қаржыны бақылау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:18, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру. Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз етуге тиіс неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Қаржы саласындағы тәртіп дұрыс жолға қойлса ғана, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері қорғалып, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
Мемлекеттік қаржылық бақылау
5
1.1
Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
5
1.2
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері
7
1.3
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
12
2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму тенденциялары
14
2.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
14
2.2
Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау
18
2.3
2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі
19
3
Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары
22
3.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер
22
3.2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру
22

ҚОРЫТЫНДЫ
25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27

ҚОСЫМША«а» «Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныптама»

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржылық бақылау жүйесі.doc

— 253.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік қаржылық бақылау  объекгілері — Қазақстан Рес-публикасының Үкіметі, жергшікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекетгік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пай-даланатын жеке және заңи түлғалар.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:

1) сөйкестікке бақылау жасау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы зандарының талаптарына сәйкестігін бағалау;

2) қаржылық есептемені  бақылау — мемлекеттік қаржылық  бақылау объектісінің қаржылық  есептемені жасауының және табыс  етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;

3) тиімділікті бақылау  — мемлекеттік қаржылық бақылау  объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелсрдің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:

1) кешенді бақылау  — мемлекеттік қаржылық бақылау  объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

2) тақырыптық бақылау  — мемлекеттік қаржылық бақылау  объектісінің нақты кезеңдегі  қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

3) үстеме бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісін қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірмен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, обьективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау  стандарттарын мемлекеттік қаржьшық бақьшау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.

Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:

1) қорытынды — Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау  жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері негізінде жасайтын құжат;

2) Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі  есеп комитетінің қаулысы —  Республикалық бюджеттің атқарылуы  жөніндегі есеп комитетінің отырысында  алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның регламентімен айқындалады;

3) мәслихатгың тексеру  комиссиясының қаулысы — белгіленген тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;

4) ұсыным — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты;

5) нұсқама - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз құзыры шегінде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік оргындар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген нысандағы құжат;

6) бақылау актісі - мемлекеттік  қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың  тексеру комиссиялары, ішкі бақылау  службалары бақылау нәтижелері бойынша жасалған құжат;

7) бақылау жүргізу туралы есеп - белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.

Сыртқы бақылауды республикалық  деңгейде Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпы мемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде  бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып ажыратылады.

Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.

Бюджеттік бақылау тексерістік және тандамалық қызметтің мынандай түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының - мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың бслгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекетгік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жүмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен, бақылаумен кредит есеп қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.

Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатынасушылардың барлығының орындауын жүзеге асырады.

Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар.

Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар - бюджет және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала, сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.

Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың  бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік  қызметті ғана бағалап қоймайды, сонымен  бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекетгің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды.

Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашьшық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау - тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қорсыздық, ысырап қорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.

Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкі шаруашылықтық бақылау яғни нақтьшы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, үйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капитады, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жөрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.

Ішкі шаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшықық баға беру, оның барлық қүрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылықтық бақылау қаржы стратегиясын талдап жасау, экономикалық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушьшық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау, оның бүрынғы үғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік косіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары жәнс меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бүзулардан сақтануға көбірек кепіддік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін - өзі бақылаудың қажеттігін керек қьшмайды.

Қоғамдық қаржылық бақылау - бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады.

Аудиторлық бақылау - ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған "аудитор біліктілігінің берілуі" туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық - құқықтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.

Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық үйымдарды - Қазақстан Республикасының резидегатерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Жүргізу нысандары мен  уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын  ала бақылау, ағымдағы және кейінгі  бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мүңдай нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.

Қаржылық алдын ала бақылау ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану жөнінідегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның қаржылық тәртіпті бүзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар. Бүл жағдайда бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжаттар - бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.б. тексеріледі.

Ағымдағы қаржылық бақылау жоспарларының атқарылу процесінде, шаруашылық - қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал құндылықтары мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдаланылуына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық-қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады.

>1.3   Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі

Жоғары қаржы бақылау органдарының халықаралық ұйымына (ЖҚБОХұ) мүше елдердің тәжірибесін зерделеу мемлекеттік қаржы бақылаудың олардың басым көпшілігінде сыртқы және ішкі болып бөлінетінің көрсетіп отыр. Халықаралық тәжірибеде бюджеттік үдерісті сыртқы қаржылық бақылау құзыретіне кіретін мемлекеттік органды белгілеу үшін қаржылық бақылаудың жоғарғы органы (ҚБЖО) деген бір ізге түсірілген атау пайдаланылады. ҚЖБО-ның қызметі кейбір елдерде арнайы заңнамамен, тіпті конститутциялық заңдармен реттеледі. Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік қаражаттарды жұмсау аудитімен қатар, кірістерді есептеу, жинау және жұмсаудың барлық аспектілерінің аудиті де жүзеге асырылады. Бұл орайда олардың бюджетке қосылған қосылмағанына қарамастан, мемлекеттің барлық кірістері мен шығыстары аудиттік тексеруге жатады.</h4>

Информация о работе қаржыны бақылау жүйесі