Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 22:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы- несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын бизнесті дамытудың рөлі ерекше.

Содержание

I КІРІСПЕ .............................................................................................................3

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ..........................5
1.1. Нарық жағдайындағы шағын бизнестің мәні және қажеттілігі .................5
1.2. Шағын бизнестің дамуы және оны мемлекеттік қолдау............................13

2.Шағын бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар ...............................................................................................................20
2.1. Шағын бизнестің дамуындағы кемшіліктер ..............................................20
2.2. Шағын бизнесті дамытудың нақты шаралары ...........................................22

3.Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі .....26

III ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................28
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovoi.doc

— 266.00 Кб (Скачать документ)

Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау ел Президентінің Жарлығынан кейін және «Шағын бизнесті қолдау туралы» Заңға сәйкес екі арнаға бөлінеді:

    1. Қамтамасыз ету.
    2. Басқарушылық.

Қамтамасыз етушілік - шағын кәсіпорындарға қызмет көрсету, ақпараттық, материалдық, қаражаттық ресурстар ақпараттын жеткізу және тағы басқа.

Басқарушылық - бақылау, жедел жарлықтар, әр түрлі жоспарлау, кәсіпкерлерге арналған семинарлар өткізу істерімен тікелей байланысты.  Бұл  іс-әрекет шағын бизнестің дамуының түпкілікті, тиімді басқарылуына алып келеді. Осы ретте шағын бизнесті қолдау бағдарламасы осы екі арнаның синтезі ретінде қойылған. Шағын бизнесті қолдау негізінен үш деңгейде көзделген, яғни:

  1. Республикалық.
  2. Аумақтық.
  3. Жергілікті.

Әр деңгейдің өзі  концептуалды-бағдарламалық, функционалдық, ресурстық бірлестектірден тұрады. Шағын бизнесті қолдау деңгейлері арасында  өзара  тығыз  байланыс  бар.  Республикалық  органдар  ішкі  орта факторлары жобаларын жасап, аумақтық деңгейде олардың инфрақұрылымдық объектілерінің әдістемелік-нормативтік құжаттар жобаларын жасайды.

Шағын бизнесті қолдау оны  дамыту бағдарламасының негізгі  мақсаты, яғни шағын бизнес өміршеңдігін ұзарту болып табылады. Осылайша шағын бизнес экономикалық кеңістікте өзінің әлеуметтік-экономикалық функцияларын тиімді де өтімді жүзеге асыра алады. Шағын бизнесті қолдау бағдарламасы мемлекет пен қоғам алдында мынадай мәселелердің шешілуін талап етіп отыр:

  • Салықтық реформа барынша шағын бизнесті ынталандыруға сәйкестендірілсе, сөйтіп мемлекет  бұл  бизнес түріне фискалдық көзқараспен ғана емес, осы сектордың дамуына шынымен инвестициялық-ынталандырушы көзқарас танытса;
  • Ал, әкімшілік мәселелерге тоқталсақ, мысалы, занды тұлғаларды тіркеуден өткізу процесін біршама жеңілдетсе;
  • Ал, құқықтық қолдау мәселесіне келсек - Заң, нормативтік актілер біршама тұрақтандырылса, ведомствалық инструкциялармен қиындатылмаса және ипотекалық, лизингтік қатынастарды мемлекет құқықтандырса;
  • Өндіріске, мемлекеттік емес кәсіпорындарға қаражат тартуды ынталандырса;
  • Шағын бизнесті көтермелеу бағдарламасының әр түрі бойынша заң жеңілдіктерінің жіктелуін қамтамасыз ету;
  • Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыратын компаниялар желісін ұлғайту, мемлекеттің қатысуымен де, кепіл затының осы мақсаттарға қолданылуын кеңейту.

Шағын бизнесті қолдау бағдарламасының әмбебап әдісі ретінде салық жүйесі арқылы реттеу зор үлесін тигізеді. Өндірістің дамуының мықты стимулы ретінде дифференцияланған ставкасын бекіту және әр түрлі жеңілдіктер көрсету, қазіргі кезде қаржылық және несиелік ресурстарға қажеттілік уақытында көп әсер етпек. Осылайша, салықтық қолдау саясатын осы даму кезінде және болашақта мынандай формаларын қолданған пайдалы:

  • салықтық каникулдар  (шағын бизнес тіркелгеннен аумақтық және салалық ерекшеліктеріне байланысты бес жылға дейін салықтан босату);
  • бюджетке есептелген аударымдар, дифференцияланған ставканың төмендеуі;
  • қайтарымдылық негізде салықтық несие беру.

Кәсіпкерліктің дамуы үшін, кәсіпкерлер заң шығарушы және орындаушы биліктер деңгейінде өз сұрауларын қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіподақтар мен бірдестіктерге бірігіп, өз құқықтарын қорғауы керек. Мұндай кәсіпорындар жобалық құжаттар дайындауда, заң шығару процесінде, әсіресе, шағын бизнес жайында қатысулары керек. Шағын бизнесті  дамыту  басымдылықтары  кешенді  түрде  мемлекетпен  жүргізіліп отырған аумақтық, ішкі экономикалық, өнеркәсіптік саясаттары бір түбірден шығуы керек.

Және де шағын бизнестің іс-әрекетін жедел түрде қайта бағытталуын, делдалдық әрекетпен қарастыру керек. Оның потенциалын өндіріске, тауарлар мен қызметтер көрсету бағытына бұру керек.

Ал, шағын кәсіпорындардың  мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыратын  өнім өндіру, өткізу процесіңдегі игіліктерді  мемлекет барынша шағын бизнес тарапына бұру керек. Бұл ретте мемлекеттің  қажетіне керекті өнімді өндіргіш шағын кәсіпорындар, яғни оларға міндетті минималды квотаны бекіту, оларға осы қызмет пен өнім түрін өткізуге кепіл береді.

Жоғарыда айтылғандарға  орай, шағын бизнестің қаржылық фундаментін  қалауда үлкен көмек көрсету  керегі айқын болып отыр.  Бұл шағын бизнеске қолдау көрсететін қорлардың негізгі қаржылық ресурсы ретінде одан әрі жетілдіріп дамуын мүмкін қылады. Осыған орай шағын бизнесті қолдау әдісі ретінде әр түрлі кепіл   мен кепілдеме несиесі бойынша, банктік емес капиталдың резервтерінде мәнді болмақ. Бұл ретте шағын кәсіпорындар өзара несиелеу   бірлестіктерін құруға болатыны белгілі. Бұған дәлел ретінде 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі шағын бизнесті қолдау саясатында холдингтік компанияларды демонополизациялауын жалғастырды. Тұтынушылар құқығын мемлекеттік қорғау концепциясы мен бағдарламасы құрылды. Республикалық шағын бизнес орталықтарын құру алға қойылып отырғаны белгілі.

Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі жетілген немесе жетілмеген болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. Шағын кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда жоғарыда айтылғандай бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргізу - осылайша бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күреске әзір болуы қажет, сондай-ақ нарықтың қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтін өнім мен қызмет түрінің артығын қиып түсуге әзір болуы керек. Кез келген меншік түрі соның ішінде мемлекеттік прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар, кез келген меншік түрі, соның ішінде жеке меншікте прогресстің күшті стимулы болады, егер ол жасампаз бәсекеге жол ашса.

Күшті нарықтық экономикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткеніндей, еркін бәсеке жүйесін реттелетін экономика деуге болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді, нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп, олардың болуына жол бермейді.

Н.Райханұлының «Шағын кәсіпкерлік» кітабындағы кейнешіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияның зардаптарына тиісінше көңіл бөлмегенінен, 70-ші жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық жүйенің бұған күш-қуаттары жетпеді. Ол үшін мемлекеттік реттеуді реформалау, 80-ші жылдардағы консерваторлардың күшті «дәрілері» қажет болды. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының басты белгілері осындай.

Егер, мемлекет ақшаны нарықтық экономика жібергенінен артық шығарса, онда ол қандайда ізгілікті мұрағаттарды басшылыққа алса да, нарықтық процестердің бұзылуына, өндірістің тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Міне, осылайша мемлекет өз функцияларын атқару арқылы, елдегі нарықтық экономика саясатын алға жүргізуші болып және өзінің экономикалық саясатының басым бағыты - шағын бизнесті, кәсіпкерлікті дамытуда алатын орны ерекше.

Республикамызда шағын  бизнесті қолдау саясатын жоқ деуге  болмайды. Қайта мемлекет тарапынан көптеген заң жүзіндегі қолдаулар көбеюде. Осы ретте шағын бизнесті тәуелсіз түрде жұмыс жасауға ықпал ететін шағын кәсіпкерліктің субъектілерінің ассоциацияларға бірігуі орын алады. Осы ассоциациялар нарықтық экономиканың қатаң бұрылыстары мен толқуларын біріге жеңу мақсатында құрылады. Мысал ретінде, Алматы қаласында құрылған «Алматы Кәсіпкерлерінің Ассоциациясының» жұмысын атап өтуге болады.  Бұл  мемлекеттік емес ұйым және ол шағын кәсіпорындарды интеграциялау мәселесін алдына қойып отыр. Айта кету керек, «Алматы Кәсіпкерлерінің Ассоциациясы» бизнес жоспар құрып, құқықтық, қаржылық, салықтық мәселелер бойынша көмекке келуге әзір. Ия,  мұндай интеграция формасы жақсы қаржыландырылатын, пайдалы тапсырыстар орындалуында шағын бизнестің күш-қуатын біріктіру кең өріс алады деген сенімге арттырады. Қазақстан үшін кәсіпкерліктің өміршең формасы франчайзингті дамыту қолға алынуда. Мұның түбінде шағын кәсіпорындардың бәсекелестікке сай тауар, өнім өндіруі жолындағы күштерін ірі де тәжірибелі «донор» жайында жүзеге асыру жеңілдірек болып келеді. АҚШ-та және тағы да басқа экономикасы дамыған елдердегі еншілес кәсіпорындардың мұндай формаларда бірігуі,  бұл  істің Қазақстан жағдайы үшін де дәл келуін көрсетіп отыр.

Республиканың экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндірісті басқару құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерістер болып жатқанын байқауға болады. Кәсіпкерлік алғырлық, пысықтық қабілеттердің шынығуына жағдай жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының болуы мүмкін емес екенін бірте-бірте түсіндік. Сондықтан қазіргі кезде өз ойлау қабілеті мен еркіндігін мол пайдалана алатын кәсіпкерлікке назарды баса аудармасқа болмайды. Яғни, кіші кәсіпкерлік арқылы экономиканың бірден-бір шешуге талпынған мәселесі жұмыссыздықпен күресу де, шағын бизнестің көмегімен жүзеге асырылады. Шағын бизнестің дамуы тауарларды өндіруді ұлғайтуға және қызмет көрсету аясын дамытуға жол таппады. Сонымен қатар, жоғарыда аталғандай 1997 жылдың 18-ші маусымында шыққан «Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау туралы» заңда шағын бизнес тұлғаларын тіркеу процедурасы барынша оңайлатылды. Жарғылық капиталға қойылатын талап та жеңілдетілді. Мысалы, бұрын заңды тұлғаны тіркеу үшін кәсіпкерлер ақша мен уақытын шығындап, 10-12 түрлі құжаттар жинауы керек болған. Ал жаңа заң бойынша тәртіп ыңғайлы. Бекітілген үлгі бойынша өтініш тек Әділет Баскармасына ғана көрсетіледі. Бекітілген жарғының біреуі бойынша жұмыс істеуге келісім беріледі және тіркеу үшін екі есе төлем көрсеткіші бойынша салық төленеді. Үш күн ішінде Әділет Басқармасы кәсіпкерге тіркеу куәлігін және статистикалық орган карточкасын және салық инспекцияларына қажетті мәліметтерді беруге міндетті.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы  Республиканың барлық азаматтарына қатысы бар күрделі әрі көп қырлы іс. Оңтайлы қаржы институттарын құрмайынша шағын бизнесті қолдау, оған дәнекер болу мүмкін емес. Өмір көрсетіп тұрғандай кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бұрынғы мемлекеттік қор қызметінің басты қателігі оның қаржысының шенеуліктік құрылым арқылы бөлінуінде еді.

Республика Президентінің  «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау және оның дамуын жеделдету  жөніндегі шаралар туралы» Жарғы  материалдың өнім өндірумен айналысатын  кіші кәсіпкерлік субъектілеріне салық  және кеден салымдарына байланысты жеңілдіктер беруді көздейді. Экологиялық тұрғыдан қолайсыз және бару қиын шалғай аудандарда өнім өндірумен айналысатын шағын кәсіпорындарға аумақтық жеңілдіктер жасау - олардан салық жинау, ауылдық жерлерде өнім өндірумен айналысатын және сол жерде жұмыс орнын құруды мақсат ететін шағын кәсіпорындарды салықтан мүлдем босату қарастылырылған. Олай болса заңдық база оған қоса жеке және шағын бизнестің дамуына мемлекет тарапынан көмектесу, әсіресе, өндіріс саласындағы шағын кәсіпорындардың ілгерілеуіне, өрге басуына жол ашады.

Жоғарыда айтылғандай  қалыптасқан құқықтық ортаның шағын бизнеске тигізетін келеңсіз ықпалы, біріншіден заңдылық дәйексіздігінен көрініс табады. Өйткені шағын кәсіпкер қызметінің ереже тәртібі, әсіресе салық салу мен сыртқы экономикалық саласында тым жиі өзгерістерге ұшырап отырады. Екіншіден, заңдылықта елеулі олақылықтар бар. Айталық, меншіктің барлық түрлерінің теңдігіне және жеке меншіктің қорғалуына құқықтық кепілдік өте осал. Үшіншіден, шағын кәсіпорындармен көрестілетін шенеуліктер зардабы өте орасан әр түрлі өрт сөндірушілер, полиция, әкімшілік, салықтық органдардың бюрократтылығы. Жалпы алғанда шағын бизнестің әлі де болса қолайсыз әлеуметтік-экономикалық ортада, халықтың жоғарыда аталған топтары тарапынан ұнатпайтын, ықыласы да немқұрайлы ахуалда, яғни күрделі жағдайларда жұмыс істеп жатыр.

Жапондық мамандардың  есептеуінше, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде  бұл  елдің  әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден-бір әсер етуші фактор - шағын бизнестің дамуы. Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы - шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады.

Шағын бизнестің бәсекелістік ортада өмір сүруі, Отандық жоғары монополизацияланған  экономика үшін ең маңызды құбылыс  болып табылады. Үлкен кәсіпорындарға қарағанда, екінші жағынан ірі бірлестектердің монополиялық позициясын жоюшы ретінде күшті бәсекелес ретінде түсе алады. Оның себебі, шағын бизнес тар мағынада маманданып, өзінің өнім өндіру процесіне жаңа техника, технологияларды қолдануына болады. Шағын бизнестің нарықтық қатынастарды және әлеуметтік келеңсіздіктерді жұмсартуда алатын орны бөлек. Нағыз шағын бизнес орта класстық қалыптасуының фундаменті бола отырып, әлеуметтік дифференциялауға экономикалық тенденциясын бұрады. Осылайша шағын бизнестің осындай және тағы басқа қасиеттері жалпы экономиканың дамуына, оны реформалауының бірден-бір ажырамас бөлігі болады.

Шағын бизнестің дамыуына тежеу қоятын бірден-бір факторлар елдегі экономикалық жағдай, қаржылық тұрақсыздық және несиелік жүйенің дұрыс жұмыс жасай алмауы болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы соңғы жылдары төмендеп отыр (1996 жылы қазан айында 35 % болса, ал 2010 жылы 8 %). Және де батыстан келетін шағын бизнесті несиелеуді пайдаланғаны жөніндегі тиімділік анализі жүзеге асырылған. Бағдарлама бойынша да, оның мақсатты пайдаланғаны туралы мәлімет беретін жүйенің жоқтығы. Қазіргі жағдайда шет елден келетін шағын бизнесті көтермелеу мақсатында капитал ағымын байқауға болады. Бірақ та бұл жобаларды инвестицияны тікелей әкелетін біріккен кәсіпорындар арқылы жүзеге асыру керек сияқты. Олар, яғни біріккен кәсіпорындар өздеріне ірі, шағын және орта бизнес түрінде де жұмыс жасай алады. Тәжірибе көрсеткендей біріккен кәсіпорындар өндірісті прогрессивтік ұйымдастыру, «ноу-хау» енгізу, бәсекелестікке сай өнімдерді шығаруда олардың тәжірибесі болады. Сондықтан, шағын бизнес негізінде біріккен кәсіпорындарды экономиканың барлық салаларында көздеу қажеттілігі туғандай.

Кәсіпкерліктің жылдам дамуы, әсіресе, шағын бизнестің кең етек алуы, ең алдымен нарықтық инфраструктура элементтерін дамыту мен құру, шаруашылық субъектілеріне жан-жақты қызмет көрсету түрлерін көбейту, олармен өндірілген өнімді сату, өткізу процесін мейлінше жеңілдету, шикізатқа қол жеткізу мүмкіндігін арттыру, кәсіпорындардың сенімділігін арттырып, әрекет етудің тиімділігін көтермелеу арқылы жүзеге асады. Нарықтық инфрақұрылымның пассивті ролі шағын бизнестің дамуын тежейтін фактор болып табылады. Оның арқасында шағын бизнес үлкен өндірістік шығындарға батып, бәсекелестікті төмендетеді. Осы нарықтық инфрақұрылымның төмен деңгейде ұйымдастырылуы шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен бәсекелесу позициясына кері әсер етеді.

Информация о работе Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі