Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi.Несие қамтамасыздығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 15:36, дипломная работа

Краткое описание

ҚР банк жүйесі, банк қызметінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Бір банкке келетін меншікті капиталдың көлемі 30 млрд. долларды құрайды. Банк жүйесінің жиынтық жеке қаржысы 2003 жылдан бері 5,6 есе өсіп, қазіргі кезде 7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Осы кезең ішінде банктердің активтері 5,7 еседен астамға ұлғайып, 51,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Екінші деңгейдегі банктер активтерінің ішкі жалпы өнімге қатынасының көрсеткіші 75,4 пайыз болды. Бұл Шығыс Еуропа елдерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.Қазақстандық қаржы ұйымдары халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына көшірілді. Сондай – ақ ипотекалық кредиттері кепілдендіру қоры мен алғашқы кредиттік бюро құрылды.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І -бөлім. Банктiк несиелердiң теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . .
1.4. Банктік несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесі негізінде). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 «Қазкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелік портфеліне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3. «Дәулет» ЖШС – ін несиелеу процесіне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІІ-бөлім Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . .
3.2. Коммерциялық банктердің несиелік процесінiң даму болашағы . . . . . .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қосымшалар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Банктiк-несиенiң-формалары-мен-түрлерi.Несие-қамтамасыздығы.1.doc

— 667.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоғарыда кестеден көріп отырғанымыздай кезең ішіндегі шығындар құрылымының негізгі үлесін жалпы және әкімшілік шығындар алып отыр. Талдаған кезең аяғында олар 33 227 мың теңгені құрап отыр,олардың салмағы 80% құрап отыр.Талдау кезеңі ішінде кәсіпорынның кезең шығындары  01.01.2005 – 01.10.2006 жылдар аралығында 10 699 мың теңгеге қысқарған. Бұл жеке қызмет түрлерінің тоқтауымен байланысты.

Талданған кезең аяғында кәсіпорын 71 219 мың теңге көлемінде таза табыс алды. Кәсіпорында сатылған өнім номенклатурасы бойынша есеп жүргізілмеген, сәйкесінше, өнім сипаттамасы «өнім сипаттамасы» бөлімінде көрсетілген. Негізгі қызметінен түскен табыс 61 700 мың теңгені құрды., талданған кезең ішінде берілген табыстар 306 309 мың теңгеге ұлғайған және талданған кезең аяғында олардың үлес салмағы 24% құрады. Негізгі емес қызметтен түскен табыс (делдалдық қызмет) 11 141 теңге болды. талданған кезең ішінде 10 728 мың теңгеге ұлғайған. 2006 жылдың аяғында қарызгер делдалдық қызметпен байланысты қызметін тоқтатады.

 

                          4. Жобаның сипатталуы

Көкейкестілігі

Жобаның сатып алудағы көкейкестілігі (актуалділігі) мынада: ағаш – бұл табиғи материал, жаңаратын ресурс және қорлары шексіз емес басқа табиғи ресурстарға қарағанда ( мұнай,газ) стратегиялық мәні бар шикізат болып табылады.

Орман секторы дамуының және қазіргі нарық жағдайындағы Қазақстан Республикасының орман –қағаз өнімдерін талдай отырып, төмендегі басты бетбұрыстарды (тенденция) айрықша атап кеткен жөн:

    1. Орман –қағаз өнімдерін тұтыну деңгейінің тұрақты өсімі, әсіресе орман өнеркәсібі өндірісінде даму базисі және орман өнімдерін сату көлемінің ұлғаюы болып табылатын қағаз және картонның.
    2. Қазақстан үшін орман материалдарының (ағаш, жиһаз, целлюлоза – қағаз өнімдері және т.б.)ішкі нарықтағы көлемі жоғары – 1 млрд. АҚШ доллары шамасында және еліміздің ЖІӨ - нен 3%. Сонымен қатар, импорт үлесі – 50% - ды құрайды, сол үшін отандық кәсіпорындардың өсімі үшін жағдай бар.

Қазіргі уақытта, ҚР орман шаруашылық нарығының тұрақты көлемі мамандардың бағалауы бойынша 4,0 млрд. АҚШ доллары шамасында, соның ішінде жиһаз бойынша – 1,0 млрд долларға жуық. Осылайша, қазіргі таңда ішкі нарықтың өсімі жиһаз өндірісінің дамуына негізделеді. Нарық сиымдылығы аралау материалдар бойынша отандық өндіріс өнімдерімен 45 – 50 % -ға, ағаштан жасалған өнімдер – 65 – 70%-ға толтырылуда. Тығыздалған және жинақталған ағаш үгінділерінің нарықтағы сиымдылығы 250 мың куб.М. және 6,5 млн.  кв.м. құрайды.Сәйкесінше, импорт есебінен қамсыздандырылады. Бұл саланың өндірісі біркелкі емес даму үстінде. 1990 жылдардың аяғынан 2000 жылға дейін ағаш өңдеу өнеркәсібінің дамуы байқалған болатын, 2001 жылы өндірістік өнеркәсіптің төмендеуі болып, кейінгі екі жыл аралығында қайта дамуы байқалды. Сонымен қатар, 2003 жылы 65,3%  - дағы сала өсімі өнеркәсіптегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.Бұл көрсеткіш өсу қарқыны бойынша өңдеу өнеркәсібін қазбалау өнеркәсібінен озуға мүмкіндік берді.

Орман өнеркәсібінің даму перспективалары

Қазақстан арқылы маңызды  «оңтүстік - солтүстік» жолы өтеді.Оңтүстік бағыттағы  Ресейден әкелінетін ағаштың негізгі ағымдары Қазақстан арқылы өтеді( шикізат базасы Сібірде және өткізу нарығы Қытай). Мәні бар базалар және экспорттау үшін күрделі қайта өндіріп шығаратын кәсіпорындар құруға мүмкіндіктер бар. Қазақстанның орман өнеркәсіп кешені кешендік үйлесім барысында, сонымен қатар, кластерлер орнығуы барысында озат технологияның орнығуы және ары қарай дамуына жол ашады.

Орман өнеркәсібі кешенін дамыту бірнеше бағыттардан тұрады: жеке базаны құру үшін орманды қалпына келтіру және барлау, орманды дайындау және орманды аралау жұмыстары бойынша кәсіпорындар құру, ағашты терең қайта жасап өңдейтін кәсіпорындар құру, дистрибиуциялық тор құру. Бұл Қазақстан және Ресей Федерациясының шикізат ресурстарын қолдану есебінен мүмкін болмақ.

 

Өндіріс сферасы:

    • «Дәулет» ЖШС кәсіпорнының өнім өндірісі үшін шикізат көзі Ресейден жеткізілетін орман материалдары болып табылады.
    • Шикізат нарығы жеткілікті мөлшерде дамыған, орманның негізгі бөлігі Ресейден әкелінеді. Бұл біздің республикамыздың барлық тұтынуындағы 50 % - ға жуығы.

«Дәулет» ЖШС кәсіпорны өз өнімдерін көтерме – бөлшек сауда нүктелері арқылы , жеке сатып алушылар арқылы және республикадағы ірі кәсіпорындарға келісімшарт бойынша жеткізу арқылы сатады.

Өнімнің негізгі тұтынушылары республикамыздағы ірі кәсіпорындар болып табылады:

    • «Ауыр машина жасау Алматы зауыты» АҚ
    • «Восток - 7» ЖШС
    • «Энерго - Профит» ЖШС

2006 жылы орман материалдарын жеткізу келісімшартына отырған жалпы сома 119 081 500 теңгені құрайды.

Негізгі бәсекелестері болып: «WODHOUSE PLUS» ЖШС, «Сервис Лес ЛТД» ЖШС, «ЕКА - К» ЖШС кәсіпорындары табылады.

 

Ұқсас өнімдердің бағаларын салыстыру (негізгі өнім, теңгемен)

2.9-кесте

Өнім атауы

«WODHOUSе PLUS» ЖШС

«Сервис Лес ЛТД» ЖШС

«ЕКА - К» ЖШС

«Дәулет» ЖШС

Домалақ ағаш, диаметр 18 см-ден жоғары, ұзындығы 4-6 м, үйеңкі св. гарь,ГОСТ 9463-88,

     

1200

Қиылған тақтай 20-30, ені 100-150, 1-3с

30 000

28 000

28 000

26 000

Қиылған тақтай 40-50, ені 100-150, 1-3с

30 000

26 000

28 000

25 500

Қиылмаған тақтай, қарағай 20-30мм, 4-6 м,1-3с

26 000

25 000

16 000

14 500

Қиылмаған тақтай, қарағай 40-50мм, 1-4с, ұзындығы 4-6 м

25 000

22 000

16 000

14 500

Қиылмаған тақтай, қарағай 20-50мм, 1-3с, 4-6 м

18 000

19 000

16 000

15 000

Брус 100х100. 100х150 ұзындығы 4-6 м, сорт 1-3

 

35 000

 

27 000

Брус 130-150, ұзындығы 4-6м, сорт 1-3

 

33 000

 

28 000

Брус 150-150, ұзындығы 4-6 м, сорт 1-3

 

32 000

 

29 500

Брус 180-180, ұзындығы, 4-6м, сорт 1-3

 

30 000

 

30 500

Еденге арналған қапталған тақтай

     

37 000


                  

Ұқсас өнімдердің бағаларын басқа кәсіпорындармен салыстыру салыстыру барысында шығаратын шешім: «Дәулет» ЖШС кәсіпорын өнімі бәсекеге қабілетті және өнімнің осындай сапасындада бағасы төмен

 

              «Дәулет» ЖШС өімдерінің сипаттамсы

2.10-кесте

Өнімнің аталуы

(өлшемі, кесік)

1

Жұмыр орман, диаметр 18-ден жоғары, ұзындығы 4-6м, қарағайсв. гарь, ГОСТ 9463-88, Қазақстан.

2

Қиылған тақтай 20-30, ені 100-150, 1-3с.

3

Қиылған тақтай 40-50, ені 100-150, 1-3с.

4

Қиылмаған тақтай, қарағай 20-30мм, 4-6м, 1-3с.

5

Қиылмаған тақтай, қарағай 40-50мм, 1-4с, ұзындығы 4-6м.

6

Қиылмаған тақтай, қарағай 20-50мм, 1-3с, ұзындығы4-6м.

7

Брус 100х100. 100х150 ұзындығы 4-6м, сорт 1-3

8

Брус 130х150, ұзындығы 4-6м, сорт1-3

9

Брус 150х150, ұзындығы 4-6 м, сорт 1-3

10

Брус 180-180, ұзындығы 4-6м, сорт 1-3

11

Еденге арналған қатпарланған тақтай,с. 1-3

12

Қайрақ 50х50,50х40,40х40

13

Қайрақ 50х30,50х20

14

Қайрақ 50х70

15

Плинтус

16

Обналичка

17

Қарағай саптары

18

Қайың саптары

19

Қарағай кв.м. вагоны

20

Көктерек, балқарағай кв.м. вагоны

21

Балясина

22

Тізбектелген есік блоктары,  1кв.м.

23

Қорапшамен терезе блоктары, 1 кв.м

24

2,1х1,0 өлшемді есік қорапшалары


                                                                                                                                         5. Жобаның экономикасы

Ақша қаражаттары айналымы туралы есебін және пайда және зияндар туралы есебін құру барысында төменде көрсетілген базалық шамалар қолданылған болатын:

1 ВАРИАНТ- пайда және зияндар туралы есебінің нақты мәліметтері қолданылған, қуаты 90%

    • Өтелімділік кезеңі – екінші квартал 2011ж.
    • Аккумулятивті пайда – 416 849 440 теңге
    • Аккумулятивті ағым – 8 541 300
    • NPV – 4 178 926 теңге
    • IRR – 1.11%

 

Ескерту: базалық пайдаға ресми есепте көрсетілмеген жеке жеке тұлғаларға сатудан түскен компанияның табыстары қолданылған болатын.

 

2 ВАРИАНТ – пайда және зияндар туралы есебінің нақты мәліметтері қолданылған , қуаты 100%

    • Өтелімділік кезеңі – екінші квартал 2011ж.
    • Аккумулятивті пайда – 494 729 884 теңге
    • Аккумулятивті ағын – 46 408 203
    • NPV – 27 002 499 теңге
    • IRR – 5.75%

 

Ескерту: базалық пайдаға ресми есепте көрсетілмеген жеке жеке тұлғаларға сатудан түскен компанияның табыстары қолданылған болатын.

 

3 ВАРИАНТ – пайда және шығындар туралы есебінің нақты мәліметтері қолданылған, қуаты 115%

 

    • Өтелімділік кезеңі – екінші квартал 2010 ж.
    • Аккумулятивті пайда – 611 550 551 теңге
    • Аккумулятивті ағын – 103 388 556 теңге
    • NPV - 61 237 857 теңге
    • IRR – 12.02%

 

Ескерту: базалық пайдаға ресми есепте көрсетілмеген жеке жеке тұлғаларға сатудан түскен компанияның табыстары қолданылған болатын.

Алынған IRR 12,02% мән дисконтталған мөлшерден төмен, нәтижесінде  салынған инвестиция тиімділігі  15% құрады. Қарызгер кем дегенде 50% - ын күтеді.

Кезең шығындары есебімен (%), және біржолдық сыйақы төлемдер залалсыздығы:

    • 2006ж. – 997 куб/м.
    • 2007ж. – 4 938 куб/м.
    • 2008ж. – 4 170 куб/м.
    • 2009ж. – 3 678 куб/м.
    • 2010ж. – 3 185 куб/м.
    • 2011ж. – 3 158 куб/м.
    • Орташа мәні – 3 826 куб/м.

Сезімталдық талдауы көрсетіп отырғандай, жоба табысқа сезімталдау, оның 20% - ға дейін түсуі кәсіпорын үшін сынақ.

 

              6. Кәсіпорынның мықты және осал  жақтары

Мықты жақтары

    • орман материалдарына сұраныстың көптігі ( Үкіметтің өкіміне сәйкес 05.12.2001ж.  № 1571 және 16.07.2002ж. № 785 ҚР шегінде жұмыр орманды өндіруге және экспорттауға тиым салынған);
    • Жұмыс істейтін бизнес және Ресейлік орман материалдарын жабдықтаушыларымен бітімді мәміле;
    • Жұмыс істейтін өнімдерді сату нүктелерінің болуы, орман материалдарын орташа сату көлемі 3 755 куб/м;
    • Түсетін срман материалдарын сақтау үшін жеке қойманың болуы.

 

Осал жақтары:

    • «Альянс банк» АҚ алдында 794 750 АҚШ доллары көлемінде ссудалық қарыздарының болуы;
    • Бухгалтердің жиі ауысуына байланысты бухгалтерлік есеп жүргізуі проблемасы, қаржылық есептің міндетті деңгейде жүргізілмеуі;
    • Кеденде жүктің ұсталынып қалу форс - мажоры.

 

                7. Қорытынды

Жоғарыда айтылғандалды ескере отырып, жоба бойынша мықты және әлсіз жақтарын қабылдай отырып, «Дәулет» ЖШС  183 000 000 теңге көлемінде біржолғы комиссия 2% көлемінде 60 айға ссудалық қарыздың берілуі мүмкіндігі туралы несиелік комитетте қаралуын дұрыс деп санаймыз. Несие бизнесті дамыту, сонымен қатар, Ресейден орман материалдарын жеткізу және «Альянс банк» АҚ алдындағы ссудалық қарызды жабу (14,7%) мақсатында алынады. Қарыз 1 430 581 АҚШ долларында берілуі мүмкін. Ондай жағдайда ай сайын құятын төлем (банктің несие калькуляторымен есептегенде) -35 636,08 АҚШ долларын құрайды. Банкке қайтарылатын сома 3 088 715,15 АҚШ доллары.   .

«Дәулет» ЖШС кәсіпорны «Альянс банк» АҚ алдындағы ссудалық қарызды қайта қаржыландыруды төменде көрсетілген әдістер арқылы орындауына болады:

    • «Альянс банк» АҚ рұқсатымен «Қазкоммерцбанк» АҚ екінші кепілзат ұстаушы болып саналады және кепілдік құжаттарын ресімдеп, содан кейін, «Қазкоммерцбанк » АҚ ақша қаражаттарын «Альянс банк» АҚ – на аударады.
    • «Қазкоммерцбанк»АҚ «Альянс банк» АҚ – мен цессиялық келісімшартына отырады;
    • «Қазкоммерцбанк» АҚ «Альянсбанк» АҚ – нан құжаттар түп – нұсқасын «Қазкоммерцбанк» АҚ қызметкеріне бергеннен кейін, жылжымайтын мүлік орталығында кепілдік келісімшартының ары қарай тіркелуімен , «Альянсбанк»АҚ есеп айырысу шотына «Дәулет» ЖШС – і ссудалық қарыз сомасын аударуы туралы «Альянс банк» АҚ – на кепілдік хатын жіберу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-бөлім  Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесі

3.1. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері.

 

Дамыған елдердің банктеріндегі несиелеу тәжірибесін қарастыра келе, еліміздегі банктік жүйенің несиелеудегі қызметінің төмен деңгейін көруімізге болады.

Дамыған елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы өте жоғары болған және 2005-жылы 89-174%-ға жеткен. Неміс-жапон қаржылық моделіндегі елдерде (Швейцария, Германия, Жапония) бұл қатынас ағылшын-американдық модель бойынша қызмет ететін елдерден гөрі (АҚШ, Англия) жоғары болған.

Жаңа индустриалды елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы 53-100% аралығында болған. Бұл жерде прогрессивті өсу ағылшын-американдық модельдегі (Турция) елдерден гөрі неміс-жапон елдерде (Корея, Сингапур) көбірек байқалған.

Шығыс Еуропа елдері мен Қытайда банктік несиелеудің деңгейі 33-133% құрайды. Бұл жерде де алдыңғы орында неміс-жапон қаржылық моделін таңдап алған елдер (Қытай, Чехия) болса, ағылшын-американдық моделін ұстанған елдер (Польша) артта жүрген.

Информация о работе Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi.Несие қамтамасыздығы