Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 22:44, курсовая работа
Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы- несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын бизнесті дамытудың рөлі ерекше.
I КІРІСПЕ .............................................................................................................3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ..........................5
1.1. Нарық жағдайындағы шағын бизнестің мәні және қажеттілігі .................5
1.2. Шағын бизнестің дамуы және оны мемлекеттік қолдау............................13
2.Шағын бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар ...............................................................................................................20
2.1. Шағын бизнестің дамуындағы кемшіліктер ..............................................20
2.2. Шағын бизнесті дамытудың нақты шаралары ...........................................22
3.Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі .....26
III ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................28
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................30
3. Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі
Қазақстандық шағын бизнес пен шетелдік тәжірибелер хақындағы пікірімізді "жаңа қазақстандық менталитетке" қатысты күтпеген, әрі тосын да тың ойлардан бастамақпын. Оның басты себебі Батыстың немесе Шығыстың дамыған елдерімен салыстырғанда бізде әлі күнге дейін шағын бизнестің философиясы мен өзіндік идеясы жоқ. Қазақ бизнесінің философиясы тақырыбына қалам тартып жүрген Ысқақов А. деген қазақстандық автордың пікірінше: "Қазақ бизнесінің философиясы дегеніміз шексіз құнығу, сән-салтанат пен тәтті және әдемі өмір сүру, бет-пердесі айқара ашылған индивидуализм немесе жеке бас қамы". Егер біздер бүгінгі қоғамымызға жаппай етек алып отырған қалың - бұқаралық шоу мәдениет пен оның түбірлі тірегі аса индустриалды американдық нарықтық өркениетті және оған қоса "батыстық рационализм" мен "жаңа бағдарламалық модельдер" жиынтығын ойға ала кеткен жөн.
Келесі бір көңіл бөлетін мәселе қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі. Баршаға мәлім, бүгінде Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдардың, оның ішінде «Әлемдік даму және қайта жарақтандыру Банкі», «Халықаралық Валюта Қоры», «Еуропа Даму Банкі» сияқты беделді қаржы банкілерінің мүшесі болып отыр. 1988 жылы тұсауы кесілген "Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор" дүниеге келісімен-ақ шағын бизнеске бағытталған несие беріле бастады. Мәселен, Еуропа Даму Банкі қазақстандық кәсіпкерлерге шағын несие беру мақсатында аталмыш қорға 77,5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Сонымен қатар, қазақстандық "Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор" Азия Даму Банкінің 50 млн. долларға жуық дәл осы шағын бизнеске бағыттауға шешім қабылдады. 1998 жылдың үш айында аталмыш қор шағын бизнесті 136 жобаға 1,3млн. АҚШ доллары көлемінде несие берді. Жоғарыдағы цифрлардан көріп отырғанымыздай, Қазақстандағы шағын бизнестің халықаралық қаржы ұйымдарынан несие алуында ешбір мін жоқ. Тіптен ТМД-ның Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей сияқты елдерімен салыстырғанда, бізде де елеулі ілгерілеу байқалатындай. Сөйте тұра, қазақстандық шағын кәсіпкерлер "бәз - баяғысынша" шамадан тыс көп салықтан бастап, кәсіпорындар мен фирмалармен тікелей қарым- қатынас жүйесіндегі сансыз қолбайлаулардан ешбір көз ашар емес. Бұл сала жалпы мемлекеттік бюджеттен де жылдар бойы өзіне тиісті "үлесін" ала-алмай келеді. Мысалы үшін: Европаның Дания, Швецария және Франция тәріздес "социализмге біртабан жақын" елдерінде шағын бизнесті дамытуға мемлекеттік бюджеттен белгілі бір мөлшерде қаржы бөлінеді. Мамандардың мәлімдеуінше 1999 жылдың қаңтарына дейін жалпымемлекеттік салықтар мен оны жинау ең бастысы бюджеттік республикалық бюджетке басты назар аударылған. Ал бюджеттің екінші тобына кіргізілгендердің ішінде шағын бизнесті дамытуға қажетті іс-шаралар бар. Түйіндеп айтар болсақ, мемлекеттік дәрежеде қамқорлық болмаған соң шағын бизнестің халықаралық сахнаға шығу-шықпасы екіталай.
Соңғы жылдары қазақстандык шағын бизнесті Латын-американдық тәжірибелерімен салыстыру сияқты "жаңа үрдіс" пайда болды. Егер біздер, негізінен, тарихи факторларға ғана сүйенсек, мұның өзі заңды да. Әңгіме импорттың орнын басарлықтай индустриалдық тұрғысында. Шынында да бұл елдердегі индустриалдық даму мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асты. Оның артында әлемдік бәсекеге төтеп беру мақсатындағы қамқорлық тұр. Алайда, "Латын-американдық модельді" "Қазақстандық модельге" жақындастыруды жақтаушылар бұрынғы Португалия мен Испания отарларында XX ғасырдың 20-30 жылдарынан бері негізінен "А" тобына жататын салалардың үстемдік етуіне жол берілгендігін және мұндай біржақты бағыттың соңғы елеулі қиыншылықтарға мұрындық болғандығы ұдайы ескеріле бермейді. Екіншіден, өкінішке орай, бүгін де оларды біздермен "тонның ішкі бауындай туыс" етіп тұрғаны тек әлеуметтік дифференцияға ғана. Соңғысы тарихи КСРО кезеңінен-ақ өз бастауын алды.
Келтірілген мәліметтер біздерді жақындастырған институционалды құрылымға тікелей қатысы бар: популистік тәжірибелер, этатизм мен солшыл экстремизм және жекеменшіктен басқа да ерекше факторлардың жеткіліктілігіне, атап айтқанда, бұл елдердегі әлеуметтік құрылымдардың тек жобалап айтқанда ғана біздермен туыстығына көзімізді жеткізіп отыр. Бір ғажабы, Қазақстан дербес ел ретінде бөлініп шыққанына қарамастан аталмыш коэффициентке қатысты үрдістер сол баяғы қалпында жалғасын табуда. Негізгі қалыптасып отырған ахуал осындай халде болғандықтан курстық жұмысымыздың өзекті негізі - шағын бизнеске қатысты шетелдік тәжірибелер хақында Қазақстанды Латын Америкасы сияқты әлемнің өзіндік бір ерекше аймағымен салыстыру – дәл бүгінде оңай шаруа болмаса керек.
Қорытынды
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бүгінгі таңда мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызы зор саласы болып табылады. Шетелдік тәжірибені зерттеу көрсеткендей, шағын бизнестің дамуындағы сәттіліктің сөзсіз шарты - бұл шағын кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлік жан-жақты және тұрақты мемлекеттік қолдауды қажет ететіні туралы пікір.
Бүкіл қиындықтарға қарамастан, Қазақстанда инновациялық идеяларды өмірге енгізетін зерттеушілерді колдайтын бюро қызмет атқарады, сондай-ақ инновациялар мен жаңалықтар және технологиялар дамыту орны құрылады. Сондай-ақ, ғылым және ғылыми-техникалық саясат концепциясының проекты, «Ғылым туралы» заң және мемлекеттік инновациялық даму бағдарламасының проекттері талқыланған.
Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университеттер, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті - шағын, әсіресе инновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң, фирмалар бизнес-инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, шағын бизнестің Республикамызда дамуы негізінен қатаң салықтық саясат, қарыз қаражаттарын ала алмауы, лизингтік қызметтердің шектеулі болуы, өткізу нарығының жоқ болу қиындықтары кедергі болып отыр. Менің ойымша шағын бизнесті көтеру органдары Салық Комитеті, сонымен қатар Ұлттық Банк тарапынан шағын бизнесті қолдау және көтермелеу механизмдерін жүзеге асыру қажет. Ал қаржылық жағдайын жақсарту үшін шетелдік инвесторлардың капиталын тарту, әріптестер іздеу керек деп ойлаймын.
Несие алудағы проблемаларды шешу үшін көптеген тараптар жағынан шаралардың кешені талап етіледі. Біріншіден, шағын кәсіпкелік субъектілері өздері несие алуды жеңілдету үшін шараларды жүзеге асыру керек. Бұл шаралар ең алдымен олардың ашықтылығын, транспаренттілігін және инвестициялық көркемділігін жоғарлатуға бағытталу қажет.
Бір жағынан, шағын бизнестің дамуына кедергі жасап тұрған тек мемлекет, қаржы-несие жүйесі, салықтық саясат деп те айта алмаймын. Кейбір жағдайларда кәсіпкерлердің өздері де шағын бизнестің дамуына тежеу қояды. Кәсіпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыры мен сырын әлі де түсінбеген. Толыққанды бизнес жоспарлары стандартқа сай келмей отыр.
Өкінішке орай, кәсіпкерлер шағын бизнесті дамыту барысында жіберген кемшіліктерді жою үшін білімнің аса қажет екенін түсіне бермейді. Олар «Бизнес бойынша заңнамадағы өзгерістер» туралы, «Салықты басқару» жөнінде және т.б. көп біле бермейді, оған ҚР қолданыстағы заңдары бойынша мамандардан түсініктеме алып отырса, кәсіпкерлік саласындағы кемшіліктер барынша азаяр еді деп ойлаймын.
Тағы да айтып кететінім, кешенді түрде шағын бизнестің ел экономикасына тигізетін пайдасы зор және де ірі кәсіпорындардың жанында көмекші өндіріс ретіндегі рөлін арттыру қажет.
Мұның барлығы шағын бизнестің әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме–дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекоммуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер, заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялық фирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек. Әрбір кәсіпорын немесе ұйым өз қызметкерлерінің өнімділігін арттыру үшін ынталандыру шараларын жиі жүргізіп отырса екен деймін.
Сонымен, шағын бизнестің алдында тұрған проблемалар жеткілікті және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. Бірақ, сөзсіз шағын бизнес секторы - экономикада отандық нарықтың жолға қойылуына дем беретін сектор. Ол біздің өмірімізге толығымен еніп, өндірісті дамытып, әлемдік экономикалық алғы шектерде алғашқыларының санына бізді қоса алатынына сенімдімін.
Жалпы қорыта келе, Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудың мәні келесіде: халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз етеді, бәсекелестік ортаны қалыптастырады, жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтады, шағын және орта қалалардың, ауылдардың дамуына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, шағын бизнес республиканың перспективалы бағыты болып танылғандықтан, оны дамыту және оны жан-жақты қолдау іс-шаралары тиімді нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін маңызы зор. Шағын бизнестің болашағы өте жарқын деп ойлаймын, бастысы – оны дұрыс басқара білу.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі