Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:18, курсовая работа
Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру. Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз етуге тиіс неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Қаржы саласындағы тәртіп дұрыс жолға қойлса ғана, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері қорғалып, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.
КІРІСПЕ
3
1
Мемлекеттік қаржылық бақылау
5
1.1
Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
5
1.2
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері
7
1.3
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
12
2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму тенденциялары
14
2.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
14
2.2
Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау
18
2.3
2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі
19
3
Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары
22
3.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер
22
3.2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру
22
ҚОРЫТЫНДЫ
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27
ҚОСЫМША«а» «Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныптама»
Қаржылық бақылау – мемлекеттің қаржы саясатының, қаржыны жоспарлауды, қаржыны экономикалық және әлеуметтік саясатты іске асыруға жұмсауды, қаржы заңдылықтарын жасауға кететін шығындарды қамтиды. Бұған сонымен бірге бюджеттің орындалуы, салық жинау, заем шығару, мемлекеттік қарызды басқару жатады.
Қаржы саясатында көптеген сұрақтар парламентте шешіліп, мемлекеттік бюджет және оның орындалуы бекітіліп, жаңа салық түрлері мен салалық мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізіліп жүргізіліп отырылады. Кей елдерде, мысалы, АҚШ-та бұны конгресс шешіп келесі жыл бюджетінің мөлшерін бекітеді. Қаржыны басқару бөлек ұймдарға бекітілген. АҚШ-та ол қаржы министрлігіне (казначейство) және әкімшілік бюджет басқармасына берілген. Бұл министрліктің негізгі бағыты қаржы және салық саясатын жасауға, қаржы заңдылықтарының сақталуына бақылау жасау және үкіметтің қаржы агенті ретінде монета шығаруға, ақша белгілерінің эмиссиясына бақылау жасау болып табылады.
Ол жеке табыс салығының төлемдерін, әлеуметтік қамсыздандыру, корпорациялық салығын, мүлік және жанама салықтарды немесе федералдық бюджетке түсетін салықтың 80% көлемін қамтып бақылап отырады. Сонымен бірге ішкі табыс қызметі салықтың түсуіне баға бере отырып, оның жиналуын, салық төлеушілерді салықтан босату және тиісті нұсқаулар жасап, оны жүргізіп отырады.
Ішкі табыс қызметі орталықтандырылған принциппен жасалынып үш деңгейдегі ұйымға бөлінеді: 1) ұлттық; 2) аймақтық; 3) аумақтық.
Табысты жинаумен бұдан басқа кеден қызметі және алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдерімен қару-жарақ бюросы жүргізеді. Ал кеден қызметі бойынша бүкіл АҚШ аумағы 9 кеден аумағына және 300-ге жуық кеден бекеттері арқылы қызмет атқарады.
Алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдер бюросы және қару-жарақ бюросы оларды өндіру мен сатуға бақылау жасайды, табыстың түсуін қадағалайды.
АҚШ-та қаржы министрлігінде ішкі заем мен мемлекеттік қарызды басқару қызметі маңызды рөл атқарады.
Мысалы: облигацияларды сатуды басқару. Облигацияны сату басқармасы елдің барлық жерінде қызмет көрсетіп, олар аймақтық бөлімшелерге бағынады.
Мемлекеттік қарызда басқару бөлімі алымның пайызын төлеумен, қарызды жоюмен жұмыс жасайды.
Министрлік құрамында ақша айналымына бақылау жасау қызметі бар.
Ол барлық халықтық банкіге бақылау жасайды. Бұл елде оның саны 4600-дей және жаңа банкінің ашылуына рұқсат беріп, штаттағы банкінің деңгейін көтеріп, оларды біріктіріп бөлімшелер ашылуына бақылау жасайды. Қаржы министрлігіне сонымен бірге АҚШ-тың шет елдермен қаржы саясатын, сауда саясатын шет елдердегі инвестицияның АҚШ экономикасының пайдасына сай жүргізіп отырады.
Ұлыбританияда қаржыны басқарумен әртүрлі ұйымдар шұғылданады. Оның мемлекеттік бюджетті жасап, орындалуын бақылап отырады. Мемлекеттік қаржы басқармасында қаржы ведомстволары қатысып кеден алымдарына, акциздерге, ішкі табысқа бақылау жасайды.
Біріншісі кеден және акциздік жиындарға заңдылықтың орындалуын бақылап, кейбір тауарлардың шығуы мен кіруіне тиым салып, немесе азайтуға бақылау жасауға бағытталған.
Ішкі табыс басқармасы салықтың жиналуын реттеп заңның орындалуын бақылайды. Мемлекеттік қарызды басқарумен ұлыбританияда банк айналысады. Ол заем шығарумен, заемның сомасын жоюмен, күнделікті қарыздармен, оның айналымдарымен шұғылданады.
ФРГ-де қаржы басқармасы федералдық қаржы министрлегене жүктелген. Ол, негізінен қаржы салық, валюта, несие саясаттарын жасап іске асырып, бюджеттің орындалуына заңдылықтардың сақталуына бақылау жасайды және бюджетке кассалық қызмет көрсетеді. Қаржы министрлігі жалпы экономикалық ғылыми болжам жасап, бюджет құрамындағы ресурстарды бөліп отырады.
Қаржыны басқарумен, сонымен қатар басқа да ұйымдар шұғылданып, олар федералдық қаржы министрлігіне бағынады.
Олардың ішінде федералдық ведомстволар кәсіпорынның салықтарын тесеріп, шет ел капиталдарынан салық жинауды екі рет салық салуды түзетіп, бюджеттің жетіспеуін қаржыландыру жұмыстарымен айналысады.
Францияда қаржы басқармасы, экономика, қаржы және бюджет министрлігіне жүктелген.
Қаржы жұмыстарымен бас басқарма айналысады. Оның ішінде салықтың бас басқармасы және алымдар мен әр түрлі түсімдердің бас басқармасы бар.
Италияда қаржы басқармасы қазына мекемесіне жүктелген. Ол мемлекеттің шығындары мен қаржыларға бақылау жасайды.
Бюджет министрлігі мемлекеттік бюджетті жоспарлап, қаржы ресурстарын реттеп отырады. Жергілікті қаржымен ішкі істер министрлігі айналысады.
2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму тенденциялары
2.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың қүқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, үкімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бүл түрін Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.</h4>
Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі. Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі — парламенттік депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объектісі:
Қазақстан Рсспубликасы Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады:
Парламенттің алдын ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады. Бюджеттің жасалуына тексеріс сметаларға кіріктірілген цифралардың дұрыстығын белгілі бір түрғыдан қарай отырып жүргізіледі. Сонымен бірге парламент ағымдағы бақылауды және Республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі келесі бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл орайда парламенттік бақылаудың негізгі нысаны аддын ала бақылау болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Парламентінде екі Палатада - Сенат пен Мәжілісте арнаулы жұмыс органдары - экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер бар. Бұл органдар заң - жоба жұмыстарын, палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы-бюджет қызметінің сферасында мемлекетгік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді. Қаржы-бюджет мәселелері бойынша сараптамалық бағалаулар мен қорытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға - министрліктерге, ведомстволарға, сондай-ақ Республика үкіметіне жібереді.
Ел басының жарлықтарының, қаулыларының және өкімдерінің атқарьшуын бақьшауды үйымдастыру, аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында Президент аппаратында жұмыс істейтін ұйымдық бақылау бөлімі бар. Жалпы Президент аппараты министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар жасайды; Президент актілерінің атқарьшмауына немесе тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды, себептерді және талаптарды жою жөніңдегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке, өкімшілік басшыларына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақпараттарды алуға тиісті өкілеттік берілген.
Республикалық бюджеттің атқарылушы бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Презедентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитетінің негізгі міндеттері мен функцияларына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті тапсыру және т.б.
Қазақстан Республикасының үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттіктер берілген. Үкімет республика дамуының индикативтік жоспарын, экономиканың сфералары мен секторла-рының, салалардың, аймақтардың даму бағдарламаларын, инвести-циялық қызметтің маңызды бағыттарын жасап, қарау процесінде аддын ала бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілген іс-қимылдарды орындау барысында Үкімет олардың жүзеге асырылуының, сондай-ақ ауқымы, мезгілдігі, атқарушылар бойынша мақсатты қар-жыландырудың толымдылығына ағымдағы бақылау жасайды. Республика Үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.
Өздерінің өкілеттігіне қарай бақьшау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орьшдайды, олар негізінен бюджетгерді, олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржьшық бақылауды жүзеге асырады.
Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік сатып алу комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметгік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, смета жөне қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдығын және дер кезділігін, мемлекеттің қаражаттары жұмсалуының зандылығы мен мақсатқа сөйкестілігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дүрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табьшады.
Мемлекеттік бақылауды Қаржы министрлігінің заңи түлға құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады.
Қаржы министрлігінің Салық комитеті, оның аумақтық органдары есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімдер мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.
Экономика мен қаржы қызметі сферасында қаржы тәртібін сақтауға Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмыстылықпен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) де қатысады. Ол заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін, аддьш ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқььпы экономика мен қаржы қызметі сферасында адам мен азаматтың қүқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік (қаржы полициясы) органдарының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) өкілеттігі шегівде
мемлекеттің экономикалық
2) салықтарды төлеуден
жалтарынуға байланысты
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруга қатысу;
4) Агенттік (қаржы полициясы) органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Агенттіктің (қаржы полициясының) аумақтық және мамандандырылған органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы қызметі сферасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкілетті орган болып табылады.
Барлық деңгейлердің өкілдікті органдары (маслихаттар, депутаттардың жиналыстары) қаржьшық бақылауды бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту поцесінде жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда - алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып саналмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады.