Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi.Несие қамтамасыздығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 15:36, дипломная работа

Краткое описание

ҚР банк жүйесі, банк қызметінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Бір банкке келетін меншікті капиталдың көлемі 30 млрд. долларды құрайды. Банк жүйесінің жиынтық жеке қаржысы 2003 жылдан бері 5,6 есе өсіп, қазіргі кезде 7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Осы кезең ішінде банктердің активтері 5,7 еседен астамға ұлғайып, 51,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Екінші деңгейдегі банктер активтерінің ішкі жалпы өнімге қатынасының көрсеткіші 75,4 пайыз болды. Бұл Шығыс Еуропа елдерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.Қазақстандық қаржы ұйымдары халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына көшірілді. Сондай – ақ ипотекалық кредиттері кепілдендіру қоры мен алғашқы кредиттік бюро құрылды.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І -бөлім. Банктiк несиелердiң теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . .
1.4. Банктік несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесі негізінде). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 «Қазкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелік портфеліне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3. «Дәулет» ЖШС – ін несиелеу процесіне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІІ-бөлім Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . .
3.2. Коммерциялық банктердің несиелік процесінiң даму болашағы . . . . . .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қосымшалар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Банктiк-несиенiң-формалары-мен-түрлерi.Несие-қамтамасыздығы.1.doc

— 667.50 Кб (Скачать документ)

Алайда, бұл меншік құқығымен бірге берілетін қатерді азайтпайды.

Несие берушінің ісі ссуданы қамтамасыз етуші объектіні пайдаланатын қарыз алушының адалдығына көп жағынан тәуелді болады.

Банк қатерді кеміту мақсатында қамтамасыз етудің мөлшерін абайлап анықтауға мәжбүр болады. Осыған қарай несиенің ең көп шамадағы сомасы да шектеулі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерциялықбанк АҚ тәжірибесі негізінде)

 

  2.1. «Қазкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттамасы

1990 жылы құрылған «Қазкоммерцбанк»  АҚ қазіргі уақытта активі, несие  қоржыны  және пайда мөлшері  бойынша ірі жеке меншік қаржы институты болып табылады.

Қазкоммерцбанк тарихы ҚазКСР заңнамасына сәйкес, 1990 жылы 12 шілдеде құрылған Медеу банкінен басталады. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін, банк «Қазкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркелді және банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің 1991 жылғы 21 қарашадағы №48 лицензиясын алды. Бұл күн Қазкоммерцбанктің ресми туылған күні болып есептеледі.

1993 жылдың 15 қарашасында қазақстан өзінің ұлттық валютасына ауысты. Айырбастау басталған бірінші күннен бастап теңге заңды төлем құралы болады деп белгіленді. Рубльді Қазақстандық теңгеге ауыстыру 1993 жылдың 15 қарашасында таңертеңгі сағат 8 – де басталды. Айналыстан 950,6 миллиард рубль сомасында 1961 – 1992 жылдардың рубльдік банкнот үлгілері алып тасталды. Ұлттық валютаны енгізгеннен кейін, экономиканы қолма – қол ақшамен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен алып тасталды.Экономика жандана бастады. Көбі елдегі ақша айналымы қалай қамтамасыз етілетініне байланысты болды. Ал, Қазкоммерцбанк 1994 жылдың сәуірінде өзінің жеке даму стратегиясы мен өсіп жатқан жеке кәсіпкерлік мұқтаждықтарына жауап бере отырып, «Астана Холдинг» коммерциялық банкімен бірігіп, жаңа деңгейге шықты. Осы уақыттан бастап Қазкоммерцбанк, бүгінде 22 бөлімше, 51 кассалық – есеп айырысу орталығы мен 12 дербес қызмет көрсету орталығын кіргізетін, өзінің филиалдық торабы елдің негізі іскерлік және тұрғындар орталығына қатысу да. Осы жылдан бастап банк Ұлттық банк пен елдің Қаржы министрлігі, сондай – ақ қаржылық институттар – Бүкіләлемдік банк, Еуропа жаңғыру және даму банкі, Ислам даму банкі, Kreditanstalt fur wiederaufbau және Азия даму банкі дайындаған және демеушілік ететін бір қатар арнайы бағдарламаларға қатысты.

1995 жылдың  наурызында мемлекет басшысы заңдық күші бар «ҚР Ұлттық банкі туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы жылы ел экономикасы дамуының негізі оң нәтижесі экономикалық құлдырау қарқынының бәсеңдеп, инфляция деңгейінің едәуір төмендеуі болды. Жаңа заңға сүйене отырып, 1995 жылы Ұлттық банк, банктік қадағалаудың уәкілеті органы ретінде банктік жүйені қайта құрылымдай бастады. Қазақстанның даму үстіндегі нарықтық шаруашылығының анағұрлым серпінді секторларының бірі теңгені енгізген сәттен нөлдік белгіде болған валюталық нарығы болды. 1995 жылы Қазақстанның валюталық қор биржасындағы операциялар көлемі 1,8 миллиард АҚШ долларын; 59,5 млн. неміс маркасын және 734,3 млрд, ресей рублін құрады. Сол жылы Қазкоммерцбанк ҚР үкіметінің ресми кеңесшісі ретінде, экономикалық және саяси мәні бар процесстер бойынша саласының жекелеген кәсіпорындарын қайта құрылымдау және жекешелендіру сияқты ұсыныстар дайындауға қатысты.

1996 жылы егеменді мемлекет ретіндегі Қазақстанның даму жылдары ішінде бірінші рет ЖІӨ - нің артуы байқалды, инфляция қарқыны мен теңгенің айырбастау бағамының құнсыздануы едәуір төмендеді. Қазақстанның 1996 жылы шілдеде ХВҚ келісімінің 8 бабы бойынша міндеттеме қабылдауы маңызды оқиға болды, бұл ағымдағы операциялар бойынша теңгенің айырбасталуын ресми бекітті және шектеулері жоқ көпқырлы төлем жүйесіне көшуге мүмкіндік берді.

Республиканың 1997 қаржылық жылы РЕПО және кері РЕПО операцияларын белсенді жүргізуді бастауымен, СВОП – операциялар биржасын операциялық практикаға енгізуімен белгілі болды. Бұл жыл ҚКБ үшін Credit Commerciale de France атты француз банкімен ынтымақтастығымен атап өтілді. Оның қолдауымен Қазкоммерцбанк ЕЖДБ қаржыландыратын және қарқынды институционалдық дамуды көздеген «твининг» бағдарламасын жүзеге асырады. 1997 жылдың маңызды жетістігі – Қазақстанның бүкіл қаржылық секторы үшін ҚКБ – ның «Hermes» неміс мемлекеттік экспорттық сақтандыру компаниясының қарызгері ретінде бекуі болды, ол бұған дейін қарызгер ретінде республика Үкіметін ғана мойындаған болатын. Осы жылы ҚКБ өзінің халықаралық  бірлестірілген несиесін алды.

1998 жыл әлемдік қаржы нарықтарында дағдарыстық құбылыстардың шиеленісуімен және Қазақстанның экспорттық тауарлары конъюктурасының нашарлауымен белгілі. Осы жылы ҚР Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатының негізгі міндеттері қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау және банктік жүйені нығайту болды. Елдің ішкі қаржылық секторын қорғау үшін Ұлттық банк ақша – несие саясатын қатаңдатты. Қабылданған шаралар уақытылы және тиімді болып шықты елдің қаржы нарығындағы жағдай жыл аяғында негізінен тұрақтанды. Бұл жыл ҚКБ тарихындағы қызық жыл болды. Мамырда банк Қазақстандық корпоративтік эмитенттер арасынан бірінші болып 100 млн. АҚШ долларына үш жылдық еурооблигациясын шығарды. Одан кейінгі жылдары банк барлығы 1,5 млрд АҚШ доллары сомасына ішкі және халықаралық облигациялар шығарды.

1999 жылдың  сәуірінде теңгенің еркін құбылатын айырбастау бағамы (ЕҚАБ) енгізілді. Бірнеше рет қоғамқабылдаған шаралар қазақстандық экспорттың қалпына келуіне және өндіріс артуын жаңғыртуға ықпал етті. Қазақстандық банктер енді посткеңестік кеңістіктегі өзінің көшбасшылығына нық келе жатты. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Халықаралық валюта қоры алдындағы барлық міндеттемесін – 390,5 млн. доллар – мерзімінен бұрын толық өтеді. Бұл әлемдік сенсация және елдің банктік жүйесі үшін кезеңдік сәт сияқты болды. 2001 жылы Қазкоммерцбанк елде  бірінші болып қаржылық институттан – 7 жылға DEG неміс банкінен тікелей – үкімет кепілдігінсіз ұзақ мерзімді несие алды. Елге деген сенім, яғни елдің де, қазақстандық банктердің де рейтингісі арта түсті.

2002 жыл Қазақстан экономикасы үшін қолайлы жыл болды. Қаржылық аяда алдыңғы екі жылдың оң үрдістері жалғаса берді: инфляция мен теңгенің құнсыздану қарқыны төмендеді, алтынвалюта резервтері едәуір өсті, банктерді капиталдандыру және тұрғындар салымдары ұлғайды, банктердің жоғары несие белсенділігі мен несие бойынша мөлшерлемелерді төмендетуі байқалды. Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші болып Moody`s Investors Services агенттігіне инвестициялық рейтингісін алды. Айырбастау бағамын девальвациялау нәтижесінде, теңге 1999 – 2002 жылдар ішінде 64,66 % - дан 3,3% - ға едәуір төмендеді, алтынвалюта резервтері 1,6 есе өсті. Осы жылы Қазкоммерцбанк шетелдік, яғни көршілес нарыққа шығып, Қырғызавтобанктің 74% акциясын алды, соның нәтижесінде ол Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті.

2003 жылдан теңге бағамы мұнайға әлемдік бағаның артуына байланысты нығая бастады. Елге валюталық түсім ағыны артты. Банктер халықаралық ынтымақтастықты дамытып, бизнесті бірлесе жүргізу позициясы тұрғысынан тартымды бола бастады.

2004 жылы  банктік сектор айналым ала бастады: жыл қорытындысы бойынша жиынтық банктік капитал 347 миллиард доллардан асып түсті. Банктік сектор бұрынғыдан да әлеуметтік бағдарланған банкке айналуда. Осы жолда Қазмоммерцбанк тағы бір маңызды қадам жасады, оның қолдауымен 2004 жылдың маусымында « Құс Жолы» қайырымдылық қоры құрылады. Қайырымдылыққа жыл сайынғы шығыстар енді бір миллион долларға дейін жетеді.

2005 жылы Қазақстан қаржы нарығындағы жағдай, сонымен бірге айырбастау бағамының динамикасы бойынша да бірқалыптылау болды. 2005 жылы ел аумағында жүзеге асырылатын төлемдер мөлшері мен көлемі ұлғайғаны байқалды, Ұлттық банк төлем карточкалары нарығын дамытуға ерекше көңіл аударды. Қазкоммерцбанкке келетін болсақ, 2005 жыл банк тарихындағы тамаша жылдың бірі болды. ҚКБ отандық нарықтағы өзінің көшбасшылығын нығайтты. The Banker журналы құрастырған бірінші деңгейдегі меншік капиталынің мөлшері бойынша әлемнің 1000 ірі банкі тізімінде Қазкоммерцбанк 2004 жылғы 718 орыннан 626 – шы орынға көтерілді.

2006 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық  есеп – қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,4 триллион теңгеге (2444 млрд. теңге немесе $19,2 млрд.) теңесті. (2.1 – суретке қараңыз)

 

 

 

 

 

 

 

Активтер


 

 


 

 


                                                                                                    2.1 - сурет 

 

 Ал, осы көлемнің 60% - ын (5,4 млрд.$) қарыз «қоржыны» алады. 2006 жылы  банк 20,563 млрд. теңге мөлшерінде (154,7 млн.$) пайда тапты. Бұл бір акцияға  есептелгенде 51,17 теңгені құрайды. Ал, банктің меншік капиталы 2006 жылы 87,4 млрд. теңгеге дейін (652,1 млн.$) артты.

Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел валютасында несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін, сондай – ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттаына қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып табылады. Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. 2006 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі  бір жарым есеге өсіп, 303,4 млрд. теңгеге (2,3 млрд. $) жетті. Тұрғындардың шұғыл депозиттерінің көлемі 652 млн. доллардан асып түсті. Депозиттік шоттар саны 2006 жылдың өзінде ғана 65,06 мыңнан 73 мыңға дейін артты.

2006 жылғы 31 желтоқсандағы жай –  күйі бойынша банкте ипотеканы  қосқанда, 67 мың тұтынушылық несиесіне  қызмет көрсетілді. Тұтынушылық  несиенің жалпы көлемі 641 млн. долларды  құрады.

Банк VISA және Europay/MasterCard (Cirrus/Maestro карточкаларын қосқанда) халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын шығарады..

Сонымен қатар, Банктің тармақталған банкоматтар торабы бар. 2006 жылдың 1 наурызында банкоматтар саны – 399, сауда/қызмет көрсету кәсіпорындарында орнатылған POS – терминалдар саны – 162. Банк, сондай – ақ, Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік қызметтер көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Homebank.kz – жеке тұлғалар үшін, Olinebank.kz – заңды тұлғалар үшін.

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай – ақ, қысқа мерзімді несилеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі орташа мерзімге несие, сондай – ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұиымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.   

Қакоммерцбанк жеке тұлғалар үшін тұтынушылық несиенің:жедел несиелеу, кезек күттірмейтін мұқтаждарды несиелеу, автомобиль сатып алуға несие беру, ипотекалық несиелеу бағдарламаларын ұсынады.

Ипотекалық несиелек саласында жаңалық ойлап табу қиынырақ. Алайда Қазкоммерцбанк «Ипотека – тиімді айырбас» атты мүлде жаңа бірегей бағдарлама ұсынып отыр.

Бұл бағдарлама көптеген қазақстандықтар үшін тұрғын үй жағдайын жақсратудың нақты тәсілі бола алады. Өзінің пәтерін жаңа үйдегі тұрғын үйге ауыстырғысы келгендер осыуақытқа дейін көптеген проблемаларға тап болды. Егер салынып жатқан үйден пәтер салып алып, үнемдегісі келсе, әуелі ескі пәтерді сатып, дан соң барып қана құрылыстың аяқталуын күтіп бір жерден пәтер жалдауы тиіс болды. Ал, егер пәтерін сатпаса, банкте қажетті несие сомасын береді дегенге кім кепілдік береді. Көпшілігіне несиені төлеу ауыртпалығына төтеп беру қиынға түседі емес пе . Азаматтардың осындай категорияларына арналған Қазкоммерцбанктің «Ипотека - тиімді айырбас атты» жаңа бағдарламасы шын мәнінде қиын жағдайдан жол тауып шығуға мүмкіндік береді.

Бірншіден, енді ескі пәтерді бірден сатпай – ақ, құрылыстың аяқталуын күтуге болады. Екіншіден, несиені төлеудің ыңғайлы схемасы арқасында оны төлеуге шамасы әбден келеді.

Бағдарлманың мәні мынада, екі несие аласыз – біреуі бар пәтерді кепілге қойып, екіншісі – салынып жатқан үйді кепілге қойып. Әрі ескі пәтер кепілзат болатын бірінші несиені төлеуде салынып жатқан үйді пайдалануға тапсырғанға дейін жеңілдетілген кезең ұсынылады. Жаңа тұрғын үй салынып біткен соң, сонда көшіп, ескі пәтерді сатып, неисені жабасыз.

Жылжымайтын мүлік бағасының үнемі артуын ескере отырып, өз тұрғын үйіңізді бір жылдан соң анағұрлым қымбатқа сатып, банк төлемі мен пәтердің нақты бағасы арамындағы айырмашылықты жаңа тұрғын үйді жайластыруға не болмаса екінші несиені мерзімінен бұрын өтеуге нақты мүмкіншілік болады .

«»Ипотека - тиімді айырбас»атты бағдарлама бойынша жаңа тұрғын үйді бағдарлама серіктестері  - құрылыс компаниялары ұсынады. Барлық болуы мүмкін тәуекелдерден тұтынушыны қорғайтын қосымша фактор осы, өйткені банк ынтымақтастықты бастамас бұрын компанияның өзіне, сондай – ақ оның салып жатқан нысандарына сараптама жасайды. Мұндай серіктемскомпаниялар Қазкоммерцбанкте көп, сондықтан таңдау мол.  

2007 жылдың 1 сәуірінен 29 маусымы аралығында  Қазкоммерцбанкте бизнесті дамытуға несие ресімдей отырып, несие, ағымдағы шот ашу бойынша жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесін және «Эквайринг» банктік қызметтеріне төмен тарифтер алуға болады.Аталған акция шеңберінде Қазкоммерцбанктің тұрақты клиенттері мен өзге банк клиенттері арасында бағдарламаларды тестілеу негізінде шағын және орта бизнес мұқтаждықтарын терең зерттеуді ескере отырып  әзірленген «Өз ісінің капитандарына» деген жалпы атаумен Қазкоммерцбанктен шағын және орта бизнесті неиелеудің 9 бағдарламасы ұсынылды. «Бизнес - даму»(1 000 – нан 10 000 АҚШ долларына дейінгі сомада несие беріледі).Бұл несиелендіру бағдарламасы жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған. Несиелендіру мерзімі айналым қаражаттарын толықтыру үшін 3 жылға, инвестицияға 5 жылға дейінгі уақыт аралығына беріледі.Сыйақы мөлшері жылына теңгеде де,АҚШ долларында да 17%- дан,18,8%(60ай),19%(36 ай) – ға дейін беріледі.

 «Бизнес - өсу» бағдарламасы  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге  арналған несиелендіру мерзімі  мен мақсатына байланысты төмендетілген  пайыздық мөлшерлемелер.Несие сомасы 10 001 АҚШ долларынан 200 000 АҚШ долларына дейін.Несиелендіру мерзімі айналым қаражаттарын толықтыру мақсатында 3 айдан 12 айға дейін (15%,16%,17% пайыздық ставкаларымен), инвестицияға 12 айдан 120 айға дейін (17%, 18%, 20% пайыздық ставкаларымен), «Бизнес - бедел» бағдарламасы заңды және жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлерге арналған.Несие мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейінгі уақыт аралығы.50 және 1 500 АҚШ доллары сомасын 15%, 18% сыйақы мөлшерлемесінде ала алады, «Ұшқыр несие» бағдарламасында несие табысты растама ай – ақ, қамсыздандыруға жылжымайтын мүлікті қоюға болады.Несие сомасы 5000 АҚШ долларынан 500 000 АҚШ долларына дейін беріледі. Несиелеу мерзімі 36 айдан 120 айға дейін, 16% (АҚШ долларында),17%(теңгемен), пайыздық мөлшерлемесімен беріледі, «Ең әдемісі» атты несиелеу бағдарламалары бойынша айналым қаражатын немесе инвестицияларды толықтыруға несие алып, несие бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесімен 12 айдан 120 айға дейінгі мерзімде несие алуға болады.Несие бойынша ай сайынғы сомаға негізгі қарыз сомасы мен сыйақы сомасы кіреді. Сыйақы негізгі қарыз қалдығы сомасына байланысты есептеледі.Акция шеңберінде құбылмалы сыйақы мөлшерлемесінде пайыздар төлеу есебі бүкіл несие мерзіміне оны бірқалыпты ұлғайта отырып, төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен есептеледі. Нәтижесінде клиент сыйақы мөлшерлемесі бойынша сома төлеуде үнемдейтін болып шығады. Құбылмалы сыйақы мөлшерлемесінен басқа, аталған акция шеңберінде Қазкоммерцбанк өз клиенттеріне ағымдағы банктік шотты тегін ашуды және банктік «Эквайринг» қызметтеріне жеңілдетілген тариф ұсынады.

Информация о работе Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi.Несие қамтамасыздығы