Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi.Несие қамтамасыздығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 15:36, дипломная работа

Краткое описание

ҚР банк жүйесі, банк қызметінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Бір банкке келетін меншікті капиталдың көлемі 30 млрд. долларды құрайды. Банк жүйесінің жиынтық жеке қаржысы 2003 жылдан бері 5,6 есе өсіп, қазіргі кезде 7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Осы кезең ішінде банктердің активтері 5,7 еседен астамға ұлғайып, 51,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Екінші деңгейдегі банктер активтерінің ішкі жалпы өнімге қатынасының көрсеткіші 75,4 пайыз болды. Бұл Шығыс Еуропа елдерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.Қазақстандық қаржы ұйымдары халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына көшірілді. Сондай – ақ ипотекалық кредиттері кепілдендіру қоры мен алғашқы кредиттік бюро құрылды.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І -бөлім. Банктiк несиелердiң теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . .
1.4. Банктік несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесі негізінде). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 «Қазкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелік портфеліне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3. «Дәулет» ЖШС – ін несиелеу процесіне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІІ-бөлім Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . .
3.2. Коммерциялық банктердің несиелік процесінiң даму болашағы . . . . . .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қосымшалар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Банктiк-несиенiң-формалары-мен-түрлерi.Несие-қамтамасыздығы.1.doc

— 667.50 Кб (Скачать документ)

Банктік займдар негізінен, айналым қаражаттарын толтыру мен негізгі

құралдарды сатып алуға бағытталған.Олардың мерзімі бойынша сыныпталуында оң өзгерістер бар. Сондай – ақ салалық құрылымы бойынша несиелердің көп үлесі өнеркәсіп және сауда саласына келеді. Ал, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалары берілген несиелердің ішінде аз үлес алады. Жалпы алғанда, қазіргі несиелеу жүйесінің әрі қарайғы дамуын ынталандыру үшін келесідей шараларды ұсынамыз:

  • несиелік ресурстардың көзі ретінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін, соның ішінде зейнетақы қорларының салымдарын ынталандыру;
  • несиелік келісімшарттарда негізгі қарыз бен пайыздың қайтарылмауының алдын алу баптарына көңіл бөлу;
  • кепіл механизмін жетілдіру,соның ішінде банкрот болған кәсіпорынның мүлкін таратуда банктің талаптарын бірінші кезекте орындау;
  • кейбір салаларды, мысалы, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тәрізді салаларды несиелеу кезінде мемлекеттің қатысуы маңызды болып табылады. Атап айтсақ, оларды мемлекеттік банктер арқылы жеңілдетіліп қаржыландыру, салықтық ынталандыруды жүзеге асырған жөн;
  • несиелік тәуекелді басқаруда маңызды рөл атқаратын провизияны құру кезінде шетел тәжірибесіне сүйену.

Банктің несиелік менеджерлері қарыз алушылардың жалпы қызметін және қаржылық жағдайын талдау кезінде несиелік меморандум толтырады. Онда қарыз алушының қызмет түрі, қызмет ету кезеңі, географиялық жағдайы, байланысты компаниялары, қызмет көрсететін банктермен қарым – қатынасы, несиелік тарихы, менеджменті көрсетіліп, қаржылық жағдайына: балансына, пайдасы мен зияны туралы есебіне толық зерттеу жүргізіледі де, соған байланысты коэффициенттері бағаланады. Сонымен қатар, несиелік қаражаттарды жұмсайтыны туралы жоба, тәуекелдер талданады, оң және теріс жақтары қарастырылады. Соңында мониторинг жоспары мен несиенің берілуі туралы оң шешім қабылданған жағдайда несиелеуді оптималды құрылымы көрсетіледі. Осы жерде, біздің ойымызша банктік несиелеу тәртібіне байланысты келесідей жетілдіру жолдарын енгізген жөн:

    1. Бөлшектелген талдауларды біріктіре келе несие қабілеттілігін рейтингтік бағалаудың бірегей сызбасы бойынша жұмыс жүргізу;
    2. Несие қабілеттілігін бағалау кезінде анықталатын коэффициенттердің белгілі бір түрін біріктіретін оптималды жүйесін енгізу;
    3. Несиені беру мүмкіндігінің баллдық бағасын қолдану;
    4. Ссуда берілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайна мониторинг жасау кезінде баланс баптарының, соның ішінде ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерінің өзгерісіне аса көңіл бөлген жөн;
    5. Ақша қаражаттарының қозғалысына толық талдау жүргізіп, өзгеру мүмкіндіктерін болжау;
    6. Қарыз алушыдан міндетті түрде жобаның іске асырылуына толық талдау жасалған бизнес – жоспарын талап ету;
    7. Потенциалды қарыз алушылар қызмет ететін аймақтағы нарық сегменттерін зерттеу бойынша жұмысты жақсарту.

Жалпы алғанда, банктік несиелеу процесін жетілдіруге Қазақстан Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктердің несиелік менеджерлерінің тарапынан жан – жақты ат салысу қажет.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халқына жолдауында Қазақстанды жан – жақты жаңартудың басты басымдықтары ретінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап өткен болатын. 30 бағыттың алтыншы бағыты  банктік секторға қатысты – Ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы елбасының  ұсыныстары отандық банктердің ары қарай жетілуіне өз ықпалын тигізеді: Біріншіден, біздің банктеріміз жергілікті рыноктағы, сондай – ақ өңірлік әрі халықаралық жобалардағы тартысқа әзір болуы керек.

Екіншіден,Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.

Үшіншіден, екінші деңгейлі банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе энергетикалық, инфрақұрылымдық және «серпінді» жобаларды іске асыру үшін тарту туралы маңызды мәселені шешу қажет.

Төртіншіден, капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін есепке ала отырып қарастырған дұрыс. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек артады , мұның өзі еліміздің сыртқы жиынтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына әкеп соқтыруы мүмкін.

Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу қажет.

Алтыншыдан, электрондық банк қызметтері инфрақұрылымын кеңейту үшін заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру электрондық сауданы дамытудың қуатты факторына айналмақ.          

 Қорыта айтқанда, еліміздегі  банктердің несиелік операцияларын  жоғарыда айтылған шараларды  жүзеге асырған кезде әрі қарай  жетілдіруге болады деген ойдамыз. Сонымен қатар, банктердің қаржылық  жағдайының тұрақтылығын қамтамсыз ету – жалпы экономика дамуының басты шарты. Мұндағы банктік несиені кеңейту, қолдау және халық сұранысын қамтамасыз ету экономикамыздың дамуына өз үлесін қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

    1. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007-жылғы 28-ақпан // Президент және халық –  2007, 02 наурыз.
    2. ҚР президентінің1995 жылдың 31-тамызындағы Қазақстан Республикасындағы « Банктер мен банк қызметі туралы» жарлығы
    3. 27.10.1994ж. №26 «Қарыз алушының несиеніөтеу жарамдылығын банктердіңталдауыбойынша әдістемелік нұсқау» Хаттамасы
    4. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:Қазақ Университеті, 2000.
    5. Лаврушин О.И. Банковское дело. – Москва: Финансы и статистика, 1999.
    6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
    7. Банковское дело / Под редакцией Сейткасимова Г.С. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.Банковское дело / Под редакцией Колесникова В.И. – Москва: Финансы и статистика, 1995.
    8. Нурсеит Н. Расширение банковского кредитования производства // АльПари. – 2006. - №6.
    9. Эдвин Дж. Долан, Колин Д. Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – Москва-Санкт-Петербург, 1993.
    10. Банковское дело: стратегическое руководство / Под редакцией            Платонова В., Хиггинса М. – Москва: Консалтбанкир, 2005.
    11. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. – Москва: Финансы и статистика, 2006.
    12. Ұлттық банктің Жылдық есебі. – Алматы, 2006.
    13. ЕДБ-де тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық // Егемен Қазақстан. – 2004, 11-ақпан.
    14. Стратегия индустриаьно-инновационного развития Республики Казахстан: проблемы и перспективы ее реализации: Материалы конференции / Под редакцией Елемесова Р.Е., Джумамбаева С.К. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.
    15. Хавьер М. Пиедра. Система кредитного бюро в Казахстане. Расширение доступа к кредитным ресурсам. Успех сбалансированного подхода // Банки Казахстана. – 2003.- №9.
    16. Хамитов Н.Н, Банк ісі, Алматы Экономика,2006
    17. Хамитова К.Н. Современные проблемы и перспективы краткосрочного кредитования в Казахстане // Банки Казахстана. – 2002. - №2.
    18. Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Текущее состояние развития и кредитования малого бизнеса // Экономика и статистика. – 2003 - №2.
    19. Бобаканова Ж.О. Кредитные риски в банковской сфере и критерии рейтинга банков // Банки Казахстана. – 2002.- №7.
    20. Халитова М. Система кредитования в условиях реформирования экономики Казахстана // Саясат. – 2003.- №7.
    21. Симановский А.Ю. Резервы на возможные потери по ссудам: международный опыт и некоторые вопросы методологии // Деньги и кредит. – 2004.- №1.
    22. Калкабаева Г. Новые подходы к определению возможности предоставления банковского кредита // Қаржы-қаражат. – 2002.- №2.
    23. Баймуратов У.Б., Каирленов М.А. О ресурсной базе и стимулировании долгосрочного кредитования реального сектора экономики банками второго уровня РК // Банки Казахстана. – 2002.- №6.  
    24. Финансы и кредит №9 қыркүйек, 2006 ж.
    25. Мир финансов қаңтар, 2006 ж.
    26. Мир финансов қыркүйек, 2006 ж.
    27. Мир финансов ақпан, 2007
    28. Мир финансов наурыз, 2007
    29. Банки Казахстана №5 (107) 2006 ж.
    30. «Қазкоммерцбанк» АҚ 2006 жылғы жылдық есебі.
    31. www. Kitel.kz.
    32. www.nationalbank.kz.
    33. www.khabar.kz
    34. www.kkb.kz.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi.Несие қамтамасыздығы