Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:18, курсовая работа
Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру. Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз етуге тиіс неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Қаржы саласындағы тәртіп дұрыс жолға қойлса ғана, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері қорғалып, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.
КІРІСПЕ
3
1
Мемлекеттік қаржылық бақылау
5
1.1
Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
5
1.2
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері
7
1.3
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
12
2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму тенденциялары
14
2.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
14
2.2
Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау
18
2.3
2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі
19
3
Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары
22
3.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер
22
3.2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру
22
ҚОРЫТЫНДЫ
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27
ҚОСЫМША«а» «Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныптама»
Бүгінгі күні Қаржы министрлігі біртұтас мемлекеттік орган ретінде өмір сүре алмай отыр. Қазіргі кезде ол бір-біріне қосылған бірнеше министрліктер мен ведомтсовлардың жиынтығы. Ведомстволарды бір – біріне қоса отырып, заң актілерін өзгертуді ұмытып кеткен. Соның салдарынан министрліктің және оның түрлі комитеттерінің қызметін реттейтін заңдардың арасында қарама-қайшылықтар пайда болды. Сондықтан да біртұтас Қаржы министрлігін құру біздің басты мақсатымызға айналып отыр.
Реформаларды асыруда бірнеше мәселелер бар:</h4>
Біріншіден, бизнес пен азаматтар үшін қарапайым да мөлдір ережелер қалыптастыру. Екіншіден, рынокқа қатысушыларға қатысты мемлекет мүдделерін қатаң қорғау. Нарық ережелерін сақтаушылар ынталандырылып, оны бұрмалаушылар жауапкершілікте болуы тиіс. Үшінші міндет – белгілі бір міндеттерді орындауға өкілеттілігі бар орган ретіндегі қолымызда бар материалдық, интеллектуалдық және уақыттық ресурстарды тиімді ұқсата білу.
Мемлекеттік қаржы бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде соңғы кезде айтылған идеялар аз емес. Солардың бірі Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетін аталған министрліктен (Мемлекеттік сатып алу комитетін) бөліп шығару және қаржылық бақылау саласындағы функцияларды Есеп комитетіне беру арқылы қайта құруды ұсынады. Қайта құрылған Қаржы бақылау комитетінен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті мен ішкі бақылау қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше (басқарма немесе департамент) құрылады. Бұған қосымша ел өңірлерінде өздерінің күш-жігерлерін республикалық бюджеттің трансферттер мен субвенциялар түріндегі қаражаттарының пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға жұмылдыруы жөн болатын. Есеп комитетінің аумақтық бөлімшелері құрылуға тиіс.
Осы таяуда ғана маслихаттардың тексеру комиссиялары маслихаттарға есеп беретін және олардың бақылауында қалатын мемлкеттік органдар болып қайта құрылды, алайда әзірше оларда әдістемелік сипаттағы проблемалар орын алып отыр, аппарат және тіпті үлгі де жоқ. Және бұл проблемалар үйлесімді шешілуі тиіс.
Жоғарыда келтірілген ұсыныстарды негізге алып қабылдау мемлекеттік қаржы бақылау саласын реттейтін кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге әкеліп отыр.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджетгік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып ажыратылады. Соңғы жылдарда салық әкімшілігі процедураларын автоматтандырудан келіп отырған тиімділік салық органдарын автоматтандыру мен олар көрсететін қызметтерді соған сәйкес қаржыландырудың қажет екенін көрсетіп беріп отыр. Салық органдарын техникалық жағынан қайта жарақтандыруға және жабдықтарға техникалық қолдау көрсетуге жетімді қаржыңың бөлінбеуі тоқсандық есепті тапсыру кезінде қуаты аз серверлерде ақаулы ахуал қалыптастырды. Соның салдарынан салық төлеушілер салықтық есептірен іс жүзінде электронды түрде тапсыра алмады.
Оның сыртында, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құқық қорғау органдары мен салық органдарының өзара іс-қимылдарының белсенділігін арттыру қажет. Атап айтқанда, біз мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып “жалған кәсіпорындарды”, “қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын фирмаларды” тіркеудің жолын кесу үшін “күмәнділігі жоғары” салық төлеушілердің мәліметтер базасын жасауды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыста Бас прокуратура мен қаржы полициясының көмегі өте қажет.
Сол сияқты, салық органдары алдында көрсетілетін қызмет сапасын айтарлықтай арттыру міндеті тұр. Бұл міндетті де автоматтандыру, яғни қызмет түрлерін салық органдарына келіп жүрмей-ақ электронды тәсілмен қашықтан көрсету арқылы шешкен дұрыс. Ал, енді салықтық тексерулерге, олардың санын кысқартіп, оның есесіне сапасы және нәтижелілігін арттыруға көңіл бөлген әлдеқайда тиімді.
Декларация толтыруда дәлдіктің болмау, кедендік бағаның төмендетілуі, тауар атаулары мен олардың квалификациялық кодтарының өзгертілуі кедендік рәсімдеуде орын алған проблемалардың қатарына жатады. Бұлардың бәрі кедендік статистиканың бұрмалануына, кедендік төлемдер мен салықтардың кем алынуына соқтырып, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне кері әсер етеді.
Бұл проблемаларды шеші үшін тауарларды “терминалдық” өндеуден өткізуге қол жеткізе отырып, кеден төнірегіндегі құрылымдарды дамыту қажет. Шетелдік кеден қызметтерімен арадағы статистиканың екі жақ үшін де біркелкі болуын қамтамасыз етіп, кедендік процедуралырды автоматтандырудың, сол сияқты, тауар экспорттаудағы процедураларды қарапайымдандырудың да маңызы зор. Сонымен қатар, қазынашылық саласында дәл осындай міндеттер кезек күтіп тұр.
Экономикалық жымқыру-қымқырулардың деңгейін төмендетудің жалғыз жолы электронды үкімет, “электронды қаржы министрлігін” құру міндеті тұр. Электронды қаржы министрлігін құрудағы міндет- ол біздің министрліктің бүкіл тұла бойын жүйке жүйесімен жандандырып, ақпараттар тасқыны барысында оны жұмысқа қабілетті қылу.
<h4>Қорытынды
Курстық жұмысты қорытындылай келе, төмендегідей тұжырымға келдім.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық зоналарының ресурстарын құру, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі. Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржылық бақылаудың міндеттері:</h4>
- ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай табыстарының мөлшері мен қаржы ресурстарын қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;
- мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету:
- қаржы ресурстарының өсуі , оның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнімнің рентабельдігін арттыру бойынша өндірісшілік резервтерді анықтау;
- қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу бойынша сақталуын қамтамасыз ету және т.б.
Қазақстанда қаржылық бақылауды жүзеге асыру үшін жоғарғы білікті мамандар қамтылған ерекше бақылау органдары құрылған: ҚР-ның Парламенті, Қаржы Министрлігі, Қаржылық бақылау комитеті, Салық, Кеден комитеттері, Заң органдары және т.б.
Мемлекеттік қаржы бақылауының тиімділігін арттыру барысында елімізде талай жұмыстар атқарылуда. Әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, қаржылық бақылаудың қазіргі және тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған жан-жақты шаралар жүргізілді, қаржылық бақылау органдарында реформалар, түрлі тұжырымдамалар қабылданды.
Мемлекеттік қаржы бақылау жүйесін реформалауды тұжырымдамада екі кезеңде жүргізу (бірінші кезең – 2006-2007 жылдар, екінші кезең – 2008-2010 жылдар) ұсынылады, мұның өзі экономикалық реформалар кешенінде неғұрлым маңызды құрауыштардың бірі болуға тиіс.
Тұжырымдаманың басты міндеттерінің санатында мемлекеттік қаржы бақылауын жүзеге асыратын органдар мәртебесін көтеру мен оларды институттық нығайту да, сондай-ақ олардың құрылымын оңтайландыру да белгіленген. Ішкі және сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар функциялары мен өкілеттіліктерінің ара – жігін айқын ажырату көзделеді. Осы және басқа міндеттерді жүзеге асыру біздің елімізді мемлекеттік қаржы бақылау саласындағы халықаралық стандарттарға жақындата түседі.
Алайда, мемлекекттік қаржы бақылау жүйесін реформалаудың бірінші кезеңін жүзеге асырудың басты міндеті, біздің еліміздің жоғары қаржы бақылау органының тәуелсіздігін күшейту болуға тиіс.
Осы таяуда ғана маслихаттардың тексеру комиссиялары маслихаттарға есеп беретін және олардың бақылауында қалатын мемлекеттік органдар болып қайта құрылған, алайда әзірше оларда әдістемелік сипаттағы проблемалар орын алып отыр, аппарат және тіпті үлгі ереже де жоқ.
Мемлекеттік бақылау жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстарды талқылауға тура келген сарапшылар мен талдаушылар ұсынылып отырған шараларды жүзеге асырудың мемлекеттік қаржы бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға, аппаратты ұстауға кететін шығындарды азайтуға, бақылау іс-шараларының сапасын арттыруға және олардың мемлекеттік стандарттарға сай келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне кәміл сенімді.
Әрине, осы ұсыныстарды негізге алып қабылдау мемлекеттік қаржы бақылау саласын реттейтін кейбір заңнамалық актілерге тиісінше өзгерістер мен толықтырулар енгізуге әкеліп соғады.
Есеп комитеті туралы заң жобасын әзірлеу аса маңызды рөл атқаруға тиіс. Ең бастысы - бұл заңда мыналар назарға алынып айқын жазылуға тиіс: бірінше - үкіметтің жұмысын объективті бағалауға мүмкіндік беретін Есеп комитетінің тәуелсіздігі, екінші – Есеп комитетінің есеп беру қағидаты және ақыр соңында – сыртқы қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі барынша кеңейтілген өкілеттіктер. Есеп комитеті туралы заңды қабылдау біздің бюджеттің айқындылығын, салық төлеушілер қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2002.-216б.
3. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы.-А.,2005.-218 б.
4. Нәдіров М.Н., Қалыбекова Д.Б. Шет мемлекеттер қаржылары.-Алматы: 2006.-232б.
5. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық.-Алматы: 2005.-552б.
6.ҚР Заңы: Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу Ережесі //Егемен Қазақстан.-2006.- 1 қараша.-7б.
7. Бурлаков Л. Қаржылық бақылау жұмысы жаңа деңгейге көтеруді қажетсінеді //Егемен Қазақстан.-2007.-17 қаңтар.-2 б.
8.Қасымұлы А. Қаржыға қалтықсыз есеп керек /Дидар-2007-17ақпан.-2 б.
9.Коржова Н.А. Біртұтас орган ғана экономикалық мүддені қорғауға қабілетті //Егемен Қазақстан.-2006.-3 мамыр.-2б.
10.ұса И. Қаржы тәртібін бұзушылық орын алуда. Мемлекеттік қаржылық бақылау //Дидар.-2005.-26 қараша.-3б.
11. Шокенов К. Парламенттің өкілдік функциясы туралы //Қайнар университетінің хабаршысы.-2005.-N5.-11-12 б.
Қосымша А
Кесте 1- Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныптама
Қаржылық бақылау | ||
Мемлекеттік |
Қоғамдық | |
Жалпы- мемлекеттік |
Ведомстволық |
Қоғамдық ұйымдардың кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени – ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы |
Ішкі-шаруашылықтық | ||
Парламенттік ( депутаттық ) Бақылау | ||
Аудиторлық бақылау |