Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 14:08, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi сол ақша реформаларының қоғам өмiрiндегi, ел экономикасындағы ролiне байланысты болып отырғаны анық. Осы тақырыпты ашу мақсатында дипломдық жұмыс келесiдей тараулардан құралды:
• Ақшаның пайда болуының теориялық негiздерi.
• Ақша реформаларына талдау жасау.
• Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi.

Содержание

Кiрiспе. ...………………………………………………………………..5
I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi. ................
1.1 Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы. ...................
1.2 Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi
жағдайдағы дамуы. .........................................................
1.3 Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар. ..................
II. тарау. Ақша реформаларын талдау. ..........................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары
және оның ерекшелiктерi. ..............................................
2.2 ТМД елдерiндегi ақша реформалары. ..........................
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша саясаты. ...........
III. тарау. Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру
мәселелерi. ............................................................................
3.1 Ақша–несие саясатының негiзгi көрсеткiштерiн
болжамдау. .....................................................................
3.2 Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық
бағамы. ..........................................................................
Қорытынды. ...........................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi. ..........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, ақша реформалары.docx

— 101.50 Кб (Скачать документ)

 

Кесте-1

ҚР-дағы ақша реформаларына талдау

Ақша реформалары жүргiзiлген жылдар.

Реформаға себеп болған жағдайлар.

Реформаның ерекшелiктерi.

Реформаның кемшiлiгi

Реформаның  нәтижесi.

1

2

3

4

5

 

1922-24 ж.

Бюджет тапшылығы

Екi кезенде жүргiзiлуi червонецтiң жалғыз тұрақты валюта болуы.

Екi валютаның қосарлы айналысы.

Мыс валютаның келуi.

 

1947 ж.

Соғыс зардаптарын жою, бюджет тапшылығы.

2%-дық заемға конверсиялануы.

Бөлшек сауда бағаларын төмендетудi ескермеуi.

Рубльдiң шығуы, ақша қызметтерiнiң маңызының артуы.

 

1950 ж.

Айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу.

Рубльдiң алтындық құрамының 0,222168 г. таза алтынмен белгiлеуi шетел валюталарына қатысты бағамның анықталуы.

КСРО мемлекеттiк банкiнiң түзету енгiзуiнiң қажеттiлiгi.

Рубльдiң қатаң белгiленген алтындық құрамы оның халық аралық есептесулерде пайдалануын кеңейттi.

 

1961 ж.

Баға масштабының ұсақ болып қалуы.

Баға масштабын iрiлендiру және рубльдiң алтындық құрамын көтердi.

Шетел валюталарына бағамның жоғарылауы.

Ақша есебi техникалық қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi.

1993 ж.

Ескi үлгiдегi ақшалардың Қазақстанға ығысуына жол берiлуi.

Жаңа төл теңгенiң айналымға енгiзiлуi. “Хариссон” фирмасында жасалған 11 дәрежелi қорғанысы бар.

Ақшаны аиырбастауға аз уақыт мерзiмiнiң берiлуi.

Тұрақты төлем құралының айналымға енгiзiлуi.


 

2.2 ТМД елдерiндегi ақша реформалары.

    КСРО құрамынан  бөлiнiп шыққан әрбiр мемлекет  өз бетiнше ақша реформасын  жүгiзуге бет бұрды. Оның кейбiрiнде  кемшiлiктер мен ойқылықтар орын  алып жатты. Дегенмен ТМД елдерiнiң  барлығына ортақ нәрсе ол-елдегi экономикалық жағдайдың нашарлығы  едi. 1991 ж. 23 қаңтардан бастап бiр  уақытта салымдарды беруге де  шек қою енгiзiлдi. Салымдарды тек  қана жинақ банктерi арқылы тұрғылықты  жерiне байланысты айына 500 рубльден  аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл құжаттарына  белгi қысылды. “Павловск” реформасы  нәтижесiнде айналыстап 8 млрд. рубль  алынып тасталып, оның иелiк ету  заңдылығы дәлелденбеген болатын. Бiрақ бұл шара рубльдiң сатып  алу қабiлетiнiң ұлғаюына әсер  етпедi. Бағаның жiберiлуi ақшалардың  ұстамсыз өсуiнде байқалды. Қайта  құру жағдайында өндiрiстiң құлдырауымен  бiрге айналыстағы ақша массасаның  өсуi қатар жүрдi. Тауарлар мен  азық-тұүiктер көбiне шетелден  сатып алынды. Бұл үшiн қажеттi валютадағы 1,63 млрд.доллар сомасын  алтынды сатудан түсiрүi: 1989 ж.-300т;  1990 ж-234 т.                                                              1990ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд. рубльдi құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан  бiршама кем. Қыруар ақша массасы  бос тұтыну нарығына сәйкес  келмедi.

      1991 ж. қаңтарда  “1961 жылғы 50 және 100 рубльдiк үлкендiгi ақша бiрлiктер КСРО Мембанкiнде  төлем ретiнде қабылдауды және  олардың айырбастау тәртiбiн тоқтату  мен азаматтардың салымдарынан  қолма-қол ақша берудi шектеу туралы”  Президенттiң жарлығы  мен КСРО  Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы  қабылданды.   Айналысқа 1991 жылы  шығарылған жаңа купюролар енгiзiлдi жеке тұлғаларға ақшаны жаңа  ақшаға айырбастауға үш күн  берiлдi.

   КСРО ыдыраған  соң кеңес валютасы –рубль  бiрiншi кезеңде, ТМД-ға кiрмейтiн елдердi қоса алғанда, тәуелсiз мемлекеттер  аумағында айналыста жүре бердi. Әртүрлi себептерге байланысты, ең  бастысы, жаңа мемлекеттердiң саяси  тәуелсiздiкке ұмтылысы, сондай-ақ  тез қалыптасып үлгерген заңдармен  экономиканың социалистiк директивтi үлгiсiнен нарыққа өту мүмкiн  еместiгiне байланысты бiртұтас  валютаны сақтау аумағы сәтсiз  үзiлдi.   КСРО ыдыраған соң  ақшаны дезинтеграциялау процесi өте кұрделi жүргiзiлiп, және бұрынғы  кеңес мемлекеттерiнiң меншiктi ұлттық  валюаталарын енгiзуiмен аяқталды. КСРО республикаларының егемендiгi жарияланғаннан кейiн барлық 15 ұлттық  банктер бiр-бiрiне тәуелсiз түрде  орталық банкттер ролiн атқара  бастады. Мұндай  салдардың бiрiне  несиелiк экспанциялау жатты. Мәселен  Украина  Ұлттық Банкi 1992 ж. маусымда  несие беру көмегiмен кәсiпорындардың  мiндеттемелерi бойынша өзара есеп  айырысуды өткiздi. Бұл мысалды  ТМД елдерiнiң көптеген орталық  банктерi қайталады. Ресей қолма-қол  рубльдi шығаруда монокомитетке  айналғанымен де кейбiр КСРО-ң  бұрынғы республикалары өздерiнiң iшкi тұтыну нарығын басқа республикалардың  сатып алушыларынан “қорғау”  мақсатында өздерiнiң валюталарын  айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай  жағдайлар Украина, Литва, Латвияда  және Әзiрбайжанда болды.

   1992 ж. шiлде айында  Орталық банктердiң корреспонденттiк  шоттарындағы ақша қаражаттар  көлемiнде және Ресей мен бұрынғы  кеңес мемлекеттерi арасындағы төлемдердi күнделiктi екi жақты өзара есеп  айырысу талабын ескере отырып,  енгiзiлгенде ғана бұл iс жүзiнде  ұлттық қолма-қолсыз рубльдердiң  құрылуына әкелiп соқтырады. Келесi қадам-меншiктi валюталардың 1993 ж. маусым  шiлдеде эстонияда, Латвияда мен  Беларусь мемлекеттерiнде өз ұлттық  валюаталарын енгiзе бастады. 1993 жылы маырда Қырғызстан, тамызда  грузия өз ұлттық валюталарын  енгiздi.Бұл жерде соңғы болып  енгiзiлгендер қатарында (1995 ж. Тәжiкстанды  қоспағанда) Түркiменстан, Өзбекстан, Армения, Молдава және Қазақстан болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын  Ресей орталық банкiнiң 1993 ж. рубльдiк  банкноталарды жаңаларына айырбастауды  жүргiзген соң барып кеттi. Кейбiр  елдердiң, боның қатарында Қазақстанның  рубль аумағын қалпына келтiруге  деген ұмтылысынан еш нәтиже  шықпады.

    1992 ж. 9 қазанда  ТМД-ның сегiз мемлекеттерiмен  қойылған “Рубльдi ресми төлем  құралы ретiнде пайдаланатын мемлекеттердiң  бiртұтас ақша жүйесi мен келiсiлген  ақша-несие және валюта саясаты  туралы”, соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты  мемлекеттiң бiрiгуiмен рубль аумағының  жаңа типiн құру туралы келiмдерi жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдiң  екi жақты келiсiм сөздер жүргiзуi тек қана сәтсiз  аяқталып қоймай, бұрынғы Кеңес  мемлекеттерiнiң  макроэкономикалық тұрақтылыққа  байланысты шараларын жүрiгзудi созып  жiбердi.

   1991 ж. КСРО ыдырағаннан  кейiн Қазақстан ТМД-ң басқа  мемлекеттерiмен бiрге “рубль  аумағында” қала бердi. 1992 ж. айналысқа 200,500,1000 рубльдiк купюролар шықты. Олардың элементi ретiнде жұмысын  тоқтатқан КСРО мемлекеттiк банкi атап көрсетiлдi. 1992 ж. маусым айында  алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, ал  кейiннен 10000 және 50000 купюролары шығарылды. Сөйтiп  Ресей Федерациясында  және одан тысқары жерлердегi айналыста ақшаның үш түрi: 1961-1991 ж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгiсiндегi (200,500,1000руб). Ресей  оралық банктiң  шығарған ақшалары, 1993 жылдың бiрiншi жартысында шығарылған ресейлiк  ақшалар жүрдi.

     1993 ж. 23 шiлдесiнде  Ресейдiң Орталық банкi 1961-1991 ж.ж. кеңес ақшаларының белгiлерiн, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10000 рубльдердi айналыстан  алу туралы хабарлады. Бастапқыда  олардың айырбасына бiр апта  берiлдi. Айырбастауға 35 мың рубльден  аспайтын сомалар жатты.

 

2.3  Қазақстан Республикасындағы  ақша саясаты.

        Төл  валютамыз пайда болған жылдардағы  Ұлттық Банктiң ұстанған саясаты  бүгiнгi кұндермен салыстырғында  жер мен көктей, бiр-бiрiне мүлдем  ұқсамайды. Оңтайлы ақша саясатын  жүргiзiп отырған елiмiзде бүгiнде  теңгемiздiң тұрақтылығы артып  отыр, теңгедегi салымдардың мөлшерi артты. Ал осы ақша несие саясатын  жүргiзуде пайдаланылған ақша  несие саясаты құралдарына шолу  жасап, олардың нәтижелерiне шолу  жасайық.

Пайыздық саясат-ақша несие саясатының құралдарының бiрi болып табылады. ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейiнiң жалпы жағдайларын және инфляциялық күтiмдерiне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн бекiтедi. ұлттық банк өзiнiң пайыздық саясатын мемлекеттiң ақша несие саясатын iске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесiне әсмер ету үшiн қоланады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн анықтау кезiнде ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесiн анықтау кезiнде µлттық банк пайыздық мөлшерлемесiн оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделiгiн ескередi.

   Теңгенi айналысқа  енгiзгеннен кейiнгi пайыздық саясаттың  негiзгi мақсаты-теңгенi несиеге деген  сұранысын азайтатын, ал боның  артынан ақша массасының өсiм  қарқынын азайтатын, сәйкесiнше инфляцияны  төмендетудi қамтамасыз ететiн деңгейге  дейiн көтеру. Жоғары пайыздық  мөлшерлемелер, дәлiрек айтқанда, пайыздар  үшiн төлемдер шығындарды құрайтындардың  бiрi. Яғни жаңа пайыздық саясат  өзiнiң нәтижесiн қандай да бiр  анықталмаған болашақта емес, уақыт  аралығында беруi керек.

      Қазақстандағы  жоғары қарқынды инфляцияға қарсы  күресте пайдалануға мүмкiндiк  беретiн келесi бiр факторға –шетел  валютасына деген шектен тыс  сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгенi енгiзгеннен кейiн жарты  жыл iшiнде валютаның бағамдық  айырмасы есебiнен алыпсатарлық  жолмен табыс алу мүмкiндiгiнiң  болуы iрi банктердiң қысқа мерзiмдi капиталының қарыздық нарықтан  елiмiздiң валюта нарығына ағылуына  жол бердi. Айырбас бағамымен анықталатын  теңгенiң сыртқы құнының көрсеткiштерi мен қарыздар бойынша пайыздық  мөлшерлемелер және бағалы қағаздар  бойынша табыстылық арқылы анықталатын  теңгенiң iшкi  құнының көрсеткiштерi арасындағы қатынастың бұзылуы  ұлттық валютаның тұрақтылығына  керi әсерiн тигiзедi.

    Ұлттық банкiнiң  қайта қаржыландыруының ресми  мөлшерлемесiнiң өзгеру динамикасы  –1994 жылы қаңтар-ақпан айларында 270%, ал наурыз-тамыз айларында 300% құрады. Теңгенiң айырбас бағамының  тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуiне  байланысты 1994 жылдың ортасынан  бастап пайыздық мөлшерлемесiнiң  деңгейi қыркүйекте 280%-ға дейiн төмендеп, ай сайын азайып отырды. 1994 жылдың  аяғында ол 230%, 1995 жылы –52,5%, 1996 жылдың  қыркүйегiнде -30%, 1997 жылы -24% құрады.

  Қаржы операцияларының  барлық түрлерi бойынша пайыздық  мөлшерлемесiнiң деңгейi ұлттық банкiнiң  қайта қаржыландыру мөлшерлемесi бойынша индикативтi анықталады. Сауданың  түрлерi бойынша төленетiн пайыздық  мөлшерлемелер өзара кейбiр негiзгi себептермен ерекшеленедi. Олардың  арасынан мыналарды бөлiп көрсетуге  болады: қарыз мерзiмiнiң әр түрлiлiгi, пайызды төлемеуiнен байланысты  тәуекелдiң деңгейi және пайыздық  мөлшерлемiсiнiң өзгеру мүмкiндiгiмен  байланысты тәуекелдiң деңгейi.

   Мемлекеттiк қазыналық  мiндеттемелер бойынша пайыздық  мөлшерлемелер сауда мәнiне сай  келедi. Жалпы барлық нақты нарық  пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың  тамызынан бастап оң көрiнiске  ие болды. Ұлттық Банкiнiң ноталы  және қазыналық вексельдер бойынша  табысы ұлттық банкiнiң банкаралық  несие бойынша табысынан төмен  болды. Бұл мемлекеттiк қазыналық  мiндеттемелер және ұлттық банкiнiң  ноталарының пайызды және қарызды  төлеу несиелерге қарағанда үлкен  сенiмдiлiгiмен түсiндiрледi.

  Резервтiк  талаптар. Банктерге берiлетiн несиенiң көлемiн реттеу үшiн, банктiң өз мiндеттемелерi бойынша төлей алмау тәуекелiн төмендету және банктердiң акционерлерi мен салымшыларының мүдделерiн қорғау мақсатында ұлттық банк резервтiк талаптар механизмiн қолданады. 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметтерiн реттеу туралы” Ережесiне сәйкес мiндеттi резерв бойынша норматив 18-20% көлемi қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейiн қызмет еттi, осы жылдан бастап норматив банктердiң теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттiк мiндеттемелер бойынша 15%-ға дейiн төмендедi.   Банктердiң мiндеттi резерв нормативiнiң көбеюi, 1994 жылдың бiрiншi жартысында ақша мультипликаторының тез өсуiмен түсiндiрiледi. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемi ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегiнде бұл мөлшер 2,21, ал шiлдеде-3,1 есеге жеттi. Ақша-несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабiлеттiлiгiн бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесiнде 1994 жылдың 1 қазанында ақша мультипликаторының мөлшерi 1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге дейiн сақталынды.

     Банк резервтерiнiң  шамадан тыс өсуiне байланысты (ұлттық банкiдегi корреспонденттiк  шоттағы қаражаттар) резервтiк талаптардың  мөлшерiн азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудiң баламалы  тәртiбiне ауысу мүмкiндiгi пайда  болды. Яғни экономикалық нормативтердi орындайтын банктедiң корреспонденттiк  шоттағы қаражаттарының мөлшерi резервтi талаптардан кем болмау  керек едi. Ал 1995 жылы резервтiк  талаптардың нормативi 20%-ға, 1996 жылы-15%-ға  дейiн төмендедi.

   Ұлттық банк орташа  айлық қалдыққа байланысты пайызды  банктiң корреспонденттiк шоты  бойынша төлейдi (резервтiк талаптан  аспайтын). Резервтер бойынша пайызды  төлеу резервтiк талаптардың жоғары  болу жағдайында несиелер және  тартылған депозиттер бойынша  банктердiң пайыздық мөлшерлемесi арасындағы айырманы азайту қажеттiлiгiнен  туындайды.

   1995 жылдың басында  жалпы банктер арасында баламалы  резервтерден құрылған банктердiң  үлес салмағы 32,6%-ын құрады, ал  жыл аяғында-48,4%.1995 жылы банктердiң 13,5%-ы резервтiк талаптардың орындалуын  бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл (түрiнде) санкциялары қолданылды.

    Әлемдiк тәжiрибе  көрсеткендей мiндеттi резервтер  деңгейiнiң тым жоғары болуы  қаржы делдал түрiндегi банкi жүйесiнiң  тиiмдiлiгiн әлсiретедi, өйткенi резервтердiң  минималды нормасының үлкеюi несие  ресурстарының экономикаға құйылуына  кедергi жасайды. Бұдан жоғары мiндеттi резервтер нормасы АҚШ-та және  Германияда қолданылады.

   АҚШ-та мiндеттi резервтер  сомасы банктiң категориясына, депозиттiң  мөлшерiне, түрiне байланысты. Ол  федералды резевртiк банктердiң  пайызсыз депозиттiк шоттарында  сақталынады, артық резервтер  федералды  резервтiк банктердiң негiзi көзiн, яғни АҚШ-та ақша нарығында  ең негiзгi процесстерiнiң бiрi болып  табылатын операциялар көзiн құрайды. АҚШ-тағы банк үұйесiндегi резервтерiнiң  басты ролi коммерциялық банктердiң  несиелiк операцияларын бақылау  болып табылады. Банктердiң Федералды  Резерв жүйесiнiң (ФБЖ) Басқарушылар  кеңесi, заңмен бекiтiлген резервтер  көмегiмен, коммерциялық банктердiң  несиелеу қабiлетiне әсер етедi. Оның мақсаты банк несиесiнiң  артықшылығын немесе кемшiлiгiн  болдырмау. Бұл саясат коммерциялық  банктедiң несие көмегiне қаншалықты  жағымды әсер етсе, соншалықты  басқарушылар кеңесiнде экономикада iскерлiк белсендiлiгiнiң ауытқуын  болдырмауына мүмкiндiк болады. Осындай  жанама жолмен коммерциялық банктiң  несиесiн бақылау құралы сияқты (яғни экономиканың тұрақтылығы) резервтер өтiмдiлiк көзi болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды  деп есептедi (Кэмпбелл Р.Макконелл, Стэнли Л.Брю).

Информация о работе Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi