Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 22:44, курсовая работа
Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы- несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын бизнесті дамытудың рөлі ерекше.
I КІРІСПЕ .............................................................................................................3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ..........................5
1.1. Нарық жағдайындағы шағын бизнестің мәні және қажеттілігі .................5
1.2. Шағын бизнестің дамуы және оны мемлекеттік қолдау............................13
2.Шағын бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар ...............................................................................................................20
2.1. Шағын бизнестің дамуындағы кемшіліктер ..............................................20
2.2. Шағын бизнесті дамытудың нақты шаралары ...........................................22
3.Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі .....26
III ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................28
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................30
ЖОСПАР
I КІРІСПЕ ..............................
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ..........................5
1.1. Нарық жағдайындағы шағын бизнестің мәні және қажеттілігі .................5
1.2. Шағын бизнестің дамуы және оны
мемлекеттік қолдау........................
2.Шағын бизнестің
проблемалары және дамытуға
2.1. Шағын бизнестің дамуындағы кемшіліктер ..............................
2.2. Шағын бизнесті дамытудың
нақты шаралары ..............................
3.Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі .....26
III ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
..............................
Кіріспе
Қазақстан Республикасының
экономикасы әкімшілік-
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты - кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтың, шаруашылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның өзектілігін көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Экономикалық белсенділіктің негізгі факторы ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуы көптеген мемлекеттерде орын алған. Шағын бизнестің үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 50-60%, жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді, ал өндірілген өнімдер мен қызметтер ЖҰӨ-нің тең жартысын құрайды. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - капитал салымдарының тез орын толтыруы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, жұмыспен қамту деңгейінің жоғарылығы, сұраныс өзгерісіне икемділігі.
Конституциялық
ережеге сай: «Әрбір тұлға кәсіпкерлік
қызметпен еркін айналысуға, жеке мүлкін
кез келген заңды кәсіпкерлік іс үшін
пайдалануға құқылы». Сондықтан мемлекет
кәсіпкерлік ісімен еркін айналысуға
кепілдік береді және оны қорғап, қолдап
отырады.
Бірақ, шағын бизнестің дамуында көптеген
кемшіліктер бар. Шағын кәсіпорындардың
жұмысына әсер етуші кедергілердің арасында
бірінші орында дайын өнімді өткізу мәселелері
алып тұр. Бұл мәселенің пайда болуы келесі
факторларға байланысты болып табылады:
• шетелдік тауарларға қарағанда отандық тауар өндірушілер тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
• жалпы тұрғындардың, әсіресе, сауда және өндіріс орталықтарынан шалғай орналасқан аймақтарда тұратын тұрғындардың төлем қабілеттіліктерінің төмендігі;
• отандық нарық сыйымдылығының төмендігі және отандық кәсіпкерлердің жақын не алыс шетел нарықтарына шығу қиындығы.
Екінші орынды салық жүйесінің жеткілікті дәрежеде орындалмауы орын алған. Соңғы жылдары бұл проблема басты орындарды алуда және шиеленіскен есеп беру жүйесі, салық ставкалары мен жиындарының жоғарылығы, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктердің жоқтығы және салымдар мен төлемдерді жинау жүйесінің күрделілігі тәрізді түрлі кемшіліктерге ие.
Кәсіпкерлердің тұжырымы бойынша үшінші орында несие алу қиындығы, оның ішінде микрокредиттерге (жоғарғы пайыздық ставкалар, несие мерзімінің қысқалылығы, кепілдік мүліктің жоқтығы және несиеге құжаттар толтырудың күрделілігі) қол жеткізу қиын.
Келесі мәселе бұл шикізатпен қамтамасыз ету, оның пайда болу себептері: жоғарғы баға, сапа төмендігі, сапалы отандық шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың болмауы және транспорттауға тарифтердің жоғарылығы.
Бесінші орынды мемлекеттік органдардың араласуы мен бақылауы бойынша мәселесі орын алған, оның пайда болу себептері уәкілдік құқықтарын асыра сілтеушілік, күштеушілік және қайырымдылық жасауға мәжбүрлеушілік. Бұдан басқа кедергілердің саны көп, солардың ішінде нарықтық және өндірістік инфрақұрылымның дамымағандығы. Көптеген кәсіпкерлердің ескертуі бойынша олардың өз кәсіпорындарын ашу барысында ақпараттың жетіспеушілігі тәрізді кедергілер көп кездескен. Кәсіпкерлер нарық конъюктурасы, бәсекелестер саны туралы ақпараттарды көп қажетсінеді. Бірақ мұндай ақпараттардың болмауы салдарынан шағын кәсіпорындар өздерінің бастапқы стадиясында шығындалуына тура келеді.
Сондықтан бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму кемшіліктерін айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.
1. Шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны
1.1. Нарық жағдайындағы шағын бизнестің мәні және қажеттілігі
Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылықтың әртүрлі формаларын дамытпай қалыптаспайды. Оның ең маңызды бөлігі шағын кәсіпкерлік болып табылады. Шағын бизнес нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополизмін шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесін тежеуде, жаңа технологияларды енгізуде, экономика саласын дамытуда маңызды рөл атқарады.
Сонымен, шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ерекше. Өйткені мемлекеттің жалпы қоғамның алға жылжуының бірден-бір рычагы болып табылатыны сөзсіз. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайларға байланысты икемді, жаңа дамып отыратын өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.
Шағын бизнестің субъектісі ретінде кәсіпкер танылатыны айқын. Шағын бизнестің мәні мен мағынасын терең деп білу үшін, ең алдымен сол шағын бизнесті алып жүруші субъект - кәсіпкер терминіне тоқталсақ.
Кәсіпкерлік феномені баяғы заманнан бері экономикалық, әлеуметтік ғылымдардың зерттеу объектісіне айналған. Кәсіпкерлік, шағын бизнес негіздері теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй, кейін И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист ғалымдар негізін қалаған. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой-пікір қалыптасқан. Алайда, батыстың экономикалық теориясында шағын бизнеске шын мәнінде назар аудару XVIII ғасырдан басталды десек те болады. Атақты экономист, ғалым Р.Кантилон, «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
«Кəсіпкерлік» ұғымын (ағылшынша business) XVIII ғ. алғаш рет ағылшын банкирі əрі экономисі Ричард Кантильон қолданған болатын. Кəсіпкерлік дегеніміз – бұл үнемі түрдегі тəуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сəйкестікке келтіріп отыратын экономикалық қызмет. Кəсіпкер ретінде Кантильон, өндіріс құралдарын базардан сатып алып, оларды капиталға айналдырып отыратын адам деп түсінетін. Америкалық экономист Иозеф Шумпетер, кəсіпкерлік – бұл ең алдымен, жаңашылдық қызмет, оның нəтижесінде жаңа тауарлар жасалады деп тұжырымдаған.
Кәсіпкерліктің объектісі - адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі қандай? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты - өз кәсіпорынының пайдасын барынша жоғарлату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкерліктің ең басты мәселесі.
Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндектері іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту, тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту және өркендету.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың белсенді қатысушылары шағын бизнес субъектілері - кәсіпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екені белгілі. Республикамызда шағын бизнестің дамуына жан-жақты шаралар интенсивті түрде жасалуда. Кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі - шаруашылық субъектілерінің елсіздігі. Олардың дербестігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіпті қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай өткізе алу құқығын береді. Материалды ресурстар мен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда, қандай да болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген. Олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінен шығады. Дегенмен, шағын бизнестің басты шарты барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдаудағы автономиялылығы. Барынша көп табыс табу жалпы бизнестің қозғаушы факторы болып табылады. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Нарық жағдайында өзгерістер күніне бірнеше ретте болып отыруы мүмкін. Олар осы жаңалықтарды өз жұмыстарына енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты - пайда табу. Мысал үшін, нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне, осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдауда, творчествалық көзқарас жағынан іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы да бір сипат - шаруашылықты жүргізудегі тәуекелге бел бууы, іске кірісер алдында болашақты болжап білу және оны шеше алуы. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, ал оларды өне бойы экономикалық есептеу мүмкін емес. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, елде өткен нарықтық конъюктура жайсыз болғаны.
Шағын бизнестің, кәсіпкерлік қызметтің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану оның негізі болып табылады. Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізу тәсілі жаңа іске адамның жеке энергиясымен капиталын жұмсаудан көрінеді. Мұндағы кәсіпкерлік әрекетінің ең басты тиімділігі - таңдаудың дұрыстығы немесе таңдаған істің кәсіпкердің жеке потенциалына сәйкес келуі деп білеміз.
Шағын бизнестің тарихына көз жіберейік. Ресейде кәсіпкерлік көне заманнан бері Киевтік Русьте сауда-саттық формасында дамыған. Ең бірінші кәсіпкерлер деп көпестер мен қолынан іс келетін өзі жасаған тауарын сатушыларды айтқан. Петр І-шінің кезінде орта бизнес көркейді. Бүкіл Ресейде мануфактуралар құрылып тігін, қару-жарақ, тау ісі салалары дамыды. Кеңес Үкіметі келісімінен «кәсіпкерлік» деген термин жалпы экономикалық оқулықтан алынып тасталды. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында ғана шағын бизнес халықтың түсінігіне қайта енді. Әрине, өз бизнесін бастау ел тыныш кезде де шешімділікті қажет етеді. Бұл тәуекелге бас тігу өз ақша қаражатын сала отырып табыс алады немесе жоғалту қаупі, бәселелестікке төтеп беру, мұның бәрі белгісіздікке қажет шешімділік. Жер жүзінде миллиондаған кәсіпкерлер тәуекелге бел буып, жаңа бизнес түрлерін ашуда.
Шағын бизнестің Қазақстан Республикасында құрылуы мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине, мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын бизнеспен айналысуға міндетті етті. Бастапқы кезең ретінде көрінген мұндай бизнес 1995-1996 жылдары делдалдық қызмет ретінде жүзеге асты. Ал соңғы 5-6 жыл ішінде қолынан іс келетін азаматтар, заңды тұлғалар әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген бизнес кілті - өндіріс екендігін түсінді. Республикамыз табиғи жер қойнауларына бай, жер ауқымы кең, ауыл шаруашылығы - фермерлік іс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсіру, сүт тағамдарын нарыққа шығару соңғы кезде жақсы дамып отыр. Және осылайша көркейе алатынына кәсіпкерлердің көздері де жеткен. Мемлекет тарапынанан заңдылық, құқықтық атмосфера бір арнаға түсті десек те болады.
Информация о работе Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі