қаржыны бақылау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:18, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру. Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз етуге тиіс неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Қаржы саласындағы тәртіп дұрыс жолға қойлса ғана, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері қорғалып, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
Мемлекеттік қаржылық бақылау
5
1.1
Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
5
1.2
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері
7
1.3
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
12
2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму тенденциялары
14
2.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
14
2.2
Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау
18
2.3
2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі
19
3
Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары
22
3.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер
22
3.2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру
22

ҚОРЫТЫНДЫ
25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27

ҚОСЫМША«а» «Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныптама»

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржылық бақылау жүйесі.doc

— 253.00 Кб (Скачать документ)

                                     >Мазмұны

 

КІРІСПЕ

3

1

Мемлекеттік қаржылық бақылау

5

1.1

Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны

5

1.2

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері

7

1.3

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі

12

2

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму тенденциялары

14

2.1

Мемлекеттік қаржылық бақылауды  ұйымдастыру

14

2.2

Соңғы жылдардағы Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау

18

2.3

2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі

19

3

Мемлекеттік қаржылық бақылау  қызметтерін жетілдіру шаралары

22

3.1

Мемлекеттік қаржылық бақылауда  туындайтын мәселелер

22

3.2

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру

22

 

ҚОРЫТЫНДЫ

25

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

27

 

ҚОСЫМША«а» «Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныптама»

28


 

</h3> 
<h4>Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезендерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибиесі көрсетіп отыр.

Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешеңді бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:</h4>

- мемлекеттік бақылауды нығайту; 

- тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;

- түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;

- бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.

Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспралау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда, опретивті басқаруда пайдаланылады.

Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру. Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз етуге тиіс неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Қаржы саласындағы тәртіп дұрыс жолға қойлса ғана, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері қорғалып, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.

<h4>Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері, типтері мен нысандарын теориялық жағынан ұғыну. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:

- қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұнын қарастыру;

- қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен түрлерін зерделеу;

- мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжіриебесімен танысу;

- мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырылуын қарастыру;

- соңғы жылдардағы ҚР-дағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау;

- 2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органыны есебімен танысу;

- мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шараларын қарастыру, зерттеу.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.</h4>

 

<h4>1 Мемлекеттік қаржылық бақылау

1.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны

Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылық қызмет.

Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элеметтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтермен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.</h4>

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде : бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттелмегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элеметтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.

Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.

Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.

Қаржылық бақылаудың өзгешелігі - оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.

Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құның бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.

Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болғандықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.

         Қаржылық бақылаудың функциялары:

1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);

2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;

3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары:

  • бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
  • бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын ала сипаты;

- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;

  • бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
  • бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

       >Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.

Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейінде жүргізіледі.

Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бүл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:

- ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларың қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;

- қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;

- қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.

Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.

Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.

Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бүл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.

Микро деңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейдегі бақылау.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:

  • кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездегі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
  • қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін тобы;
  • ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік қүн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.

>1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүршізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.

Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады. </h4>

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, мелекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіңдегі қызметінің Қазақстан Республика-сының заңдарына сәйкестігін тексеру.

Информация о работе қаржыны бақылау жүйесі