақ, ол кәсіпорындардың активтерінің өтімділігін арттыруға, сонымен қатар капиталдың айналым жылдамдығын арттыруға, осылайша нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтің рентабельділігін арттыруға септігін тигізеді. Батыстық мамандардың пікірінше, бұл мәселе ең алдымен орта және шағын кәсіпорындар үшін көкейтесті сұрақ болып табылады. Факторингті қолдану көптеген жағдайларда қаржы бөлімшелерін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға және сол арқылы қаржылық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға септігі тигізеді. Мұндай функцияларды кәсіпорындар, факторинг кезінде, банктерге аударады, ал банктерде мұндай қызмет, әрине, бірнеше есе тиімді жүргізіледі.
Егер де факторингтің
беретін мүмкіндіктері
Нарықтық экономикасы және қаржылық инфрақұрылымы дамыған шет мемлекеттерде факторингтік операциялармен айналысатын коммерциялық банктер немесе мамандандырылған факторингтік компаниялар өздерінің клиенттеріне олардың ақшалай талаптарын сатып ала отырып, оларға алуан түрлі қызмет түрлерін ұсынады.
Бүгінде факторинг негізінен қаржы агенті («фактор») мен тауарлар мен қызметтерді сатушы кәсіпорын («клиент») арасындағы құқықтық қатынастар ретінде де қарастырылады. Бұл қатынастарға сәйкес фактор клиенттің дебиторлық қарызын сатып алады (қайта талап ету құқығымен немесе мұндай құқықсыз) және осы қарызға байланысты берілетін несиелерді бақылап отырады, сонымен қатар клиенттің сауда операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Сонымен, факторингтің келесідей негізгі функциялары бар:
Коммерциялық банктердің факторингтік операцияларының қысқа ғана тарихы бар. Олар банктердің классикалық операцияларының қатарына жатпайды және банктер тарапынан клиенттерге қосымша қызмет көрсету болып табылады. Қазіргі формадағы факторинг қызметтерін тұңғыш рет америкалық «First National Bank of Boston» банкі 1947 жылы ұсынған болатын. Содан кейін факторингтік операцияларды 50-ші жылдары Bank of America, First National Bank of Boston, сондай-ақ Trust Company of Georgia секілді америкалық банктер қолдана бастады. Алайда олар ресми түрде АҚШ-та ақша айналысын қадағалаушы үкіметтік орган факторингтік операцияларды банктік қызметтің заңды түрі деп таныған соң ғана мойындалған болатын.
Информация о работе Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары