Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 14:08, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi сол ақша реформаларының қоғам өмiрiндегi, ел экономикасындағы ролiне байланысты болып отырғаны анық. Осы тақырыпты ашу мақсатында дипломдық жұмыс келесiдей тараулардан құралды:
• Ақшаның пайда болуының теориялық негiздерi.
• Ақша реформаларына талдау жасау.
• Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi.

Содержание

Кiрiспе. ...………………………………………………………………..5
I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi. ................
1.1 Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы. ...................
1.2 Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi
жағдайдағы дамуы. .........................................................
1.3 Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар. ..................
II. тарау. Ақша реформаларын талдау. ..........................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары
және оның ерекшелiктерi. ..............................................
2.2 ТМД елдерiндегi ақша реформалары. ..........................
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша саясаты. ...........
III. тарау. Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру
мәселелерi. ............................................................................
3.1 Ақша–несие саясатының негiзгi көрсеткiштерiн
болжамдау. .....................................................................
3.2 Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық
бағамы. ..........................................................................
Қорытынды. ...........................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi. ..........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша, ақша реформалары.docx

— 101.50 Кб (Скачать документ)

    5.02.24 ж. Орталық  атқару комитетi (ОАК-ЦИК) және Халық  Комиссарлар кеңесi (ХКК-СНК) декретiне  байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1,3 және 5 рубльдегi қазыналық  билеттер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық  рубльдiң құны 1 червонцке теңестi. Кеңес ақша белгiлерiн шығару  тоқтатылды. Олардың қаржы Халық  комиссариатының қорында болған  қоры жойлды. 22.02.24ж. бастап 10,15,20 және 50 тиындық кұмiс монеталар және 1,2,3 және 5 тиындық күмiс монеталар  шығарылды. 1924 ж. бастап айналыстағы  ақаашның кеңестiк белгiлерiн нақты  бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдiк қазыналық билет 50 мың  рубльге теңестi. Қазыналық билеттердiң  шығарылу шамасы айналыстағы  червонецтер сомасының жартысынан  аспауға тиiс болды.

1888 ж. дүниеге келген Григорий  Яковлевич Сокольников (Бриллиант) 1922-1924 жж. Ақша реформасын ұйымдастырушы  және теоретигi, болды. 1921 ж. қараша айынан бастап, ол қаржы Халық Комиссариатын басқарған болатын. Оның жетекшiлiгiмен бөлiнген қаржы-несие жүйесi қалпына келтiрiлдi. Не бары 3 жыл iшiнде, 1924 жылың аяғында, мемлекеттiк бюджет тапшылықсыз болды. Бұл кеңестiк ақша белгiлерiнiң эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге  өтуге мүмкiндiк жасады. Ол 1922 ж. басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдiң экономикалық өрелеуiнiң қажеттi шарты деп дәлелдедi. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелерi, құнсыз кеңестiк ақша белгiлерiнiң эмиссиялануы-ұлттық табысты бiрiншi кезектегi мемлекеттiк қажеттiлiкке қайта бөлудiң мұмкiн болар тәсiлi деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г.Я.Сокольников, барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және төлем құралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемi және қорлану құралы болып табылады деп санаған. Соңғы екi қызметтi құнсыз кеңестiк ақша бiрлiктерi атқара алмайды. Қорлану құралы ретiндегi ақшаға деген қажеттiлiк алтынның, тұрақты валютаның келуiн талап етедi. Ол бюджеттiк эмиссиялауға негiзделген гиперинфляцияның барлық ақша жұйесiнiң құлдырауына әкелiп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалықты сырты сауданың дамуы iшкi айналымдағы ақшалар мен дүниежүзiлiк нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететiндiктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркiн ауыстырылуын жақтаушы ретiнде ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерiн жинақтау қажет деп санады.

Алтын қорының үш ролi болды:

  • халықаралық есеп айырысуларды резервтiк қор ретiнде;
  • iшкi нарықта червонец бағамын реттеушi (мембанк алтынды шетел валютасымен бiрге iшкi нарықтан сатып алып отырды);
  • көзге көрiнбейтiн жағдайларға арналған сақтандыру резервi.

Червонец тарихқа “алтын” деген атпен кiрдi, бұл жерде боның мазмұны патшалық он рубльдiң алтын мазмұнына сәйкес келуiнiң қатысы болғандықтан емес. Мембанк валюталық бағамды өзгерiссiз (1 червонец тең 1фунт стерлинке) қалыпта ұстау мақсатында ”еркiн нарықта” алтынды және шетел валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттiң нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегiнде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкiндiк бердi.

Сонымен қатар, червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды. Червонецке тұрақты бағамды валюта алу мұмкiндiгi, сондай-ақ червонецтегi бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етiлуi, оған деген ”сенiмдi” арттырып қоймай, боның пайдалану аясын кеңейте тұстi. 1.07.1923 ж. червонецтер елдегi ақша массасының 45%-ын құрады. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылды. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.

1922-1924 жж. Ақша реформасында  көптеген адамдар құнсыз қағаз  ақшалардың орнына мыс монеталардың  келуi таңғажайып нәрсе баға бердi. Ақша айналысын реттеудi, ақша  белгiлерiн эмиссиялауды қатаң  орталықтандырып Ұлы Отан соғысына  тұрақты ақша жүйесiмен қадам  басуға мүмкiндiк жасады.

1947 жылғы ақша реформасы  Ұлы Отан соғысы елге-679 млрд. рубльге  шығын әкелдi, оның iшiнде әскери  шығындар 551,1млрд.рубльдi құрады (соғысқа  дейiнгi бағамен есептегенде). Өндiрiс  пен халық тұтынатын тауарлардың  сатылу көлемiнiң аяқ асты қысқаруы  мемлекеттiк бюджеттiң табыстарын  азайтты. Осы уақыт iшiнде әскери  шығыстар өсе бастады. Оларды  жабу мақсатында халықтан алынатын  табыс салығына қоса әскери  салық, баласыз адамдарға салық, шығын жанұялыларға салық және  жалғыз басты азаматтарға салынатын  салықтар енгiзiлдi. Халық арасында  мемлекеттiк займдарға ерiктi түрде  жазылу және әскери техникаларды  құрауға ерiктi жарналар беру жұмыстары  ұйымдастырылды. Соғыс уақытында  халықтан барлығы 270 млрд. рубль немесе  мемлекеттiк табыстардың 25,4% шамасында  қаражаттар түстi. Бюджет тапшылығы  эмиссиялау есебiнен жабылды. өндiрiс  көлемiнiң қысқаруымен айналыста  ақша массасы жоғарылады. Бұл  ұйымдастырылмаған (колхоз) нарықта  бағаның көтерiлуiне әкелдi. Мемлекеттiк  сауданың тұтыну заттарына соғысқа  дейiнгi бағалар сақталды. Бұған халық  тұтынатын тауарларды сатуда  карточкалық жүйе арқылы қол  жеткiздi. Рубльдiң сатып алу қабiлеттiлiгi төмендей бердi. Соғыстың зардаптарын  жою үшiн экономика облысында  рубльдiң тұрақтылығын және оның  сатып алу қабiлеттiлiгiн көтеру  қажет болды. өнеркәсiпте және  ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiнiң  ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттiк  кiрiстердiң көбеюi ақша реформасын  жүргiзуге (КСРО Кеңес министрлiгiмен  БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947 ж. 14 желтоқсанда “Ақша реформасын  жүргiзу туралы және азық-түлiк  пен өнеркәсiп тауарларына карточкаларды  алып тастау туралы” ) мүмкiндiк  бердi. Айналысқа жаңа ақша бiрлiктерi 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюрлар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескi ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай  жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды  ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ  кассаларындағы 3000 рубльге 10000 рубльге  дейiн 3:2 жеңiлдiк арақатысымен, 10000 жоғары 2:1 арақатынаспен қайта бағаланды. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен  ұйымдардағы ақша қаражаты қайта  бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтiк  кәсiпорындардың және несиелiк  мекемелердiң шоттарындағы ақша  қаражаты жеңiлдiк қатынаспен 5:4 есебiнде  айырбасталды. Ақшаның айырбастлуы  қысқа мерзiмде 15-20 желтоқсан аралығында  жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған  айырбас пункттерiнде жүрдi. Бұрынырақ  кезде шығарылған металдық монета  айырбасталуға жатпады және айналыста  номиналы бойынша қала бердi. Желтоқсаннның  бiрiншi жартысы үшiн жалақы бұрынғы  мөлшерде жаңа ақшамен төлендi. Реформаның басты элементтерiнiң  бiрi бұрынғы шығарылған мемлекеттiк  займдарды (1947 ж. займнан басқасын) 1948 ж. бiртұтас 2%-дық займға конверсиялануы  болды. Барлық бұрынғы займдағы  облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды. Ақша реформасын жүгiзуiмен қатар,  барлық азық-түлiк және өнеркәсiп  тауарларына деген карточкалық  жүйе алынып тасталынды және  карточкалық жүйемен салыстырғандағы  нанның бағасы 10-12% төмендедi.

Еркiн мемлекеттiк сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар төмендедi. 1948 ж. Бiрiншi тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өстi. 1947 ж. Ақша реформасы ақша жүйесiнiң түбiрiмен қайта құрылуын бiлдiрген жоқ. Оны жүргiзгеннен кейiн де,  реформаға дейiнгi болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Бұның сәл айырмашылығы сол,  Мемлекеттiк банктiң билеттерi червонец емес рубль түрiнде шығарылатын болды. Реформа ақша жүйесiн нығайта  отырып, ақшаның барлық қызметтерiнiң маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегiнде бiрнеше рет төлем қабiлеттi бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдiктi сақтап қала алды.Бiрақ бұл елуiншi жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудiң ойланбаған саясатының әсерiнен бұзылды. Рубль бағамының жоғарылауы және оны 1950 жылы алтын базасына өткiзу 1947 ж. Ақша реформасын кейiн алғашқы жылдары экономиканың дамуындағы қол жеткiзген жетiстiктер және карточка жүйесiнiң алынып тасталуы өнiмнiң өзiндiк құнының төмендеуiне, дүкегндерде азық-түлiктердiң көюеюiне жол бердi. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының төмендеуi басталды. Әдетте ол, 1948 ж. көктемiмен 1954 ж. дейiн жүргiзiлдi. Бұл уақыт iшiнде азық-түлiк тауарларының бағасы 2,6 есе өнеркәсiп тауарларының бағасы 1,9 есеге төмендедi. Әйтсе де  бағаның төмендеуi халықтың төлем қабiлетiнiң сұранысы, өндiрiстiң, әсiресе ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң мүмкiндiктерiнен асып түсуiне әкелдi. Айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу мақсатында хылқтың жүмыс жасайтын барлық категорияларының жалақыларынан “халық шаруашылығын қалпына келтiруге және дамытуға” арналған облигациялық займдарды төлеуге 10% ұсталып  отырды.

Үкiмет рубльдiң бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру және боны алтын базасына өткiзу қажеттiгiн мойындады. Оған дейiн рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай да бiр алтындық құрамы бар және алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында белгiленiп келдi. Бастапқы кездерi рубльдiң бағамын анықтау үшiн база ретiнде француз франкi қабылданған болатын, себебi Франция валютасының тұрақты алтындық құрамы болды, ал девальвацияланған болатын. Бiрақ 1936 ж. француз франкi де девальвацияланды, сөйтiп боның бағамы бiршама түсiп кеттi. 1937 ж. рубльдiң бағамын АҚШ долларының базында есептеу енгiзiлiп, 1 доллар=5 рубль 30 тиын болды. 1950 ж. 1 наурыздан бастап үкiмет рубльдiң алтындық құрамын (баға масштабы) 0,222168 г  таза алтынмен белгiледi. Осы бекiтiлген алтындық құрамына байланысты рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша бұрынғы 5 рубль 30 тиыннның орнына-1 доллар (доллардың алтындық құрамы ол кезде 0,888671 г алтынды құрады) үшiн 4 рубль болып жаңа бағам белгiлендi. Ағылшын фунт стерлингiне қатысты алғанда-бұрынғы 14 рубль 84 тиынның орнына 11 рубль 20 тиын бекiтiлдi. Соған сәйкес басқа да шетел валюталарына қатысты бағам өзгердi. Шетел валюталарыныңғ алтындық құрамы немесе олардың бағамдарының кейiнгi өзгерiстерi болған жағдайларды КСРО Мембанкi өзiнiң түзетуiн енгiзуге тиiс болды. Шетел валютасына қатысты рубль бағамының жоғарлануының зор маңызы бар. Рубльдiң қатаң белгiленген алтындық құрамы оның халықаралық есеп айырысуларды пайдалануын кеңейттi. 1961 жылғы деноминация Рубль бағамын алтын базасына өткiзгеннен кейiнгi он жылдың iшiнде (1950-1960 жж.) елдiң ақша айналымы, мемлекеттiк бюджеттiң мөлшерi, сондай-ақ өндiрiс, ұлттық табыс көлемi және т.б. шамадан тыс өстi. Экономикалық қызметтердiң көптеген көрсеткiштерi жұздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнелендi. Осындай ұлкен сомалардағы шоттармен жұмыс жасау iс жүзiнде қаржы-банктiк және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жiбердi. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкiмет баға масштабын 10 есеге iрiлендiру, рубльдiң алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешiм қабылдады.

1961 ж. қаңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгiдегi мынадай  ақша бiрлiктерi шығарылды: 1,3,5 қазыналық  билеттер мен 10,25,50 және 100 рубльдегi мемлекеттiк банк (банкнот)  билеттерi, сондай-ақ 1,2,3,5,10,15,20 және 50 тиындық монеталар. Ескi үлгiдегi ақша билеттерi және  монеталар жаңа үлгiге 1:10 арақатынасымен  ауыстырылды. 1,2,3,5 тиындық монеталар  айырбастауға жатпағандықтан айналыста  номинал бойынша қала бердi. Айырбас 3 ай iшiнде 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап  1 сәуiр аралығында ешқандай шектеусiз  жүргiлдi. Сондықтан да 1961 ж. I тоқсанында  айналыста ескi және жаңа ақшалар  қатар жұрдi. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен жұргiзiлдi. Сонымен  бiрге осындай арақатынаста тауарлар  мен қызметтер бағасы, жалақы  тарифтерi, зейнетақы мөлшерi степендия, барлық төлемдер мiндеттемелер, келiсiм-шарттар  және т.б. жүргiзiлдi.

Баға масштабын iрiлендiру ақша есебiн және олардың техникалық қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi. Ақша билеттерiнiң пiшiндерi қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi. Ақша билеттерiнiң пiшiндерi шағын болып келуi, оларды айналыста қолайлы еттi. Баға масштабын iрiлендiрумен бiрге рубльдiң алтынды құрамын көтердi және боның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдiң алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 өзгертiлiп, қайта белгiлендi. Рубльдiң жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзiлiк бағасын тауарлар бағасымен теңестiрiп, мемлекеттiк бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделi қайта есептеулердi қалыпқа келтiрдi.

   1964 ж. Экономикалық  ынтымақтастықтың халықаралық банкiнiң  құрылуымен байланысты, 19914ж. дейiн  экономикалық өзара көмек кеңесiне  мүше елдердiң арасында көп  жақты клинрингтiк есеп айырусылар  үшiн қолданылатын ақша бiрлiгi-аудармалы  рубль енгiзiлдi. 1993 ж. 23 шiлдесiнде  Ресейдiң Орталық банкi 1961-1991 жж. Кеңес  ақшаларының белгiлерiн, сондай-ақ 1992 ж. 5000 жән 10000 рубльдердi айналыстан  бiр апта берiлдi. Айырбастауға 35 мың  рульден аспайтын соалар жатты.

     Қазақстан  Республикасы Президенттiң Жарлығымен  екi кұн өткен соң айырбас мерзiмi 1993 ж. 1 қыркұйек айына дейiн ұзартылып,  айырбас шегi бiр адамға 100 мыңға  дейiн ұлғайтылды. Ресейдегi ақша  реформасы ескi үлгiдегi ақшаларды  ТМД елдерiне,  оның iшiнде Қазақстанға  қарай жаппай ығысуына жол  бердi. 1992 ж. Бiрiншi жартысында-ақ Қазақстан  Республикасының жетекшiлерi ендiгi жерде рубльден күдер үзiп,  өз валютасын шығаруға ағылшыннң  “Харрисон” фирмасымен шарт  жасалды. Сөйтiп, 1993 ж. 1, 3,5,10,25,50 және 100 теңгелiк ақшалар Қазақстанға жеткiзiледi.   Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесi бар.

   1993 ж. 12 қарашада Қазақстан  Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев  ”Қазақстан Республикасына ұлттық  валютаны енгiзу туралы” Жарғыға  қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта-теңге енгiзiлдi.

КСРО Мембанкiнiң және 1992-1993 жж. Ресей үлгiсiндегi қазыналық және банктiк билеттердi айырбстау  20 қарашада сағат 18-де аяқталды.  Қолма-қол ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен мiндеттемелердiң теңгеге айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегiнде ақша айырбастай алды. Айырбас бiр рет қана жүргiзiлiп, ол туралы төлқұжатқа белгi соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзiм iшiнде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен  асқан қаражаттардың шығу тегiн құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегiннiң заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексердi. Комиссияның шешiмi бойынша бұл қаражаттар мерзiмнен бұрын босатылды. 15 қарашадан 18 қарашаға дейiнгi аралықта халық теңгемен және рубльдермен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететiн тұлғалардың ақшалай түсiмдерi кұнделiктi қабылданды: теңгеде-шексiз, 1961-1993 жж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегi ақшаларды 1993 ж. шiлдедегi ақшалай түсiмдердiң орташа шамасынан аспайтыны сомада, 1,3 коэффициентке түзетiлген шамада қабылдады. Кәсiпорындардың баланстарындағы рубльмен берiлген активтер мен пассивтер екi күн iшiнде (15-16 қарашада) қайта есептелiндi. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтердi қайта есептеу кезеңiнде банктер клиенттермен операциялар жүргiзбедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң валюталық бағамын: 1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары ол бiрден өсiп кеттi. Соған сәйкес баға мен жалақы да өстi.

Инфляцияның өсуi бiршама iрi ақша купюраларын қажет еттi. 1994 ж. бастап 200,500,1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар бiртiндеп айналысатын шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1,3,5,10,20 теңгедегi монетелар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы жүз жылдық мерейтойының құрметiне 100 теңгелiк күмiс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында ”Жiбек жолы” жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,24 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың тегелiк алтын монеталар кiрдi. Жиынтық 816 доллар тұрды. Сонымен Қазақстан теңгесi соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз айырбасталады және бiршама тұрақты валюталар қатарына кiредi.

 Қазақстанға ұлттық  валютаның сәттi енгiзiлуi, әрi қарай  оның сыртқы және iшкi тұрақтылығын  қамтамасыз етудi талап етедi.

Ал ендi осы жүргiзiлген реформаларды өзара салыстырып, олардың ерекшелiктерi мен кемшiлiктерiн бiз келесi кестеден байқауымызға болады.

 

 

Информация о работе Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi